Ұлттық ойындардың оқушыларға берер тәрбиелік маңызы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Смаилова, А. Е. Ұлттық ойындардың оқушыларға берер тәрбиелік маңызы / А. Е. Смаилова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 19.1 (153.1). — С. 7-8. — URL: https://moluch.ru/archive/153/45308/ (дата обращения: 24.04.2024).

Тәуелсіздік таңы еркін атқан еліміз ертеңгі күніне, болашағына үлкен үміт артып келеді. Елбасымыз «Қазақстан-2030» стратегиясында жастарға деген сеніміне ерекше тоқталып өтеді, үлкен сенім артады. Қарыштап дамып келе жатқан Қазақстанның әлем елдер арасында беделі биік, абыройы асқақ Елбасымыз межелеген дамыған, өркениетті ел болу үшін азаматтарымыз білімді, тәрбиелі болып жетілуі тиіс. Бұл тұрғыда білім саласының алар орны бөлек. Бүгінгі дамыған қоғамға сай адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру жеке тұлға мен қоғамның, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту басты мақсат болып отыр. Ұлттық тәрбиені қолға алу ұстаздардың басты міндеті. Өсіп келе жатқан жас буындарға ұлттық тәрбие бере отырып, ата-бабамыздан қалған асыл қасиеттерді сіңіре білсек, біз ұстаздардың еліміздің өркендеуіне қосқан үлкен үлестері деп білген болар едік.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет – өзінің өмірін жалғастырушы сапалы ұрпақ тәрбиелеу. Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен соң жас ұрпақ ұлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабымен бірге келген игілікті мақсат екені даусыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып – түсіну, сөз жоқ, қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын болжау мүмкін емес», – деп көрсеткен.

Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында Білім беру жүйесінің міндеттері: «...азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулау, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет – ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру» – деп көрсетілгеніне орай, халықтың педагогикасының элементтерін мектепте оқытудың, баланың бойына ұлттық сананы сіңірудің маңызына ерекше көңіл аударылғанын байқауға болады.

Уақыт ұстаздарға жастарды жаңа заман талаптарына сай әрі озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, ұстаздар қауымы оқу – тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, күні бүгінгіге дейін іске қосылмай келе жатқан тәрбие құралдарын пайдалану, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдануы керек екені анық. Сондай оқу – тәрбие негіздерінің бірі – ұлттық ойындарымыз. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып табылады. Ол – сандаған ұрпақтың көкірегіне жарап, олардың өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Бұл туралы көрнекті педагог В.А.Сухомлинский ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады дей келіп, былай деп жазды: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірімен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», – деген екен. Бұл пікірге қарсы дау айту қиын.

Бір заманда халық қиялынан туып, өз ұрпағына тәрбиелеудің ұтымды құралына айналған ежелгі ойындар ешбір арнайы құрал – жабдықты, өткізетін орынды талғамайды. Олар бүгінгі білім саласындағы тәрбие жұмысына пайдалану қолайлы.

Халық ойындары тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушы да болып табылады. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей – тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген.

Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, халық ойындарын бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие және оқу жұмыстарын жандандыра түседі.

Ал оқушыларды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде ұлттық ойындардың тәлім-тәрбиелік, білімділік, танымдық рөлі орасан зор.

Бүгінде қазақтың 100 – ден аса ойын түрлері мәлім. Қазақ «баланы жастан» дегенде, ойын – сауық арқылы жасөспіріммен тәрбиелік жұмысты ертерек және жас ерекшеліктеріне жүргізуді пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кім екенін, халықтың қандай екенін бағалау екіталай. Адам мен ойын түйіндес, түбірлес. Ойын – сауық қазақтың әдет – ғұрпына үнемі және айқын ықпал еткен.

Қазақтың әдет-ғұрып ойындары халықтың бастан кешкен қилы – қилы оқиғаларын бейнелеп, баяндап отырады. Ойын – сауық – тәжірибие мен тәсілдің еркіндігін, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері. Жарыссыз ойын, ойынсыз әзіл – қалжың бола бермейді. Ойын – сауық қара күш көрсететін озбырлық немесе біреудің намысын жытатын қастандық емес. Ой өтімділігі мен сөз өткірлігі, күш пен қабілет ашық сайысатын ортада көрініп, дірмарлар, шешендер, шеберлер өз мәртебесін мойындатып жатады. Ойын серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Ойын да адам қарсыласының олқы және оң жақтарын дұрыс анықтауға ерекше мән береді, оның күш – қабілетін тура бағалау ережесіне ереді. Ойнаушы бәсекеге мол қарым – қатынастың тәртібіне жүгінеді. Әр ойынның өз тәртібі, тәсілі және ережесі бар. Сол тәртіп тәсіл, тәжірибені білген адам тезірек қалыптасады, жан – жақты жетіледі. Ойын – сауықта кісілік қасиеттер шыңдалады, адам қабілетінің құндылығы артады. Әр деңгейде өз өнері мен өнегесіне қызыққан шетел саяхатшылары осы қайталанбас табыстардың қанша мәртеге дәл сипаттап жеткізе алады.

Қазақ халқының ұлт ойындары жеке адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол бүкіл қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін ұлттың азаматын тәрбиелеп, үлгі берерліктей әлеуметтік орта моделін жасаушы ретінде күрделі қызмет атқарған. Қазіргідей арнайы мамандық беретін оқу орындары болмаған кезде ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын тек ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып ізінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.

Ұлт ойындары келешек ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелейді.

Әдебиет:

  1. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындарын оқу-тәрбие процесінде пайдалану. – Астана: Рауан, 1993. – 3 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, пена.

Похожие статьи

Исследование пеногасящей способности высших изомеров...

Пеногаситель вводили в пену через одну минуту после прекращения пенообразования.

Следует отметить, что пена без добавок регулятора-пеногасителя существует несколько часов.

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс...

Өз беттерімен жаттығу кезінде күшті молайтатын жаттығулар икемділік пен жылдамдық қабілеттерін арттыратын жаттығулардан кейін...

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Выбор пенообразователя и стабилизатора при получении...

В статье приводятся экспериментальные данные по влиянию пенообразователей и стабилизаторов на технологические свойства пены при получении материалов ячеистой...

Мектепте интербелсенді оқытудың формалары мен әдістері

...өзіндік бағалауы, өзіндік сенімі артады.Өзара сыйластықты, айналасындағы адамдардың пікірлері мен

Жұптық жұмыс - ынтымақтастық пен өзара көмек үшін таптырмас форма.

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Молодой ученый

Ал өтірік қосылмаса өсектің дәмі келмейді. Өсек пен өтірікті қатар айтқан адам мақтанудан да құр қалмайды. Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Синтетические моющие средства: польза и вред | Молодой ученый

Косвенно можно судить о наличии а-ПАВ в стиральном порошке по интенсивности пенообразования при стирке. Чем выше пена, тем выше концентрация а-ПАВ...

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен...

Бухгалтерлік есеп пен есептілікті реформалау және Қахақстандағы ұйымдардың ҚЕХС-қа бірте-бірте өту

Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді.

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму

Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың...

Задать вопрос