Қазақ халқының дүние сезімінің табиғатпен үндестігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Темиргалиев К. А., Ломан Н. Ф., Бакирова А. Т., Мейрамова Н. А. Қазақ халқының дүние сезімінің табиғатпен үндестігі // Молодой ученый. — 2017. — №16.1. — С. 45-47. — URL https://moluch.ru/archive/150/42718/ (дата обращения: 15.12.2018).

Адамзат ұшан теңіз, шексіз даланы аса құрметтеп, қастерлеп, өзінің даланың перзенті екенін мойындайды. Дала өз тарапынан адамның рухани санасының дамуына, оның өнерінің шарықтап өсуіне кеңінен мүмкіндік жасайды. Даланың топырағы, тау-тастың бейнесі, өзен-сулардың сарқырама ағысы адамның өнерінің жетілуіне, өмірінің мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Қазақтың сырға толы сөз өнері ғана емес домбыра мен қобыздан төгілген күй, саз өнерін де даланың құдіретінен туындаған десек, еш қателеспеген болар едік.

Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея — жанның мәңгілігі. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің кепілі — Нұр. Оған адамның жәй ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау керек.

Әлем мен Нұр ұғымдары қазақтың төл мәдениетінде Дүниені дұрыс түсіну арқылы нақтыланады. Дүние дегеніміз заттар мен құбылыстардың біріктірілген жинағы емес. Бұл дүние — біртұтас, яғни ол адаммен іштей қосылған.

Адам орасан зор Әлеммен жеке қалса, онда тұлғада күйкілік сезім, жатсыну, бағыныштылық қатынас тууы мүмкін. Сондықтан халықтық дүниетаным ғарышты жат күш ретінде емес, қайта өзіне етене жақын табиғилық шарт түрінде қабылдайды. Қазақтың рухани мәдениеті әлемді меңгерудің бірнеше тәсілдерін қолданған: оны тіршілікке қолайлы шексіздік ретінде бейнелеу (Бұқар Жырау), оның асқақтығын, адамдық көңіл-күйді баспай, оған көтеріңкілік туғызатын дүние ретінде мадақтау (Қазтуған), әлем бөліктерінің сазды ырғақтарын аңғару (Әл-Фараби) [1].

Көшпелі қазақ ғаламат Әлемнің ішінде өз орнын таба білген. Шексіз кеңістікте адам өзімен өзі және табиғатпен жеке калып, оңаша сұхбаттасу, сырласу үстінде болған. Ол өзінің бүкіл рухымен, табиғатпен шынайы жақын екендігін сезінген. Қазақ халқы «Адам» мен «Әлемнің» қарым-қатынасының терең концептуальді мәнін әдеби-бейнелік түрде «бұл дүние — біртұтас» деп шебер бейнелеген.Яғни адам мен әлем негізінен бөлінбейтін біртұтас. Аңғарымдылық (созерцание) дәстүрлі мәдениет ретінде әлемге қатынас және әлеммен қатынастың көпжақты мазмұндылығын қалыптастырады. Бәрінен бұрын, аңғарымдылықтың әлеммен қатынастағы табиғатпен қатынасының қалыптасу әдістері және оның дамуының негізі мен мәні іштесу болып табылады. Іштесу негізінен әр деңгейде жүзеге асады:

1) қарым-қатынас;

2) келіп-кету;

3) сіз-біздесу;

4) араласу;

5) іштесу.

Жоғарыда келтірілгендердің барлығы іштесудің мәнін ашады, бірақ ол одан да тереңірек қатынасты, яғни рухани — жан дүниеде жасырылғанды аша алатын деңгейге жетеді. Сондықтан бұл қатынас іштесу деп аталады. Дүниені аңғару шексіздік, оның әсемдігі мен үйлесімділігін сезіну ретінде, өзінің кереметтігімен төмендетпейтін, керісінше рухтандырып, жоғарылататын қасиет жырауларға тән.

Табиғатты түсіну, сезіну, онымен қарым-қатынас жырауларға тән қасиет.

Міне, Қазтуған жырау табиғатты қалай керемет суреттейді, құдды бір сол табиғат жаратылысының куәгері сияқты.

Жабағылы жас тайлақ

Жардай атан болған жер,

Жатып қалған бір тоқты,

Жайылып мың қой болған жер.

.....Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған,

Шырмауығы шөккен түйе таптырмас

Балығы көлге жылқы жаптырмас.

Толғауды оқи отырып, табиғаттың жайнаған, жарқын сәттерін көргендей боласың. Жыраудың жасампаздық құдіреті қоршаған табиғатпен жасырын бірлігінде. Әлемді бұлай сезінудің керемет әдісі болмыспен берілген табиғатпен іштесуде.

Сары даланы өмір сахынасы етіп, ат үстінде айшылық жерге сапар шегетін қазақтың жолшыбай ұшырасқан адаммен туысындай шұрқырасып табысып, жолшыбай кездескен ауылға өз үйіндей еркінсіп түсуі, ең алдымен сол далада тіршілік құрудың кепілі болған. Сондықтан да, бұл далада адам жатсынбау, бауырмал болу — көшпелі өмір салттың бұлжымас заңына, бұзылмас әдет-ғұрпына айналған. Мұндай әдет-ғұрыпсыз осынау байтақ даланы игеріп, тіршілік құру мүмкін емес еді. Мұның сыртында, жаңағы жапан түзде кездейсоқ ұшырасып, шұрқырап табысатын адамы шынында да туысы болып шығатыны, жолшыбай кездескен ауылдың шынында да сүйек-шатыс болып шығатыны рас. «Қарға тамырлы қазақ» дейтін тұрақты сөз тіркесінің мәні сонда.

Қ. Нұрланова атап өткендей, қазақтың ұлттық идеясы — адамның көңілін табу. Оған қарым-қатынастың жоғарғы түрі іштесу арқылы жетуге болады. Дәстүрлі мәдениетте, күнделікті қарапайым қарым-қатынастың өзінде адамның көңілін табу іштесудің негізі болып табылады [2].

Біртұтас дүние адамды жатсынбай өзіне қосып алғаннан соң, нұрға жетудің дәнекеріне айналғаннан кейін, Жарық Дүние бейнесі дүниетанымдық принцип қызметін атқарады. Жарық Дүние логикалық ой қорытудың негізінде емес, ерекше бір типологиялық бейне бітімінде қалыптасады. Бұл — көркемдік жағынан абстрактылық ұғымдардан жоғары тұрған бейне. Типологиялық бейненің символикалық (таңбалық-рәміздік) мазмұны бірінші қатарға шығады.

Жарық Дүние адам үшін тұрақты және қуатты арқа сүйеу болып табылады. Арқа сүйеу бола алатын Жарық Дүниені халық қастерлеп Жарқын Дүние деп көтерді. Қазақтың дәстүрлі космогониясында Әлем-Дүниенің мынадай сипаттамалары бар: жарқын дүние, шіркін дүние, шексіз дүние, болжаусыз дүние, аруана дүние..., яғни әлемге адамдық қасиеттердің бәрі тән, олар (адам мен әлем) егіз болып табылады.

Әрине, халықтық дүниесезім әлемнің, дүниенің толымсыздығын, кемдігін, төмендігін де аңғарды. Оның негізінде бұл дүниеде адам өмірінің шектілігін түсіну жатыр. Мына өлең жолдарындағыдай «қарасам, бұл дүние –шолақ екен, адамдар бір-біріне қонақ екен». Осы тұрғыда дүниеге теріс қасиеттер де қосылады: қоңыз дүние, жалған дүние, сұм дүние, өткінші дүние [3].

Дүниені түйсіну қатынасы қашан да уақыт еншісі, дәуір тынысымен айқындалады. Мұнда аңсаған арман, мұрат-мүддеге, ұлттық рух пен құдірет астасып жатады. Жалпы адам баласы неғұрлым дүниетанымдық өрісін кеңейте түскен сайын өзінің ішкі сырын да барынша терең сезіне түседі.

Әдебиеттер:

  1. Әбжанов Т.Ы., Қазақ рухының философиясы, Қарағанды, 2003, 27 б.
  2. Человек и мир. Казахская национальная идея. Алматы. 1994. С. 5.
  3. Ғабитов Т., Мәдениеттану негіздері, Алматы, 2002, 135–139 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Задать вопрос