1916 жылғы бүкілхалықтық көтеріліс және м. Тынышбаев | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Орынбекова, Р. Ж. 1916 жылғы бүкілхалықтық көтеріліс және м. Тынышбаев / Р. Ж. Орынбекова, К. С. Ускембаев, Т. К. Сакабай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 16.1 (150.1). — С. 37-39. — URL: https://moluch.ru/archive/150/42701/ (дата обращения: 19.04.2024).

1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен Мәңгілік Ел болуды мақсат тұтқан ұлтжанды халқымыздың тарихи санасын қайта оятуға соны серпін беретін айтулы меже болғаны даусыз. Сондықтан да 2016 жыл егемендік үшін сан ғасырлар бойы бастарын сан рет бәйгеге тігіп, қол бастаған көсемдер мен сөз бастаған шешендер ғана емес, сонымен қатар, ХХ ғасырдың басында қазақ жерін түгел шарпыған ұлт-азаттық күрестің өшпес даңқын бүкіл ел көлемінде әрі мемлекеттік дәрежеде ұлықтайтын жас ұрпақтың санасын оятып, ұлттық сезімін ұштайтын ғибраты мол тарихи кезең болғаны анық.

Бүгінгі таңда ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстардың тарихын тың мұрағат құжаттары негізінде кешенді түрде зерттеуді, жаңаша тұрғыдан зерделеуді жүзеге асыру қажет. Негізінен алғанда тарихымызда көңіл бөлетін мәселелер аз емес. Солардың бірі де бірегейі қазақ елінің тарихындағы Отан тарихында ешқашан өзектілігін жоймайтын тақырыптардың бірі – ұлт-азатық күрес тарихы. Кейінгі жылдар көлемінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихына қалам тартқан ғалымдардың көптеген зерттеулері мен мақалалары баспасөз бетінде жарық көруде. Бұл мақалаларда осы тақырыпқа алғашқы болыпжазған ғалымдар мен жазушылардың және мемлекет қайраткерлерінің еңбектеріне дұрыс баға берілуде.

Мәселен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі М. Қозыбаевтың «1916 жыл: Ұлт-азаттық революция тарихнамасының кейбір мәселелері» атты мақаласында «Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы көтерілісі» туралы кеңінен тоқталып өткен. Мәселені ең алғаш зерттеудің әу басында тарихшылардың аға буын өкілдері. С.Аспендияров, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов, С.Мендешов, Б.Алманов, Б.Қаратаев, жазушы Ж.Аймауытовтар тұрды» деп көрсеткен болатын [1,3б.].

Осы есімі аталғандардың басым көпшілігінің 1920-1930 жылдары жарық көрген еңбектері олардың авторлары жалған жаламен «халық жаулары»ретінде айыпталғаннан кейін ғылыми айналымнан алынып тасталғанболатын. Солардың қатарында алаш зиялыларының бірі сол жылдардағы оқиғаларды өз көзімен көрген, тікелей қатысқан адамдардың бірі-саяси қайраткер М.Тынышбаев та болды. Қазіргі кезде зиялы зерттеушілер ұлт-азаттық көтерілістерге жаңа қырынан қарауда, оның өзіндік шын тарихын жаңа құнды деректер негізінде обьективті түрде зерттеуде. Осыған орай өмірлерін ұлттық мүдде үшін қиған М. Тынышбаев сынды ғалымдардың қоғамдық көзқарастары ментарихи зерттеулері жаңа көзқарастар тұрғысында жаңадан бағалана басталды.

М.Тынышбаев ғалым гимназист және студент бола жүріп, қазақ халқының мұқтаждығын жақсы түсінді, орыс басқару органдары мен Жетісуды мекендеген қазақ және қырғыз халықтары арасындағы өзара қарым –қатынастарды білуге ынталы болып, оларды жан-жақты зерттеуге тырысты. Оның пайымдауынша, қырғыз-қазақ халықтары Ресейден орыс қоныс аударушыларының осы өлкеге қоныс аударуына аса қарсылықкөрсетпей, олардың жаңа жерде өздерінің жағдайын жақсартуға ұмтылған әрекеттеріне әуелде түсіністікпен қарады. Олар қоныс аударушыларды өлкеде қарсылықсыз қарсы алды. «Тіпті елдің ақсүйек ру басылары орыс отрядтарын елге өздері бастап келіп, қоян қолтық араласты. Алайда олардың келуінің немен аяқталатыны белгісіз болды…» [2, 14 б.].

1916 жылғы патшаның маусым жарлығы көтерілістің басталуына түрткі ғана болғанын айтады. Бұл туралы ол Түркістан генерал–губернаторының атына жазған түсініктемесінде ашық көрсетті[3, 22 б.].

Ә.Бөкейхан,А.Байтұрсынов, М.Дулатовтар сол кездегі қазақ зиялыларының жетекшілері ешбір қарсылықсыз патшаның жарлығын орындау керек деп санады. Бұлай қиын жағдайда деді олар, патша үкіметі елді жазалаушы қарулы жасақтар шығарып, елді қан-төгіске душар етеді. Олар1916 жылғы «Қазақ» газетінің 192-ші санында «Алаштың азаматы» деген мақала-хат жариялап, онда қан-төгіс болдырмау халықты патша жарлығын орындауға шақырды [4, 56 б.].

Халық санасының оянуына қозғаушы күші болған ұлт азаттық қозғалыстар ұлттық рухты сілкіндірді. Бүкілхалықтық көтеріліс тарихын ақиқат тұрғысында жазып, оғанобьективті баға беруде М.Тынышбаевтан қалған мұраның тарихнамада алатын орны ерекше. Ол бұл мәселеге арнап мақалалар жазып, саяси мәліметтер жасады. Оларды көтерілістің барысы мен салдары жөнінде құнды деректер бар.Онда тарихшы жекелеген облыстардағы көтеріліс барысын сипаттап,жергілікті көтерілісті патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған бұқаралық қозғалыс екендігін, көтеріліске басты себеп болған –патша өкіметінің жергілікті халықтың жерін отарлаудағы қоныстандыру саясаты, оның арандату саясатын туғызғандығын дұрыс көрсете білді.

1916 жылғы дүрбелең кезінде қатарында М.Тынышбаев бар зиялылар«Қазақ» газеті арқылы оқығандарға үндеу тастап, оларды өз ауылдарынан майданның қара жұмысына алынғандардың қатарына қосылып, майдан шебіне баруға, оларға рухани көмек беруге, өзге ұлттарға басындырмауға,офицерлерге қорлатпауға шақырды.Әлихан Бөкейхан бас болып, қара жұмысқа алынғандар шоғырланған жерлерді аралауға аттанды. Оларды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етуге, дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырады.

«М.Тынышбаев пен басқа қайраткерлер 1916 жылғы көтерілісті патша жендеттері аяусыз басып-жаншылағанда шетелдерге босып кеткен қандастарды өз отанына қайтару ісімен айналысты. Босқындарды қазақ еліне қайтару үшін Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов Шәуешекке, Мұстафа Шоқай Өзбекстанға, Мұхаметжан Құлжаға аттанды»[5, 55 б]. Осылайша азаттық күресі стихиялық түрде дамыған халықтың қозғалыстан кейінгі босқындық күйі ауыртпалығын да зиялы қауым көтерді.

Сөйтіп,«Қазақ» газетінің беттерінде М.Тынышбаев Жетісудағы қырғыз бен қазақ елінің басына түскен қасіреттердің шын ауқымын көрсететін деректік материалдар жариялайды. Мысалы; 1917 жылдың 254-ші санында Жетісу облысындағы қазақ және қырғыз уезіндегі болыстардан Қытай асқан адамдардың саны анықтайтын кесте беріп, «44 болыс жерінде барлығы 47мың 759 түтін бар, содан қашқаны 40 мың 250 түтін, қырылғаны 95 мың 200жан болды» [6, 309 б.], деп көрсетеді.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс – бүкіл қазақ халқының жігерін жаныған айтулы көтеріліс ретінде тарихта қалды. Мұхаметжан Тынышбаев сынды ұлы тұлғалардың қоғамдық көзқарастары мен тарихи зерттеулері жаңа көзқарастар тұрғысында жаңадан бағалана басталды. Өйткені, ғалым өзінің зерттеушілік қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде халқымыздың ұлт-азаттық қозғалыстың тарихын зерттеуге арнады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Қазақ әдебиеті». 1992 жылдың жинағы.
  2. Тынышбаев М. Ақтабан шұбырынды. – Алматы, 1992.-102-112бб.
  3. Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы, 1991. - 233б.
  4. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: 1995. - 64-б.
  5. Тынышбаев М. Торғай һәм Ырғыз уезінің халқына. // Қазақ газеті №171-172. (272-276 бб.
  6. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Ә.Нысанбаев. 1 том. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясы, 1998, -720 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос