Іс-әрекеттегі зерттеу: пән мен тілді кіріктіріп оқытуды қалайша жүзеге асыруға болады? | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Байханова Л. А. Іс-әрекеттегі зерттеу: пән мен тілді кіріктіріп оқытуды қалайша жүзеге асыруға болады? // Молодой ученый. — 2017. — №18.1. — С. 6-9. — URL https://moluch.ru/archive/152/43250/ (дата обращения: 17.07.2018).



Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама басымдылықтарының бірі – білім жүйесіндегі алдыңғы қатардағы Сингапур, Финляндия, Ұлыбритания сынды мемлекеттердің озық моделіне сүйене отырып, білім жүйесін реформалау болып табылады. Мемлекеттік бағдарлама бағыттарының бірі – педагог мамандардың мәртебесін көтеру, заман талабына сай бәсекеге қабілетті, теориялық білімін өмірде қолдана алатын, түйінді мәселелерді шеше алатын, сыни ойлайтын тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Орта білім саласындағы өзгерістер ең алдымен, мұғалімдер қауымын қамтиды. Атап айтсақ, педагог кадрлардың құзыреттілігін арттыру мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Педагогикалық шеберлік орталығы», «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ құрылған. Жаңа өзгерістерді қабылдауға, бағыт-бағдар берудегі үлкен септігін тигізген мұғалімдердің біліктілігін арттыратын базалық деңгей курстары еді. Деңгейлік курстардың басты мақсаты -ХХІ ғасырдағы білім беру талабы –өз бетімен жұмыс істей алатын, жан-жақты ізденіп, ұлттық құндылықтарды ұстанатын, алған білімін өмірде қолдана алатын құзыретті оқушы тәрбиелеу. Егер күні бүгінге дейін оқу үдерісінде мұғалімнің рөлі мен орны бастапқы болса, яғни мұғалім білім беруші рөлін атқарып келсе, енді мұғалімдер тек бағыттаушы, бақылаушы, реттеуші функцияларын алып, оқушы білімді өз бетінше игереді, сыни тұрғыдан ойланып, кез келген мәселелік сұрақтарға жауап іздеп, мақсатына жетеді.

Дәстүрлі білім жүйесі нақты теориялық білімге, есте сақтау, репродуктивті білімге негізделген. Бұл үдеріс жаһандық заманның сын-тегеуріндеріне жауап бере алмайды. Осы мақсатта кіріктірілген оқу бағдарламасы құрастырылған болатын. Кіріктірілген оқу бағдарламасы спиральдік қағида негізінде құрастырылды [1]. Оқушыларда білім мен түсінік қалыптастырып, тарихи концептілерді негізге ала отырып, дағдыларды, тарихи ой-сананы дамытуға бағытталған. Мысалы, оқушыларда мәдениет туралы базалық білімдері бар, атап айтсақ, бірінші тоқсанда оқушылар Қазақстан аумағында ерте ортағасырлық мемлекеттердің пайда болуы мен ыдырау себептерімен, олардың рухани және материалдық мәдениетімен танысып, екінші тоқсан тақырыбында оқушылар дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттердің рухани және материалдық мәдениетімен танысып, ерекшеліктерін анықтады. Яғни бағдарламада қарастырылғандай, тақырыптар арасында бірізділік пен сабақтастық байқалады. Оқушыларда мәдениет тақырыбы бойынша білімдері мен дағдылары тоқсан сайын, жыл сайын толықтырылып отырады [2].

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде үштілдік саясаты жүзеге асырылып келеді. Оқу бағдарламасы оқушылардың өзге ұлт өкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту және халықаралық деңгейдегі жоғарғы оқу орындарына түсуге қолдау көрсету мақсатында тілдік құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді. Зияткерлік мектептер қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйретеді және осы үш тілді басқа пәндерді оқыту үшін қолданады. Мысалы, Қазақстан тарихы, география қазақ тілінде, дүние жүзі тарихы, информатика пәндері орыс тілінде оқытылады.

Кіріктірілген оқу бағдарламасының бір ерекшелігі пән мен тілді кіріктіріп оқыту. Ол дегеніміз Қазақстан тарихы, география пәндерін екінші тілде орыс сыныптарында қазақ тілінде өткізу. Басты мақсаты пән арқылы тілдік құзыреттілікті дамыту болып табылады. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту CLIL әдістері арқылы жүзеге асырылады. Сабақты құру барысында міндетті түрде CLIL-дің бірқатар әдістерін қолданамын. Мысалы, диктоглосс, терминологиялық диктант, сөйлейтін карта, ақпараттық кеш, мәтінмен жұмыста әр азат жолға тақырып беру, ол оқушының мәтінді ықшамдап, терең түсінуіне ықпал етсе, мұғалімге шәкірттің қаншалықты мағынаны түсінгендігін байқауға көмек береді [3]. Аймақ ерекшелігіне байланысты тілді меңгерту қиынға түсті. Алайда, уақыт өте келе, оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамытып, академиялық тілде сөйлеулеріне мүмкіндік туындады. Бұл жұмыс мұғалім мен оқушы тарапынан үлкен еңбекті қажет етті.

Пән мен тілді кіріктіріп оқыту мұғалімдері кей кезде оқушыларының ауызекі тілде (қазақ/орыс/ағылшын тілінде) еркін сөйлескенімен, академиялық тілді қиын түсінетіндігіне таңдануы мүмкін. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту контекстінде оқушылар түрлі жаңа мәлімет (input) алады. Кaмминс мұндай жаңа мәліметті екі түрге бөледі және екі түрлі тіл аспектілерін анықтайды: ауызекі және академиялық. Бұл аспектілерді баяндау үшін ол BICS (Basic interpersonal communicative skills) Базалық тұлғааралық коммуникативтік дағдылар,CALP(Cognitive academic language proficiency) Тілді меңгерудің танымдық академиялық дағдылары терминдерін қолданады [4].

Осы орайда үш тұғырлы тіл саясатын орта білім жүйесінде жүзеге асыруда CLIL (Content and language integrated learning) әдісінің тиімділігі зор. Бұл әдіс екі жақты мақсатты көздейді. Біріншісі – оқу пәнін жетік білу болса, екіншісі-(шетел) тілін меңгеру. Cонымен қатар, пән мен тілді кіріктіріп оқыту бағдарламасының қазіргі заманда көпмәдениетті тұлға қалыптастыруда орны ерекше. Ең бастысы, аталмыш әдіс тәлімгерлердің тілдік құзыреттілігін арттырып, өз елінің мәдениетін бағалап, басқа мәдениетті құрметтеуге үйретеді. Әлемдегі дамыған елдердің білім саласында осы әдіс тиімді қолданылуда [5]. Біртіндеп біздің елімізде де осы әдісті білім саласында енгізуде. Тамыз конференциясында Білім және ғылым министрі Е. Сагадиев түйінді сөзінде бірнеше пәндер екінші тілде оқытылу керектігі жайлы атап өтті. Яғни, еліміздің бірқатар мектептерінде Қазақстан тарихы, география, дүниежүзі тарихы, информатика пәндері екінші тілде оқытылатын болады. Дегенмен республикамыздың біршама мектептері осы әдісті бірнеше жыл қатарынан қолданып келеді. Осы мектептердің алдыңғы қатарында Назарбаев Зияткерлік мектептерін айтуға болады. Дегенмен кіріктірілген бағдарламаның жемісін бірден көре алмаймыз, себебі бұл бірнеше жылдың жемісі. Сонымен қатар, оқу үдерісінде пән мен тіл мұғалімінің бірлескен жұмысы оқушыларға үлкен әсерін тигізеді. Өз тәжірибемде мен 8-сынып оқушыларын таңдап алдым. Қазіргі уақытта олар 10-сыныпта оқып жүр. Орыс сыныптарында Қазақстан тарихы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Сондықтан тарих пәні мұғалімі алдында екі мақсат тұрды. Ол пән бойынша білім беру және мемлекеттік тілде еркін сөйлету. Үш жыл аралығында оқушыларымның жетістіктерін көріп отырмын. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге, дәлелдемелер келтіруге, талдау жасауға дағдыланды.

Екінші тілде күнделіктң сөйлеу үлкен тәжірибе береді. Сабақта мұғалім оқушыларға ойлану үшін көп уақыт бергені жөн. Сонда ғана жетістікке жетеді. Өзімнің тәжірибемді ұсынғым келіп отыр. Пән мен тілді кіріктіріп оқытуда тиімді әдіс-тәсілдермен бөліскім келіп отыр.

Пән мен тілді кіріктіріп оқытудың өзара тығыз байланысты 4 негізгі қағидаты бар. Олар мазмұн (content), яғни, CLIL әдісі бойынша тіл тілді үйрену үшін ғана емес, мазмұн арқылы пәндік білімдерді дамыту болып табылады [2;6]. Оны келесі тапсырма арқылы байқауға болады.

Тыңдалған бейнематериалға сай келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:

Кенесары хан. https://www.youtube.com/watch?v=MaCjsJYhOik

  1. Есте қалған екі нәрсені жаз.
  2. Бейнематериалдың негізгі идеясы не туралы?
  3. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы қандай болды?
  4. Бейнематериалға қатысты туындаған екі сұрақты жаз.
  5. Тағы не білгілерің келеді?- деген сұрақтар беріліп, оқушылардың пән бойынша білімдерін дамытуға бағытталған тапсырма беруге болады.

Екінші қағида коммуникация(Communication). Тілдік дағдыларды дамыту кезінде мұғалімдер коллабративті, коммуникативті орта құруы қажет. Оқушы сыныптастарымен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, топтық, жұптық жұмыс арқылы оқу жетістігі жоғары нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мысалы, толық сөйлемді тап тапсырмасын орындаудаәр топқа ұзын сөйлемнің бөліктерін беріңіз. Оқушылардың міндеті – топ болып біртұтас сөйлемді құру. Тапсырма оқушылардың грамматикалық дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді. Тұтас сөйлем: Қазақстан жерінде өмір сүрген Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан және Ноғай Ордасы мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық және этностық жағдайлары, олардың саяси дағдарысқа ұшырауы қазақ хандығы құрылуының тарихи алғышарттарын қалыптастырды.Тұтас сөйлем оқушыларға белгісіз болып, карточкалар қиылуы қажет.

Үшінші қағида таным(Cognition) бойынша пәндерді кіріктіріп оқыту оқушылардың танымдық қызметін дамыту құралының бірі болып табылады. Оқушыларға келесі тапсырма беруге болады. Сөйлем құрастыру. Келесі көмекші сөздерді қолдана отырып, тақырып аясында сөйлемдер құрастыру:

  1. Егер мен ... болсам...
  2. Мәтіннен келесі қорытынды шығарамын: ....

Төртінші қағида – мәдениет (сulture) Өз халқының мәдени құндылықтырын сақтап және өзге халықтардың мәдениетін құрметтеу пән мен тілді кіріктіріп оқытудың ажырамас бөлігі болып саналады.

Cонымен қатар, екінші тілді оқытуда төрт дағдыға негізделген. тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым тапсырмаларын жиі өткізген жөн болады.

Көпмәдениетті ортада ақпаратты екінші тілде ақпаратты түсіну өте маңызды. Ол айтушының грамматикалық құрылымын, сөйлеу екпінін түсінуге бағытталған. Яғни ақпаратты түсінбейінше, айтушыға өз ойыңды да білдіре алмайтын боласың. Өз сабақтарыңызда сіздер тыңдалған ақпаратты түсінгендігін тексеру үшін түрлі деңгейдегі тестерді, хабарландыруларды, жаңалықтарды, әртістердің сұхбатын, телефон әңгімелерін тыңдата аласыздар. Міндетті түрде тыңдалған ақпараттар бойынша оқушылармен ой бөлісуді ұмытпау керек. Себебі тыңдалған ақпаратты тереңірек зерттеп, автордың көзқарасын, кілтті сөздерін зерттеген дұрыс болады. Тыңдалым арқылы оқушылардың сөздік қорлары молайып, оқылым және жазылым дағдыларының жетілуіне әсер етеді. Тыңдалым дағдыларын дамытуда бірнеше қиындықтар да кездеседі. Ол тілдік ерекшеліктер (жазылуы бір басқа, айтылуы бір басқа) және ойлау екпіні. Осы мәселелерден шығу үшін әр мұғалім жүйелі оқыту жүйесін құрып алу керек.

Оқылым дағдысы дегенде, ең алдымен, түсініп оқу дегенді ескерген жөн. Оқыған мәтінге баға беру, салыстыру, болжам жасау, интерпритация және т.б. Осы дағдыны дамытуда көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой, сұрақтарға жауап бер (жоғары деңгейдегі сұрақтар), мәтіннен синонимін тап, шын және жалған, мәтінді мазмұнын қарай ретімен орналастыр, перефраз (берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз) жаса және т.б. тапсырмаларды қолдануға болады. Мысалы,

Әбілқайыр хан бүкілқазақтық жасақтың жоғары қолбасшысы болды.

Иә/жоқ

Құба қалмақтары жоңғарлардың туыстас тайпасы емес

Иә/жоқ

Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, Наурызбай қазақ билері

Иә/жоқ

Бұланты шайқасы 1728 жылы болды

Иә/жоқ

Жазылым дағдысын дамытуда шығармашылық жұмыстарды көп өткізу керек. Мысалы, берілген кезеңнің оқиғаларын суреттеп жаз, әңгіме-сұхбат, эссе, ойтолғау, әңгіме жаз, суретті сипатта, тарихи тұлғаға хат жаз деген тапсырмаларды қолдануға болады.

Егер оқушыларға айту жеңілдеу болса, өз ойын жүйелі, сөйлемнің грамматикалық құрылымын сақтап жазу, сауатты жазу қиынның қиыны. Сонымен қатар, жазылым тапсырмаларын орындауда кездесетін ең басты проблема – ол уақыттың тапшылығы. Сабақтың көп уақытын қажет етеді. Біреулері тез жазатын болса, кейбіреулері баяу жазады. Ең бастысы, оқушыларға уақытты шектемеу керек.

Оқушылардың айтылым дағдысын сабақ барысында үнемі жетілдіріп, оларды ауызша сөйлетіп, пікірлерін саралап отыру өте маңызды. Себебі оқушылардың басым көпшілігі, әсіресе өзге ұлт өкілдері өз пікірлерін еркін айтуда қиындық туады. Оқушыларға ең бастысы тілдік орта қажет. Қарапайым тіркестерді қолданудан бастау керек. Одан кейін күрделі сөз тіркестерін, тұрақты сөз тіркестерін, көркемдегіш құралдарды да пайдалануға болады.

Оқушылар бірден екінші тілде сөйлеп кетеді деп ойламаңыздар. Олар «мен бұл тілді меңгере алмаймын» деген ойда болмауыкерек. Скаффолдинг баспалдағы арқасында (жеңілден, күрделіге) оқушылар тілді базалық қарым-қатынас деңгейінен академиялық тіл дағдысын біртіндеп меңгереді. Алғашқы уақытта тәлімгерлер ауызекі сөйлеуде грамматикалық қателер жіберетін болады, дегенмен осы қателердің түгелін түзетіп, ойларын бөлмеу керек. Олар сауалдарын ана тілінде қойса, онда сіздер екінші тілде жауап беруге тырысыңыз. Ең басты, оқушылар аталған дағдыларды қоршаған ортада пайдалана білулері тиіс. Сонымен қатар, шәкірттермен топта, жұпта жұмыс жасауды жиі ұйымдастырған жөн болар, себебі олар бір-бірін үйрету, жетелеу арқылы екінші тілді тез үйрене алады. Олар екінші тілде жауап беруге қиналатын болса, мұғалімдер сөздердің, тіркестердің аудармасын өздері айтып жатады. Бұл дұрыс емес. Олар сөзді білмеген жағдайда, оған сыныптастары көмектесе алады немесе мәтінді түсінбеген жағдайда мұғалімнен гөрі жанында отырған досының түсіндіруі екіуіне де пайдасын әкеледі.

Білім жүйесіндегі тағы бір елеулі өзгерістердің бірі – оқушылардың оқу жетістіктерін бағалайтын критериалдық бағалау жүйесі. Көп жағдайда дәстүрлі білім жүйесінде мұғалімдер өз тәжірибелерінде 5- балдық жүйені қолданып келеді. Оқушылардың іс-әрекеті мен білімін тексеретін бұл әдіс объективті түрде оқушының дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда жаңаша әдісті қолдану талпынысы жасалып жатыр. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесінінің орны ерекше. Критериалды бағалау жүйесі оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты орнатып, оқу үдерісі барысында оқушыларға қателіктерді түзетуге мүмкіндік береді, оқушының оқуға деген ішкі уәжін оятып, дамытатын құрал болып табылады.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылар, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары.

Қорыта келе, елімізде енгізіліп жатқан білім саласындағы өзгерістер оңтайлы нәтижесін беруде. Атап айтсақ, кіріктірілген оқу бағдарламасы, үштұғырлы тіл саясаты, критериалды бағалау жүйесі қазақстандық зияткерлік әлеуетін қалыптастыруына өз септігін тигізуде.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Кіріктірілген оқу бағдарламасы Қазақстан тарихы Негізгі мектепке (7-10 сынып) арналған оқу бағдарламасы: наурыз, 2016 ж., 46б.
  2. Л.Т. Нұрақаева, З.К. Шегенова. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін қолдану: Астана, 2013ж., 3б.
  3. З.К. Шегенова, Ә.Т. Жәнісов. Тарих сабақтарында деректермен жұмыс істеудің кейбір әдіс-тәсілдері: Астана, 2014ж., 6б.
  4. CLIL әдісіне негізделіп құрастырылған сабақтар үлгілері. Әдістемелік нұсқаулық: Астана, 2013ж., 51б.
  5. Liz Dale, Wibo van der Es, Rosie Tanner. Clil skills: Leiden, 2010, 258p.
Основные термины (генерируются автоматически): CLIL, мена, оса, орт, CALP, BICS.


Похожие статьи

Использование методики CLIL на уроках со вторым языком...

Данные уровни сопоставимы с такими понятиями как BICS и CALP.

Павлодар 2015. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін (CLIL) қолдану. (әдістемелік нұсқаулық).

Совершенствование расчётно-кассового обслуживания

Огромные затраты времени на ввод информации с бумажных носителей (документов) в операционные системы по-прежнему остаются барьером на

- Обязательное использование международного банковского номера счета (IBAN) и идентификационного кода банка (BIC).

Научный журнал «Молодой ученый» №18 (152) май 2017 г.

Использование методики CLIL на уроках со вторым языком обучения.

Дәлелдер мен дәйектер келтіру арқылы оқушылар бойында сөйлеу, ойлау дағдыларын дамыту.

На вручении этой премии Осе Лионес сказала: «Никто другой из его поколения не сделал столько для того, чтобы...

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Похожие статьи

Использование методики CLIL на уроках со вторым языком...

Данные уровни сопоставимы с такими понятиями как BICS и CALP.

Павлодар 2015. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін (CLIL) қолдану. (әдістемелік нұсқаулық).

Совершенствование расчётно-кассового обслуживания

Огромные затраты времени на ввод информации с бумажных носителей (документов) в операционные системы по-прежнему остаются барьером на

- Обязательное использование международного банковского номера счета (IBAN) и идентификационного кода банка (BIC).

Научный журнал «Молодой ученый» №18 (152) май 2017 г.

Использование методики CLIL на уроках со вторым языком обучения.

Дәлелдер мен дәйектер келтіру арқылы оқушылар бойында сөйлеу, ойлау дағдыларын дамыту.

На вручении этой премии Осе Лионес сказала: «Никто другой из его поколения не сделал столько для того, чтобы...

Задать вопрос