Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың негіздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Елюбаева, А. Н. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың негіздері / А. Н. Елюбаева, Ж. Т. Баянова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 51.1 (185.1). — С. 5-7. — URL: https://moluch.ru/archive/185/47503/ (дата обращения: 24.04.2024).

Ғылымда ілгері ұмтылғанмен,адамгершілігі ақсап жатса,

Ондай адамның алға басуынан гөрі кері кетуі тезірек.

(У. Джеймс)

Оқыту-екі жақты процесс. Онда мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастық іс-әрекеті жүзеге асады. Осы процесте оқушының ақыл-ойы, танымы, білігі мен дағдысы қалыптаса отырып,әр оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы жүзеге асырылады.

Оқытудың білім беру функциясы оқушыны біліммен қамтамасыз етеді, оны өз бетімен білім алуға,білік пен дағдыны игеруге даярлайды. Қазіргі педагог ғалымдардың пікірінше, білімді толық игеру үшін мынадай талаптар ескерілуі керек. Олар:

 білімнің толықтығы;

 білімнің жүйелілігі,үйлесімділігі;

 білімнің ұғымдылығы;

 білімнің тәрбиелік сипаты.

Бұл талаптардың ішінде біз жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытуда білімнің тәрбиелік сипатын басты нысанаға аламыз. Демек, оқытудың білім беру функциясы ғылым негіздерін, білім мен дағдыны игерту үшін бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды жинақтаған ақыл-ойы жетік адам дайындауға бағытталуы тиіс. Өйткені жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта отырып оқытуда оның тәрбиелік функциясы негізгі рөл атқарады. Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта отырып оқытуға К.Маслоудың мына қағидасы негіз бола алады: «тәрбиелей отырып оқыту-дамытып оқыту,яғни тұлғаның байқағыштығын,ойын,есін,қиялын дамыту,оны әлеуметтік және еңбек іс-әрекетіне дайындау».

Әл-Фараби философиялық трактаттарында «жақсы мінез-құлық пен ақыл біріккенде ғана олар адамшылық қасиеттер болып табылмақ», – деп жазса, атақты чек ғалымы Я.А.Каменский өзінің атақты «Ұлы дидактика» деген еңбегінде тұңғыш рет білім беру мен тәрбие ісін біртұтас процесс деп қарау идеясын ұсынды.

Ал Перлз «Адамның тәні сияқты,жанына да тәрбие керек. Онсыз жан семіп қалады,енжарлықтың ми батпағына батады», – деп адамгершілік қасиеттерді қалыптастырумен қатар, оқушының сезіміне әсер ету арқылы жан дүниесіндегі құндылықтарды дамытып отырудың маңызын ашып көрсетеді. Ендеше, педагог ғалымдардың тәрбиелей отырып оқыту жөнінде пікірлеріне сүйене отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: Тәрбиелей отырып оқыту ғылыми білімнің оқушы сеніміне айналуын сипаттайды және олардың сезімдерін оятып,мінез-құлықтарына ықпал етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына,өзгемен санаса білуіне ықпал етеді. Сөйтіп жеке тұлғаның рухани адамгершілік қасиеттердің саны арта түседі. Мысалы, бастауыш сынып жасындағы бала өзінің бойындағы қасиеттеріне,мінез-құлқындағы ерекшеліктеріне сын көзбен қарап, олардың жағымсыз жағын болдырмауға тырысады. Жақсыға құмар,өзгеге еліктегіш,тілалғыш,сезімтал және батыл болғысы келеді. Бастауыш сынып оқушысының мұндай әрекетін ғалым Р.Қоянбаев «олардың өзінөзі өзгертуге, жақсы болуға,түзелуге деген алғашқы ынтасы»,деп түсіндірді.

Оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктері де бар. Біріншіден,оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда неғұрлым оңай басқарылатын,тез іске асырылатын,нәтижесі жылдам көрінетін процесс. Сондықтан да соңғы уақыттарда оқытудың білімдік жағына көп көңіл бөлініп,оқушыны білім қорымен ғана қамтамасыз етуге баса назар аударылып келеді. Екіншіден, сыныптағы оқыту процесіне, мұғалім мен шәкірттің іс-әрекетіне сыртқы фактор әсер етпейді. Яғни белгіленген білім көлемінің толық игерілуіне мүмкіндік болады. Ал тәрбие процесінде алға қойған мақсаттарды,тәрбиелеу шараларын тез іске асыру, тексеру мен нәтижесін анықтау, өлшеу мүмкін емес. Әрі тәрбие процесіне сыртқы факторлардың елеулі әсері де бар. Сондықтан да оқыту процесінің тәрбиелік ықпалын анықтау,жеке тұлғаның рухани адамгершілік қасиеттерінің дамуы мен қалыптасуына бақылау жасау жан-жақты зерттеумен қатар,ұзақ мерзімді бақылауды қажет етеді.

Оқытудың тәрбиемен бірлігі білім беру мен дамытудың өзара байланыс заңдылығына сәйкес. Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен тығыз байланысты. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша, оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының «ең таяу зонасын» жасайды. Баланы ізденуге талпындырады. Сөйтіп, оқушының жеке тұлға ретінде өзіндік бағыты қалыптаса бастайды.

Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып,жеке тұлғаның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді және ішкі мүмкіндіктерін жарыққа шығарады. Демек, жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта отырып оқыту – бұл оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ішкі сезімдеріне әсер ету арқылы таным іс-әрекеттерін барынша дамыту. Сонымен қатар өзін өзгемен салыстыра отырып,өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны қабілетіне қарай еркін игеруге үйрету,өзін-өзі тәрбиелеуге басшылық жасау.

Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытуда көрнекілік ұстанымы ерекше рөл атқарады. Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен тәжірибе өзара байланыста болатыны бәрімізге мәлім. Ал бастауыш сыныпта оқушылардың ойлау арекетінің көрнекі-бейнелілік, көрнекі-амалдық сипатта болатынын ескерсек, әрбір сабақтың көрнекіліксіз өтуі мүмкін емес. Жеке тұлға бойындағы адамгершілік қасиеттерінің қатынасқа түсуіне көрнекіліктің ықпалы зор. Олар былай топталады:

 түрлі тақырыптардағы картиналар,мазмұнды суреттер;

 оқушыларды өздері салған суреттер бойынша сөйлету;

 түрлі персонаждарға енгізу;

 сазбалшықтан мүсін жасату.

Сонымен, жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастырудың көрнекілік ұстанымымен тығыз байланыстылығын анықтай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады. Біріншіден, түрлі персонаждардың көмегімен оқушының өзін ситуацияға толық енгізу арқылы оның тілін, ойын дамытып, ой-өрісін кеңейтуге, қоршаған ортасына ізгілік қатынасын орнатуға болады.

Екіншіден, оқушылардың өз шығармаларын талдату арқылы өзін-өзі тануына, өзіндік қабілетін ашуына мүмкіндік туғызып,сондай-ақ, өзгелердің еңбегін бағалауға үйретуге болады.

Үшіншіден, пайдаланылатын көрнекіліктің педагогикалық, психологиялық және әдістемелік талаптарға сай болуымен қатар, оқушының қызығушылығын төмендетіп, жалықтырмас үшін түрлендіріп отырылуы тиіс. Аталған ұстанымдар мен қатар, жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқытуда білімді өмірмен байланыстыру ұстанымы маңызды орын алады. Өйткені өз бетімен өмір сүруге икемді, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, жан-жақты жетілген азаматты тәрбиелеп өсіру бүгінгі қоғам талабы.

Қорыта келе, жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқыту дегеніміз-тәрбие мен оқытудың бірлігін сақтай отырып, сабақты шәкірт жанының ішкі қуатының оянуына ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру, оқу процесінде әрбір оқушының бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды қарым-қатынасқа түсіру арқылы дамыту және оларды білім дағдылары негізінде қалыптастыру. Гуманист педагог М.Вебердің сөзімен айтқанда, «оқушыны ең алдымен көруге,түсінуге және сүюге үйрету керек, оқуға үйрету одан кейін келеді».

Шынында да, бұл мәселенің мәнін ашу қаншалықты қиын болса, соншалықты маңызды да. Өйткені жеке тұлға руханилығынан айрылса, ішкі нұрынан, жүрек жылуынан да айрылып, рухани жұтаңдыққа тіреледі. Ендеше, жеке тұлғаның рухани адамгершілік қасиетінің негізгі өлшемі-адамның жақсылыққа талпынысы деген қорытынды жасауға болады. Өйткені басқаларға жанашырлық білдіру, өзге адамға жақсылық тілеу, көмек көрсету, айналадағы өмірді жақсартуға ұмтылып, оны жүзеге асыру, өзін-өзі тануға ұмтылу, өзін-өзі дамыту, сол арқылы бүкіл дүниені жетілдіру сияқты құндылықтар рухани дамудың негізгі көрсеткіші болып табылады.

Әдебиет:

  1. Игенбаева Б.Қ. Адамгершілік сабақтары.
  2. Фридман Л.М. Жеке тұлғаны және ұжымды зерттеу классификациясы.
  3. Амонашвили Ш. Мектепке 6 жастан.
  4. Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Нормативное регулирование учета расчетов с поставщиками...

При расчетах с поставщиками и подрядчиками основными видами договоров являются договоры купли-продажи, поставки, мены, подряда.

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Задать вопрос