Рухани жаңғыру – табысқа бастар жол | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 13 марта, печатный экземпляр отправим 17 марта.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №14 (200) апрель 2018 г.

Дата публикации: 02.04.2018

Статья просмотрена: 41 раз

Библиографическое описание:

Бердибаева, Г. Г. Рухани жаңғыру – табысқа бастар жол / Г. Г. Бердибаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 14.1 (200.1). — С. 4-6. — URL: https://moluch.ru/archive/200/49087/ (дата обращения: 27.02.2021).

Елбасымыз рухани жаңғыру үшін ұлттық сананы өзгертуден бастаған дұрыс дей келе, негізгі бірнеше бағытқа тоқталған болатын. Атап айтқанда табысқа жетудің бір жолы – бәсекеге қабілеттілік. Жеке адамның ғана емес, тұтас халықтың сапалы білім, ғылым, компьютерлік сауаттылық, тіл, қызмет, материалдық өніммен аймақтық не әлемдік нарыққа табан тіресе алуы бәсекеге қабілеттілікке алып келе алады. Бәсеке бар жерде жұмыс жүреді. Жұмыс бар жерде, өнім болады. Бәсекеге сөз жүзінде емес іс жүзінде кіріссек, дамудың көшіне ілесеміз [1].

«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясының екінші томында «Бәсеке дегеніміз бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары [2]. Ал, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында «Бәсекелік қабілет – қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында» деп көрсетілген [3]. Демек, осындай бәсекелестік қабілетке жету үшін, әрбір тұлға өз-өзін дамытып, жетілдіріп отыру керек. Ал балабақшадағы, және мектеп қабырғасындағы балаларды қалай дамытуға болады. Өйткені олар өз-өзін дамыта алмайды. Ол үшін балабақшаларға және мектепте жұмыс жасайтын педагогтарға міндет жүктеледі. Өйткені Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың мемлекеттік жалпыға білім беру Стандартында «балаларға үш жастан бастап орыс тілін, бес жастан бастап ағылшын тілін, құрастыру машығын екі жастан бастап үйретіп дамыту керек» делінген. Стандартта осындай талап қойылса, балабақшада дәл осылай жұмыс жасалып жатқанына сенімдімін. Ал балабақшадан алған, үйренген білімдерін мектепте, жоғарғы оқу орындарында әрі қарай дамытып жетілдіреді.

Осы ретте қазақстандық жас өнертапқыштардың ашқан жаңалықтарын назарларыңызға ұсынамыз. 1. 2013 жылы Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған №10 мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Хәкім Садуақас «ЛАМАБАТЭЛ» атты мобильді аппарат ойлап тапты. Медициналық құрылғы диагностика мен терапияда төрт түрлі қызмет атқарады: лазеротерапия, магнитотерапия, биологиялық белсенді нүктелерді табу мен электромассаж. Құрылғы электр қуатымен де, аккумулятормен де, қарапайым батареямен де жұмыс істейді. 2. Айды зерттеуге арналған зертхана 2013 жылы Қостанай облысы Новотроицк ауылының кішкентай тұрғыны Олег Лило «Ай» атты зертхана жасады. Сегіз жасар ғалымның айтуынша, Айдың бетіндегі жағдайды анық көруге болады. Құрылғының камерасы, лазері бар. Олегтің жаңалығы Астанада өткен ғылыми-техникалық форумда «Аэроғарыштық техника, авиация және ғарыш ісі» номинациясы бойынша бірінші орын алды. 3. «Ақылды» киіз үй Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Қазбек Тоқтаров өзінің еңбегін ЭКСПО-2017 көрмесіне шығарады. «Ақылды» киіз үй күн батареясымен жұмыс істейді [4]. Бұдан шығар қорытынды, біздің елде бәсекеге қабілетті жас ұрпақ өсіп келе жатыр деп айта аламын.

Табысқа жетудің негізгі бір жолы – білімнің салтанат құруы. Адамды да, қоғамды да алға жетелейтін құдіретті күш – білім. Ахмет Игүнкидің «Бақыт жолы – білімде» деген қанатты сөзі күн сайын емес, сәт сайын дәлелін тауып келеді. Білімді бірінші орынға қоятын ел көштің басынан көріне алады [1]. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп жазылған [3]. Ал білімділік, білімді болу аспаннан жаңбырша жауып, өзінен өзі келетін дүние емес екендігі баршамызға белгілі. Білімділік зерттеу жүргізу, іздену арқылы келеді. Зерттеу мен іздену жұмыстары туған өлкесінің тарихын зерттеп білуден басталу керек деп ойлаймын. Тарихты білмей болшақты бағдарлау, алға жылжу мүмкін емес. Сол себептен, бұл бағдарлама кәсіби тарихшылар мен гуманитарлық сала мамандарының зор рухани сілкінісін туғызды. Мысалы, тарихшылардың «Қоғамдық сананы жаңғырту және тарих ғылымындағы жаңа міндеттер» тақырыбында өткен ІV конгресінде ғалымдардың, өлкетанушылардың әлеуетін пайдалану арқылы барлық елді мекеннің тарихын жазу, сонымен қатар көрсетілген жерлердің тұрғындарының дәстүрлі мәдениетіне қатысты бар топономикасын, фольклорын, шежіресін қоса қамту қажеттігі айтылды. Ал білім беру саласындағылар Қазақстан тарихын оқытуда өлке тарихының деректерін жинақтап, күнделікті сабақта, тәрбиелік шараларда пайдалану мәселесін қолға алды. Елбасы ұсынған «Туған жер» жобасы шеңберінде республика бойынша 2018-2019 оқу жылынан бастап әр аймақтың ерекшеліктеріне негізделген «Өлкетану» курсы оқытылатын болады [5].

Бұл мәліметтерге қарай отырып, біздің елдің білімділік деңгейі де, көк жүзіне қанат қағып, өзінің білімділігін дәлелдеп салтанат құруда деп айтуға болады.

Әдебиет:

  1. Смайлов А. Мәңгілік Ел болудың кепілі // Егемен Қазақстан. – 2018. – 11 қаңтар.
  2. Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы, 1999.
  3. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // Егемен Қазақстан. – 2017. – 12 сәуір.
  4. Қазақстанның жас өнертапқыштары ашқан жаңалықтар // [Электрондық ресурс]. – Көру режимі: https://egemen.kz/article/kazakstannyn-zhas-onertapkyshtary-ashkan-zhanalyktar
  5. Елшібай Ғ. Туған өлкенің тарихын білу – ұрпақ парызы // Егемен Қазақстан. -2018. – 17 қаңтар.
Основные термины (генерируются автоматически): бар.

Похожие статьи

Анализ деталей месторасположения ресторана | Статья в журнале...

Другим примером может служить бар-ресторан, вблизи которого нет ни метро, ни проезжей части. Так как многие клиенты в таких заведениях употребляют спиртные напитки...

Правильная обстановка — залог успеха вашего заведения

Чтобы ресторан, бар, или кафе пользовались успехом у посетителей, не обязательно вкладывать в их оформление большие деньги.

Классификация предприятий общественного питания

Бар — предприятие (объект) питания, оборудованное барной стойкой и реализующее, в зависимости от специализации, алкогольные и (или) безалкогольные напитки...

Инновационная идея и маркетинговое обоснование создания...

Из 209 предприятий общедоступного типа 5 — рестораны, 3 — бары, 71 — кафе, 114 — закусочные, 13 — столовые. Потенциальную емкость рынка быстрого питания по г...

Каналы on- и off-trade как основные каналы коммуникации...

К торговым точкам данного канала относят кафе, бары, рестораны, гостиницы, клубы, кинотеатры и другие подобные заведения.

Разработка бизнес-плана создания бизнеса | Статья в журнале...

Первое что необходимо сделать для открытия пивного бизнеса — это решить, что именно вы хотите открывать (магазин, бар, пивоварню или же бар с собственной пивоварней).

Цена на нефть как ключевой фактор воздействия на российскую...

Согласно Рис.1., в 2011 году крупнейшими потребителями нефти стали развитые рынки в лице Америки (19,06 млн. бар/сутки, 21,3%) и пяти ведущих стран Европы (8,81 млн. бар/сутки, 9,8...

Дартс — полезная игра и международный вид спорта

В результате, в США практически во всех саунах (барах) появились мишени для дартса, и это дало существенный толчок к развитию игры в Новом Свете...

Найм персонала в условиях кризиса | Статья в журнале...

Процентное соотношение различных источников найма, использованных работающими сотрудниками кафе «Сити Бар» показано на рисунке 1.

Энергосбережение и энергоэффективность в системах...

Наши финансовые затраты на реконструкцию участка паро-конденсатного хозяйства с потреблением пара 3 тн/час (при давлении 1–5 бар)...

Задать вопрос