9 «Е» сынып оқушыларының жазылым дағдысын арттыруға мұғалімнің кері байланысы қалай әсер етеді? | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Курмангалиева, Г. Г. 9 «Е» сынып оқушыларының жазылым дағдысын арттыруға мұғалімнің кері байланысы қалай әсер етеді? / Г. Г. Курмангалиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 18.1 (152.1). — С. 40-42. — URL: https://moluch.ru/archive/152/43277/ (дата обращения: 19.04.2024).



9-сынып оқушылары - 15-16 жастағы жасөспірімдер. Психологтар тілімен айтсақ, өтпелі кезең. Бұл кезеңде жасөспірімдер бойында әр түрлі психологиялық және физиологиялық өзгерістер болады. Дәл осы кезеңде оқушылардың құндылықтары мен басымдықтары өзгеріп, жазулары нашарлайды.Барлық жауаптарын ауызша айтып, жазбаша рәсімдегісі келмейді. Оқушылардың көпшілігінде көркем жазу жоқ, каллиграфиялық талаптарға сай емес. Сауаттылық өз алдына. Зерттеу нысаны ретінде алынған 9 «Е» сыныбында, әсіресе, ер балалар жазбаша жұмыстарға ден қоймайды. Ойларын қысқа, құрылымын сақтамай жаза салады.

Ал 10-сыныптағы сыртқы емтиханның жазбаша түрде өтетінін ескерсек, бұл оқушылар мен пән мұғалімі үшін үлкен мәселе.Сондықтан да аталмыш тақырып бойынша зерттеу жұмысы басталды.

Оқыту әдістері

Зерттеу әдістері

Оқу жылының басында оқушыларға оқуға шағын жазба жұмыстарын беріп отырдым.

  • Ол тақырып бойынша ой толғау
  • 5 минуттық эссе
  • Аяқталмаған сөйлем
  • ПОПС формуласы бойынша талқылау.
  • Бақылау
  • Ауызша кері байланыс
  • Жазбаша кері байланыс
  • Эмодзи (смайликпен қолдау)
  • Күнделік жүргізу

Күтілетін нәтиже: оқушылардың жазба жұмысындағы ілгерілеуі

Бұл әдістердің тиімділігі:

- Көлемі аз

- Нақты жазуды талап етеді

- Тақырыптан ауытқуға жол бермейді

- Оқушыны жалықтырмайды.

Осы кезде мен балаларды бақылап, олар сабақ бойы алған ақпаратты қаншалықты ұтымды қолданатыны ескерілді және осы идеяларды өмірмен байланыстырыпөзіндік қорытынды жасай ала ма деген мәселеге аса назар аударылды.

Әр оқушының жазба жұмысы сыныптастар алдында тыңдалып, алдымен оқушылар, кейін мұғалім комментарий жасап отырды. Ол үшін біз «автор орындығы» әдісін қолдандық.

Әрине, оқушылардың жартысы алдарындағы ақпаратқа сүйеніп жазса, келесі бір бөлігі өмірмен байланыстырып, идеяларды дамытып, өзіндік шешім қабылдап жазады.

Өзім үшін оқушылардың әлсіз тұстарын анықтадым. А,В,С деңгейіндегі оқушылар осы кезде таңдалды.

Сабақта оқушыларға тақырып пен жазба жұмысының түрі ұсынылған соң, әр оқушыға жеке жақындап, тапсырманы түсінді ме, қалай жазбақ? Қандай ойлары бар? Бағыты дұрыс па деген сауалдар төңірегінде зерттеп, оларды аралап жүріп, ауызша кері байланыс беріп отырдым. Көпшілігіне – бағытың дұрыс, осы ойды дамыта түс, ал екіншісіне – мүмкін былай жазарсың..., үшіншісіне – ешқандай ой келмесе, мүмкін ғаламтордан мәлімет жинақтарсың деген ұсыныстар жасап, деректер жинауға ноутбук беріп отырдым. Әрине күнделікті қазақша сөйлемейтін бала жазба жұмысы кезінде едәуір қиындықтарға тап болады.

Біріншіден, сөздік қор. Ол үшін бөлім басталғанда тақырып бойынша сөздер мен сөздік оралымдар беріліп отырады. Кейде сөздердің синонимдері қоса беріледі. Бұл жағдайда мұғалімнің басты талабы-сөзоралымдарынжаттау және айтылым мен жазылымдаұтымдықолдану. Мұғалімнің кері байланысы – ауызша, оқушының мықты және әлсіз тұсын сыпайы түрде атап өтеді. Жазба жұмысына – жазбаша. Алдымен жұмысының жағымды тұстары, кейін кемшіліктері аталады. Өз тәжірибемде жұмысының астына смайликтер (эмодзи) салып қоямын, кейде мықты тұстарын құстұмсық белгілеп, артық ақпараттың астын сызамын.

Екіншіден, мақала, эссе, ұсыныс хат, әңгіме, жарнама. Әр жұмыстың өзіндік стилін сақтап жазу. Ол үшін оқушыларға алдымен нұсқаулық беріледі немесе бұрын жазылған жұмыс ерекшеліктері қайталанады. Кейін тапсырма ұсынылады. Бұл жағынан барлық оқушыларда едәуір ілгерілеу бар.

Үшіншіден, грамматикалық сауаттылық. Біз үшін бұл үлкен мәселе. Бастапқыда әр оқушының жұмысындағы қателерін жөндеп, ауызша түсіндіріп беріп жүрдім. Кейін типтік қателерге тоқталып, қазақ тіліндегі ерекшелігін түсіндірдім. Екінші тоқсаннан бастап жазба жұмысындағы қателерін түзетпей, тек астын сызып қоюды жөн көрдім. Ондағы мақсатым: оқушылардың өздерін ойландыру, қатесін тауып алуға жетелеу, түзетулер жасамай қайта көшіріп жаздыру. Бұл әдіс кейбір оқушыларға әжептәуір көмектесті.

Төртіншіден, түсініксіз жазу. Тақырыптан ауытқып кету, көп жазып, ең негізгі мәселені аша алмау. (А деңгейіндегі оқушы). Бұл жағдайда ауызша, жазбаша кері байланыс, қайта жазғызу, бағыт беру. Машықтану жаттығулары, байланыстырушы сөздерді қолдануды үйрету қажет.

Бесіншіден, өте қысқа жазу, тақырыпты аша алмау. Оқушыға тақырып бойынша жан-жақты ақпарат беру, көптеген дереккөздер ұсыну, қосымша мәлімет іздету.

9 «Е» сыныбы(әрбір жазба жұмысы 10 балл)

Оқушы

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІҮ тоқсан

Оқушы А

3

3

5

5

Оқушы В

4

5

5

6

Оқушы С

5

6

7

8

Зерттеу барысының екінші кезеңінде тақырып сол қалпындақалды, тек зерттеу әдістері мен оқыту стратегиялары ауысып отырды.

Зерттеу сұрақтары:

1. Қандай әдістер тиімді?

2. Ол оқушылардың қандай дағдыларын қалыптастырады?

3. Кімге ерекше назар аудару керек?

4. Өзтәжірибемдіжетілдіру үшін не істей аламын?

Оқыту әдістері

Зерттеу әдістері

  • SWOT кесте бойынша талдау
  • Дискуссивті эссе жазу. Бір мәселені екіжақты пікір тұрғысынан қарастыру.
  • Келісу/келіспеу эссесі. Әр позицияға аргумент келтіре білу.
  • Сипаттау элементін қолданып мақала жазу (тарих, география пәндерімен байланыс)
  • Бақылау
  • Ауызша кері байланыс
  • Жазбаша кері байланыс
  • Эмодзи
  • Күнделік жүргізу
  • Топтық кері байланыс
  • Типтік қателермен жұмыс

Күтілетін нәтиже: оқушылардың жазба жұмысындағы ілгерілеуі

Осы мәселелер төңірегінде біздің еліміздегі жағдай жәнеәлемде қалай? Неліктен солай? Кім кінәлі? Шешу жолдарын ұсыну.

Осы тақырыптар бойынша жазба жұмысын жазбас бұрын «мәліметтер шынжыры» әдісін қолданып, әр оқушы тақырып бойынша өзі білетін ақпаратты ортаға салады. Кейін «сұрақтар алаңы» әдісін қолданамыз. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жұпта, топта талқылайды.

Қай оқушымен жеке жұмыс жүргізу керек? Топтық талқылауға неге қатыспайды? /өзіме түртіп алып, қосымша сабақтарға шақыру, жеке көмек көрсету,сөздік қорын ұтымды қолдануға жетелеп машықтандыру жұмыстарын жүргізу.

Бір байқағаным: оқушылар ғаламдық деңгейде ойлауға дайын екен. Оқушылардың құрастырған сұрақтарынан фрагменттер келтірсем, олар төменгідей:

- Жер планетасын ластамау үшін қандай шаралар қолдану керек?

- Қазақ халқының өмірінде Даланың маңызы қандай?

- Ұрпақтар арасындағы алшақтықтың себептері?

- Жаһанданудың оң және теріс әсері қандай?

- Жаһандану заманындағы ұлттық мәдениет, тіл мәселесінің жағдайы?

- Бұл мәселені шешу үшін әр адам, мемлекет не істей алады?

- Жаһанданудың жағымсыз жақтарынан бас тартпасақ, зардабы қандай болуы мүмкін?

- Неліктен қазіргі жастар тек ғаламтормен шектеледі?

Бұл сұрақтардың барлығына баламалы жауаптар берілді. Бір қуаныштысы, балалар өз жауаптарына аргумент келтіріп, дәлелдеуге дағдыланды. Әрі бір-бірін тыңдап, ести білді. Топтық талқылаудың тиімділігі неде? Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы тақырып бойынша ақпарат жинақтайды, өз ойларын ортаға салады және бір-бірін оқытады.

Осыдан қорытындыласақ, оқушылар жұмысты жазбас бұрын оларға дайындық жұмыстары: тақырып бойынша ақпарат беріп, жалпы мәселе жайлы хабардар ету маңызды. Сондықтан да жазба жұмыстарын бөлімнің соңына қарай жаздырған тиімді. Ал әрбір кезекті сабақтан соң кішігірім қалыптастырушы бағалау жұмыстарын жүргізіп, міндетті түрде әр оқушыға ауызша және жазбаша кері байланыс беріп отыру керек. Олардың сыни ойлау, ғаламдық ойлау, зерттеушілік әңгімеге қатысу дағдыларын арттыру да өз жемісін береді. Әр сабақта кем дегенде бір проблемалық сұрақ қойып, талқылауға қатыстыру –балаларды өміргедайындаудың бірден бір жолы.

Оқушылардың әрі қарай жазылым дағдыларын дамыту үшін түрлі әдістерді қолданып, олардың назарын өмірдегі мәселелерге аударту. Ол кез келген тақырыпта хабардар болуға мүмкіндікбереді. Ол үшін:

- екі немесе бірнеше адам пікіріне негіздеп жаздыру;

- мәселені өрбітіп жаздыру;

- екі мәтін негізінде мәлімдеме жаздыру;

- Фильм, газет-журнал мақалалары негізінде жаздыру;

- Әр жазба жұмысында грамматикалық сауаттылық пен каллиграфияны ерекше назарда ұстау.

әдебиеттер:

1. http://www.uchportal.ru/index/8-62747 Новые подходы в обучении / Учительский портал. АвторМуканова А.Ш. 11.03.2016.

2. Программа развитие одаренности детей АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы».

3. Журнал «Педагогический диалог» №4, 2013 год.

Основные термины (генерируются автоматически): SWOT, мена, оса.


Похожие статьи

Разработка стратегии развития ПАО УГМК-холдинг на основе...

В статье рассмотрены внутренняя и внешняя среда ПАО УГМК-Холдинг, проведен SWOT- анализ компании, на основе анализа разработаны стратегии развития.

оса, мена.

оса, мена. оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня...

Моделирование угроз информационной безопасности АСУЗ...

SWOT (СВОТ)-анализ (первые буквы англ. слов strengths — сильные стороны, weaknesses — слабые стороны, opportunities — возможности и threats — опасности, угрозы)...

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Моделирование процессов создания и эксплуатации объектов...

Данная система основана на базе ОС Android.

Основные термины (генерируются автоматически): угроза, сторона, дом, информационная безопасность, система, SWOT...

К вопросу о разработке программы развития компании ООО...

ETOM — Environmental Threats and Opportunities Matrix — матрица угроз и возможностей внешней среды.

Задача SWOT-анализа — дать структурированное описание ситуации...

Похожие статьи

Разработка стратегии развития ПАО УГМК-холдинг на основе...

В статье рассмотрены внутренняя и внешняя среда ПАО УГМК-Холдинг, проведен SWOT- анализ компании, на основе анализа разработаны стратегии развития.

оса, мена.

оса, мена. оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня...

Моделирование угроз информационной безопасности АСУЗ...

SWOT (СВОТ)-анализ (первые буквы англ. слов strengths — сильные стороны, weaknesses — слабые стороны, opportunities — возможности и threats — опасности, угрозы)...

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Моделирование процессов создания и эксплуатации объектов...

Данная система основана на базе ОС Android.

Основные термины (генерируются автоматически): угроза, сторона, дом, информационная безопасность, система, SWOT...

К вопросу о разработке программы развития компании ООО...

ETOM — Environmental Threats and Opportunities Matrix — матрица угроз и возможностей внешней среды.

Задача SWOT-анализа — дать структурированное описание ситуации...

Задать вопрос