Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Елюбаева, А. Н. Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі / А. Н. Елюбаева, И. О. Абдрей. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 14.1 (200.1). — С. 7-9. — URL: https://moluch.ru/archive/200/49093/ (дата обращения: 25.04.2024).



«Сапалы білім беру – Қазақстанның индустриялануының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс»

Н.Ә. Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс [1].

Н.Ә. Назарбаев бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді:

1. Бәсекеге қабілеттілік.

2. Прагматизм.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау.

4. Білімнің салтанат құруы.

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.

6. Сананың ашықтығы.

Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз [1].

Мен болашаққа бағдар ретінде көптеген оқу мекемелерінде білім алып жатқан ел болашағы – жастарымыз ел басшысының нұсқау сөздерін өздерінің өмірлік мақсаттарына енгізе отырып, еліміздің рухани тұрғыдан дамып, интеллектуалдық дәрежесінің жоғарылауына үлесін қосуға әрекет жасайтындарына сенемін. Сонымен қатар жастарымыздың интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес, олардың ұлттық тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты. Білім – рухани жаңғырудың негізі. Өйткені, ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді. Мен Елбасының осы сөздерін толық қолдай отырып, рухани мәдениеттің дамуы үшін тағылымды ұлттық тәрбиенің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтардың кемелдену барысында әрбір маман иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажеттілігін түсінемін. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім жүйесі әрдайым бірінші кезектегі орында тұруы міндет деп есептеймін.

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі», – деген Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан да елбасымыз «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді. Осы орайда ол бабалар ұлағатымен астасып жатқан зерделі ойы мен парасатты пайымын былайша білдіреді: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды» [2].

Табысқа жетудің негізгі бір жолы – білімнің салтанат құруы. Адамды да, қоғамды да алға жетелейтін құдіретті күш – білім. Шоқан Уалихановтың «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» деген қанатты сөзі күн сайын емес, сәт сайын өз дәлелін тауып келеді. Білімді бірінші орынға қоятын ел қай кезде де көштің басынан көріне алады. Себебі Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай халық пен халықты, адам мен адамды білім ғана теңестірмек.

«... Қазақстан 2020 жылға дейін елдің стратегиялық даму жоспарын орындауға мүдделі және сәйкесінше инвесторлар қызметін индустрияландыруды дамытуға бағыттауға, басымдықтарды айқындауға және ол үшін тиісті жеңілдікті жағдайлар жасауға тырысады. Осындай жоспардың болуы және оны орындау тәртібі Қазақстанда экономикалық белсенділікті сақтау және көтеру үшін маңызды ынталандырушы шара болды». Дәстүрлі игеруші сала басымдық артықшылығын сақтады. Көп ғылыми қамтымды салалар – электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар үшін олардың маңыздылығы ескеріле отырып, сирек кездесетін металдар игеруге қолдау көрсетілді. Осылайша, қаржылардың 80% басымды секторларға бағытталатын болады, ал қалған 20% – бірқатар жағдайлар сәйкес келген жағдайда басқаларына бағытталатын болады.

2014 жылдың 1 тамыз күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Бағдарлама «Қазақстан-2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына және Қазақстанның дамыған 30 ел қатарына кіру тұжырымдамасына сәйкес әзірленді. Ол 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жалғасы болды. Бағдарламаның негізгі мақсаты игеруші өнеркәсіптің әртараптануын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру. Осылайша, бағдарламаның екінші кезеңін жүзеге асыру 2019 жылы өңдеу өнеркәсібінің өндірілген өнімі көлемдерін 2012 жылғы деңгейге қарағанда 43% өсіру; жалпы ішкі өнімді өңдеу өнеркәсібінде 1,4 есеге өсіру; өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 1,4 есеге өсіру; шикізаттық емес экспорт көлемінің құндық көлемін кемінде 1,1 есеге өсіру; өңдеу өнеркәсібінің энергия сыйымдылығын кемінде 15 % есеге азайту; өңдеу өнеркәсібіндегі жұмыспен қамтылуды 29,2 мыңға дейін өсіру. Бүгін ҮИИД МБ екінші кезеңі бірінші кезеңде қиындық туғызған мәселелерді алдын алады деп үміттенуге негіз бар [3].

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында осылайша Қазақ Елінің болашағын білікті жастармен байланыстыра ерекше атап өтті. Кез-келген елдің болашағы қашан да – өсіп келе жатқан ұрпағына байланысты Сол себепті де, Қазақстан бәсекеге лайықты, білікті жастарды дайындауға баса назар аударып келеді. Заман жаңарған сайын, білім беру саласын да жетілдіріп отыру қажет. Білім – табысты болудың басты факторы. Ол ел жастарына болашағына ғана емес, бүтіндей мемлекеттің дамуына әсер етеді. Сондықтан, оған әрдайым ерекше басымдық берілетіні – түсінікті де. Қазір экономика, өнеркәсіп, өндіріс салалары көз ілеспес жылдамдықпен алға жылжуда. Енді бір он жылдан кейін қазіргі кәсіптердің кейбірі жойылып, жаңа түрлері пайда болуы мүмкін. Ал, оларды игеріп кете алатын жастар Қазақ Елінде де болуы керек. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміздің бір парасы – осыда.

Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді», – дейді Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз. Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінеміз [2]. Мұның өзі халық игілігі үшін қызмет ететін білікті мамандарды дайындаудың баспалдағы іспетті. «Бақыт жолы – білімде» деп хакім, ойшыл Ахмет Иегүнеки атамыздың сөзімен аяқтаймын.

Әдебиет:

  1. Тлепова Г. Рухани жаңғыру – ертеңіміздің кепілі // [Электрондық ресурс]. Көру режимі: https://www.zakon.kz/4908872-ruhani-zha-yru-erte-m-zd-kep-l.html
  2. Арипов Д. Мәңгілік мүддесі // [Электрондық ресурс]. Көру режимі: https://www.qazaquni.kz/2017/08/31/76233.html
  3. Сүлейменов А. Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы // [Электрондық ресурс]. Көру режимі: http://e-history.kz/ru/publications/view/2473
Основные термины (генерируются автоматически): мена, пена.


Похожие статьи

Исследование пеногасящей способности высших изомеров...

Пеногаситель вводили в пену через одну минуту после прекращения пенообразования.

Следует отметить, что пена без добавок регулятора-пеногасителя существует несколько часов.

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

Өз беттерімен жаттығу кезінде күшті молайтатын жаттығулар икемділік пен жылдамдық қабілеттерін арттыратын жаттығулардан кейін...

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Выбор пенообразователя и стабилизатора при получении...

В статье приводятся экспериментальные данные по влиянию пенообразователей и стабилизаторов на технологические свойства пены при получении материалов ячеистой...

Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері

...өзіндік бағалауы, өзіндік сенімі артады.Өзара сыйластықты, айналасындағы адамдардың пікірлері мен

Жұптық жұмыс - ынтымақтастық пен өзара көмек үшін таптырмас форма.

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Молодой ученый

Ал өтірік қосылмаса өсектің дәмі келмейді. Өсек пен өтірікті қатар айтқан адам мақтанудан да құр қалмайды. Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Синтетические моющие средства: польза и вред | Молодой ученый

Косвенно можно судить о наличии а-ПАВ в стиральном порошке по интенсивности пенообразования при стирке. Чем выше пена, тем выше концентрация а-ПАВ...

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен...

Бухгалтерлік есеп пен есептілікті реформалау және Қахақстандағы ұйымдардың ҚЕХС-қа бірте-бірте өту

Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді.

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму

Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың...

Похожие статьи

Исследование пеногасящей способности высших изомеров...

Пеногаситель вводили в пену через одну минуту после прекращения пенообразования.

Следует отметить, что пена без добавок регулятора-пеногасителя существует несколько часов.

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

Өз беттерімен жаттығу кезінде күшті молайтатын жаттығулар икемділік пен жылдамдық қабілеттерін арттыратын жаттығулардан кейін...

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Выбор пенообразователя и стабилизатора при получении...

В статье приводятся экспериментальные данные по влиянию пенообразователей и стабилизаторов на технологические свойства пены при получении материалов ячеистой...

Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері

...өзіндік бағалауы, өзіндік сенімі артады.Өзара сыйластықты, айналасындағы адамдардың пікірлері мен

Жұптық жұмыс - ынтымақтастық пен өзара көмек үшін таптырмас форма.

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Молодой ученый

Ал өтірік қосылмаса өсектің дәмі келмейді. Өсек пен өтірікті қатар айтқан адам мақтанудан да құр қалмайды. Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Синтетические моющие средства: польза и вред | Молодой ученый

Косвенно можно судить о наличии а-ПАВ в стиральном порошке по интенсивности пенообразования при стирке. Чем выше пена, тем выше концентрация а-ПАВ...

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен...

Бухгалтерлік есеп пен есептілікті реформалау және Қахақстандағы ұйымдардың ҚЕХС-қа бірте-бірте өту

Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді.

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму

Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың...

Задать вопрос