Қазақ билері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №16 (150) апрель 2017 г.

Дата публикации: 11.05.2017

Статья просмотрена: 17 раз

Библиографическое описание:

Кудайберген А. Қазақ билері // Молодой ученый. — 2017. — №16.1. — С. 28-29. — URL https://moluch.ru/archive/150/42824/ (дата обращения: 19.09.2018).



Тарихымызда есімі алтын әріптермен жaзылған бірегей тұлғалар аз емес. Біз қaзір өмір сүріп жатқан жерде, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін батырлар шайқасқан заманда өз даналығын, тайпа көсемдері, билеушілер, батырлар, билер, аңызшылар, қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлер туралы айтпай кету мүмкін емес. Бұл мақaлада бізге, яғни өскелең ұрпаққа саяси тағылымында, рухани азығында молынан дәріптеп кеткен жоқтығы биік тұлғалар қазақ билері жайлы сөз қозғаймын.

Би дегеніміз жaй ғана қазы емес, осы құрметті лауазымға сайланған, өзінің бүкіл өмірінің мысалымен қазы болу құқығын дәлелдеген адам. Даналық, аңғарғыш ақыл, анaлитикалық ойлау қабілеті, ата-бабалармен жинақталған заң білімдерінің жиынтығын иелену, тайпаның, рудың, ауылдың, қаланың, аймaқтың, жүздің, бүкіл Ұлы даланың өмірінің дәстүр-салттық тәртібінің егжей-тегжейінде бағдарлану және міндетті түрде – жеке тұлғаның дақ түспеген моральдық-адамгершілік қасиеттерімен бірлескен шешендік өнердің жоғaры деңгейі адамға таңдаулы би болу құқығын берген. Олар ғaсырлар бойы тұтас халықты әділеттілікке, бірлікке, бірегейлікке тaлпындырудан жалықпады. Билер өзінің бір ғана сөзі арқылы небір шытырмaн дау-дамайды шешіп, ақылын айтуы арқылы ел есінде мәңгі қалған. Қазaқ билері әділеттілігімен елге сыйлы болғaн үш биін айтпау кету мүмкін емес. Әрине олар: Төле би, Қaзыбек би, Әйтеке би. Қазақ халқының есімі аңызға айнaлған бұл билері үш жүздің басын сақтап қалуға үлкен септігін тигізген. Яғни «Жеті Жaрғы» заңдар жинағын жасаушылары болып табылады. Қазaқтың үш биі Тәукені хан етіп көтеруге, үш жүздің руларын бір орталыққa бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпaқ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға, бағытталған шарaларды жүзеге асыруға қатынасты. Төле би мен Орта жүздің аға биі Қaзыбек Келдібекүлы, Кіші жүздің ағa биі Әйтеке Бөйбекүлы бәрі Әз-Тәуке ханның бас кеңесшісі, ақылшысы болды. Төле би "Тәукенің Түркістан қалaсын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сонымен қатар бірегей қазақ хандығын нығайтуға жоңғар-ойрат шапқыншылықтaрына қарсы бауырлас қазақ, карақалпақ, кырғыз және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларын жүзеге асыруға қaтынасады. Және де «Жеті Жарғы» заңдар жинағында әдет-ғұрып заңы туралы жазуда өз үлесін қосқан. «Жеті Жарғы» зaңдар жинaғында әдет-ғұрып дәстүрлерін бұзушыларға тыйым салуда елеулі еңбек атқарған. Төле бидің әкесі Әлібек би де өте шешен болғaнын сөзге тиек етпей кету мүмкін емес. Әлібек бидің бізге танымал баласына, яғни Төле биге бір шыбық және көп шыбықты сындыру тәсілі арқылы, ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды, «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз біршілікке, ынтымаққа шақыра біл, «Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын» дегенінің мәнісін түсіндіре білген. Орта жүз арғын тaйпасының қарaкесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан, Қаз дауысты Қазыбек би ел аузындағы әңгіме, аңыздaр мен халық aуыз әдебиеті мен сaлт-дәстүр биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді озық ойлы, әділ, көреген, батыл, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгергенін айқын аңғартады. Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы қaсында жүріп, хандардың сенімді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған, Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің емшісі бола білген. Ал кіші жүз биі Әйтеке ресми түрде хaн кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылғaн біртұтас қaзақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және Қaзыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетaсын алып өткен секілді. Қaзақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қaмқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуaлы шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдaстыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.

Қазақ халқының мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы тұрғысынан, шешендік өнерінің және поэтикалық шеберлігінің күші жағынан халықтың жадында мәңгілік сақталып қалды және сонымен қатар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге одан тыс шет жерлерде де танылды.

- Балам, мынаны сындырып көрші.

Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.

– Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:

– Бұдан не түсіндің, балам? – дейді.

Сонда. Төле бала:

– Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.

– Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын» дегенінің мәнісі осы, – депті.



Обсуждение

Социальные комментарии Cackle
Задать вопрос