Тарихи зерттеулер жүргізудің әдістері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Паридинова Б. Ж., Оразов Т. Б. Тарихи зерттеулер жүргізудің әдістері // Молодой ученый. — 2017. — №12.1. — С. 20-22. — URL https://moluch.ru/archive/146/41698/ (дата обращения: 16.12.2018).

Тарихи зерттеулерді жүргізуге арналған көптеген жалпығылыми және арнайы әдістер қолданылады. Зерттеу жұмысы барысында негізгі әдістерінің мәні мен түрлеріне тоқталуды жөн көрдік.

Нарративті немесе сипаттамалық-баяндамалық әдіс. Ұғым өзара байланысты оқиғалардың оқырман немесе тыңдарманға сөздер мен бейнелер реттілігіне қарай жеткізуді көздейді. Түсінік сипаттама және баяндама ұғымдарымен тығыз байланысты болғандықтан әдістің екінші атауы да қосарлана айтылады. Баршамызға белгілі, тарих оқиғалар туралы баяндайтын ғылым саласы. Story сөзінің өзі баяндау, әңгіме деген мағына береді. Сондықтан жоғарыда аталған әдістің рөлі өте жоғары деп санаймыз.

Бүгінде нарратив адамзат ойлауының жаратылысына тән қасиеттерге ие деп танылады және түсінік пен мәдени тәжірибе, ғылыми зерттеулер мен білім беру технологиялары, әлеуметтік өзара байланыстарды ұйымдастырудың нысаны ретінде қарастырылады. Бұл көзқарастың қалыптасуын Й. Броймейер мен Р. Харре 1980 жылдарға жатқызады. Олардың пайымдауларынша, «баяндаудың ауызша және жазбаша түрлері табиғат және өмір сүру талпыныстарының іргелі психологиялық, лингвистикалық, мәдениеттанулық және философиялық негіздерін құрайды. Адамның жасырын ойларын ұғыну өмір сүру түрлерінің мағынасын түсіндіру және жасау мүмкіндіктерін қалыптастырады. Осы шеңберде нарратив көмегі арқылы өз тәжірибеміздің жіктемелі және күрделі мәнін түсінеміз. Нарратив түсінігінің мәні өзіміздің еске түсіру, талаптарымыз, өмірлік тарихымызды ұйымдастыру арқылы сауалдарды жиынтықтау және кеңейтуді көздейді» [1, 29-42].

Салыстырмалы әдіс. Салыстыру ғылыми танымның негізгі қағидаларының бірі. Әдіс ғылыми зерттеулерде кеңінен пайдаланылуына байланысты танымның жаратылыстану және қоғамдық салаларында қолданылады. Ежелгі дүниеде қайталанатын құбылыстарды бақылау арқылы оның себептерін түсінуге тырысқан. Салыстырмалы әдістің негізі ретінде нысан мен құбылыстың үйлесімділігін айқындайтын ұқсастық заңдылықтары саналады. Осы әдісті пайдалануға байланысты құбылыстардың жалпы заңдылықтарын айқындауға, қоғамдағы өзгерістер мен даму үдерістерін анықтауға болады. Салыстырмалы әдісті қолдану тәжірибесі көрсеткендей, берілген әдіс негізінде ғылыми-танымдық шешімдермен қатар, маңызды қолданбалы міндеттер айқындалады.

Салыстырмалы әдісті қолдану барысында мына мәселелерге ерекше назар аударылады: салыстырмалы тәсілдің қолдану саласы, нақты әдістерінің ерекшеліктерін теориялық негіздеу; ұқсас ахуалдарды іріктеу өлшемдері; маңызды құндылықтарға сипаттама беру; қорытындыны қалыптастырудың негізгі кезеңдерін белгілеу; аралық нәтижелерді талдау, өзгерістер енгізу; салааралық ерекшеліктер бойынша шет елдік тәжірибені талдау; салыстырмалы тәсілдің түрлі кезеңдерінде математикалық әдістерді қолдану мүмкіндіктері.

Типологиялық әдіс. Әдіс әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарда қолданылатын маңызды тәсілдердің бірі болып табылады. Салыстырмалы әдіс сияқты салыстыру тәсілдеріне сүйенеді. Бір-біріне ұқсас құбылыстар мен процестер тобын айқындап, нақты тарихи шындықтың логикалық моделі ретінде қорытындылар жасайды. Типология зерттеуші санасында ойлау нысандарын құруға негізделеді. Оның негізі болып табылатын түр зерттеліп отырған құбылыстың маңызды келбетін айқындайтын ізгі құрылым.

Тарихи зерттеулердің маңызды әдістерінің бірі болып табылатын тәсіл арқылы жіктеу міндеттері жүзеге асады. Типологиялау негізіне нысандар немесе құбылыстар жиынтығының маңызды белгілерін есепке ала отырып біртекті сыныптарға бөлу жатады. Әдіс жіктеу негіздерін таңдау қағидаларын сақтай отырып, нысандар жиынтығының сапалық табиғатын айқындайды. Сараптамалық тәсіл ретінде ақиқатты абстракциялау мен оңайлатуды көздейді.

Құрылымдық әдіс. Латынның structura сөзі «құрылым, орналасу» деген мағына білдіреді. Берілген әдіс жүйе ішіндегі тұрақты байланыстарды айқындап, олардың негізгі қасиеттерін сақтауды қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес, тәсілдің жүйелік әдіспен жақындығы байқалады. Сондықтан, кейбір кездері жүйелік-құрылымдық тәсіл деп атап көрсететін ғалымдар да кездеседі.

Структурализмнің қайнар көзі лингвист Ф. де Соссюр және әлеуметтанушы Э. Дюркгейм еңбектерімен байланысты. Саланың дамуына ағылшын антропологы А. Рэдклифф-Браун мен Кеңестер елінің фольклоршысы В.Я. Пропп еңбек сіңірді. Әлеуметтік ғылымдардағы структурализм туралы француз ғалымы К. Леви-Стросс [2, 512] өз еңбегінде баяндады.

К. Леви-Стросс бойынша әрбір құбылыс немесе процесс барысында жасырын құрылымдық байланыстар орын алады. Антрополог міндеті - осы байланыстар құрылымын айқындау. Ғалым берілген әдісті аңыздар, тотемизм, әдет-ғұрыптар мысалында әзірледі. Нәтижесінде әдіс психологияның санасыздық құрылымдарында пайдаланыла бастады.

Жүйелік әдіс. Әдістің алғашқы негізгі қағидаларын биолог Л. фон Берталанфи [3, 23–82] қалыптастырды. Әдісті әзірлеуге математик Н. Винер, психиатр У. Эшби ерекше мән берді. Отандық әлеуметтік ғылымдарда М.С. Машан [4, 208] ғылыми еңбегінің маңыздылығы жоғары.

Жүйелік әдістің негізгі қағидалары төмендегідей: тұтастық - жүйені және жүйешікті жалпылай қарастыру; иерархиялық құрылым - басқарушы және басқарылушы жүйешіктерінің өзара байланыстары; құрылымдау - жүйе бөлшектері және оның өзара байланыстарын талдау; тәсілдер көптігі - жалпы жүйені және оның жеке бөлшектерін кибернетикалық, экономикалық және математикалық модельдер арқылы сипаттау; жүйелілік - нысанның барлық қасиеттерінің белгілерін анықтау.

Бір мақала шеңберінде тарихи зерттеулер әдістерінің мәні мен түрлерін ашу мүмкін емес. Сондықтан зерттеу тақырыбына байланысты көптеген ғылыми жұмыстар жүргізу қажеттілігі байқалады. Бұл зерттеулер әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен айналысатын сала мамандарына көп көмегін беретіндігіне сенімдіміз.

Әдебиет:

  1. Брокмейер Й., Харре Р. Нарратив: проблемы и обещания одной альтернативной парадигмы // Вопросы философии. - 2000. - №3. - С. 29-42.
  2. Леви-Строс К. Структурная антропология. - М.: ЭКСМО-Пресс, 2001. - 512 с.
  3. Берталанфи Л. фон. Общая теория систем – критический обзор // Исследования по общей теории систем / Отв. ред. В.Н. Садовский, Э.Г. Юдин. М.: Прогресс, 1969. - 520 с.
  4. Машан М.С. Политическая система Казахстана: трансформация, адаптация, целедостижение. - Алматы, 2000. - 208 с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, общая теория систем.

Похожие статьи

Понятие системы. Сложная системная интеграция

До 1940-х годов термины «система» и «системное мышление» использовались лишь некоторыми учеными, но именно концепция открытых систем Берталанфи и общая теория систем возвели системное мышление в ранг главного научного направления.

Общая теория уязвимостей компьютерных систем

Сложность создания общей теории уязвимости компьютерных систем обуславливается сложностью определения переменных объектов, на которые будет оказано воздействие извне, их реакцию и события, произошедшие после.

Системный подход к управлению логистическими...

Принципиально важно, как отмечает в своих исследованиях д. э.н., профессор НИУ-ВШЭ Виктор Иванович Сергеев, чтобы в основе логистического менеджмента лежала методология общей теории систем, т. е. рассмотрения предприятия, фирмы организации...

Теория неравномерного развития Самира Амина: критическая...

Библиографическое описание: Гончарова Т. М. Теория неравномерного развития Самира

Система воспроизводит сама себя, успешно сопротивляясь попыткам отдельных стран

Автор статьи, разделяя в общем и целом антиимпериалистическую ориентацию Амина и его...

Системный подход к совершенствованию менеджмента...

‒ исследование структуры теорий систем и системных концепций.

Общепризнанно, что основоположником общей теории систем является Людвиг фон Берталанфи, основной труд которого «Общая теория систем».

Системный подход как метод исследования преступлений против...

Садовский В. Н. Основания общей теории систем. М., 1974.

Теория государства и права: учебник / Н. И. Матузов, А. В. Малько. М.: Юристъ, 2004. 245 с. Уемов А. И. Системный подход и общая теория систем.

Основные понятия и принципы системного управления...

В рамках данной концепции главная цель социотехнических систем — найти

Решение проблем социотехнического проектирования лежит скорее не в плоскости описания управления трудовыми процессами или изучения групповых форм работы, а в рамках общей теории систем.

Исследование классификации системных свойств организаций

Общая теория систем: критический обзор. В сборнике переводов Исследования по общей теории систем / Л. фон Берталанфи.- М.: Прогресс, 1969.

Роль и сущность системного подхода в профессиональном...

3) исследование структуры теорий систем и различных системных концепций и разработок.

Первоначально методологические исследования группировались вокруг задач построения общей теории систем.

Знания и их функции в системе управления | Статья в журнале...

Общая теория систем рассматривает окружающую реальность как единство вещества (массы, материи), энергия и информации.

Экономическая природа знания и теоретические основы...

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Задать вопрос