Топырақ құрамына минералдық қоректендіруді (гумат) пайдалану ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 13 марта, печатный экземпляр отправим 17 марта.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Таутенов, И. А. Топырақ құрамына минералдық қоректендіруді (гумат) пайдалану ерекшеліктері / И. А. Таутенов, Б. К. Байжанова, Ж. Б. Жуматаева, Аида Калмаганбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 9.1 (195.1). — С. 21-22. — URL: https://moluch.ru/archive/195/48557/ (дата обращения: 03.03.2021).



Өсімдіктің тыңайтқышы қажет етуін анықтау үшін жоспарланған гумат туралы мәлімет жеткіліксіз. Ол үшін әрбір учаске мен ауыспалы егістің жеке танаптар топырағының құрамындағы минералдық қоректің жылжымалы түрінің қорын да білу керек.

Әрбір топырақтағы қоректік зам шамасы оның генетикалық ерекшеліктері мен механикалық құрамына және тыңайтқыш қолдану дәрежесіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, бір гектар егістікке 100кг P2O5 бергенде, оның 1 кг топырағындағы жылжымалы фосфор мөлшері орта есеппен 7-100 мг дейін артады.

Топырақтағы минералдық қоректің мөлшерін химиялық жолмен талдау арқылы анықтайды және оны бір кг топырақтағы милиграммен (мг/кг) белгілейді. Химиялық талдау нәтижесі агрохимиялық картограммаға немесе танап паспортына көшіріледі. Химиялық талдау мәні бойынша бір гектар егістіктегі өнімділік реттегіштердің қорын (кг) есептеп шығарады. Ол үшін топырақтың көлемдік массасын білу керек. Қазақтың ғылыми-зерттеу егіншілік институтының мәліметі бойынша қара, қара қоңыр, боз топырақтардың көлемдік массасы орта есеппен 1,3. 1 гектар топырақ 30 см дейінгі қабатының көлемдік массасы 3,9 млн. Кг (1,3*3) болады. Егер топырақтың 0-30 см қабатында бір кг топырақта 20 мг P2O5 болса, оның бір гектардағы қоры (3,9*20) тең.

Өсімдіктер минералдық қоректендіруді (гумат) жылжымалы түрінің қорын толық пайдаланбайды. Өйткені олардың шамалы бөлігі физика-химиялық, биологиялық құбылыстардың нәтижесінде топырақта қиын еритін қосылыстар түзеді немесе алмаспайтын түрге ауысады, шамалы бөлігі тамыр жүйесі орналасқан қабаттан төменгі қабатқа шайылады, біраз бөлігін микроорганизмдер пайдаланады. Сондықтан тыңайтқыш нормасын белгілегенде оның қанша мөлшерін өсімдіктің пайдаланатынын білу керек.

Топырақ құрамындағы минералдық қоректендіруді (гумат) пайдалану коэффициентін мына формулалармен анықтайды.

В а*в 60*1,1

Кт% = ----- *100; Кт% = ------; мысал: Кт% = ---------- = 48,3%

С с 136,5

Мұнда Кт% – топырақтағы қоректік заттарды өсімдіктің пайдалану коэффициенті, %;

В – тыңайтқыш берілмеген топырақтан өніммен кететін қоректік зат мөлшері, кг;

С – топырақтың белгілі қабатындағы минералдық қоректендіруді (гумат) жылжымалы түрінің жалпы қоры, кг/га;

а – дақыл түсімі, ц/га;

в – 1 ц өніммен кететін өнімділік реттегіш мөлшері, кг.

Топырақтағы өнімділік реттегішөсімдіктің пайдалану коэффициенті тұрақты емес. Ол өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне, топырақтың тиімді (нәтижелі) құнарлығына, агротехникаға, ауа-райына және өсімдіктің өсіп-дамуына әсер ететін басқа факторларға байланысты.

Топырақта жылжымалы қоректік зат мөлшері төмен болғанда өсімдіктің қоректік затты пайдалану коэффиценті жоғары болады. Бұл сол топырақтағы қоректік затты өсімдіктің нашар пайдалануынан емес, керісінше, пайдаланылмай қалған қоректік заттың көп қалуынан. Суармалы аймақта, жоғары агротехника жағдайында және дақыл түсімі артқанда өсімдіктің топырақтағы өнімділік реттегішті пайдалануы көтеріледі.

Кесте 1

Өсімдіктің топырақтағы минералдық қоректі (гумат) пайдалануы

Агротехникалық фон

Пайдалану коэффициенті, %

N-NO3

P2O5

K2O

Ылғал тапшылығы жағдайда

20-50

10-12

1-2

Ылғал жеткілікті болғанда

70-80

20-30

5-7

Суарған жағдайда

120-150

30-40

10-15

Сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыш қолдануға кестеде көрсетілген мәліметтерді пайдаланады (4-кесте).

Қара, қара қоңыр, боз топырақтардағы жеңіл ыдырайтын азотты өсімдіктің пайдалану коэффициенті 20%.

Әдебиет:

  1. Ефимов В.Н., Донских И.Н., Синицин Г.И. Система применения удобрений. -Москва, 2004. – С. 25-26.
  2. Тазабеков Т.Т. Топырақтың құнарлылығы. – Алматы, 1999. – С. 83-85.
  3. Белобров.В.П., и др. География почв с основами почвоведения. – М., 2004. -С. 111- 115.
  4. Орлов Д.С. Химия почв. – М.: МГУ, 2005. – С. 99-103.


Задать вопрос