Биологиялық терминдерді шығармашылық тапсырмалар арқылы есте сақтау әдістемесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Байкенжеева, А. Т. Биологиялық терминдерді шығармашылық тапсырмалар арқылы есте сақтау әдістемесі / А. Т. Байкенжеева, А. М. Даужанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 20.1 (154.1). — С. 4-6. — URL: https://moluch.ru/archive/154/43881/ (дата обращения: 20.04.2024).



Биология сабағында маңызды орында терминдермен жұмыс алады. Терминдер баяндалып отырған мәтінді нақты және айқын көрсете алады. Оқушылар белгілі бір тақырып бойынша ұғымдарды, анықтамаларды және терминдердің мағанасын барлық уақытта аша алмауы мүмкін. Кейде ұғымдардға нақты анықтама берілмеген оқулық кінәлі болуы мүмкін. Сабақта терминдермен жүйелі жұмыс жасалмауы және баяндалмай да қателікке бой алдырады.

Биологияның ботаника саласында оқушыларға таныс емес, барлық уақытта түсінікті емес және есте сақтау қиынға соғантын түсініктер кездеседі. Ол үшін оқушыларға түсіндірме сөздіктер, оқу және ғылыми әдебиеттер ұсынылады.

Биология сабақтарында терминмен жұмыс жасаудың негізгі әдістері[1]:

 мәтіндегі курсивпен жазылған негізгі ұғымдарды, терминдерді табу;

 терминдердің мазмұнын, мағанасын анықтау;

 оқу материалдарын логикалық сызбалар арқылы ғылыми терминдердің маңызды жақтарын көрсету;

 шығу тегі шетелдік терминдерді дауыстап айту;

 жаңа терминдерді орфографиялық игеру жолында жұмыс жасау;

 жаңа терминдердің этимологиясын (шығу тегі) анықтау, терминдердің анықтамасын дәптерге түсіру;

 ұғымдар мен терминдерді байланыстыратын жаттығулар тапсырмалар орындау.

Тапсырма 1

Биологияның ботаника саласына қатысты ғылымдарды зерттеу бағыттары бойынша сәйкестендіріңдер

Биологияның жеке ғылым салалары

Зерттеу объекты

1. Дендрология

2. Лихенология

3. Микология

4. Физиология.

5. Геоботаника

6. Бриология

7. Цитология.

8. Анатомия.

9. Диаспорология

10. Карпология

11. Экология.

12. Систематика.

13. Палинология.

14. Помология

15. Флористика

16. Өсімдіктер морфологиясы.

17. Палеонтология.

18. Альгология

19. Фитопотология.

А. Балдырлар туралы ғылым

Б. Мүктәрізділерді зерттейтін ғылым

В. Өсімдіктердің кеңістікте таралуын зерттейтін ғылым

Г. Ағаш тектес өсімдіктерді зерттейтін ғылым

Д. Споралардың таралуы жөнінде ғылым

Е. Жемістер мен тұқымдар жөнінде ғылым

Ж. Қыналар жөніндегі ғылым

З. Саңырауқұлақтар жөнінде ғылым

И. Ағзалардың тіршілігі жөніндегі ғылым

К. Тозаң дәні және спора жөніндегі ғылым

Л. Жеміс және жидектердің тұқымын, сортын зерттейтін ғылым.

М. Өсімдіктердің ауруларын зерттейтін ғылым.

Н. Флораны зерттейтін ғылым.

О. Өсімдіктерді классификациялайтын ғылым .

Т. Өсімдіктердің ішкі құрлысын зерттейтін ғылым

П. Өсімдіктердің сыртқы құрлысын зерттейтін ғылым.

У. Тірі ағзаның қоршаған ортамен байланысы.

Х. Жойылып біткен өсімдіктер жөніндегі ғылым.

Ц. Жасуша жөніндегі ғылым.

Жауап: 1- ; 2- ; 3- ; 4- ; 5- ; 6- ; 7- ; 8- ; 9- ; 10- ; 11- ; 12- ; 13- ;

14- ; 15- ; 16- ; 17- ;18- 19-

Оқушылар Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруды және оқу орнына тапсыру барысында көптеген терминдердің мағанасын түсіндіріп жазуға тура келеді. Мұндай жағдайда латын және грек терминдерінің түбірін түсіну арқылы материал таныс болмағанына қарамастан дұрыс жауапты табуға мүміндік туады. Осыған байланысты төмендегі сөздікте жиі кездесетін биологиялық терминдергі сөз түбір және жалғаулар берілген. Берілген сөз түбір және жалғаулар арқылын терминдердің мазмұнын ашуға болады.

Күрделі биологиялық термин сөздердің түбірі және жалғаулары

А … келесі сөздің теріс, кері мағанада екенін білдіреді.

Авто-, ауто- … өзім, жеке, өзбетінше.

Ад- … бағытқа қарай,

Амфи- … екі беті де, не екеуіде, туыстас.

Ан- … а, емес, жоқ

Андро- … аталық.

Арх-, архео- … алғашқы, негізгі, өте көне.

Би- … екеу, қос.

Гетеро- … әртүрлі.

Гипо- … астында, аз.

Гомео-, гомо- … дәл сондай, ұқсас.
Де- … бірнәрсені жою

Изо- … бірдей; мағанасы гомо-, гомео-ұқсас.

Интер- … аралық, ортасы.

Интра- … ішкі жағы.

Мега-, макро- … үлкен.

Мезо- … ортаңғы.

Мико- … саңырауқұлақтарға қатысты.

Микро- … кішкентай.

Моно- … біреу, жалғыз.

-оид … ұқсас, сияқты, сходный, подобный.

Оо- … күрделі сөздің бір бөлігі, жұмыртқа мағынасында.

Пара- … туралы, соның шееберінде.

Пери- … айналасында, шеңберінде

Плазмо-, плазмо-, -пласт … рәсімделу, өрнектелу.

Поли- … көп.

Про- … алдын ала дейін.

Прото- … бірінші.

Псевдо- … жалған.

Сим-, син- … бірге.

Суб- … асты,

Схизо- … ыдырау.

-троф, трофо- … асырайтын, қоректендіретін.

-филл, филло- … жапырақ.

-фит, фито- … өсімдік, өсімдіктер.

Фото- … жарық.

-хром, хром- … түс, түсті.

-цит, цито- … күрделі сөздің бөлігі, жасушаға қатысты.

Эко- … тіршілік ортасы.

Экзо- … сыртқы.

Эндо- … ішкі.

Эпи- … үстінде, қандайда бір затты үстінгі жағы (на, над)

Тапсырма 2. Сөздікті пайдаланып төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

 қан қысымының көтерілуі – бұл гипо- немесе гипертония?

 бивалентте қанша гомологиялық хромосом түзіледі?

 Экзоқаңқа омыртқалыларға тән бе, әле буанақденелілерге ма?

 ұрық жапырақшалар орналасуына қарай реттілігін көрсетіңдер эктодерма, энтодерма, мезодерма?

 қайсысы көп – макрофаги немесе микрофаги?

Тапсырма 3 Жоғарыдағы сөздікті пайдалана отырып сұрақтарға жауап беріңдер және сөздің мағанасын талдаңдар

 Ұсақ ағзаларды көруге арналған биологиялық құрал: .........

 Жасушаның ішкі жағын алып жататын сұйықтық: .........

 Көп жылдық өсімдіктердің перидермасы.......

 Жасауша қабырғасы жұқа, хлоропластары көп өсімдік мүшелерінде жүретін процесс......

 Жемтамыр, түйнек тамыр, ауа тамыр өсімдіктердің сыртқы орта жағдайына бейімделіп.........

 Ұрық дамитын терінің сыртқы қабаты......

 Терінің ішкі қабаты..........

 Жапырақтың үстінгі және астыңғы бетін қаптап жатады.........

 Жазушаның бөлінуінің дайындық кезеңі

 Аталық тозаңның аналықтың аузына түсуі төзаңдану деп аталады, өзаңдану екіге бөлінеді:

Мұндай терминдердің шығу тегі мен мазмұнын көрсету оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады, танымдық қабілетін жоғарлатады. Қажетілікке байланысты жалғаулардың санын көбейтуге болады.

Әдебиет:

  1. Пакулова В.М. Работа с терминами на уроках биологии. - М.: Просвещение, 1990. - С. 3-27.


Задать вопрос