Ақын-жыраулар поэзиясын қазақ тілі сабағында оқыту әдістері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Абылкасова Г. М., Акогузова С. С. Ақын-жыраулар поэзиясын қазақ тілі сабағында оқыту әдістері // Молодой ученый. — 2017. — №16.1. — С. 6-8. — URL https://moluch.ru/archive/150/42674/ (дата обращения: 19.09.2018).

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің сонау көне заманнан бері жасап келе жатқан халықтық туындылары аз емес. Сан салалы өлең-жыр, философиялық терең негізгі ойға құрылған асыл сөз үлгілері – жыр-толғаулар, асқақ ән,сәнді де сазды төгілген күй – көркем өнер саласындағы халық мұрасының асыл куәсі. Дәуірлік мәні бар философиялық терең сырлы жыраулық поэзия туындылары, әдеби шығармалар – халқымыздың мәдени мол мұрасы, байлығы.

Әрбір халықтың рухани байлығы – ғасырлар бойы даму тарихында жасалған, ұрпақтан-ұрапаққа ауысып отыратын мирас.Басқа халықтар сияқты, қазақ халқының да өзіне тән тарихи басынан кешкен кезеңдері, өрлеу сатылары, әрбір дәуірге лайық мәдени мұрасы, асыл өнері бар [1, 14]. Адамзат ақыл-ойы туғызған небір ғажайыптар ішіндегі уақыт сынына төтеп беріп, адамзатпен жасасып, келе жатқан ең көне, ең бір құдіретті өнер – ол сөз өнері. Дүниені билейтін – сөз, сөзді билейтін – атақты шешендер, би-көсемдер, ақын-жыраулар екені әлимсақтан белгілі жай [2].

Халқымыз қалдырған көркем сөз өнері баға жетпес мол қазына.Оның ішінде қамал бұзар қаһарлысы да, шебер қиылысқан қисындысы да, нөсердей құйылған төкпе туындысы да мол. Асылды жасықтан айыра білген халық шешендерінің аузынан шыққан философиялық тұспалдар мен нақылдар өмір ережесіндей ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, адамгершілік үшін қызмет етіп келеді.

Өшпес, өлмес мұрамыздың мол бір саласы – мақал – мәтел,шешендік сөздер, саналы да салмақты жыраулар қалдырған философиялық терең ойлы толғаулар мен арнаулар,ерлік эпикалық жырлар, жыраулар дәстүрін жаңарта, жақсарта жалғастырған төкпе ақындардың философиялық өнегеге толы поэзиясы.

Қазақтың шын мәніндегі авторлы әдебиеті осы аталған жырау – шешендер мен төкпе ақындар творчествосының өркендеуіне байланысты. Халқымыздың даналығы мен саналығының айқын көрінісі, оның бай ауыз әдебиеті десек, оның ең алғашқы туғызушысы да, жетілте жырлап, талай ғасырлардан аман алып шығып, кейінгі ұрпақтың қолына аман табыс етушісі де жезтаңдай жыраулар мен адуын ақпа ақындар.

Жыраулар – сөз өнерінің ілкі авторлары, ақындыққа жол ашқан асыл сөз шеберлері, халықтың шешендікпен ұштасқан ойлы – сырлы толғау, арнау, термелер мен эпостық жырлардың бастау бұлақтары [1, 14].

Поэзия – өнердің көне түрі. Адам өмірінің қат-қабат қыры мен сыны, қуанышы мен қайғысы, арманы мен мұраты – баршасы поэзияда барлық бояумен, сан-қилы философиялық терең де сырлы ою-өрнегімен көрініс табады. Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті мұрасының дені – поэзиялық шығармалар. Көне қазақ поэзиясы өлең, толғау, ғашықтық жырлар, айтыс, батырлар жыры, қисса, т.б. түрінде жеткен. Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы ақын-жыраулардың жарыққа шығарған философиялық өнегеге толы өлең-жырлары болып саналады. Бұлар қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса маңызды мұралары [3].

Ақын-жырауларды қазақ халқы ақылгөй атадай ардақтап, олардың ақыл-нақыл тұжырымдарын ынталы ықыласпен тыңдап қадір тұтады. Өлең-жырларында Отанды, халықты сүю, елдің береке-бірлігін сақтау, әділетті жақтау, жамандық-пасықтыққа қарсы тұру сияқты адамгершілік дәріптеліп отырды. Ақын-жыраулар халықтың мұңын мұңдап, жырын жырлады.

Ақын-жыраулар халық басына келген қайғыға да, ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды.

Жыраулық поэзия- 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы.Біздің дәуірімізге, негізінен , ауызша жетті. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа даңқы жеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады [ 4, 238].

Жыраудың ең сүйікті жанры-толғау. Толғау, осы сөздің өзінен де көрінетіндей,толғану,толғаныс деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің ойға да, сезімге де қатысы бар.Сондықтан да толғаудың өзін ойға құрылған толғау, сырға құрылған (лирикалық) толғау деп жіктеуге болар еді.

Ой толғауларда жырау-ең алдымен философ. Мұндай толғаулар нақыл, тақпақ, афоризм түрінде келеді. Атақты жыраулардың толғауларында кездесетін афористік сөздердің көбі мақал-мәтелге айналып кеткен. Сонымен бірге жырау өзінің замана жайындағы түйгендерін мораль, этика хақындағы ойларын баяндайды, қоғамдық мәселелерді көтереді.

Қазақ жыраулар поэзиясының көрнекті өкілі Асанқайғы Сәбитұлы (XIV-XV) Еділ бойында дүниеге келген.

Асанқайғының «Жерұйық» іздеуіне қатысты айтылатын аңыздардан да халықтың бас құрап, ірге орнықтырып, ел болу қамын ойлауда оған шешуші міндеттің жүктелгені байқалады.

Асан аты халық арасына ертеден қанықты болса да, оның өзі тұлғасы тым көмескіленіп, бұлдыр сағымға айналып кеткен болатын. Әрі мемлекет қайраткері, әрі философ, ақын ,халықтың қамын ойлап , қабырғасы қайысқан ер-азаматтың тұлғасы оның сөздерінен жарқырап көрінеді.Қазақ халқының тарихындағы аласапыран, алмағайып дәуірдің ақиқатын көркемдеп айта білген, еліне өшпес өнеге, кемел кеңес қалдырған.Асанды данышпан философ-ақын десек артық айтылғандық болмайды.«Таза мінсіз асыл тас, су түбінде жатады.Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас,жел толқыса шығады. Ой түбінде жатқан сөз, шер толқытса шығады».

Бұл жолдарды дүние жүзінде аты мәшһүр дүлдүл ақындардың қайсысының да шығармасымен қатар қоюға болады.

Асан айтқан шешендік, тапқыр сөздер, Асан айтқан философиялық негізге толы толғау жырлар, әрине, өте көп болған. Бізге соның кейбір нұсқалары ғана жетіп отыр. Асан сөздерінің дені:

«Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер,аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер. Жалаң аяқ байпаңдап қаздар қайтіп күн көрер, шыбын шықса, жаз болып таздар қайтіп күн көрер», – іспеттес нақыл, толғау түрінде келсе керек. Бұл жолдардан адам тағдыры ғана емес, жан иесі мақұлықтардың бәрінің тіршілігі толғантқан, көне заманда өмір сүрген көне философ-гуманисттердің типіндегі ойшыл ретінде танылады.

Қазақ жыраулық поэзиясының атасы – Шалкиіз Тіленұлы 1465 жыл шамасында Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Шалкиіз жыраудың туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлігімен, кезегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпінді қуатымен ерекшеленеді.

Дала өмірінің өзіне тән сәні мен салтанатын Ақтамберді зор сүйіспеншілікпен жырлайды.Ол сахара тіршілігінің ішкі қатпарларын емес, нұрлы күнгей жағын ғана көреді.Ақтамбердінің «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын толғау өлеңі дала гимні тәрізді.Оның өлеңдерінен төніп келе жатқан сырт жауға деген наразылық орын алуы да барынша табиғи.

Ұлы дала бастан кешкен ұзақ сонар қилы тарихтың қиын – қысталаңдарында орда бұзар батырларымыз бен қалың жауға ақ алмастай қайрап салар аруақты ақындарымыз қоян-қолтық жүріп қайрат көрсеткен-ді. Азуы алты қарыс Абылай ханның Ақ Ордасында алысты болжаған абыз әрі ақиқат ақберені Бұқар жырау ақылмандық қызмет атқарды.

Халық «өнер алды –қызыл тіл»десе , Бұқар – бұл мақалдың даналығын әбден ұғынған адам. Ол сөз өнерінің қиындығын да , құрметтілігін де білген. Сондықтан да жырау:

«Ел бастау қиын емес- қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес – шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ»-дейді.

«Өз заманындағы жандар бұл кісіні көмекей әулие» деседі екен,-деп жазады Мәшһүр Жүсіп. –Қара сөз білмейді , тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен».

Бұқар – халық поэзиясы үлгісін меңгерген нөсер тілді шебер, философ ақын.Оның шешендігі, әсіресе жыраудың толғауларынан анық байқалады.Ауыз әдебиетінде қалыптасқан жыр,толғау үлгілерін барлық жырауларға тән үлгі десек, Бұқар шығармалары соның куәсі боларлық.

Әдебиеттер:

  1. Сүйіншәлиев Х. VIII-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы «Мектеп» баспасы.-1989-ж.
  2. Досанов С. Егемен Қазақстан. 27.10.2010 ж.
  3. Әбілқасов Ғ. М. Ұлттық тәрбие тағылымы. –Қарағанды.2015 ж.
  4. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. «Аруна» баспасы.Алматы-2005.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, VIII-XVIII, XIV-XV, асана.

Похожие статьи

Эпоха мусульманского ренессанса IX-XII веков в Центральной Азии

В Западной Европе такой ренессанс произошёл в XV-XVIII веках, после почти 700-летнего мракобесия.

Особенно высокая оценка дана учёными разных стран эпохам Возрождения IX-XII и XIV-XV веков.

Отражение мировоззренческих основ суфизма в казахской...

От Яссави и Асана Кайгы до Шакарима и Миржакуба Дулатова — все выдающиеся представители казахской

Во многих русских документах содержатся ясные указания на мусульманский облик народа в XVI-XVIII вв. и сегодня базовыми в познании суфийского мира...

О происхождении Урус-хана | Статья в журнале «Молодой ученый»

К примеру, Машхур-Жусуп Копеев записал рассказ, как к Ежен-хану ездил Асан кайгы [1, 224].

Ускенбай К. З. «Восточный Дашт-и Кыпчак в XIII — начале XV века.

Юдин В. П. «Центральная Азия в XIV-XVIII веках глазами востоковеда».

Роль батыров в сохранении целостности Казахского государства...

Следует отметить, что в XVIII веке в западноевропейском востоковедении изучение Казахстана занимало довольно скромное место

В них, в частности, упоминаются имена таких известных и прославленных батыров как Жанибек, Богенбай, Баймурат, Буберек, Асан, Акмолай [4].

Ислам в Волго-Уральском регионе в XIII–XIX веках

В XIV веке ислам приобретает статус официальной религии в Золотой Орде, исламизация которой началась в начале XIII века.

Выбор периода для исследования – XVIII-XIX вв. был неслучайным. Частью переселившихся в XV-XVI вв. из южных ханств Средней Азии, численно.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало.

В XVII—XVIII вв. поэма была забыта.

К ней обращались светила знаменитой Салернской школы Маттей Платеарий (рубеж XI–XII века) и Маттей Сильватик из Мантуи (XIV век) — автор...

Минарет Калян — жемчужина Востока | Статья в журнале...

Бухара, Минарет, VIII, XI-XII, XV-XVI, кафедральная мечеть. Похожие статьи. Минареты древних городов Узбекистана и световая архитектура.

Династии кыпчакских ханов | Статья в журнале «Молодой ученый»

Хронология правления казахских ханов в XV — середине XVI века. Касим хан, принося свои извинения за то, что из-за преклонного возраста не может

Абусеитова, М.Х., Баранова, Ю. Г. Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в XIII-XVIII веках.

Народная одежда – одно из проявлений материальной культуры...

Костюм узбеков XVIII — первой половины XIX в. продолжал в основном сохранять формы

Об этом колпаке под тем же названием сообщал Ибн Батута (XIV в.), описавший жизнь кочевых

Пугаченкова Г. А. К истории костюма Средней Азии и Ирана XV — первой половины XVI в. по...

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Задать вопрос