Жаңғыру түсінігіне қысқаша талдау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Паридинова, Б. Ж. Жаңғыру түсінігіне қысқаша талдау / Б. Ж. Паридинова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 51.1 (185.1). — С. 24-25. — URL: https://moluch.ru/archive/185/47512/ (дата обращения: 25.04.2024).



Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақстанның үшінші жаңғыруына серпін беретін жаңа идеяларға толы. Әсіресе, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласының өкілдері үшін жүктелетін міндеттерге берілген басымдық сала ғалымдарын серпілтіп тастағаны анық.

Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғыртудың бірнеше бағыттарын ұсынды. Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірігейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығығына шақырған ойлар рухани жаңғырудың негізіне айналмақ [1].

Жалпы Елбасы мақаласында жаңа заманға сай идеялар өте көп. Айта кетуіміз қажет, бұл жаңару тұжырымдамалары өз кезеңінде Кеңестер елі дәуірі үшін таңсық еді. Индустриалды қоғам тұжырымдамасын ығыстырған жаңғыру теориясы буржуазияның «әлеуметтік дамуының» бағыты [2] ретінде бағаланды. Сондықтан осы мақала барысында жаңғыру сөзіне қысқаша талдауды жөн көрдік.

С.И. Ожегов сөздігі бойынша «жаңғырту» сөзіне анықтама беріледі: «1. Заманауи талаптарға жауап беретін жетілдіру енгізу. 2. Ескіні бейнелеу арқылы оған тән емес заманауи көріністерін беру» [3].

Қазақ тілінінің түсіндірме сөздігінде «Жаңғыр» түсінігіне анықтама ұсынылған: (І. Жаңару, өзгеру. ІІ. 1. Дауыс, үннің күмбірлеп қайталанып шығуы. 2. Өзгеру, құбылу» [4].

Қазақстандық саясаттанулық энциклопедия бойынша: «дәстүрлі қоғамның артта қалушылығын еңсеру және заманауи қоғамға өту процесі. Заманауи қоғам өлшемдеріне жатады: экономикалық салада – тауарлы-ақшалай реттелетін қатынас, білімге жұмсалған қаржының көбеюі, экономикалық қатынастарды рационалдандырудағы ғылым рөлінің артуы; әлеуметтік салада – тұрғындардың шектеусіз жұмылдырылуы бойынша ашық, дифференцияланған әлеуметтік құрылым қалыптастыру; саяси салада – билікті плюралистік ұйымдастыру, адам құқықтарын сақтау, саяси институттардың өзара қимылдарын дамыту, әлеуметтік әріптестік, негізгі саяси күштердің консенсусы негізінде саяси-басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру» [5].

Заманауи ғылыми әдебиеттерде жаңғыру жаңа институттар мен қатынастар, құндылықтар мен нормаларды құрудың процесі ретінде жаңғырылып жатқан қоғамның бірегейлігін өзгеруін талап ететін және ол бірегейліктің ауысуымен аяқталатын процесс ретінде түсіндіріледі [6].

Ресей ғалымы В.В. Лапкиннің пайымдауынша, жаңғырту өзгерістерінің маңызды қызметтерінің бірі – қай жерде орын алса да, қоғамның институционалды, мінез-құлықтық және мәдени салаларында барлық қоғам мүшелеріне тән өзін-өзі анықтау құрылымдары мен қағидаларын тұтастай өзгерту арқылы толықтай әлеуметтік организм бірегейлігін өзгертуге әкеледі [7].

Қорыта айтқанда, Елбасы мақаласында ұсынылған ұлттық сананы жаңғыртудың бағыттары жүйелі және өз мерзімінде жүзеге асыру рухани жаңғырудың іргетасы саналады. Сондықтан еліміз үшін маңызды көзқарастар Отанымыздың жаңа ұлы жетістіктері мен табыстарын жалғастырудағы тиімді өркендеудің тура әрі берік бағыттаушысы болмақ. Отандастарымыз қазіргі кезеңдегі ауыртпалықтарға қарамастан, Ел Президенті қойған бағыттарды орындай алатынына сенеміз. Нәтижесінде өркендеген, гүлденген, дамыған және қауіпсіз елімізді келер ұрпаққа қалдырамыз [8].

Әдебиет:

1. Насимов М.Ө. Сананы жаңғыртудың 6 бағыты: мәні, мазмұны және түсініктері. – Алматы, 2017. – 3 б.

2. Краткий словарь по социологии // Под общ. ред. Д.М. Гвишиани, Н.И. Лапина. – М.: Политиздат, 1988. – С. 162.

3. Ожегов С.И. Словарь Русского языка. – М.: Советчская энциклопедия, 1968. – С. 348.

4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 267 б.

5. Казахстанская политологическая энциклопедия / Главный редактор Т.Т. Мустафин. – Алматы, 1998. – С. 192.

6. Федотова В.Г. Модернизация и глобализация // Мегатренды мирового развития: сборник научныйх статей. – М.: Экономика, 2011. – С. 91.

7. Лапкин В.В. Модернизация, глобализация, идентичность. Общие проблемы и российские особенности // Полис. – 2008. – №3. – С. 50.

8. Насимов М.О., Паридинова Б.Ж. Рухани жаңғырудың бағыттары // Молодой ученый. – 2017. – 20.1. – С. 19.



Задать вопрос