Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі бойынша қылмысқа қатысу интитутының белгілері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Сарсенбеков Н. Ж., Мусаева Ж. Т., Адылханова С. Е. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі бойынша қылмысқа қатысу интитутының белгілері // Молодой ученый. — 2017. — №16.1. — С. 42-44. — URL https://moluch.ru/archive/150/42697/ (дата обращения: 23.09.2018).



Қылмыстық құқық теориясында қабылданған объективтілік пен субъективтілік бөліну әдісіне сәйкес, қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатысудың өзіндік объективтік және субъективтік белгілері бар. Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері ретінде жасалған қылмысқа кем дегенде екі адамның қатысуы, іс-әрекеттердің бірлескен түрде орындалуы немесе бұл іс-әрекеттердің бір-бірімен себепті байланыста болуы танылады.

Кез-келген құбылыстың өз мазмұны мен нысаны болатыны белгілі. Адамның саналы мінез-құлқының жекелеген актісі ретінде қылмыстың екі жағын — объективтік және субъективтік жағы белгілерін көрсетуге болады. Қоғамға қауіпті әрекеттер жасаушы қылмыскердің санасындағы интеллектуалдық-еріктілік процестері қылмыстың субъективтік жағын сипаттаса, объективті жағы субъектінің қылмыстық мінез-құлқын, оның еркі мен ниетінің сыртқы көрініске ие болуын, яғни, оның қоғамға қауіптілігін арттыратын қылмыстық әрекетінің барлық объективті мән-жайларының жиынтығын білдіреді.

Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілерінің түрлері және олардың сипаттамасы осылармен шектеледі деуге болмайды, қылмысқа қатысу нысандарына қарай басқа да обьективтік белгілер өмір сүреді. Ол белгілер қылмысқа қатысу нысандарын бір-бірінен ажыратушы немесе нақты бір нысанның түсінігін ашатын белгілер болып табылады, ал жоғарыда айтылғандар жалпы қылмысқа қатысушылықтың немесе барлық қылмысқа қатысу нысандарына ортақ объективтік белгілері болып табылады.

Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері оның субъективтік белгілерімен тығыз байланысты. Өйткені, қылмысқа қатысушылықтың субъективтік белгілері қылмысқа қатысушылардың ішкі ойын немесе психикалық бағытын білдіреді.

Қылмысқа қатысушылықтың субъективтік белгілері екі немесе одан көп адамдардың қылмысты әрекеттерін қылмысқа қатысушылыққа жатқызатын белгілерді білдіреді және қатысушылықтың объективтік белгілерінің ішкі көрінісін сипаттай отырып, оны бірнеше адамдардың бірлескен түрдегі қылмысты әрекеттеріне айналдырады.

Қылмысқа қатысушылықтағы «бірлестік» белгісі қылмыс жасаудың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін түгел орын алады және бұл белгі мынандай элементтерден құралады:

а) әрбір қылмысқа қатысушының әрекеті басқа қатысушылардың нақты жағдайларда әрекеттер жасауының қажетті шарты болып табылады. Яғни бірінің белгілі бір әрекеттерді жасауы, басқаларының да алдыңғы әрекетке байланысты нақты бір әрекеттерді іске асыруына себеп болады;

ә) қылмыстың салдары немесе қылмыс уақиғасы әр қатысушының әрекеттерімен себепті байланыста болады;

б) қылмыстың нәтижесі барлығына ортақ болады.

Екі немесе одан көп адамдардың жасаған, қоғамға қауіпті әрекетін, қылмысқа қатысушылыққа жатқызатын белгі обьективтік белгі ретінде бірлескендікті сипаттайтын — «себептілік» белгісі болып табылады. Егер қылмыстың салдары немесе қылмыстың болу уақиғасы, қылмысқа қатысушылардың әрекеттерімен себепті байланыста болмаса, онда себепті байланыста әрекет жасамаған адамға қылмыстық жауаптылық туындамайды немесе абайсыздықта қылмыс жасаған болып саналады. Себебі бұл әрекеттердің арасындағы немесе қылмыстың зардабына деген себепті байланыстар қасақана әрекеттерден туындаған болуы керек. Қылмысқа қатысушылықтағы себепті байланысты жасалған қылмыс мазмұнының екі жерінде ескеру керек. Біріншісі, қылмысқа қатысушылардың араларындағы байланыс, ал екіншісі, қылмысқа қатысқан әрбір адам әрекетінің туындаған зардаппен байланысы.

Бірлескен түрде қылмысты әрекеттермен айналысуға негізінен тікелей қасақаналық тән, бірақ кейде қылмысқа қатысушылардың арасындағы бірлестік белгісі әлсіз болғанда немесе барлық қатысушылар қылмыстың жасалуына мүдделі болып қатыспағанда жанама қасақаналықта орын алуы мүмкін. Тұрақтылық белгісі тән болып табылатын ұйымдасқан топ, қылмыстық қауымдастық тәрізді нысандарға сәйкес келетін қылмысқа қатысушылықтарда көбінесе біртектес болып табылатын бірнеше қылмыстар орындалады және мұндай қылмысқа қатысу нысандарының мүшелері кейде өз қатарларына жаңадан адамдар тартып, қатарын толықтырып отыруы жиі кездеседі.

Ал қылмыстың нақты және заң жүзінде аяқталу моменттері бір-бірімен сәйкес келмейтін Қылмысқа қатысушылық, қорқытып алушылық сияқты қылмыстарда қылмысқа қатысушылық қылмыстың заң жүзінде ғана емес, оның нақты аяқталу кезеңіне дейін орын алады деуге болады. Мысалы қорқытып алушылық қылмысы заң жүзінде мүлікті беруді талап еткен кезден бастап аяқталды деп саналады, ал өмір шындығында мүлікті беруді талап еткенге дейін ғана емес, сонымен қатар мүлікті немесе мүлікке деген құқықты алған кезге дейін жаңадан қатысушылар қосылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда мүлікті беруді талап еткен адамда осындай кезден-ақ аяқталған қылмыстың құрамы бар болса, ал кейіннен, қылмыс нақты аяқталғанға дейін қосылған қылмыскерлер де қорқытып алушылық үшін жауаптылыққа тартылуы керек. Демек, қылмысты әрекетті бастаған және оған кейіннен қосылған адамдардың әрекеттері бір баппен, оның 2 бөлімімен сараланады және топ адамдардың орындаған қылмысы ретінде бағаланады. Сондықтан формальдық және келте құрамдар бойынша қылмысқа қатысушылық қылмыстың нақты аяқталу моментіне дейін кездесе алады дейміз. Ал негізінен материалдық құрамдарға жататын жалғаспалы қылмыстарда қылмысқа қатысушылық барлық кездерде қылмыстың нақты аяқталу кезеңімен анықталуы міндетті емес дейміз. Қылмысқа қатысушылықтың басталу кезеңі қылмысты жасауға дайындық жүргізе бастаған кезден анықталып, аяқталу кезеңі қылмыстың нақты аяқталу кезеңіне дейін бола алады.

Қатысушылықпен жасалған қылмыстардың қауіптілік дәрежесі келісім дәрежесіне қарай емес, жасалған қылмыстың түріне келтірген зардаптың көлеміне т.б осы тәрізді құрамды сипаттайтын белгілерге қарай анықталады. Бұл белгілер, яғни жасалатын қылмыстың түрі келтірілетін зардаптың көлемі, қылмыстың орыны мен уақыты, тәсілі мен құралы тәрізді белгілер алдын ала келісіммен жасалған қылмыстарды ғана келісім мазмұнын құрайды.

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы, 2008 ж.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. — Алматы ЖШС «Издательство «Норма-К», 2009.
  3. Апенов С. М. Қылмысқа қатысушылық. Əдiстемелiк құрал. Алматы.: ҚазМЗА, 2000 ж.
  4. Ағыбаев А. Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық. Алматы. Жеті Жарғы. 1999 ж.
  5. Бурчак Ф. Г. Соучастие: социальное, криминологические и правовые проблемы. — Киев: Виша школа, 1986.
Основные термины (генерируются автоматически): немес.


Похожие статьи

Лингводидактические основы обучения студентов...

Имя существительное в дательном падеже в значении объекта (досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті (жазда келу), себептік іс-әрекет...

Apт-тepaпия apқылы пcихoэмoциялық cayлықты жәнe дeвиaнтты...

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Лингводидактические основы обучения студентов...

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi

мена, Секта, бар, немес, христианин. Похожие статьи.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

немес, салат. Похожие статьи. Ламинария — идеальный природный лекарь.

Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

«Бұлттық технологиялар» — оқу үдерісін ұйымдастыру...

Гант диаграммасын қолдана отырып бірнеше адамның немес бүкіл бөлімінің жұмысын жоспарлауға болады.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Похожие статьи

Лингводидактические основы обучения студентов...

Имя существительное в дательном падеже в значении объекта (досыма хабарлауу), орын немесе бағыттық іс-әрекетті (форумға ену), уақыттық іс-әрекетті (жазда келу), себептік іс-әрекет...

Apт-тepaпия apқылы пcихoэмoциялық cayлықты жәнe дeвиaнтты...

EOR, MEOR, мена, немес, теза. Лингводидактические основы обучения студентов...

Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi

мена, Секта, бар, немес, христианин. Похожие статьи.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау | Статья в журнале...

немес, салат. Похожие статьи. Ламинария — идеальный природный лекарь.

Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі

мена, Кино, бар, дар, немес.

мена, Секта, бар, немес, христианин. Изменение активности ферментов углеводного обмена при...

«Бұлттық технологиялар» — оқу үдерісін ұйымдастыру...

Гант диаграммасын қолдана отырып бірнеше адамның немес бүкіл бөлімінің жұмысын жоспарлауға болады.

Задать вопрос