Библиографическое описание:

Слямова А. Р. 7 «Е» сынып оқушыларының айтылым дағдысын дамытуға суретпен жұмыс қалай әсер етеді? // Молодой ученый. — 2017. — №18.1. — С. 57-59. — URL https://moluch.ru/archive/152/43293/ (дата обращения: 25.04.2018).



Мектебімізге енді келіп отырған жасөспірімдеріміздің айтылым дағдысы жеткілікті дамымаған. Осы мәселе 7 «Е» сыныбы үшін ең өзекті болып табылады. Бұл сыныптың көбісінде айтылым дағдысы қалыптаспаған, сөздік қоры жеткіліксіз, тақырып бойынша өз ойларын жеткізе алмайды.

Бұл мәселенің нәтижесінде біз алдымызға айтылым құрылымын меңгерту мен өз ойын жүйелі жеткізуді мақсат етіп, «Айтылым дағдысын қалай арттыруға болады?», «Қандай әдістер қолданған тиімді?» деген зерттеу сұрақтарын қойдық. Осы сұрақтарға жауап беру барысында оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру үшін жұмысымызды суреттер арқылы жүргізуді тиімді деп шештік.

Алдымен оқушыларды үш деңгейге бөлдік.

А оқушылар — өз ойын жеткізе алмайды, себебі сөздік қоры өте аз.

В оқушылар — өз ойын жеткізе алмайды, себебі сөздік қоры болғанымен сөйлем құрастыруда қиындықтар кездеседі.

С оқушылары — өз ойын жеткізе алады, бірақ ойы шашыраңқы.

Осыдан әр деңгейлі оқушымен әр түрлі жұмыс жүргізілді.

А оқушыларының сөздік қорын молайту мақсатында ассоциативті суреттер мен синонимдер шынжыры тәсілдерін қолдану арқылы жұмыс жасалды.

Оқушылар сөздің аудармасымен емес мағынасының көрінісін суреттерден анықтау арқылы есте сақтады. Бұл жұмыстан ассоциация арқылы жатталған сөздер тез ойға оралатындығына және сөйлем құрауда бірден еске түсіруге көмек беретіндігіне көзіміз жетті. Синонимдер шынжыры жұмысы оқушылардың сөздердің синонимдік қатарын ғана молайтпай қызығушылықтарын да молайтуға септігін тигізді. Оқушылар жұмыс барысында бір-бірімен жарысу арқылы бір-бірінен асып түсуге тырысты.

В оқушыларымен ментальді карта, мақалдар мен фразеологизмдер ассоциациясы сияқты суреттермен жұмыс жасалды. Оқушылар осы сөздер бойынша өз ассоциациясын салумен қатар ойларын мақал арқылы жеткізуді және сол мақалдар мен фразеологизмнің мағынасын түсіндіріп ойларын суретке қарау арқылы жеткізді.

C:\Users\armangul_s\Desktop\^058617FA22BB4D501D189C0EB528E8052C3E09E70A51D51115^pimgpsh_fullsize_distr.jpgC:\Users\armangul_s\Desktop\^1283E937FFB8B887E20C01CFCDADB5D43E3C85BB32AD76A4A5^pimgpsh_fullsize_distr.jpg

Оқушылардың өз ойларын жеткізуге септігін тигізген сурет әдістерінің бірі — ментальді карта. Ментальді картаның жасау шарты — оқушы белгілі бір тақырыпқа қатысты сөздер мен сол тақырыптың салаларына қатысты торды өрбітеді. Содан соң сол тордың дамуы бойынша бір үлгідегі сөйлеммен сөйлейді. Бұл оқушының «сөйлей алмаймын» деген қорқыныш сезімдерінен арылуға септігін тигізеді және сөйлеу тізбегінен ажырамай кідірістердің аз болуын қамтамасыз етеді.

С оқушыларымен эпизодтар арқылы әңгімелеу және фишбоун сияқты әдістер қолданылды. Бірінші жұмыста эпизодттарды мұғалім өзі береді және оқушы эпизод бойынша жүйелі әңгіме құрады. Бұнда да В оқушыларымен жұмыста сияқты оқушылар кідірістерден аулақ болуға тырысады. Ал фишбоун оқушылардың өз ойын жүйелі әрі нақты жеткізуге көмектеседі.

Бұл әдістер оқушылардың көңілді жұмыс жасауына септігін тигізді. Нәтижесінде оқушылардың сөздік қоры байыды, символдық ойлауы дамыды, өз ойын жүйелі жеткізуге дағдыланды. Яғни,

А оқушылар — өз ойын жеткізу барысында қиналады, себебі сөздік қоры жеткіліксіз.

В оқушылар — өз ойын жеткізу барысында қиындықтар туады, өйткені ойы шашыраңқы.

С оқушылар — өз ойын жеткізе алады, бірақ жеткізу барысында грамматикалық қателер жібереді деген қорытынды шықты. Бұдан 7Е сынып оқушыларының бір саты жоғарылағанын байқауға болады.

Біз осы сурет арқылы сөйлеуді тәмамдап, осы оқушылардың айтылым дағдысын ары қарай Блум таксономиясы арқылы дамытуды мақсат етіп отырмыз. Дегенмен, осы Блум таксономиясын суреттерге салып әлі де екеуін біріктіріп жұмыс жасауға болады.

әдебиеттер:

  1. Педагогикалық диалог журналы. Іс-әрекетті зерттеу. № 4, 2013 жыл.
  2. Корнеева Т. В. Анализ собственных действий ученика, как эффективный способ развития орфографической зоркости // Саратов, 2011.
  3. «Молодой учёный». № 10.4 (114.4) Май, 2016 г.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle
Задать вопрос