Эксперименттік жұмыстарда проблемалық жағдай туғызу негізінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін қалай дамытамын? | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Каратаева, Н. К. Эксперименттік жұмыстарда проблемалық жағдай туғызу негізінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін қалай дамытамын? / Н. К. Каратаева, А. Б. Билялова, Молдир Муграж. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 18.1 (152.1). — С. 28-30. — URL: https://moluch.ru/archive/152/43252/ (дата обращения: 24.04.2024).



Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.Ұлттық жоспардың мақсаты — Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. Бұның негізінде сындарлы оқыту теориясы жатыр. Біз оқыту үрдісінде оқушылардың дайын білімді алып, оны жаттанды түрде ғана сақтап, мақсаты бақылау жұмыстарын немесе сыртқы бағалауды тапсыруға айналмауы керек. Оқушылардың алдыңғы білімдерін қолданып жаңа білімді алуына түрткі жасап, меңгерген білімдерін күнделікті тәжірибемен байланыстыра алуына жағдай жасауымыз керек. Солардың бірі оқушылардың сабақ үрдісіндегі эксперименттік жұмыс.

Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Осыған орай физика сабақтарында эксперименттік жұмыстарда проблемалық жағдай туғызу негізіндеойлау дағдыларын қалыптастыру және дамытуты ескере отырып әр түрлі тапсырмалар берілуі керек болды.

2016-2017 оқу жылының қыркүйек айынан бастап физика пәнінен Билялова А.Б., Каратаева Н.К, Муғраж М мұғалімдері бірігіп 10 А сыныбының екі тобының сабақтарына зерттеу жүргізілді.

Зерттеу кезеңдері:

1.Сабақты жоспарлау және өткізу.

Топ «зерттелеуге» сыныпты таңдап алу, оқушының сабақты қалай меңгеретініне көңіл қойып зерттеу сабақтарын жоспарлау;

Мұғалімдер төрт зерттеу сабағын жүргізеді, ал басқалары «зерттелетін» оқушыларға ерекше көңіл аудара отырып бақылап, өздеріне жазып отырады.

2.Оқушылардың сауалнамасы. Мұғалім зерттеу сабағының тиімділігі тураны не ойлатыны жайлы бірнеше оқушыдан сұхбат алды.

3.Қорытынды. Зерттеу сабағы өткесін оны талқыладық.

4.Келесі жобаны талқылау.

Lesson Study-ді іске асырудың тақырыбын бірігіп анықтап жоспарладық. 10 А сыныбының топтарында зерттеу сабақтары ретінде келесі екі зертханалық жұмыс әр топта әр түрлі әдіспен жүргізілді.

1. «Серіппенің қатаңдығын зерттеу»

2. «Изопроцестерді зерттеу» жоспарланды.

Бұл сабақтарда зертханалық-эксперименттік жұмыстарды екі оқушы қалай меңгеретігініне ерекше көңіл аударылды. Бірінші топтан зерттелетін оқушылардың біреуі Х.А.(А)– пән бойынша көрсеткіші жоғары, екіншісі А. А. (В) –пән бойынша көрсеткіші орташа және үшіншісі Б. А. (С) – пән бойынша көрсеткіші ортадан төмен. Екінші топтан зерттелетін оқушылардың біреуі А.Е. (А)– пән бойынша көрсеткіші жоғары, екіншісі П. Е. (В) –пән бойынша көрсеткіші орташа және үшіншісі Д. А. (С) – пән бойынша көрсеткіші ортадан төмен.

Бірлесіп сабақтың әрбір кезеңі дайындалды әр кезеңге нұсқаулықтар жинақталды, сабақтың әр кезеңдеріне бағалаудың түрлері жоспарланды, берілген тапсырмаларға жетістік критерилері жазылды, оқушыларға сауалнама дайындалып, бақылау парақтары дайындалды.

Зертханалық жұмыстың орындалуын екі әдіс арқылы қарастырдық:

1) жартылай-ізденістік (эвристикалық)

2) зерттеушілік.

Бірінші әдіс бойынша жаңа материалды түсіну кезінде лабораториялық эксперимент жаңа білім көзі ретінде қарастырылды. Мұнда мұғалім Билялова А.Б. жүйелі түрде тізбекті нұсқаулар бере отырып, оқушылардың практикалық іс-әрекетіне басшылық етті, содан кейін сұрақ қою арқылы оқушылар жұмысын олардың бұрын білген заң немесе фактілеріне сүйене отырып, ақыл-ой қызметіне талдау жасай алып тәжірибе барысында жаңа нәтижелерге қол жеткізді.

Екінші әдіс бойынша Каратаева Н.К. оқушыларға нұсқаулығы көрсетілмеген тапсырма берді, оны қалай орындайтынын оқушылар өздері жоспарлап және өз бетінше жүргізді. Зерттеу әдісін таза түрінде пайдаланылуы күрделі болып келді, бірақ барлық оқушылар осы әдістің элементтеріне үйрету керек. Бұл үшін алдын ала оқушыларға үй жұмысы ретінде зертханалық жұмыстың тақырыбы беріліп, оның жасалу жолын ойластырып келу тапсырмасы берілді. Сабақта әр оқушы сыныстарының ұсыныстарын талқылады, ортақ-ыңғайлы бір тәсілге тоқталып зертханалық жұмысты сол тәсіл бойынша жүргізді. Барлық жұмыстарды оқушылар толық өз бетімен орындады. Мұғалім тек оқушылардың іс-әрекетін бақылады. Оқушылар газ қысымының тұрақты болуы өмірде қандай құрылғылардың жұмыс істеуіне принципінде қолданылатына мысалдар келтірді. Сонымен қатар, тұрыста қандай жағдайда қолдануға болатынына өзіндік ұсыныстар жасады.

Сабақтың соңында сауалнама жүргізілді. Сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар өздерінің әрекеттеріне баға беріп, қателері жайлы ойлап келешекте өз әрекеттерін жоспарлады.

Зерттеу барысында

Сабақты талқылау: Бақылау бойнша А оқушы сабақтың барлық кезеңдерінде белсенді, жұмыс жасағанда өз әрекетері жайлы ешкімге жалтақтамады, барлық тапсырмаларды дұрыс және жылдам орындады, есептің шығарылуын топқа түсіндірді. Проблемалық жағдайдан шыға алды. Топтың нәтижесі оны қызықтырды. Өзіндік тапсырмалары ешқандай қиындықсыз орындады, алайда мұқият болмағандықтан қателіктер жіберген. Өз катесін анықтай түсінеді. Әрекеттерін және оның нәтижесін жоспарлайды. Проблемалық сұрақтарға жауап бере алды. Өз ойын толық және дәлелді, нақты жеткізе білді. Сонымен қатар, өзіндік ұсыныстар жасай алды.

В оқушыны бақылау кезінде келесілер байқалды: Эксперименттік жұмыстың мақсатын түсінді. Жұмысты алгоритмін сақтап дұрыс орындады. Топтық жұмыс барысында өзіндік үлесін қосты, есептеу жұмыстарында белсенді қатысты. Есептеу формуласын дұрыс қолданып, кестені дұрсы толтырды. Есептеу амалдары дұрыс. Қателігін дұрыс анықтады. Ойға қонымды аралықты алды. Графигі дұрыс салынды. Өз қателіктерін анықтап, нәтижені жақсарту барысын жоспарлады. Проблеманың шешу жолдарын ұсынды. Бірақ жауаптары толық болмады. Ойын толық аяқтап, тұжырымды жеткізді.

С оқушыны бақылау кезінде келесілер байқалды: үнемі белсенді емес. Топта жұмыс жасады. Көбінді тыңдаушы, орындаушы рөлінді. Көбінесе өзіне сенімсіз, сыныптасының көмегіне сүйенеді. Эксперименттік жұмысты орындады, бірақ есептеулер амалдарында қиындыққа кезікті. Проблеманың шешу жолдарын ұсынды. Ойын толық аяқтап, тұжырымды жеткізуде қиналды. Қорытындыда өзінің не істегін жазды. Ойын жеткізуге тырысты. Ұсыныстарды енгізе алмайды.

Зерттеу жұмысымызды нәтижесінде келесі қорытындыларға келдік:

- оқушылар эксперименттік жұмысты орындамас бұрын, оларды алғашқы негізгі теориялық білімдер болуы керек немесе эксперименттік жұмыс сол теориялық білімге өзі жететіндей ұйымдастырылуы қажет;

- эксперименттік жұмыстың орындалу ретін оқушылар өздері анықтап, өздері бағыттап отырса оқушылардың арасында пікір талас туындап, идеялар айтылып, ойлар талданып, белсенділіктері артты.

- проблемалық жағдайлар мен сұрақтар қою оқушылардың сын тұрығысан ойлау қабілеттерін арттырды.

- проблемалық сұрақтарды өмірмен, әсіресе оқушыларға таныс жағдайлармен баланыстыру мүмкін болатын жауаптар санын арттырды;

- сонымен қатар оқушылардың қызығушылы артты;

- проблемалық сұрақтарға дұрыс емес жауап беруге қиналған оқушыларға жетекші және бағыттаушы сұрақтар қойған олардың мақсатта жетуіне көмектесті.



Задать вопрос