Донорлық қанды бруцеллезге тексерудің зертханалық әдістері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Ахметова, Г. Т. Донорлық қанды бруцеллезге тексерудің зертханалық әдістері / Г. Т. Ахметова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 19.1 (153.1). — С. 1-2. — URL: https://moluch.ru/archive/153/45306/ (дата обращения: 18.04.2024).

Кіріспе. Қан-ол тірі тін. Қан немесе оның компоненттерін донордан реципиентке құю (гемотрансфузия), негізі тіндерді трансплантациялау болып табылады. Донордан алынған қан қиын оталарда, босану кезінде, қанкетулерде, ауыр жарақаттарда, күйіктерде және басқа ауруларда қолданылады. Бір донордан алынған қан бірнеше компоненттерге бөлініп 3-4 науқастың өмірін құтқарады.

Бірақ қанның вирустық және бактериялық инфекциялар көзі екенін естен шығармаған дұрыс. ЖҚТБ, мерез, вирустық гепатиттер, бруцеллез, іш сүзегі, туляремия, малярия, токсоплазмоз, лепра, цитомегаловирустардың қоздырғыштары және т.б. донорлық қан арқылы берілуі мүмкін.

Қазіргі таңда донорлық қан бұрынғыдан да қауіпсіз. Бірақ, өкінішке орай ешкім кездейсоқтықтан сақтандырылмаған. Донорлық қан құрамында бізге беймәлім инфекциялардың (вирустардың, паразиттердің, приондардың) болуы әбден мүмкін. Әсіресе, жасушалық агенттерге қарағанда вирустық инфекциялар ағза үшін үлкен қауіп туғызады.

Негізі донорлық қан науқасқа берілуге дейін, донорларды сұрыптауды есептемегенде, бірнеше кезеңнен өтеді. Біріншіден, ол трансфузиялық инфекцияларға сапалы зертханалық тексеру. Гемотрансфузиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында донорлық қан міндетті түрде АИТВ-1,2, мерез, С және В вирусты гепатиттеріне тексеріледі және ол екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде ИХЛА әдісімен зерттелсе, екінші кезеңде ПТР әдісімен тексеріледі. Атап айту керек, донорлық қанды трансфузиялық инфекцияларға екі кезеңде тексеруді біздің мемлекетіміз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып енгізгендердің қатарында. Бұл еліміздегі денсаулық сақтау жүйесінің, соның ішінде қан қызметінің үкімет назарынан тыс қалмағанының айқын көрінісі.

Қан қызметінде донорлық қанның вирустық қауіпсіздігі сияқты, бактериялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары да қарастырылған. Айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 10 қарашадағы №680 «Қанды және оның компоненттерін беру алдында (донация) донорды медициналық тексеру Ережесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Ереженің 24-ші тармағындағы донорлардың қан сарысу үлгілеріне трансфузиялық инфекцияларға–гепатит В және С, АИТВ-1,2, мерезге зерттеу жүргізу міндетті, ал зерттелетін қалған инфекциялар тізімдемесі өңірдің эпидемиологиялық ахуалының көрсеткіштері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттік органның шешімімен кеңейтіледі деп көрсетілген. Оған қоса, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 25 ақпанындағы №136 «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген санитарлық қағидаларының 208 тармағында «Хеддельсон және Райт реакцияларымен бруцеллезге міндетті тексеруге донорлар, тіндер, органдар, және басқа биологиялық материалдар жатады» деп көрсетілген.

Жалпы Қызылорда облысы бруцеллез бойынша қолайсыз аймақ болып саналады. Қызылорда облысы бойынша бруцеллез ауруының эпидемиологиялық ахуалына тоқталатын болсақ, Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметтері бойынша, облыс көлемінде 2015 жылы бруцеллез ауруына 91 адам шалдығып, аурушаңдық көрсеткіші 12,9-ды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда (2014 жылы 77 жағдай-10,8) 16,3 пайызға артты. Республикалық көрсеткіш–7,7-ге тең.

Осыған орай, жоғарыда аталған бұйрықтарды орындау мақсатында Қызылорда облыстық қан орталығы барлық донорлардың қан сарысуларын бруцеллезге тексереді.

Бруцеллезді зертханалық диагностикалау келесі әдістерден тұрады: 1)бактериологиялық, 2)серологиялық, 3)аллергиялық тері сынамасы. Соның ішінде қарапайым тәжірибеде қиындықтар туғызбайтын, әрі оңай серологиялық әдіс, соның ішінде кең қолданыстағы Райт және Хеддельсон реакциялары.

Қазіргі таңда бруцеллезді жылдам анықтаудың әдісі агглютинацияның пластиналы реакциясы–Хеддельсон реакциясы. Хеддельсон реакциясы өзгешелікті, ағымдағы ауру кезінде және аурудың ерте кезінде оң нәтиже береді. Бұған қоса Хеддельсон реакциясы кез келген зертханада қолжетімді және бұл реакция арқылы нәтижені жылдам алуға болады. Бірақ бұл реакцияның өзіндік кемшіліктері де бар. Атап айтсақ, Хеддельсон реакциясы қанда тек агглютининдерді сапалы (качественный) анықтайды және жиі жалған оң нәтижелер береді. Сондықтан да Хеддельсон реакциясын тәжірибе жүзінде бруцелллезді диагностикалау үшін емес, бруцеллезге тексеру үшін қолданады.

Хеддельсон реакциясының осындай кемшіліктерін ескере отырып және бруцеллез бойынша қан және оның компоненттерінің жарамсыздығының көп болуына байланысты 2014 жылдың ақпан айынан бастап Хеддельсон реакциясы оң нәтиже берген донор қанының үлгісін бруцеллезге ИФТ әдісімен тексеруді енгізді. Яғни, барлық донорлар міндетті түрде бруцеллезге Хеддельсон реакциясымен тексеріліп, оң нәтиже алынған донорлардың қан үлгілері трансфузиялық инфекцияларды диагностикалау зертханасына жіберіледі. ИФТ әдісімен анықтау үшін «DAT-Бруцелла-G/A» тест-жүйесі қолданылады. Бұл әдіс арқылы бруцеллаларға қарсы G және A кластарының антиденелерін анықтауға болады.

Қызылорда облыстық қан орталығы бойынша 3 жылдық көрсеткішті алатын болсақ, 2013 жылы 804 донация жарамсыз болып, оның ішінде 182 донация–22,6% Хеддельсон реакциясы оң нәтиже беруіне байланысты жарамсыз болып табылған. 2014 жылы жалпы жарамсыздық саны 633 донацияны құрап, оның ішінде 29 донация–4,6%-ы бруцеллез бойынша жарамсыз болып табылған. 2015 жылы жалпы донацияның жарамсыздық саны 440 болса, оның ішінде 12-сі немесе небәрі 2,7%-ы бруцеллездің үлесі болған. Осы атқарған жұмыстың нәтижесінде облыста жалпы донацияның жарамсыздық көрсеткіші біршама төмендеген. Егерде 2013 жылы донация жарамсыздығының үлесі 13% – ды (ҚР – 9%) құраса, 2015 жылы ол көрсеткіш 7%-ды (ҚР – 8%) құраған.

Бүгінгі таңда бруцеллезге ИФТ әдісімен тексерудің тағы бір тиімділігі, бұл әдісті енгізу арқылы қаншама тұлғаларды донор қатарында сақтап қалуға және қан мен оның компоненттерін дайындауға жұмсалатын шығын материалдарын үнемдеуге қол жеткізіп отырмыз.

Қорытынды. Бүгінгі таңда Қызылорда облыстық қан орталығында бруцеллезге ИФТ әдісімен тексеруді енгізудің қан және оның компоненттерінің бруцеллез бойынша жарамсыздығын азайтуға, донорларды уақытша шеттетуден сақтап қалуға және қан компоненттерін дайындауға кететін қымбат шығыс материалдарын үнемдеуге зор үлесі тиіп отыр.

Основные термины (генерируются автоматически): бруцеллез.

Похожие статьи

Территориальные особенности динамики бруцеллеза в Узбекистане

Высокая заболеваемость населения бруцеллезом является подтверждением неэффективности проводившихся противобруцеллезных мероприятий.

Показатели белков острой фазы воспаления у больных...

Актуальность. Бруцеллёз как широко распространенная зоонозная инфекция причиняет значительный экономический и социальный ущерб во многих странах мира...

Кинетики исследования применения вакцины против бруцеллеза...

Бруцеллез, которое вызвано Brucella spp., поражает домашних и дикихживотных по всему миру, а также для людей, которые имеют контакт с инфицированными животными или загрязненных...

Статьи по ключевому слову "бруцеллез" — Молодой учёный

"бруцеллез": Молодой учёный №1 (135) январь 2017 г. — Шарифов Б. З. Территориальные особенности динамики бруцеллеза в Узбекистане.

Этиология и патогенез лихорадочных состояний

...температура остается выше нормы в течение дня и не колеблется более 1 ° C в течение 24 часов, например, легочная пневмония, тиф, инфекция мочевых путей, бруцеллез или тиф.

Эпизоотическая ситуация по панлейкопении кошек в городе Тюмени

Территориальные особенности динамики бруцеллеза в Узбекистане. Ключевые слова: бруцеллез, заболеваемость, многолетняя динамика, население.

Горное скотоводство Грузии | Статья в журнале «Молодой ученый»

Ключевые слова: бруцеллез, заболеваемость, многолетняя динамика, население, эпидемиологический надзор, профилактика.

Изучение действия протефлазида при реактивации вируса...

Целью настоящей работы является изучение содержания в сыворотке крови белков острой фазы воспаления у больных острыми формами бруцеллёза.

Эпидемиологическая ситуация бешенства в Республике Казахстан

Проведенный сравнительный анализ заболеваемости бруцеллезом населения показал явную тенденцию к росту заболеваемости только на территории.

Задать вопрос