Қазақ тілі сабағында проблемалық оқыту арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Куатова, А. С. Қазақ тілі сабағында проблемалық оқыту арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамыту / А. С. Куатова, М. Д. Сапаргали, Н. К. Ахметжанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 18.1 (152.1). — С. 38-40. — URL: https://moluch.ru/archive/152/43274/ (дата обращения: 19.04.2024).

Мақалада Lesson Study шығармашылық топ жұмысының тәжірибесі көрсетілген. Зерттеу жұмысы қазақ тілі пәні бойынша бірінші және екінші тіл аудитория оқушылары арасында өткізілген. Мақалада зерттеу жұмысының мәселелік аспектілері мен оларды шешу жолдары көрініс тапты.

Кілтті сөздер: проблемалық оқыту, айтылым дағдысы, әдіс, нәтиже, пікір айту, тиімділік.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушылардың айтылым дағдысын дамытуда проблемалық оқытудың тиімділігін анықтау.

Міндеттері:

- Оқушыларды айтылым дағдысының деңгейі бойынша топтастыру;

- LSформатында сабақтар топтамасын дайындау;

- Проблемалық оқыту әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолдану;

- Нәтижелерді талдау

Зерттеу әдісі:

- Практикалық

Күтілетін нәтиже:

- Проблемалық оқыту оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға оң септігін тигізеді.

- Оқушылардың айтылым дағдысын дамытуда тиімді әдіс-тәсілдер іріктеледі.

Зерттеу нысаны: 7-сынып оқушылары.

Зерттеу жұмысының І кезеңі «Киім — адам көркі», «Салауатты өмір салты», «Климат. Ауа райы» сынды тақырыптары аясында құрылған сабақтар топтамасының бақылауынан тұрды. Қысқа мерзімді жоспарды құрастыруда проблемалық оқытудың «ПОПС», «SWOT», «Гамбургер» моделі стратегиялары негізге алынды.

«ПОПС» әдісінтәжірибеде қолдану оңайға соқты. Оқушылар «Қазіргі жастардың киім кию үлгісі жаһанданудың нәтижесі болып табылады» деген тұжырым бойынша өз ойларын білдірді. Ұсынылған тапсырма оқушылар үшін түсінікті болды. Блум таксономиясына негізделген дифференциация төмендегідей нәтижелерді көрсетті:

«С» деңгейіндегі оқушы мәселені түсіне білді, тірек сөздерге сүйене отырып, өз ойын жеткізуге барынша тырысты. Мысалдарды келтіре алды.

«В»деңгейіндегі оқушы жеке пікірін білдіріп, оны толық дәлелдей алды.

«А»деңгейіндегі оқушы жеке көзқарасын еркін жеткізіп, келтірген мысалдары ғаламдық деңгейде болды.Сөздік қорының аздығы, сөз саптауда жіберілген қателер ойды сауатты жеткізуге кедергі болды.

«Гамбургер» моделін қолдану арқылы «Ауа райы неге өзгереді?» деген сұрақ бойынша оқушыларға дәлелдер келтіріп, өз пікірін айту ұсынылды. Оқушылар кесте бойынша себептер мен мысалдар келтіріп айтты.

«С» деңгейіндегі оқушыға кесте бойынша сөйлеу қиындық туғызды. Ауа райының өзгеретіндігі, климаттың әр түрлі болатындығы туралы айтты. Ал қазіргі уақыттағы өзгерістер туралы, оның себептері туралы айта алмады.

«В» деңгейіндегі оқушы қазіргі кезде ауа райы өзгеруінің бір ғана себебін айтты, басқа себептер мен мысалдар келтіре алмады. Сөздік қоры жеткіліксіз болды.

«А» деңгейіндегі оқушы бұл жұмыс түрін бірден түсінді. Сұрақ бойынша өзінің ойын жеткізуге тырысты. Ауа райының өзгеру себептерін көрсетіп, оған мысалдар келтіре алды. Дегенмен қорытынды жасауда біраз қиналды. Бұл жұмыс түрі оқушыларға қиындық туғызды. Себебі тақырып бойынша әлі де білімдері жеткіліксіз, география/синоптика/салалары бойынша терминдер мен түсініктерді меңгермеген.

Зерттеудің екінші кезеңінде «Біздің өміріміздегі музыка» бөлімі бойынша сабақ жоспарланды. Оқушылардың мәселеге қатысты көзқарасын білу мақсатында «Фишбоун» әдісі таңдалды. «Музыка біздің өмірімізге қалай әсер етеді?» деген сұрақ талқыланды. Балық қаңқасының жоғарғы қабырғаларына музыканың адам өміріне тигізетін оң әсерлеріне, төменгі қабырғаларына музыканың кері әсеріне болжам жасау ұсынылды.

Бұл жұмыс жұппен орындалды. Оқушылар сұрақты өзара талқылап, ой бөлісті.Әрқайсысы алдымен өз пікірін білдірді, кейін ортақ шешімге келді. Бір-бірімен кеңесе отырып, кестені толтырды. Жұмысты орындау барысында айтылым дағдыларын жетілдіре түсті.

Сабақты зерттеудің келесі қадамы «Салт-дәстүр» бөлімінде қарастырылды. Таңдалған тақырып — «Бесікке салу және тұсаркесер рәсімі». Сабақ жоспарлауда зерттелетін нысан — белгілі бір проблемаға негіздей, айтылым дағдысын дамыту екенін ескерсек, оны ұтымды жүзеге асырудың әдісі «FILA» кестесі бойынша жұмыс жасау.

F

(факт)

I

(ой-пікірлер)

L

(мәселені зерттеу)

A

(жұмыс жоспары)

* Деректерді, мәліметтерді, фактілерді тізіп шығады

*Осы мәліметтерге қатысты оқушылардың өзіндік ой-пікірлері,

(оқушылардың ойлары еш талқылаусыз сипатталуы қажет)

*Мәселені анықтай алу

Сұрақ түрінде берілуі керек

*Мәселені шешуге арналған жұмыс (әрекет) жоспары

Шағын зерттеу жүргізу керек

Тапсырма орындауға оқушылар көп уақытын жұмсады. Мұғалімнің көмегін қажет етті. Деректерді жинақтағанымен, осы фактілерге байланысты ой-пікірлерін білдіруде қиналды. Мәселені анықтауда «А» деңгейлі оқушы тиісті нәтижеге қол жеткізе алды. Оқушының жұмыс мақсаты мен күтілетін нәтижені түсінгендігі байқалды. Бірақ жоспарлау кезеңінде оқушының зерттеу жүргізуі жеткіліксіз екені көрінді. «В» деңгейлі оқушы фактілер мен ой-пікірлер бойынша нақты жұмыс жасай алды да, мәселені зерттеу мен әрекет жоспарына келгенде оған қиындық тудырды. Мәселеден ауытқып кетті. Мұғалімнің бағыттауымен жұмыс мақсатын түсінді. Ал «С» деңгейлі оқушы тек 1-графа бойынша жұмыс жасай алды.

1-сурет. Зерттеу қорытындылары

Мониторинг нәтижелерін салыстырғанда айтылым дағдысының дамуында жағымды өзгерістерді байқауға болады.Зерттеу жұмысы барысында оқушылардың айтылым дағдысын арттыру мақсатындағы проблемалық оқыту әдістері іріктеліп, тиімділігі анықталды. Бақылаудан өткен әдіс-тәсілдер оқушылардың монолог, диалог, полилог тілін, өзіндік көзқарасын білдіруде, дәлелдер келтіруде ұтымдылығы жоғары. Тәсілдер оқу мақсатымен үйлесе тақырыпқа сай таңдалып, сатылай күрделенсе, жүйелі жұмыстың оң нәтиженің ілгерілеуін жоғары сыныптарда көруге болады.

әдебиеттер:

  1. Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі кіріктірілген оқу бағдарламасы.
  2. http://www.studfiles.ru/preview/4305975/ Лекция: «Проблемное обучение». Сущность и основные категории проблемного обучения.
  3. https://infourok.ru/na-temu-innovacionnie-tehnoloii-1203332.htmlИнфоурок: библиотека материалов.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос