Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық пайдалы қызметте жастар ісі жөніндегі комитеттері жұмысын дамыту жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №51 (185) декабрь 2017 г.

Дата публикации: 28.12.2017

Статья просмотрена: 63 раза

Библиографическое описание:

Смаилова, А. Е. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық пайдалы қызметте жастар ісі жөніндегі комитеттері жұмысын дамыту жолдары / А. Е. Смаилова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 51.1 (185.1). — С. 30-32. — URL: https://moluch.ru/archive/185/47511/ (дата обращения: 18.04.2024).

Ерікті (волонтер) сөзі – латынның «voluntarius» сөзінен шыққан, «адамның өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір мағынасы «өзінің қалауымен әскерге барушы адам».

Қазіргі уақытта Қазақстанда еріктілер қозғалысы сапалы түрде дамуда. Адалдықтың, адамгершіліктің, мейірімділік пен жомарттықтың ақ туын биік көтерген еріктілердің қоғамда алатын орны ерекше екенін атап өту керек. Себебі олар жеке және заңды тұлғаларға, әлеуметтік топтарға ақысыз, қайтарымсыз, қалтқысыз, құқықты тең сақтай отырып қызмет көрсетеді, сондай-ақ, адамгершілік ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті ұстана отырып, қоршаған ортаны қорғауға, қоғамда өзара қол ұшын беру мен адами қарым-қатынасты қалыптастыруға барын салады.

Еріктілер қызметі тіркелген ретінде немесе еріктілер ретінде тіркелмей-ақ жүзеге асырыла береді. 18 жасқа толмағандар еріктілер олардың денсаулығы мен ізгілікті дамуына нұқсан келтірмейтін және оқу үдерісіне кедергі жасамайтын жағдайда айналыса алады. 14 жасқа толмаған еріктілер ата-аналары жазбаша рұқсатын бергенде ғана айналыса алады.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасында: «ТжКБ ұйымдарында студенттерді қоғамдық қызметке, патриотизмді дамытуға, әлеуметтік жауапкершілікке, салауатты өмір салтын насихаттауға, өзін-өзі басқаруды дамытуға интеграциялайтын жастар ісі жөніндегі комитеттерді құру жұмыстары жалғасатын болады. Колледж студенттері волонтерлік қызметке белсенді түрде тартылатын болады. Жыл сайын патриоттық тәрбиені дамыту, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады. ТжКБ оқу орындарында балалар үйлеріне, онкологиялық ауруханалар мен мүгедектер үйлеріне, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсету үшін, ірі халықаралық іс-шараларды дайындау үшін волонтерлер мектептері жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, "Үздік волонтер" конкурсы өткізіледі. 2020 жылға қарай қоғамдық пайдалы (волонтерлік және т.б.) қызметке тартылатын студенттердің үлесі 60 %-ды құрайды» делінген.

Еріктілер қозғалысының негізгі бағыттарына мыналар жатады:

  1. Әлеуметтік бағыттағы еріктілер қозғалысы (жетімдерге, мүгедектерге, қарттарға, жалғызілікті жандарға қол ұшын беру).
  2. Спорт бағытындағы еріктілер қозғалысы (аймақтық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиада, универсиадаларға ерікті ретінде қатысу, фанклуб мүшесі болу).
  3. Мәдени бағыттағы еріктілер қозғалысы (өнер, кино, көрме, кітапхана, мұражай, саябақтарда іс-шаралар жүргізуге ат салысу).
  4. Экологиялық бағыттағы еріктілер қозғалысы (қоршаған ортаны қорғау, мегаполис тазалығы, флора, фаунаны сақтау, көмек беру, экологиялық таза өнімдерді тұтынуға шақыру, экологиялық сақтық шараларын қолдануға шақыратын ағартушылық).
  5. Донорлық бағыттағы еріктілер қозғалысы (қан тапсыру, ағартушылық жұмыстарын жүргізу).
  6. Ауқымды шаралар бағытындағы еріктілер қозғалысы (масштабты іс-шараларға қатысады: фестиваль, форум, семинар, концерттер және т.б.).
  7. Корпоративтік бағыттағы еріктілер қозғалысы (жұмыстан тыс уақытта компания, фирма қызметкерлерінің жұмыстан тыс уақытта ерікті қызметін атқаруы, қоғамдық қорлардың жұмыстарын жүргізуге ат салысуы).
  8. Медиа бағытындағы еріктілер қозғалысы (фотограф, журналистер, дизайнерлердің жұмысы).
  9. Қоғам қауіпсіздігін сақтау еріктілері (қоғам тынышсыздығы мен табиғи апаттарға көмек қолын созу).

Еріктілер қызметін жүзеге асыратындардың дені - жастар. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында аталмыш қызметті жүзеге асыратын тетік-жастар ісі жөніндегі комитет болып табылмақ.

«Болашақ» колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің құрамына «Жас Отан» жастар қанаты, «Замана» дебат клубы, «Фемида» заң клубы, «Үкілі үміт» қыздар клубы, «Руханият» шығармашыл жастар клубы, «Жас қыран» жасағы, «3х4» көңілді тапқырлар клубы, «Кербез» би ансамблі кіреді. «Жас қамқоршылар» еріктілер қозғалысы өз жұмысын 2014 жылы бастады. Еріктілер қозғалысы жастар ісі жөніндегі комитет аясында жүзеге асырылады, аталмыш комитет жоспары негізінде жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша жұмыс жасайды. Айталық, әлеуметтік бағыт бойынша жыл сайын дәстүрлі түрде Қарттар үйіне, Балалар үйіне мерекелік концертпен барса, әлеуметтік дүкендерге киімдер, сыйлықтар, кітаптар тарту етеді. Спорттық бағыттағы еріктілерге жергілікті «Қайсар» ФК-ның фанклуб мүшелерін жатқызсақ, мәдени бағыттағы еріктілер Ә. Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткізілетін «Кітапхана түні» акцияларына, сондай-ақ, қала саябағында өткізілген буккроссингке қатысады. Экологиялық бағыттағы еріктілер қала сенбіліктеріне шығып, Қарттар үйінің ауласын, көктемгі уақыттарда жалғызілікті қариялардың ауласын тазалауға көмектеседі. Ауқымды шаралар бағытындағы еріктілер қала күніне арналған концерттерде, фестиваль, форум, семинарларда, жастар акцияларында өз белсенділігімен көзге түссе, қоғам қауіпсіздігін сақтау еріктілері 2015 жылы су басқан Қарағандыға өз әлеуметтік көмектерін аямады, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін рейдтерге және педпатрульдерге шығады.

Қазақ тілінің сөздігіне үңілсек, «ерікті» деген сөзге синоним болатын «асар» сөзі бар. Асар – ауыл-аймақ, көрші-қолаң болып белгілі бір мұқтаж жанға қолдарынан келгенше тегін көмек көрсету. «Асар» салты қазақта ежелден бар, сондықтан «ерікті» қызметін кейін пайда болған немесе жаңа заманның термині деп қабылдаудың қажеті жоқ. Тек форматын заманауи бағытқа өзгерткен, жастарды жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеудің ұтымды әдісі деп қарағанымыз жөн.

Әдебиет:

1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Волонтерлік_іс

2. www.мечтайсомной.рф/волонтёры/Мечты_детей‎

Основные термины (генерируются автоматически): клуб.

Похожие статьи

Продвижение бренда компании в сфере спорта | Статья в журнале...

В статье рассматриваются подходы к пониманию спортивного маркетинга для профессиональных спортивных клубов.

Английский клуб как форма и средство создания языковой среды...

В статье рассмотрен опыт создания Английского разговорного клуба на базе неязыкового института, поставлены задачи и проанализированы методические пути и педагогические...

Семейный клуб как форма построения системы партнерских...

В соответствии с требованиями федерального государственного образовательного стандарта дошкольного образования одной из главных задач...

Семейный клуб — одна из эффективных нетрадиционных форм...

С введением нового Федерального государственного образовательного стандарта изменилась роль и место родителей в образовательной политике школы.

Переход клубов российской футбольной системы к коммерческой...

Мировая футбольная система, в рамках которой существует и российский футбол, затрагивает интересы множества футбольных организаций в разных странах.

Анализ проектирования семейного культурно-досугового центра...

Все большее число людей проводят свой досуг в барах и ночных клубах за распитием алкогольных напитков или дома перед телевизором, не вставая с дивана.

Повышение эффективности работы фитнес-клуба | Молодой ученый

Жизнь современного человека протекает в ухудшающейся экологической среде, полна стрессов и характеризуется уменьшением физической активности.

Управление финансовыми рисками фитнес-клуба | Молодой ученый

Таблица 1. Анализ динамики факторов влияния на выбор фитнес клуба, в% от общего количества посетителей.

Проблемы и перспективы финансирования спортивных клубов...

В последнее время в России все чаще встречаются финансовые проблемы в такой популярной сфере жизни многих людей, как спорт.

Досуговые предпочтения воспитанников подростковых клубов

Досуг оказывает огромное влияние на все сферы жизнедеятельности человека, особенно велико его значение в подростковом возрасте...

Задать вопрос