Толеранттылық түсінігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Абдрасилов Т. К., Тулеев М. Т. Толеранттылық түсінігі // Молодой ученый. — 2018. — №5.1. — С. 1-2. — URL https://moluch.ru/archive/191/48228/ (дата обращения: 14.12.2019).

Адамзат қоғамының даму эволюциясының әрбір кезеңінде белгілі бір құндылықтар пайда болады. Ол дәуірдің тыныс-тіршілігіне, заманның болмысына, өтіп жатқан үдерістер мен олардың беталысына тығыз байланысты болып келеді немесе солардан туындап шығады. Сонымен қатар, бұндай құндылықтар қоғамдық-экономикалық формацияларына немесе ескінің дәурені өтіп, орын алмастыруы тиіс жаңаны қажет еткен жағдайда сол жаңаны тудыратын алғышарттар бейнесінде де пайда болады. Мәселен, көне замандардағы адамзаттың рухани-моральдік құлдыраулары шағында жер бетінің әр түкпірінде ресми түрде діни институттар құрылып, діни мораль басты құндылыққа айналды.

Сондай-ақ, құл иеленушілік қоғам бірнеше мың жылдықтар бойы өмір сүріп, адамдардың құл болуға тағайындалмаған екендігін адамзаттың руханияты түйсінген жағдайда – Бостандық құндылығы пайда болады. Немесе, батыс Еуропадағы көне Грекияның космоцентрлік дәуірі, одан соң орта ғасырдың теоцентрлік кезеңі бірнеше жылдар бойы сабақтасып келгеннен соң, адам екінші жоспарға ығыстырылып, елеусіз қалған еді. Сол кезде қайта өрлеу кезеңінде адамды құндылық ретінде танитын философия қалыптасқан еді.

Ендеше, біз қарастырып отырған толеранттылық та адамзат қоғамы эволюциясындағы сұранып тұрған аксиологиялық құндылық деп тұжырымдай аламыз. Оның бүгінгі таңдағы маңызы мен тәрбиелік мәні зор. Атап айтқанда, адамзаттың бойында төзімділікті қалыптастыру, толеранттылықты қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданып, гендерлік төзімділіктің қазіргі заманғы өзекті мәселелерін түйсініп, ер мен әйел арасындағы өзара теңдік пен сыйластықтың этикалық қырларын арттыру, діни төзімділіктің және жат пиғылды бағыттар мен оның өкілінің психологиялық төзімсіздіктерін ұғынып, әлемдік діндердің өзара келісімпаздығын құру, нәсілдік және ұлттық төзімділіктің саяси-әлеуметтік негіздерін басшылыққа алу, саяси төзімділік пен мемлекет аралық қатынастар аясындағы төзімділіктің өзіндік ерекшеліктерін түйсініп, оны жүзеге асыру.

Зерттеп отырған тақырыпты толықтай ашу үшін, алдымен, толеранттылықты концепт ретінде қарастырып, оның мәнін ашып алуымыз керек. Толеранттылық қазіргі қоғам жағдайындағы өзекті ұғымдардың бірі болғандықтан, осы түсінікті зерттеушілер де оған әр түрлі анықтамалар мен түсініктемелер берген.

Толеранттылық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық — адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші.

Толеранттылыққа қарама-қарсы қайшылықтардың (интолеранттылық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас. Интолеранттылық шыдамсыз, үрейлі адам, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейді.

Толеранттылық бүгінгі қазақ тіліндегі ғылыми айналымға «төзімділік» болып еніп отыр. Бірақ кейбір көзқарастар, мысалы, Татьяна Марголина төзімділік (терпимость) пен «толеранттылық» ұғымдарын ажырата келе, төзімділік өзгеге жол беру және оның амалсыздан істелетін шара екендігін айтса, «Толеранттылық» адам өз еркімен және саналы түрде баратын белсенді әлеуметтік мінез-құлық деп баға береді.

Қазақ тілінің бай қорында оны адекватты түрде алмастыратын ұғым болуы ықтимал. Дегенмен, оны концепт ретінде ұсынсақ, ауқымына: төзімділік, шыдамдылық, төтеп берушілік, көнбістік, жұмсақтық, талап етпеушілік, ұстамдылық, өзгені терең түсінушілік т.б. сөздер енеді.

Уикепедиялық сөздікте оған былайша анықтама береді: «өзге салт пен мінез-құлыққа тұрмыс салтына, көзқарасқа деген төзімділікті білдіретін әлеуметтанулық термин».

Негізінен бұлардың барлығы қоғамдық пәндер тұрғысынан берген бір жақты анықтамалар және сөздің шығу төркініне, этимологиясына мән бермегендіктен туындаған түсіндірмелер деп айта аламыз. Өйткені, жаратылыстану ғылымдарында оның мағынасы басқаша. Мәселен, экологиялық сөздікте оған былайша түсіндірмелер береді және екі түрлі мағынасын ашып көрсетеді: «1) қандай-ма бір экологиялық факторлардың ауытқуына қатысты түрлердің шыдамдылығы. Экологиялық факторлардың ең аз шекті мөлшері мен ең көп шеткі мөлшері арасындағы диапазон аралығындағы шек толеранттылық болып табылады. Толерантты организмдер ортаның қолайсыз өзгерістеріне төтеп беретіндері... 2) иммунологияда сол антигеннің организмнің имуннореактивтілігінің сақталуындағы иммунологиялық жауап берудің болмауы».

әдебиеттер:

  1. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005. – 416 бет.
  2. http://sabaq.kz/7485/
  3. Марголина Т. Толерантность – это не попустительство пороку. Толерантность – это великая душа.//Известия, 2010. – №5.
  4. https://ru.wikipedia.org/wiki/
  5. Экологический энциклопедический словарь. — Кишинев: Главная редакция Молдавской советской энциклопедии. И.И. Дедю. 1989.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос