Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболит бұйымдарының технологиясы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №14 (200) апрель 2018 г.

Дата публикации: 02.04.2018

Статья просмотрена: 119 раз

Библиографическое описание:

Шадай, Гулзат. Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболит бұйымдарының технологиясы / Гулзат Шадай, Сауран Кудияр. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 14.1 (200.1). — С. 24-25. — URL: https://moluch.ru/archive/200/49089/ (дата обращения: 19.12.2024).



Құрылыс материалдар мен бұйымдар индустриясы қазіргі кезде құрылыстың қарқынды дамуына елеулі әсер етуде. Сондықтан құрылыс нарығына сапалы құрылыс материалдармен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Бұл еліміздің экономикалық дамуына әсер етеді. Еліміздің әлеуметтік экономикалық ахуалын жақсартудың бір жолы бұл тұрғын үй құрылысын, сонымен қатар жергілікті шикізаттардан құрылыс материалдарын өндіруді дамыту керек.

Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясының дамуы нарықтық жағдайға ауысуына байланысты зерттеушілердің алдына көптеген міндеттер қойды. Материалдық ресурстарды қолдану, үдемелі технологияны құрылыс материалдарын өндіруге енгізу, сонымен қатар арзан жергілікті шикізат материалдарын және әр түрлі өндіріс қалдықтарын кеңінен өндіріске қолдану.

Құрылыс материалдарының өндірісінде актуальды мәселелердің бірі болып жергілікті шикізат материалдарын қолдану, қорүнемдеуші технология жасау. Олар негізінен жергілікті кондициялық емес шикізат ресурстары, өндіріс қалдықтарының химиялық-минералогиялық құрамдары ұқсас болып келуі қажет. Сондықтан табиғи шикізат материалдарын үнемдеу технологиясын жасау және жаңа құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету тиімді актуальды мәселе болып келеді. Оған арболит бұйымдарын жатқызуға болады [1].

Бұл құрылыс материалдары тек қана жеке тұрғын үйлерде емес сонымен қатар басқа бағыттағы ғимараттар мен имараттарда қолданылуда. Ұсынылып отырған жұмыста күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболитті өндіру кезінде ЖЭО күлі, күріш қауызы мен сабаны кешенді қолданылады және арболиттің беріктігін көтеру үшін механохимиялық активациялау жүргізіледі.

Қызылорда облысында күріш өсіру кеңінен қолданылады. Әр жыл сайын шикі күрішті өңдеу кезінде 45 мың тонна күріш кебегі бөлінеді. Күріш өңдеу қалдықтары мемлекетімізге үлкен шығын әкелетіні айтпасада белгілі.

Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболиттің компоненттері өздерінің табиғатына және материалдың қасиетіне байланысты әр түрлі болып келеді. Осыған байланысты процесті белсендіруші және цемент тасына органикалық толтырғыштардың жабысу қатынасын жақсарту үшін күріш қауызын сулы ортада өңдеу және көпкомпонентті байланыстырғыш затты механохимиялық активациялау арқылы арболиттің қасиеттерін жақсарту міндеті қойылды [2].

Отандық ғалымдардан С.Т. Сулейменов, Г.А. Батырбаев, А.А. Акшабаев, С.С. Удербаев, А.Г. Есельбаева және тағы басқалар зерттеді. Олардың негізгі ғылыми еңбектердің ерекшелігі бұл Қазақстан Респбуликасының жергілікті шикізаттарынан арболит бұйымдарын шығару мәселесі тұрды [3].

Отанымыздың құрылыс индустриясының дамуы экологиялық-экономикалық жағынан зерттеушілердің алдына көптеген міндеттер қойды. Материалдық ресурстарды қолдану, үдемелі технологияны құрылыс материалдарын өндіруге енгізу, сонымен қатар арзан жергілікті шикізат материалдарын және әр түрлі өндіріс қалдықтарын кеңінен өндіріске қолдану. Осыған сәйкес Қызылорда облысы күріш егіншілігімен айналысуы кезінде көп мөлшерде күріш қауызы мен сабаны бөлінеді. Сол үшін осы қалдықтарды арболит өндірісінің технологиясын қолдану тиімді екені бірнеше зерттеулермен дәлелденді. Арболит тиімді жеңіл бетон түріне жатады және де жергілікті құрылыс материалы болып табылады. Бұл материалдың өндірісі негізінен ағашты өңдеу және ТЭЦ қалдығын, сонымен қатар ауыл шарушылық өндірісінің қалдықтарын қолдану арқылы алынады [4].

Арболитті өндіру технологиясы жалпы бетон және темір бетон технологиясына жалпы ұқсас болып келеді. ТМД елдеріндегі Арболитті өндіретін кәсіпорындар өзара әдістерімен және сұрыптау құрылғыларымен, дайындалатын өнімдердің номенклатурасының кеңдігімен, толтырғыш түрімен ерекшеленеді. Сонымен қатар қордағы шикізат заттары аз кететін, әрбір ауданға сол немесе басқа түрдегі толтырғыштарды қолдану сипаттамасы болады.

Арболит өндіру технологиясының негізгі бағыты төмендегі жағдайлар болып табылады:

- белгіленген қасиеті және цемент шығынын азайту бойынша арболитті алудың негізгі теориялық өңделуі;

- күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболиттің физика – механикалық қасиеттерін жақсарту, беріктілігін, биотұрақтылығын, өртке тұрақтылығын және ұзақ мерзімді қолданылуын жоғарлату;

- арболитті өндіру үшін шикізат базасын кеңейтуді қарастыру.

Зерттеліп отырған жұмыстың мақсаты. Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболит бұйымдарының технологиясын жасау.

Осы жұмысқа байланысты төмендегідей міндеттер қойылды:

 Қызылорда облысының шикізат негізінде күріш қауызы мен сабанын кеңінен құрылыс материалдары саласында қолдану;

 Қызылорда облысы аймағының шикізаттарының сипаттамаларын зерттеу;

- Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболиттің техникалық-экономикалық тиімділігін анықтау.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. ЖЭО күлі, күріш қауызы мен сабаны, портландцемент пен керамзит ұнтағымен қоса бірге шарлы диірменде механикалық-химиялық активтендіру арқылы күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболит бұйымдарының маркалық беріктігін жоғарлатуға мүмкіндік береді [5].

Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Көптоннажды ауылшаруашылық қалдықтары – күріш қауызы мен сабанын арболит технологиясында тиімді қолдану, сонымен қатар ұсынылып отырған шешімдер экологиялық және қоршаған ортаны қорғау жағынан оң нәтиже көрсетеді.

Жұмыста келесі қағидалар қорғалады:

- Қызылорда облысы өңірінің шикізаттарының сипаттамалары;

- Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболиттің оңтайлы технологиялық параметрлері;

- Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболиттің техникалық қасиеттері;

- Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболиттің техникалық экономикалық көрсеткіштері және зерттеу жұмыстарының қорытындылары.

Әдебиет:

  1. Акчабаев А.А. Основы прогрессивной технологии прессуемого арболита. Дисс. на соиск.уч.степени докт.техн.наук. – Санкт-Петербург, 1992. – 297 с.
  2. Рыбьев И.А. Строительные материалы на основе вяжущих веществ: Искусственный строительный конгломерат. – М., ВШ, 1978.
  3. Арболит. Сборник. Под ред. Г.А. Бужевича. – М.: Стройиздат 1968. – 185 с.
  4. Удербаев С.С. Эффективный строительный материал арболит на основе сельскохозяйственных отходов. – Алматы: Ғылым, 2008. – 192 с.
  5. Арболит: проблемы и перспективы: Научно-темат. сб. Росколхозстройобъединение, проект.-технол. произв. объ-ие «Сельхозстройматериалы». –Саратов: Изд-во Саратов университета, 1982. – 79 с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, сабан.


Задать вопрос