Көптілділік саласы ел дамуының бір қағидасы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Шеген А. К., Аргынбай Ж. А., Макалаков Т. Ж. Көптілділік саласы ел дамуының бір қағидасы // Молодой ученый. — 2017. — №16.1. — С. 54-55. — URL https://moluch.ru/archive/150/42734/ (дата обращения: 14.12.2018).

Қазіргі уақытта адам баласы дамудың жоғарғы сатысына көтеріліп келеді. Қазіргі инновациялық үдеріс ғылым салаларының тоғысуы мен бірігуіне ғана емес, сонымен қатар тың ғылыми салалардың қалыптасуы мен дамуына да әсер етті. Ғылым мен білімнің шарықтап тұрған кезінде, адам көп іздену қажет. ХХІ ғасырда дамушы елдердің саясаты жан-жақты болуы үшін және өзге елдермен қарым-қатынас жасау үшін «көптілділік» саласын білім жүйесі ретінде енгізіп жатыр.

Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады. «Көптілділік»-бұл аты айтып тұрғандай әрбір адам бірнеше тіл білуді қажет етеді. Бұл біздің Қазақстан Республикасында да қолға алынып жатқан өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан дамушы отыз елдің қатарына қосылу үшін осындағы азаматтардың бәрі әлемдегі өзіндік орын алып тұрған тілдерді білу қажет.

Көп тіл білу — заман талабы. Елбасы өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі–жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». Иә, «үштілділік» саясатын қайта қарау қажет деген пікірлер жиі қылаң беріп жүргені жасырын емес. Десек те Елбасының: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді»- деп ескерткенін тағы бір қайталап қойсақ артық болмас. Әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін билік «үш тұғырлы тіл» саясатын қолға алып жатқаны белгілі. Ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену қиындық тудырмайды, қайта көп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ. Бірақ Қазақ баласы әуелі отбасында Қазақы рухпен тыныстап, ана тілінің нәрлі уызына қанып, ұлттық рухани тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындап өсуі керек. Алғашқы тәрбиені ана тілінде қабылдап, Қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазып адасып қалмайтын болады. Әлихан Бөкейханов сынды алаш арыстарымыздан бастап, кешегі М. Әуезов, Қ. Сәтпаев, Ә. Марғұлан сияқты талай тарландырымыз қанша жерден ресей топырақтарында білім алса да, сол империяның қысымында жүрсе де, ана тілінің идеологиясы мен мәртебесін ең жоғары орынға қойған. Өйткені олардың бәрінің де тілі қазақша шыққан, бірі ауыл молдасынан хат таныса, енді бірі ана тілінде мұғалімдерден тіл сындырған. Яғни, тірек мықты. Тіл ана тілде сайрап тұрғандықтан, ешкім оған балта да шаба алмаған [1, 5].

Қазақ халқы табиғатынан еліктегіш, қабылдағыш халық. Кеңес заманында орыс тілі-заманның кілті болды. Бұл заман талабы еді. Орыс тілін үйреніп,орыстардың өзін жаңылыстыратын жағдайға жеттік. Енді алдағы асу –ағылшын тілі. Адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі ұлғая түсетін болады.

Намысын найзаға шаншып,күре тамыры Көк бөріден нәр алған,көк Тәңірге табынған Күлтегіннің ұрпағына бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру қиындық тудыра қоймас. Иә, көп тіл білу ــ әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты ету — тексіздің ісі. Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілде жетік сөйлесе ــ бұл сүйініш, мақтаныш; ал ана тілін білмей тұрып, өзге тілде сөйлесе ــ бұл күйініш, өкініш. Ал біздің мақсат — ағылшын идеологиясын сіңіріп, ағылшын болып өмір сүру емес, ағылшынның тілін ғана үйрену емес пе? Балаларымызды әлемге қанат жайған ағылшын тілімен қаруландыру ғана емес пе? Кейбір адамдар ағылшын тіліне қарсылық білдіріп жатады. Ал ағылшын әлем мойындаған жаһандану тілі. Бұл-бұзылмас заңдылық.

Елбасының сындарлы саясатының астары өте тереңде. Біз әлемдік аренаға шығу үшін ағылшын тілін жетік меңгерген мәңгілік Елге айналуымыз керек. Бұл жолда біз ұтпасақ, ұтылмаймыз. Өз тілің бірлік үшін,өзге тіл тірлік үшін керек екенін ұмытпайық. Сондықтан «Ана тілің ــ арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді қүрметте» деп, ақын Қадыр Мырза-Әли ағамыз айтқандай, әуелі өз ана тілімізді қүрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік те, өзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық. Өз тіліміз өзегіміз, халықтық қасиетімізді айғақтайтын алтын тұғырымыз болсын. Әр ұлттың өз тілі өзге тілге жеткізетін көпір есепті.

Қазақ тілі — мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой- өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толеранттылығын және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгертуді жолға қою — бүгінгі таң Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты тіл үйренушілерге кәсіби білім беруде және оқу үрдісінде көпмәденилік білім беруді енгізу мүмкіндігін қарастырады. Көпмәденилік білім беру туралы сөз қозғаған кезде әр түрлі тілдер мен мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастар мәселелеріне ерекше көңіл аударған жөн, өйткені бұл білім беру саласындағы қазақ тілін оқыту мәселесінің кеңінен қанат жаюына және бұл арқылы елдегі басқа ұлттар мен мәдениеттерге деген сыйластық қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді. Жер жүзінің өркениетті елдерінде білім — ең алдымен экономиканың негізгі өндіруші саласы болып есептеледі. Ендеше, білім мен ғылымды дамытпай, мемлекетті алға сүйреу мүмкін емес. Еңбек ресурстарының бәсекелестігі тікелей білімге қатысты. Әсіресе, қазіргі әлемдік жаһандану кезеңінде жастарға берілер білімнің мазмұнының ұлттық құндылықтарға, мәдениетаралық түсінік-пайымға, ақпараттық жетістіктерге, сонымен бірге, әрине, халықаралық тілдерді меңгеру үрдісіне де қатысы орасан. Б. Хасанұлы Қазақстандағы «тілдердің үштұғырлығы» саясатына қатысты: «Көпұлысты тілдік қатынас сұранысы — үштілділік. Қазақстандағы қостілділікті де, үштілділікті де тек қана Қазақстанның мемлекеттік тілі негізінде дамыту шарт», — деген болатын [2, 48].

Үштілділіктің қазақ тілі сыңарын алдымен дамытуды басты назарға ұстай отырып, жүр- гізілген тіл саясаты еліміздегі әлеуметтік-тілдік ахуалдың тұрақтылығын, мемлекеттік мәртебесіндегі қазақ тілінің кеңінен қанат жаюын қамтамасыз етеді. Көптілді болу — уақыт талабы. Тіл арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты әмбебап, жаһандық құндылықтарға қосу, әлемдік кеңістік пен көршілес мәдениеттер өкілдерімен қарым-қатынас жасап, сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыруға болады. Көптілділік қазіргі әлемнің басты мәселесі — адамдар арасындағы келісім мен өзара түсінушілікті шешуге көмектеседі. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

Елбасы өз сөзінде «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы — Ана тіліміз» деген болатын. Сондықтан үштілділік саясаты ана тілді ұмыттырып, құрметсіздікке әкеледі деген дұрыс емес пікірді тастауымыз керек.

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Ана тілі. – 2007. — № 7 (896). — 1,7–10 б.
  2. Хасанұлы Б. Ана тілі — ата мұра. — Алматы: Жазушы, 1992. — 272 б.
  3. Назарбаев Н.Ә. Тіл тағдыры — ел тағдыры // Ана тілі. — 2006. — № 46 (831). — 1–2 б.
Основные термины (генерируются автоматически): Ана, мена.

Похожие статьи

Молодой ученый — издательство

Ресурс включает разделы, содержащие ежемесячные и архивные издания научной периодики, актуальную информацию и анонсы о проводимых научных собраниях и международных конференциях молодых ученых. Есть раздел о правилах оформления и публикаций статей.

Мамлакатимизда мавжуд ишбилармонлик муҳити натижасида...

Ана шу сувратим кариса-ю, мен мангу ёшлигимча колаверсам! «Совуқ уруш» муносабатларидаги ўзгаришлар ва унга барҳам...

Династии кыпчакских ханов | Статья в журнале «Молодой ученый»

Москва: ЦИВОИ. 2013. 128 с. 17. Шихаб ад-дин ан-Насави. Сират ас-султан Джалал ад-Дин Манкбурны. Москва.

Владение информационными технологиями на трех языках...

Сол себепті мен үштұғырлы тіл жайлы айтамын. Қазақстан мемлекетттік тілді игеру керек. Орыс тілі — көрші еліміздің ана тілі және БҰҰ алты тілінің бірі.

Происхождение Кутлук-Тимура, эмира хана Узбека

Селезнёв Ю. В. Элита Золотой Орды. Казань: Издательство «Фэн» АН РТ, 2009. 232 с.

Сборник статей. Выпуск 5. Казань: Институт истории им. Ш.Марджани АН РТ, 2012.C.

Ногайский компонент в этногенезе казахов | Статья в журнале...

Если посмотреть казахские шежире рода торе уже XX века (например, шежире Шотамана Валиханова, опубликованное в газете Ана тiлi), то можно найти имя Ежен.

Основные стандарты и модели интеграции медицинских...

В данной статье рассмотрено понятие медицинской информационной системы, приведена актуальность проблемы интеграции медицинских информационных систем.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Бірлігімізді сақтап, ана тіліне деген құрметімізді берік етсек, ұлттық мүдденің үстемдік етері анық.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

Начало монетной чеканки в государстве анадолийских...

ВИ, 1945, № 5–6. 2. Ходжаниязов Т. Денежное обращение в государстве Великих Сельджукидов: (По данным нумизматики); [Ан ТССР].

К генеалогии Астанакула кошбеги — премьер-министра Бухарского...

13. Семенов А. А., Очерк устройства центрального административного бухарского ханства позднейшего времени // Труды АН Тадж.ССР, т.25, Материалы по истории таджиков и узбеков...

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Задать вопрос