Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Даулеткалиева, Р. Л. Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту / Р. Л. Даулеткалиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 18.1 (152.1). — С. 16-18. — URL: https://moluch.ru/archive/152/43264/ (дата обращения: 24.04.2024).

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.

Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғым — адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін негізгі фактор. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен, функционалдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Осыған сәйкес алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен кез келген тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін құзыреттілікті қалыптастыру — үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі қазақ тілі пәнін оқытудың басым бағыттарының бірі. Функционалдық сауаттылық қазақ тілінің функционалды сипатын зерделеу арқылы қалыптасады. Ұлттық білім беру парадигмасы, оның басты ұстанымдары бәсекеге қабілетті білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Ол өз халқының баға жетпес байлығы ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын, тілдің таным және қатынас құралы ретіндегі ғажайып мүмкіншілігін пайдалана білетін тұлға қалыптастыру деген сөз.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту — бүгінгі заманның талабы. Соның ішінде оқу сауаттылығы- оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі. Яғни, оқу сауаттылығының негізі — мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Қазақ тілі сабақтары тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының ерекшеліктері арқылы іске асады.Сондықтан күнделікті сабақты дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, оқу сауаттылығын арттыруда маңызды роль атқарады. Соның ішінде оқылым дағдыларының ерекшеліктері оқу сауаттылығын арттырудың бірден бір жолы.

Оқылымның мынадай ішкі дағдыларын әр сабақ барысында қолдануға болады.

1. Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу — мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.

2. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу — мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.

3. Детальді түрде оқу- әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.

4. Сөз мағынасын контексттен ажырату — мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын болжау үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару.

5. Мәтін құрылымын түсіну — мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.

6. Болжай білу — оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.

7. Мәтін түрлерін ажырата білу — әр мәтіннің өзіндік ерекшелігін, ұйымдастырылуын, стилін ажырата білу. Мәтін түрлері: хат, мақала, жарнама, әңгімелер, поэма, құттықтау қағазы, ақпараттық брошюра, үнпарақ, хабарландыру, т.б.

Бұл дағдыларды іске асыру үшін құрылатын тапсырмалардың да өз реті болуы тиіс. Мысалы, оқылымға арналған тапсырмалар құрылымы төмендегідей:

Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған жаттығулар, сөздерді алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.

Оқылым барысындағы тапсырма: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар (сұрақтар). Алғашқы жаттығулар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.

Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Мысалы, бір оқиғаны сипаттап беру немесе оқиғаға баға беру. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.

Мысал ретінде қазақ тілі екінші тіл ретінде оқытылатын келесі сабаққа құрылған оқылым тапсырмаларына назар аударайық. Сабақтың мақсаты көркем шығармаларды оқу, кейіпкерлердің бейнесін ашу. Оқылым алды тапсырмасында болжай білу тәсілі қолданылды. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, берілген сөз тіркестеріне назар аударады, яғни өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі. Ал сөз мағынасын контекстен ажырату тәсілі арқылы — мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын түсіну үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аударады.

Оқылым алдындағы тапсырма

Оқушылар әңгіме атауына қарап, мәтіннің не туралы екенін болжайды. Қанат Әбілқайырдың «Атасының баласы» әңгімесінен үзінді беріледі. (оқушылар: ауыл туралы, тұңғыш немере, т.б. сөздерді айтады) Мұғалім дауыстап оқиды, оқушыларға қиын сөздердің мағынасын түсіну үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудартады.(маңғаздана қолын ұсынды, атасының қитығына тие берді,біреу қара саннан шымшып алғандай шоршып түсті, ауыздарының суы құрып,әңгіме-дүкен құру сияқты сөздердің мағынасын түсінеді).

Оқушылар оқылым барысындағы тапсырмалар

Мәтіннің мазмұны мен жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу тәсілі арқылы сұрақтарға жауап беріп, басты тірек сөздерді табады. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу тәсілі арқылы дұрыс жауабы бар сөйлемді табады.

  1. Мазмұн бойынша сұрақтар:

Мәтіндегі кейіпкерлерді атаңыз.

Мұқыш неше жаста?

Мұқышқа атасы не үйреткен?

Мұқыштың нағашылары қайда тұрады?

Нағашылары Мұқышқа не сыйлады?

2. Мәтін мазмұнындағы басты идеяны көрсететін тірек сөздерді табыңыз:

А. Атасы, әжесі, көкесі

В. Атасының баласы, бата, нағашылардың сыйлығы

С. Отбасы, атасының баласы, өмір

D. Мұқыш, ақсақалдар, кәмпиттер

3. Дұрыс жауабы бар сөйлемді көрсетіңіз:

А. Мұқыш өзі аңдып отырған үш -төрт кәмпитті дастарханнан алып, төргі бөлмеге қарай зып берді.

В. Мұқыш өзі аңдып отырған 3–4 кәмпитті дастарханнан алып, төргі бөлмеден шығып кетті.

С.Мұқыш өзі аңдып отырған 3–4 кәмпитті дастарханнан алғысы келді де, төргі бөлмеге өтіп кетті.

D.Мұқыш өзі аңдып отырған 3–4 кәмпитті дастарханнан алып, төргі бөлмені аралады.

4. Мәтіннен мына сөздердің синонимін табыңыз:

қарт-

өмір -

үнемі -

Оқылымнан кейінгі тапсырмалар:

Тапсырмалар мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары ретінде құрастырылды. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай етіп ұйымдастырылды. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алады.

Оқушылар жұптарға бөлінеді. (Мұғалім сөздік қоры аздау оқушы мен сөздік қоры молдау оқушыны жұптастырады. Жұпта сұрақтарды өзара талдайды).

Мұқыштың атасы қандай адам?

Атасына ақсақалдардың сөзі қалай әсер етті?

Мұқыштың дастарханнан 3–4 кәмпитті алып кеткенін қалай бағалайсың? Бұл әдепсіздік пе, әлде еркелік пе?

Шығармадан қандай ұлттық құндылықтарды көре алдың?

Сондықтан қазақ тілі сабағында оқылым дағдыларын дамыту үшін тапсырмаларды жүйелі құрастырудың маңызы зор. Оқылым дағдыларының ерекшеліктерін меңгеру –оқушылардың оқу сауаттылығын арттырады.

әдебиеттер:

  1. Оқушылардың оқу сауаттылығы. Оқу құралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Педагогикалық өлшеулер орталығы».
  2. http://group-global.org/kk/publication/15595-shetel-tilin-okytuda-okylym-reketin-uyretu-zholdaryРайкул Диуанова, «Шетел тілін оқытуда оқылым әрекетіне үйрету жолдары».
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос