Тыныс алу жүйесінің аурулары және оның асқынуларының алдын алуға препараттардың және дәрілік өсімдік шикізаттарынан дайындалған дәрілік түрлерінің ықпал етуінің салыстырмалы нәтижесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Ембергенова Ж. К. Тыныс алу жүйесінің аурулары және оның асқынуларының алдын алуға препараттардың және дәрілік өсімдік шикізаттарынан дайындалған дәрілік түрлерінің ықпал етуінің салыстырмалы нәтижесі // Молодой ученый. — 2018. — №5.1. — С. 28-33. — URL https://moluch.ru/archive/191/48239/ (дата обращения: 25.04.2019).

«Кез келген дәрі өз дозасында дәрілік

қасиет көрсетеді, артық мөлшерде -у»

Парацельс

ДДҰ мәлімдемесі бойынша тыныс алу жүйесінің аурулары жүрек қан тамырлары ауруынан кейінгі екінші орынға ие. Соның ішінде жиі кездесетіні суық тию мен ЖРВИ-ауруларында дене қызуының көтерілуі, жөтел, тыныс жолдарының қабынуы сияқты симптомдары байқалған кезде біз дәрігердің тағайындауынсыз, қолжетімді синтетикалық химиялық препараттардың көмегіне жүгінеміз. Атап көрсететін маңызды жай, кез келген дәріні, тіпті рецептсіз берілетін дәрілерді, мөлшерден артық қолданған кезде, немесе дұрыс қабылдамағанда өлімге шейін әкелетін ауыр салдарды туғызуы мүмкін.

Бүгінгі таңдап алған тақырыбымыздың маңыздылығы, осы аталған препараттар тыныс алу жүйесінің қабыну ауруларында негізгі симптомдары боп есептелетін дене қызуының көтерілуі, жөтел, тыныс жолдарының қабынуы кезінде өте жиі қолданылатындығында.

Сіздерге бұл тақырыптың маңыздылығын ашу үшін «Жасыл дәріхана» және «Ізденуші фармацевт» үйірмелерінің бірлескен жұмысын көрсеткелі отырмыз.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты:

Түркістан медицина колледжінде ЛФС бөлімінің фармация мамандығы студенттерінің арасында тұмау кезінде дәрігердің тағайындауынсыз қандай препараттарды жиі қабылдайтынын анықтап, анықталған препараттардың болуы мүмкін жанама әсерлерін тәжірибе жүзінде көрсету және олардың орнын зияндылығы төмен дәрілік өсімдік шикізаттарынан дайындалған тұндырмалармен алмастыруды ұсынып нәтижесін сараптау.

Зерттеу жұмысының бағыттары:

 Дене қызуының көтерілуі және қабыну үрдістерімен сипатталатын тыныс алу жүйесінің ауруы түрлерінде дәрігердің рецептінсіз жиі қолданылатын дәрі-дәрмектер тізімін жинақтау;

 Фармакологиялық препараттар (аспирин мен парацетамол) мен дәрілік өсімдік шикізаттарынан дайындалған дәрілік түрлер (жалбыз бен жөкенің тұндырмалары), олардың ағзаға әсері туралы мәліметтер жинақтау;

 Зерттеу нәтижелері арқылы фармакологиялық препараттардың болуы мүмкін зиянды әсерлерін анықтау;

 Зерттеу нәтижелері бойынша дәрілік өсімдік шикізаттарынан дайындалған дәрілік түрлер тиімділігін көрсету;

 Үйірме мүшелерін, өздері таңдаған мамандығына деген қызығушылығымен ғылымға деген ізденіс қабілетін арттыру.

Жоғарыда аталып өткен мақсаттарымызға сай ауалнаманы колледжде ЛФС бөлімінің фармация мамандығының студенттерінің (жалпы саны – 87) арасында жүргізгенде, берілген жауаптың нәтижелерін сараптай келе студенттердің 90%-ы тұмаумен ауырғанда, бас ауырғанда, дене қызуының көтерілуі кезінде аспирин және парацетамол препараттарын дәрігердің тағайындауынсыз және дозалану реттілігін сақтамай қабылдайтындығы анықталды.

Сауалнама:

1. Дәрігердің тағайындауынсыз дәрілік препараттарды қабылдайсыз ба?

2. Соның ішінде ішінде қай препараттарды жиі ішесіз? (құрамынды парацетамолы бар препараттар, аспирин, қабынуға қарсы басқа да топ препарттары).

3. Сіз дене қызуы көтерілгенде және қабыну белгілері байқалғанда синтетикалық

препараттарды қабылдайсыз ба, әлде дәрілік өсімдік шикізаттарын қолданасыз ба?

4. Аспирин мен парацетамолдың жағымсыз әсерін білесіз бе?

5. Жалбыз бен жөке гүлінен дайындалған тұндырманы қай жағдайда қолданылатынын

білесіз бе?

Сараптау нәтижесі келесі көрсеткішті көрсетіп отыр.

Соның ішінде «дәрігердің тағайындауынсыз дәрілік препараттарды қабылдайсыз ба?»

–деген сұраққа көптеген студенттер: дәрігердің тағайындауынсыз дәрілік препараттарды қабылдаймын – 30%, сирек – 36,7%, дәрігердің тағайындауынсыз дәрілік препараттарды қабылдамаймын – 6,66% деп жауап берген.

«Сіз дене қызуы көтерілгенде және қабыну белгілері байқалғанда синтетикалық препараттар-ды қабылдайсыз ба, әлде дәрілік өсімдік шикізаттарын қолданасыз ба?» Синтетикалық препараттарды қабылдаймыз – 60,9%, дәрілік өсімдік шикізаттарынан дайындалған дәрілік түрлерінің қолданатындар – 39,1%

«Аспирин мен парацетамолдың жағымсыз әсерін білесіз бе?» деген сұраққа – 53,33% жағымсыз әсерін білмейді, 46,67% – жағымсыз әсерін біледі. Осы препараттарды қолданғандардың арасында кері әсерін байқамаған

Сауалнамадағы «Жалбыз бен жөке гүлінен дайындалған тұндырманы қай жағдайда қолданылатынын білесіз бе?» деген сұраққа жауап ретінде төмендегідей көрсеткіш анықталды. 30% – ия, 70% – жоқ.

«Ізденуші фармацевт» үйірмесінің мүшелері сауалнама бойынша анықтаған кемшіліктерді жою мақсатында аспирин мен парацетамол препараттарының фармакологиялық әсері мен болуы мүмкін жағымсыз әсерлері туралы интернет материалдарын қарастырды және тәжірибе жүзінде осы аталған препараттардың жағымсыз әсерлерін жануарлар мен өсімдік ұлпаларына тәжірибе жасау арқылы анықтады. «Жасыл дәріхана» үйірмесінің мүшелері тәжірибе қорытындысын негізге ала отырып аталған препараттардың орнын алмастыратын және өздері де қабынуға қарсы, дене қызуын басатын дәрілік өсімдік шикізаттарын топтастырды.

Жалпы зерттеу жұмысы үш сатыдан тұрады:

І сатысы. Фармакологиялық препараттар (аспирин мен парацетамол) мен дәрілік өсімдік

шикізаттарынан дайындалған дәрілік түрлермен (жалбыз бен жөкенің

тұндырмалары) танысу:

А. Аспирин дәрілік препарат ретінде

Б. Парацетамол дәрілік препарат ретінде

В. Жалбыз тұндырмасы фитопрепарат құралы.

Г. Жөке гүлінің тұндырмасы фиопрепарат ретінде.

ІІ сатысы. Тәжірибелік кезең.

А. Жасалатын тәжірибенің барысы

Б. Зерттеу нәтижелері.

ІІІ сатысы. А. Қорытынды.

Б. Ұсыныс

І сатысы. Фармакологиялық препараттар (аспирин мен парацетамол) мен дәрілік

өсімдік шикізаттарынан дайындалған дәрілік түрлермен (жалбыз бен жөкенің

тұндырмалары) танысу:

IMG_5124IMG_5147 20141114_130119

І сатысы Теориялық кезең.

Интернет материалдары мен медициналық әдебиеттерден аспирин, парацетамол препараттары, жалбыз өсімдігі мен жөке ағашы туралы, олардың химиялық қасиеттері мен құрамы, медицинада қолдану ерекшеліктері жайында

Ғы мәліметтермен жан-жақты таныстық.

ІІ сатысы Тәжірибелік кезең.

А. Жасалатын тәжірибенің барысы

Аспирин мен парацетамолдың және жалбыз бен жөке гүлінің тұндырмаларының өсімдік пен жануар ұлпасына әсерін зерттеу. Аспирин мен парацетамолдың және жалбыз бен жөкенің құрамында фенолдық топтың бар екендігін зерттеу.

Зерттеу колледжіміздегі №113 Аналитикалық және фармацевтикалық химия кабинетінде жүргізілді.

C:\Users\7\Desktop\Жулдыз апай (Зерттеу ж3\IMG_6150.JPG C:\Users\7\Desktop\Жулдыз апай (Зерттеу ж3\IMG_6152.JPG

C:\Users\7\Desktop\Жулдыз апай (Зерттеу ж3\IMG_6154.JPG C:\Users\7\Desktop\Жулдыз апай (Зерттеу ж3\IMG_6192.JPG

C:\Users\7\Desktop\Жулдыз апай (Зерттеу ж3\IMG_6208.JPG C:\Users\7\Desktop\Жулдыз апай (Зерттеу ж3\IMG_6277.JPG

C:\Users\7\Desktop\Жулдыз апай (Зерттеу ж3\IMG_6295.JPG C:\Users\7\Desktop\Жулдыз апай (Зерттеу ж3\IMG_6299.JPG

Сулы ерітінділеріндегі фенолдық топты анықтау нәтижесі:

(Күлгін түстің болуы фенолдық топтың бар екендігін білдіреді)

C:\Users\7\Desktop\Жулдыз апай (Зерттеу ж3\IMG_6228.JPG

ІІІ сатысы. Б. Зерттеу нәтижелері.

Атауы

Жануар ұлпасына әсері

Өсімдік ұлпасына әсері

Фенолдық топты анықтау Темір(ІІІ)хлоридінің бір тамшысын тамызу арқылы

1

Аспириннің сулы ерітіндісі

Бауырдың құрылымы өзгерген, піскен бауырға ұқсайдыIMG_6265

Гүлдің жапырағы мүлде жұмсақ, консервіленген қалыпқа түскен

Бірден көк-күлгін түске боялды. Бұл фенолдық топтың бар екенін білдіреді.

IMG_6270

2

Парацетамолдың сулы ерітіндісі

Бауырдың құрылымы өзгерген, қаттыIMG_6266

Аса ерекше өзгеріс жоқ.

Бірден көк-күлгін түске боялды. Бұл фенолдық топтың бар екенін білдіреді.

IMG_6271

3

Жалбыз шөбінің тұндырмасы

Шамалы тұнба түзілген жай көзбен қарағанда құрылымында өзгеріс жоқ. IMG_6269

Аса ерекше өзгеріс жоқ.

Қанық түске боялды, фенолдық топ жоқ.

IMG_6272

4

Жөке гүлінің тұндымасы

Шамалы тұнба түзілген жай көзбен қарағанда құрылымында өзгеріс жоқ. IMG_6269

Аса ерекше өзгеріс жоқ.

Қанық түске боялды, фенолдық топ жоқ.

IMG_6273

А. Қорытынды.

Зерттеу қорытындысы бойынша аспирин және парацетамол препараттарын дәрігердің тағайындауынсыз және ұзақ уақыт дозалану реттілігін ескермей пайдаланған кезде, құрамында фенолдық топтың болуына байланысты және қышқылдық қасиеті жоғары болғандықтан адам ағзасына әсіресе, бауыр мен асқорыту жолдарына зиянды әсерін көрсететіндігі анықталды. Ал, өсімдік шикізаттарынан жасалған фитопрепараттар адам ағзасы үшін зиянсыз .

Б. Ұсыныс

Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Насыр-Әл Фараби,Әбу-Әли Ибн-Сина, Беруни,Әл-Джуржани қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапия, үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін “дәрісіз ем-домды” дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы “ Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады,” “Сенің денеңнің қуаты-өсімдіктің шырынында” деп медицинасы ілгері дамыған Қытай елінің дәрігері Шин Нон айтқандай, шындығында өзіміз табиғат берген байлыққа көңіл аудара бермейміз. Арзан және қолжетімді деп дәрілік синтетикалық препараттармен ағзамызды улап, денсаулығымызға қайта орны толмайтын зиян келтірмейік. Осы препараттардың орнын алмастыратын, Елбасымыздың «Саламатты Қазақстан 2015» бағдарламасында айтылғандай, -Еліміздің Фармацевтика саласы 80% -ы отандық өнімдермен қаматамасыз етілсін- деген үндеуін ескере отырып ұсынарымыз отандық «Зерде» фирмасының жалбыз шөбінен және жөке гүлінен дайындалатын тұндырмаларын пайдалануды ұсынамыз.

Әдебиет:

  1. «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және олардың қолданылуы»
  2. Көкенов М.К., Әдекенов С.М Алматы «Ғылым», 1998 ж
  3. «Дәрілік өсімдіктер» А. Қожабеков Г. Қожабекова, 1997 ж
  4. Фармакогнозия» Муравьева Д.А -М., 2007 г
  5. «Фармакогнозия» Сокольский И.Н. Самылина И.А Беспалова Н.В – М. Медицина
  6. www.med@cureplant. ru.
  7. www.vsegdazdorov.ru/articles.ntml.
Основные термины (генерируются автоматически): аспирин мен, мена, парацетамол, аспирин.

Похожие статьи

Кинетическое исследование реакции растворения аспирина в воде

Ключевые слова: аспирин, вода, кинетические параметры, модельные уравнения кинетики, область реагирования. Аспирин (ацетилсалициловая кислота) является типичным представителем группы нестероидных противовоспалительных препаратов и в различных...

Нейротропные, психотропные и анальгетические эффекты...

Например, достаточно давно было обнаружено [4, с. 533–565], что аспирин способен оказывать антидепрессантный эффект, который не является хорошо выраженным, но данный препарат крайне эффективен как средство профилактики депрессий и стресса.

Эффективность комплексной терапии Милдроната у больных...

В качестве базисной терапии кроме милдроната все больные получали ингибиторы АПФ, нитраты, b-блокаторы, статины, аспирин, клексан, амлодипин. До поступления в стационар 18 из 29 (62 %) пациентов не лечились или лечились нерегулярно.

Факторы риска заболеваний почек и мочевыводящих путей...

Около 14 % людей длительно по разным поводам (боли в суставах, мышцах, мигрень и т. д.) принимают ненаркотические анальгетики (анальгин, фенацетин, парацетамол) и нестероидные противовоспалительные средства (индометацин, аспирин, ибупрофен, пироксикам...

Методы интеллектуального анализа данных в диагностировании...

Прием аспирина.

Определение химической кинетики для борной кислоты в разных...

Кинетическое исследование реакции растворения аспирина в воде. Ключевые слова: аспирин, вода, кинетические параметры, модельные уравнения кинетики, область реагирования. Аспирин (ацетилсалициловая кислота) является типичным представителем группы...

Нежелательные лекарственные реакции нестероидных...

Комбинация обезболивающего, противовоспалительного и жаропонижающего действия определяет очевидное преимущество этих препаратов по сравнению с другими анальгетиками, такими как парацетамол и опиоиды.

Бананы — медицинское значение (обзор литературы)

Порошок сушеных незрелых бананов, благодаря флавоноиду лейкоцианидину обладает антиульцерогенным свойством, защищает от ульцерогенного эффекта аспирина слизистую желудка, обладает гастропротективным действием — [17, p.44; 28, p.19; 24, p;288; 18, p.722; 44...

Задать вопрос