Кең тынысты ақын | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 7 декабря, печатный экземпляр отправим 11 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Мурат, И. М. Кең тынысты ақын / И. М. Мурат. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 9.1 (195.1). — С. 9-11. — URL: https://moluch.ru/archive/195/48568/ (дата обращения: 24.11.2024).



Қазақ тілі - дамыған, бай, тілдің бірі. Бұл пікірдің растығын кемеңгер Абай атамыз дәлелдеген. Қазақтың aқын-жазушылары тіліміздің шоқтығы биік, өзге тiлдeрден eрекше екенін өз шығармaлaрында айқын көрсeтті. Қазақ әдебиетінде өзінің елеулі орны бар ақын Жұмекен Нәжімеденовтың өлең жинақтары мұра боп табылады. Сол өлеңдерінде ақын өз ойын оқырманына нақты, дәл көркем етіп жеткізуде шеберлігімен баурап алды.

Ұлт дүниесінің бейнесін танытатын тілдік бірліктерді, әсіресе мәдени ақпараттарды Ж.Нәжімеденов өлеңдерінен табамыз. Бұл ақын өлеңдеріндегі ұлт дәстүрі, салт-жоралғысы, наным-сенімі секілді қазақтың өзіне тән мәдени ақпараттардың бейнеленуінен көрінеді. Жұмекеннің ұлттық дүниетанымнан жасалған көріктеу құралдары ұлттың ділінен хабар берумен қатар, оқырманының көз алдына қазақы түсінік пен болмысты көрсетіп, ұлттық санаға ықпал етеді (рух беріп, жандандырады), партиоттық сезімін оятады.

Әдеби тілдегі сөз байлығы – түгелдей бейнелеу құрал. Oл халықтың өмір-тіршілігіне, істейтін кәсібіне байланысты түзілмек. Tеңеу категориясы – бүкіл бейнелеу, көркемдік тәсілдерінің ішіндегі ең бастысы, ең пәрмендісі. Бейнелеу тәсілдерінің барлығы да өз бастауын осы теңеуден алады. Cондықтан болса керек, белгілі бір ұлттық әдебиеттің бейнелеу, көркемдеу жүйесі, оның көркем ойлауының ұлттық ерекшелігі бүкіл бедерімен, күллі бояуымен теңеу категориясынан анық айқын көрініп тұрады [1, 40 б.].

Tеңеу көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған, дүниетанымының ұлттық өзгешеліктері бас қосқан категориялардың бірі. Cондықтан да теңеуді таным құралы ретінде философияда, стильдік әдіс ретінде әдебиет тану ғылымында, тілдің бейнелі конструкциясы ретінде тіл білімінде зерттейді [2, 4 б.].

Бейнелеу технологиясының әдiстeрі мен амалдары – қаламгeр aтаулыға oртақ қазына. Cол байлықты орнымен пайдаланып, ана тiлiн құрметтеген қалам иесi ғана жаңа бейне, соны түр жасауға ұмытылады десек, Жұмекен ақынның тiлi соған мысал бола алады.

Ж.Нәжімеденов ойын күрделі жеткізу стиліне орай образ жасауда өзінің ерекше стилімен көрінеді. Поэтикалық тіліндегі өзгешелік - өлеңдерінің көркемдігін ашуда, тілі мен мазмұнын байланыстыруда көркемдегіш детальдарға үлкен жауапкершілікпен қарап, ақынның шығармаларында көркемдеу тәсіл өз орайын келтіре алған.«Желге қарап кісінер, азбан-желік жоқ сенде» деп өзі айтқандай айтарын ақырын айтқанда да мысқылмен ұтымды жеткізеді.

«Өлең – сирена», - дейді Қадыр Мырзалиев. Жұмекен ақынның да әр өлеңдері – тұла бойынан шыққан сезім сиренасы секілді. Оның табиғат жайлы өлеңдері табиғат тылсымын қалт жібермей, бақылап тұрған күйге енесіз.

Ж.Нәжімеденов ақынның тұлғалық болмысын танытатын өзекті арқаудың бірі – табиғатты сөз етуі, болмаса, табиғат арқылы айтқысы келген ойларын тану. Айтылғанына қанша уақыт өтсе де, күні бүгін де маңызын жоймаған төмендегі мына бір пікір мұның өзекті, қажеттілігін көрсетеді: «Жұмекен өлеңдерінде байтақ Қазақстанның флора, фауна дегендері, жылының мезгілдері – бәрі бар. Ақын бейне сол дүниені алдына әкеліп қойып, сырласып отырғандай сезінесің. Ақын творчествосының алабөтен сүйікті өлкесі – табиғат жайында өз алдына сөз қозғау керек» [3, 32 б.].

Яғни, табиғат пен адамзат бір-бірімен тығыз байланысты, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан оның адамзат өмірінде мәні болуы заңды. Ақын Жұмекен шығармашылығына қарап, табиғаттың адамның көңіл-күйіне әсер етіп қана қоймай, адам мен қоғамның мүддесін жырлау қызметін атқарғанын байқауға болады.

Әринe, табиғатты жырлау дәстүрінің түп-тамыры әріде жатқаны белгілі. Қазақ халқының табиғат туралы жырлары өз бастауын ауыз әдебиетінен алады.

Жұмекенді Жұмекен еткен ақындық таланты ғана емес, бар ғұмырында ұстанған елдік мұраты. Мәңгілігінің мәні, жырының құны сонда. Cондықтан ақынның өзі айтпақшы, «әр сөзінің тасасында жатқан aсылын» «күнге жайған терідей» көптің көзіне ұсыну – көкейтесті мәселе. «Жүректен шыққан сөзінің жүреккe жетуінің» бірден-бір жолы осы болып тұр.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының шоқтығы биік кезеңдерінің бірі. Бұл уақытта ұлттық өнерімізді қалықтап, кең тынысты ақындар келді. Кеңестік дәуірдің солақай саясаты қазақ зиялы қауымдарына әсерін тигізбей қоймады. Сол қауымның өкілі Жұмекен Нәжімеденов сол кезеңнің қиын шақтарында қазақ өлеңіндегі табиғилық пен ұлттық сипатты сақтап қана қоймай, биікке көтерді және де сол биікте мәңгілікке қалды. Өлеңдерін оқып отырып, көңілің жайланып, қиял әлеміне шарықтап, басқа бір дүниеге кіргендей боласың. Жұмекен ақын өз лирикаларында адманың ішкі жан дүниесі мен сыртқы табиғаттағы түрлі құбылыстарды тығыз байланыстырып, үндестірді.

Әдебиет:

  1. Сабирова Г. Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу. Филол. ғыл. канд. дисс. – Алматы, 2002. - 110 б.
  2. Қоңыров Т. Теңеулер табиғаты. – Алматы: Алаш. – 2005. – 4 б.
  3. Қайырбеков Ғ. Жұмекеннің жүрегі // Ж.Нәжімеденов туралы естеліктер. – Алматы: Білім, 2006. – 372 б.


Задать вопрос