Ахлақ пен әдеп мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Садуакасов, Магауия. Ахлақ пен әдеп мәселелері / Магауия Садуакасов, А. У. Байдаулетова, Б. Ж. Паридинова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 12.1 (146.1). — С. 22-25. — URL: https://moluch.ru/archive/146/41711/ (дата обращения: 25.04.2024).



Қазіргі нарықтық қатынасқа негізделген қоғам құру барысында маңызы арта беретін әлеуметтік қатынасқа қатысты айтар болсақ, әңгіме ең бірінші қоғамның ізгілік бағытында ілгерілеуін ғылыми тұрғыда бағыттауды теориялық жағынан негіздеуді тереңдете,әрі кеңейте түсу жөнінде болуы қажет. Бұл өз кезегінде әдептің әлеуметтік қоғамның ізгілік үдерістерін басқарудың ғылыми негізі ретінде әлеуметтік ахлақпен қарым-қатынасы ұстанымдарын зерттеуді жан-жақты қажет етеді.

Ахлақ пен әдептің қарым-қатынасы туралы сұрақ әріден келе жатқан «ауыр» сұрақтардың бірі. Бұл сұрақты қарастыру барысында ежелден еңбекші бұқараны езгіде ұстаған үстем таптың мүддесін қорғаған әлеуметтік ғылым мен идеологияға деген еңбекшілердің сенімсіздігі көзге ұрып тұратын. Осының нәтижесінде ахлақ ұстанымдарын ғылыми тұрғыда зерттеу ахлақи іс-әрекеттерде, адамдар арасындағы ізеттілік қарым-қатынастарының жақсаруына еш әсер ете алмады деген көзқарас дәстүр ретінде қалыптасты. Бұл көзқарастың көрінімдері мүдде қарама-қайшылығы айқын байқалатын езгідегі және үстем таптардың болуына негізделгендігі және осыған сәйкес ахлақи ұйғарымдар жүйесінің болуы қазіргі өтпелі кезеңде де «жолы болғандар» мен «шарасыздық шырмауындағылар» арасында да қылаң беріп қалуы ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды.

Ахлақ және әдеп теориясының бәрінен бұрын осы қазіргі кезеңдегі қоғамдағы әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне тиесілі ұйғарымдар мен заңдылықтарды қарастыруы қоғамда бір жүйе ретінде тиянақталатын ахлақ пен әдептің бірнеше жалпы өсу нүктесі бар екендігін байқатады. Ол нүктелер: бұлардың пайда болу тегінің (генезис) ортақ болуы, ахлақтық рефлекция (ой түю, өз ойлары мен ахлақтық жорамалдарын талдап, саралау) мен нақты әдептік зерттеулер жүйесіндегі әр түрлі мамандықтар арасында пайда болып, дамып, өркендеу үрдісіндегі ахлақ пен әдептің кірігіп кетуі үдерісі, ахлақтық іс-әрекеттер мен әдептік идеологияның бірігуінің іске асуы нәтижесінде қазіргі заманғы қоғам мүшелерінің рухани жетілуі мен нарықтық заманға лайық тұлғаның мінез-құлқының қалыптасуы.

Әдепті қалыптастырушы ерте грек ойшылы Аристотельдің пайымы бойынша әдеп жасөспірімдерді парасатты өмір арнасына бағыттауы тиіс ақыл-кеңестер жинағы болуы керек еді. Әдеп туралы оның бірінші шығармасы да осылай аталады. «Никомахқа -әдеп туралы» (Никомах-Аристотельдің ұлы). Әйтсе де адамзат тек қана бастамашылардың ойға алғандарын орындаумен шектеліп қала алмайды. Осыған орай бүгінгі әдеп туралы жарияланып жатқан мыңдаған ғылыми еңбектердің ішінен ішінара бір-екеуі ғана жастарға ақыл айту мен оларды түзу жолға салу туралы болуы мүмкін. Сондықтан, адамзат қалыптасып орныққан ойлыақыл әрекеттері түрінің бастапқы түсіндірілуі мен түпкі мақсатын өмір иірімдері мен әрекеттің дамып жетілуі заңдылықтарына орайластыра жүргізеді. Және бұл адамзаттың жаңа, бұрынғыдан жетілген, анағұрлым шуақты өмірге жеткізер қасиетті құқығы да. Аталған үрдіске қатысы бар әрбір жеке тұлғаның міндеті ретінде көрінетін осы құқықсыз адамзат көркемөнерде - этностан, ғылымда - жер өлшеуден, пәлсапада - күнделікті өмірдегі пайымдылықтан, әдепте - нақты өзі көріп тұрған, өмір тәжірибесінің беткі қабатын ғана сезінуге негізделген әрекеттен туған сөз арқылы әсер етуден аса алмас еді.

Әдеп қалай пайда болды? Оның өз бойында ахлақтық пайымдаулардан не бар және өзінің дербестік деңгейі қаншалықты? Әдептің пайда болуына ахлақ қаншалықты септігін тигізеді? Бұл сұрақтарға жауап беру оңай емес. Бұл жерде сөздің пайда болуын анықтау және оның өз немесе басқа тілдегі сөздерге туыстық қарым-қатынасын анықтайтын этимологияның да көмегі аз болады. Әдептің қалыптасуы мен дамуы тарихынан алынған жекелеген фактілердің де берері аз. Ахлақтың өз бойында, дәлірек айтқанда ахлақтық естің әрекеттерінде осы естің көмегімен реттеу мүмкін болмайтын жағдай қалыптасуы ықтимал еді. Бұл жағдайлар ахлақтық естің сол естіліктің шеңберінен тысқары шығып, әлемді көріп - танудың жаңа деңгейіне шығуына итермелейді. Бұл ретте ахлақтық естің бұрынғы тәсілдері «құндылықтарды қайта қарау» арқылы іске асырылуы мүмкін емес еді, әйтсе де бұл тәсілдер де нақтылықты пайымдаудың бұрынғы шекарасынан анағұрлым тысқары кетті. Неге бұлай? Өйткені, «құндылықтарды қайта қарау»дың кез келген әрекеттері ахлақтың өзі мен ахлақтық естіліктің тағдырына із салмай кетпейді. Ол бағалаудың бұрынғы қатып - семген қалыбынан арылуды, ахлақты бақылауда ұстау мүмкіндігінің шегін нақтылауды қажет етеді. Әйтсе де ахлақ өз әрекеттерінде кей мәселелерді шешу қажеттілігін туындатады, бірақ ол мәселелерді шешпейді. Өйткені, оның өзі де қоғам мен жеке тұлғаның өмірлік мәселелерін игерудің тәсілі ғана. Ахлақ аймағынан теория ретінде әдеп кеңістігіне жедел түрде танымдық, ғылыми және нақты ахлақтық сұрақтар (бағалаушы және өлшемдік) енеді. Ахлақ «ізгілік құндылықтарына не нәрсе тән, олардың табиғаты қандай?» деген сұраққа жауап бере алмайды. Ахлақтық естілік себеп, талпыныс пен нәтиже бір-біріне сәйкес келмейтін ұстанымдық тұрғыда жаңа әлеуметтік құбылыстарға баға беру кезінде кәдімгідей қиыншылыққа кезігеді. Осы кезде көмекке әдеп келе алады. Әйтсе де, аталған мәселелер ахлақтың әлеуметтік міндеттерін атқаруда өте қажетті бола отырып, ахлақ теориясы ретіндегі әдептің құрамды бөлігі ғана болып қалады. Олар «Ахлаққа не жатады? » және «Не нәрсе ахлаққа сай?» деген сұрақтар төңірегінде топтасады. Әдептік теорияның маңызды мәселелері ретінде сондай-ақ «ахлақтың мәні мен табиғаты қандай?» - деген сұрақты атауға болады.

«Ахлаққа не жатады?», « Не нәрсе ахлаққа сай?» және «Ахлақ дегеніміз не?» - осы үш сұрақ ахлақ туралы арнайы ғылымның жалпы нобайын құра отырып, әр түрлі әдептік ілімде шешуші мәнге ие болады. Олар өз мәні бойынша «Қалай өмір сүру керек?» «Не үшін өмір сүруі керек?» деген ізгілік сұрақтарынан өзгеше болады. Әйтсе де олардың арасында өзара байланыс та, өзара бағыныштылық та бар. Ахлақ көбіне өмірлік ұстаным туралы сұрақтарды қарастырып, ал әдеп адамдардың ахлақтық естілігіне әсер етуге, ахлақтық бағдарлама мен талаптарды қалыптастыруға немесе ахлақтың қоғам мен жеке тұлға өміріндегі маңыздылығын негіздеуге талпынады.

Ахлақ пен әдептің өзара қатысы жоқ, олардың даму барысында да өзара әрекеттес болмағандығы туралы пікір бұрын да болған, қазір де бар. Кейде былай деп те айтылады - ахлақ барлық адамзат қоғамына тән, ал әдеп тек батыстық, нақтырақ айтқанда еуропа мен американың мәдениетіне тән. Шығыс әлемі әдепті ахлақ теориясы ретінде біле бермейді деген мағынада. Бұдан басқа да көптеген тұжырымдар айта отырып, ахлақ өз жолымен, ал әдеп өз жолымен дамып, өркендейді деп есептейді. Әйтсе де мұның барлығы ахлақ пен әдеп бір –біріне еш әсер етпестен, тек қатар өмір сүреді дегенді білдірмейді.

Ахлақтың жалпы мәселелерін жинақтап қарастыра алу деңгейіне көтеріле отырып, әдептің ғылым ретінде ұтары не? Бұл үдеріс ахлақи қажеттіліктерді қанағаттандыру керектігінен туындай ма , әлде ол мәдениеттің рухани және заттық-нәрселік бөлігін ажыратып бөлу нәтижесі ме? Әдептің даму тарихын арнайы мақсат қоймай жай ғана қарастыру оның қоғам дамуындағы рухани және заттық-бұйымдық өмір қажеттіліктеріндегі үлкен алшақтықтың әсерін өте қатты сезінгенін, бұл екі мәдениеттің бір-бірінен бөлініп қалғандығын айғақтайды. Әдеп мамандарының пайымдауларында көбіне ештеңеге қатысы жоқ, ізгілік мәселелерін құрғақ ақылгөйсу,немесе әшейін бас қатыру деп қабылдайтын көңілі мейрам тұлға бой көрсетеді. Дей тұрғанмен, қалай аталса да -жәй ғана пайымдылық, пәлсапа, бейқам іс-әрекет пәлсапасы делінсін, әр уақыт әдептік зерттеулер ізгіліктегі алға басушылықтарға алғышарт болуы, жеке адам мен адамзатқа қорған болуы қажет. Ахлақтық естілік те осы аталғадардың болуын қалайды. Сондықтан іс-әрекеттік идеология түрінде қарастырылатын әдептік ойлау тарихы бір жағынан адам мінезінің негізі мен мәнін іздеуде таң қаларлық , ал кейде жан түршігерлік адасуларға тап болады, екінші жағынан оның өзі өз зерттеу пәніне барынша терең бойлауға талпынуын тоқтатпай , адамзат пен өзі өмір сүрген уақытына барынша адал қызмет етуге тырысады.

Бұрынғы кеңес заманындағы әдеп маманы А.А.Гусейновтың айтуынша: «Тарихи ұзақ уақыт бойы ізгілік үдерістерін зерттеушілер қатарында шығармашылық әлеуеті ең зор, ақылман тұлғалардың болуы ахлақтың жеке тұлға мен адамзат өміріндегі орасан зор маңызын, адам баласының ізгі естелік деңгейінің өте жоғары екендігін көрсетеді».

Егер бұл мәселені тұтастай қарастырар болсақ, оны төмендегідей көрсетуге болады: номиналды түрде және іс жүзінде әдеп ахлақ теориясы ретінде құл иеленушілік қоғамда ой еңбегі мен дене еңбегі, рухани және заттық-нәрселік құндылықтар қарама-қайшылығы жағдайында пайда болған. Әйтсе де өз пайымы бойынша нақты үдерісті сипаттайтын кез келген теория секілді әдеп те ізгіліктің нақты құбылыстарын зерттеумен айналысты да, бұл ізденістер ойлау тарихында тәңір сыйы (благо) әдебі, борыш әдебі, мінез әдебі, жоғары құндылық (идеал) әдебі, бейнелеу әдебі (дискриптивті) және бейнелеуге дейінгі немесе өлшемдік (прескриптивті) әдеп ретінде көрінеді. Әдеп естілігі қаншалықты тар деңгейдегі, тіптен адам ахлақтылығының теріс үлгісін ұсынғанымен, бұл үлгілер сол замандағы ахлақтың алдында тұрған мәселелерді қамтиды. Сондықтан, әдептік зерттеулердің жүргізілуі және өркендеп дамуы ізгіліктің алға басуының кешенді алғышарты болып табылады. Одан бөлек, әдеп, біздің ойымызша ахлақтың дамып жетілуінің сенімді көрсеткіштерінің бірі.

Ахлақтың тек белгілі бір деңгейде дамып-жетілуінен кейін ғана оны тұтас күйінде теориялық тұрғыда зерттеу , ғылыми білім жүйесінде жеке пән ретінде жаңғырту мүмкін болады. Дамыған теорияның пән болуы үшін зерттелуші обьект қандай шарттарға сай болуы керек деген сұрақ қазіргі заманғы ғылыми әдістеменің шешуші сұрағы болып табылса, әдеп үшін оның маңызы тіптен ерекше. Ал енді біз ахлақтан әдепке өтуді теориялық тұрғыда көз алдымызға елестетіп, бұлай ауысудың қажеттілік негізін анықтауға талпынып көрелік. Ғылыми әдебиеттерде бұл туралы әр алуан пікір бары белгілі. Күнделікті әңгімелесу сәттерінде «ахлақ» пен «әдеп» терминдері көбіне синоним ретінде кездесе береді. Әдеп белгілі бір шамада ахлақтық естеліктің теориялық деңгейін білдірсе, ахлақ әдеп жүйелеген идеялардың , идеалдардың іске асу аймағы, жақсылық пен толымды адамға сай мінез қалыптастырушы ретінде көрінеді. Мұнымен қатар әдеп туралы әдебиетте әдеп теориясына ахлақтық бағалауларды енгізбеуді, жалпы жетілген «теорияны» кәдімгі ақыл айту деңгейіне түсіруге болмайтыны туралы жазылады. Бұл пікірмен бір уақытта ізгілік мәселелерін әдептік тұрғыда зерттеудің соңғы нәтижесі теорияның ахлақтық естелікке тегеурінді әсер етуі екендігі де мойындалады.

«Ізгілік метафизикасының негізі» деген еңбегінде И.Кант та жеке тұлғаның естілігі мәселесін теориялық тұрғыда саралауға талпынды.

Ахлақтың ақылдың пайымы, әрі мұнымен бір сәтте ақылдың тәжірибеге дейінгі априорлы таңдауы да екендігі туралы жалпы концепциясына сай И.Кант танымал ізгілік философиясынан ізгілік метафизикасына, яғни ахлақтық мәселеден философиялық әдептік мәселеге ауысуды жоспарлады. «Табиғи диалектикада», әдеттегі ахлақтық пайымдауларда «борыштың қатал заңдарына кереғар ақылгөйси отырып олардың ықтимал күш-қуатына, тазалығы мен қаталдығына күмән келтіруге, мұнымен қатар мүмкін болған жердің бәрінде бұларды біздің қалауымыз бен бейімділіктерімізге барынша сай етуге» тырысты

И.Канттың пікірінше, егер өз мәдениетін дамытатын болса, кәдімгі іс-әрекеттік естеліктің де өн бойында біртіндеп философиядан көмек іздеуге мәжбүрлейтін диалектика пайда болады. Жеке тұрғаның ахлақтық естілігінде ахлақтық бұйыру мен табиғи талпыныстар (тек осылар ғана емес), пәлсапалық және дүниетанымдық ұйғарымдар адамдардың ахлақтық борыш пен жауапкершіліктің ауыр жүгін өзінен алып тастауға талпынысына тосқауыл қоятын соңғы инстанция ретінде көріне алады. Шынында да ахлақты ғылыми негіздеуге қабілетті философияға жүгіну борыш пен жауапкершілікті сезінуді бекіте түсудің қайнар көзі бола алады да, жоғарыда аталған талпынысты жоюға ықпал етеді. Сонымен қатар ғылыми негізделмеген «ақылгөйсу» адамды ахлақтық талпыныстарды жоққа шығаратын немесе керек қылмайтын ұстаным деңгейіндегі тоқмейілсуге әкелуі мүмкін. Әйтсе де, И.Канттың ұйғарымдарының кемшілігі жеке тұлғаның ахлақтылығының бір ғана негізі априорлы (тәжірибеден тәуелсіз, о бастан адам естілігіне тән), эмпирикадан тыс ақылдың қабілетінде деп білуі (В.Ганжин). Осылайша әдеп, немесе И.Канттың терминологиясында «ізгілік метафизикасының міндеті тек қана «ізгілік ұғымының табиғи динамикасы», «таза іс-әрекеттік ақылдың, дәлірек айтқанда философияның күнделікті ахлақтық естіліктегі қолданатын тазартушы (әрекет нәтижесін және бүкіл мазмұнын) тәсілі болуы тиіс деген ұйғарым жасауға болады». Осылайша, И.Кант айтқандай, «ахлақтық түсініктер ақылда философия мен әдептегідей априорлы (о бастан, тәжірибеге дейін), әрі қарапайым, қатардағы адамның естілігіндей пайда болады. Егер осылай болса, әдептік теория айналып келгенде тек ахлақтық естіліктін өзін өзі анықтаудағы өзінше бір рухани ұмтылыс болып қалады да , әдепті теория деп атаудан бас тарту керек болады. Өйткені , теория дегеніміз ақылдың белсенді әрекетінің нәтижесінде обьекттің тұтас болмысы мен байланыстарын қайта жасақтайтын нақты білімдер жүйесі. «Таза ақылды сынау»деген еңбегінде И.Кант дәлелдегендей, теория обьекттің тұтас болмысының кездейсоқ бейнесі емес , ақылмен іске асырылған категориялық бірігу және обьекттің жалпы байланыстары мен заңдылықтарын көрсетуші. Теорияны, ол осылай атала алуы үшін эмпирикалық контекстен «жоғары» көтеру керек, ол қаншалықты ауқымды болғанымен сезімдік тәжірибеден туындамауы тиіс.Егер тәжірибеде адам нақты әлеммен, нақты бар обьекттермен байланыста болатын болса, даму кезеңіндегі ғылыми білім түріндегі теорияда бұл әлем тікелей емес – арнайы түсініктік құрылымдар арқылы нақты обьекттердің заңды байланыстары мен қарым-қатынастарын бейнелейді.

Әдеп өзінің ғана емес, философия мен мәдениеттің де шешілмеген мәселелерін қарастыруы себепті өзінше бір ғылым ретінде байқалғанымен, оған да өз пәнінің теориясы ретінде жалпы ғылыми талаптар қоюға болады. Одан бөлек, әдеп тарихында теория да, ғылым да ахлақтың өзі деген пікірлер кездеседі. Осылай ойлау үшін де белгілі бір негіздер болды. Ғылыми жұмыстардың терең маманданған мәні анықталмай тұрғанда, яғни ХХ ғасырдың ортасына дейін ахлақты жастарды түзу жолға салу мен білім деп білді. Оқыту мен тәрбиелеу үдерісін, дәлірек айтқанда - осы үдерістің мақсатын, тәсілі мен мазмұның ахлақ деп білді. Ағылшынның XVII-XVIII ғасырдағы философтары Локк пен Юм да осылай деп есептеді, ізгілік ғылымы туралы Н.Г.Чернишевский де осы мағынада жазды. Бүгінгі күні де «кәсіби ахлақ», «кәсіби әдеп »терминдеріне осындай мағына беріледі. Ахлақтың өзінің мәдениетте қол жеткізген зор беделі, адам өміріндегі биік мақсат пен сол мақсатқа қол жеткізу жолдарын айқындауға жауапты болуы арқылы қалыптасқан «ахлақ» ұғымының мағынасы бізге дәстүр арқылы да жеткен. Дәстүрді онымен ұқсас құбылыстармен, ең алдымен құқық, салт -санамен салыстыра қарастыру ахлақтың неліктен осындай кең ұғымда түсінілу себебін анықтайды. Әйтсе де, мұнымен бірге ахлақты бұлай түсіндіруде адамзат өркениетінің ғылыми - техникалық прогресс кезеңінде де, қазіргі постиндустриалдық заманда да байқалатын ахлаққа артар үміті көрініс береді. «Ізгілік метафизикасы» және оның ахлақтан немесе қалыпты әс-әрекеттегі ақылдан айырмашылығы туралы жазған Кант әдеп теориясының маңызды жақтарын жақсы ерекшелей білді. Әдептік зерттеулер аясында ахлақ бір жүйеге келтірілген құбылыс бергілерінің көптүрлілігі ретінде қарастырылуы және зат немесе нәрсе ретінде бір пайымда түсіндірілуі тиіс. Мұндай әрекетті іске асыру ахлақтың мәні не екеніндігін түсіндірумен де айналысып жүрген ахлақтық естіліктің қолынан келе қоймайды. Өйткені, ол біріншіден ізгілікті іс – әрекет арқылы шешудің шарттарына, екіншіден осыларды бір жақты шешу мақсатына байланысты .

Егер бұл жағдайда ахлақтық естіліктің сіңірген еңбегі жеке тұлға өмір сүретін әлеуметтік ортаның ізгілік мәнін тану және жеке тұлғаның заңды ізгілік бейнесі болса, әдеп пен әдептік естіліктің сіңірген еңбегіне ахалақтың дамуының қоғамдық тұрмыспен өзара әрекеттесу заңдылықтарын тану және осы дамуды түсінік арқылы қамтамасыз ету, алдағыны болжау (жаңа түсініктерді қалыптастыру және саралау, дәстүрлі түсініктердің мәні мен мазмұнын кеңейту) болып табылады.

Әдептік теория ахлақтық естілікте пайда болатын жалпылама және әйтеуір ойда жүрген (абстрактылы) мәселелерді шешу барысында ғана пайда болады деп білу қате болар еді. Ол мәселелер жеке тұлғаның өз мінезінің дұрыс бағдарын таңдай алуы, өмірдің мәні, өмірдің адам және адамзаттың тіршілік болмысындағы алар орны және т.б. Ахлақтық естіліктің қажеттіліктері әдептің пайда болуына керекті құнарлы топырақ болып табылады. Әйтсе де әдептің мүмкіншіліктері мұнымен шектелмейді. Мейірім дегеніміз не, ахлақ қандай құрамды бөліктерден тұрады және ізгіліктің ерекшелігі неде деген сұрақтарға ахлақ деңгейінде жауап бере алмайсың, бұл деңгейде тіптен мұндай сұрақты қоя да алмайсың. Әйтсе де әдеп теориясы үшін олардың үлкен маңызы бар. Сондақтан, адам мінезіне қойылар талаптарды теориялық тұрғыда қатаң түрде негіздеу керек, күнделікті қолданыстағы түсініктердің де теориялық тұрғыда қажеттілігін айқындау, ал өлшемдік әдеп-ахлақ теориясы арқылы негізделуі тиіс деген И. Кантты түсінуге болады.

Әдеп теориясының ең үлкен кемшілігін Кант: «Ақылы жоқ басты күнделікті мылжыңдасуға әбден жарайтын әр тараптан жинақталған көрген, білген, естігендері мен жартылай ойдан шығарылған ұстанымдардың жүрек айнытар қойыртпағын түзетін теориялық және ахлақтық аргументтердің жинтығы болуымен рахатқа бөлейтіндігінен» деп білген. Канттың категориялық императиві назарға ұсынылған 1788 жылдан бастап іс-әрекеттегі ахлақтық естіліктердің солай деп есептегендерінен қол үзіп, тек белгілі бір ахлақтық ұйғарымдарды қаперге алудан тысқары шығуы сәтінен бастап әдеп теориясының тарихы басталды.

Бүгінгі күні ең негізгісі әдептік білімнің мәнділік анықтамасын зерттеу мен осы білімді игеру тәсілімен байланысты сұрақтар болып табылады.Бүгінгі нарықтық қоғамда ахлақ әлеуметтік басқару және даму факторына айналған шақта көкейтесті ізгілік мәселелерінің барлығының жиынтығын тұтас қамтитын ғылыми-теориялық ізденістер қажет болатыны айқын. Осыдан барып әдептің мәні мен міндетін ерекше түсіну қалыптасады.

Әдебиет:

  1. Ганжин В. Этика и формирование нравственности. - М., 1978.
  2. Дробницкий О.Г. К вопросу о специфике морали. // В сб. «Предмет и система этики». - М., София, 1973.
  3. Гусейнов А.А. Проблема происхождения нравственности // Философские науки». – 1964. - №3.
  4. Кант И. Соч. в 6 т. - М., 1965.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, пена, бар, немес, оса, теория, XVII-XVIII, кант, философия мен.


Похожие статьи

Основания философии истории Ж.-Ж. Руссо и И. Канта

И. Кант называет идеи Ж.-Ж. Руссо решающим фактором, приведшим его мысль к «коперниканскому перевороту» в философии, к созданию трансцендентальной антропологии. В области философии истории преемственность идей этих философов исследована мало.

Формирование психологических концепций в XVIIXVIII веках

Абстрактному способу рационалистичной философии британское направление в теории познания — эмпиризм противополагает навык.

Образцом германского идеализма начала XIX столетия был отмечен философ И. Кант (1724–1804).

Концепция мифа в трактате Эрнста Кассирера «Философия...»

Рубрика: Философия. Опубликовано в Молодой учёный №21 (101) ноябрь-1 2015 г.

Немецкий философ И. Кант описывал чистую способность воображения или трансцендентальное воображение, которое он в рамках своей трансцендентальной теории называл продуктивной...

Пенталогия о кожаном чулке Д.Ф. Купера и пуританские идеалы...

...чулке Д.Ф. Купера и пуританские идеалы в североамериканских колониях XVII-XVIII веков.

мира приводит к выстраиванию некой антитезы новой буржуазной Америки и XVIII века, когда

детства, которое протекало в Куперстауне, штат Йорк, вблизи мест, где в XVIII веке проходила...

Время как одна из основных характеристик человеческого бытия...

В Новое время (XVII-XVIII века) получает распространение

Анализ кантовской теории времени со всей очевидностью показывает, что в основе ее лежат и в

И хотя Кант дает свою, отличную от ньютоновской, философскую характеристику времени, приписывая времени...

Адамдарда болатын агрессияның себептері мен алдын алу жолдары

Агрессивтік мінез-құлық қарқындылығы мен пайда болу дәрежесі бойынша: жеккөрушілік

«Агрессия - бұл белгілі бір адамға немесе затқа жүйелі, ниетті түрде бағытталған зақым келтіретін іс-әрекеттер».

Агрессивтілік әр адамға қасиет, сондықтан белгілі күші бар.

Понятие “достоинство человека” и его научно-философская...

В философии XVIII века проблема чести и достоинства личности с наибольшей остротой встала у И. Канта и Г. Гегеля. И. Кант выступает с требованием уважения к достоинству человека...

Похожие статьи

Основания философии истории Ж.-Ж. Руссо и И. Канта

И. Кант называет идеи Ж.-Ж. Руссо решающим фактором, приведшим его мысль к «коперниканскому перевороту» в философии, к созданию трансцендентальной антропологии. В области философии истории преемственность идей этих философов исследована мало.

Формирование психологических концепций в XVIIXVIII веках

Абстрактному способу рационалистичной философии британское направление в теории познания — эмпиризм противополагает навык.

Образцом германского идеализма начала XIX столетия был отмечен философ И. Кант (1724–1804).

Концепция мифа в трактате Эрнста Кассирера «Философия...»

Рубрика: Философия. Опубликовано в Молодой учёный №21 (101) ноябрь-1 2015 г.

Немецкий философ И. Кант описывал чистую способность воображения или трансцендентальное воображение, которое он в рамках своей трансцендентальной теории называл продуктивной...

Пенталогия о кожаном чулке Д.Ф. Купера и пуританские идеалы...

...чулке Д.Ф. Купера и пуританские идеалы в североамериканских колониях XVII-XVIII веков.

мира приводит к выстраиванию некой антитезы новой буржуазной Америки и XVIII века, когда

детства, которое протекало в Куперстауне, штат Йорк, вблизи мест, где в XVIII веке проходила...

Время как одна из основных характеристик человеческого бытия...

В Новое время (XVII-XVIII века) получает распространение

Анализ кантовской теории времени со всей очевидностью показывает, что в основе ее лежат и в

И хотя Кант дает свою, отличную от ньютоновской, философскую характеристику времени, приписывая времени...

Адамдарда болатын агрессияның себептері мен алдын алу жолдары

Агрессивтік мінез-құлық қарқындылығы мен пайда болу дәрежесі бойынша: жеккөрушілік

«Агрессия - бұл белгілі бір адамға немесе затқа жүйелі, ниетті түрде бағытталған зақым келтіретін іс-әрекеттер».

Агрессивтілік әр адамға қасиет, сондықтан белгілі күші бар.

Понятие “достоинство человека” и его научно-философская...

В философии XVIII века проблема чести и достоинства личности с наибольшей остротой встала у И. Канта и Г. Гегеля. И. Кант выступает с требованием уважения к достоинству человека...

Задать вопрос