Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамыту бағыттары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Жайберген, Н. Н. Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамыту бағыттары / Н. Н. Жайберген, М. А. Умирзакова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 8.1 (142.1). — С. 19-21. — URL: https://moluch.ru/archive/142/39976/ (дата обращения: 18.04.2024).

Тәуелсіз еліміздің аграрлық реформалары жүзеге асыруының барысында күрделі мәселелерінің бірі шағын бизнесті ауыл шаруашылық салаларының экономикалық міндеттермен ұштастыру.

Агрокәсіпкерлік — бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Қазіргі таңда агрокәсіпкерліктің, оның негізгі өрісі ауылшаруашылығының келешектегі дамуына мемлекеттің тұрақты әлеуметтік — экономикалық жәрдемінің керектігін тәжірибе көрсетіп отыр. Қазақстан аграрлық ел, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді еселеп көтеруге мүмкіндік беретін қуаты, мүмкіншілігі жеткілікті.

Елбасымыз 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан халқына жолдаған кезекті жолдауынды: «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс. Сонымен қатар, астық өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керек. Шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз» — деп атап айтты [1].

Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді.

Бұл бағытта бәсекелестік қабілеті бар шағын бизнестің аграрлық өндірістік құрылымдарының бір бөлігіне айналып және оның еліміздегі экономикалық үрдістердің белсенді қатысушы болғандықтан, аграрлық секторда бизнесті қалыптастыруға ғылыми негіздемелерді жетілдіру саясатының талдауы үлкен маңызға ие. Сондықтан, бұл мәселені зерттеу қазіргі уақытта тек ғылыми жағынан емес, сондай-ақ өркенетті дамуға ұмтылған жас тәуелсіз елдер үшін өмірлік қажеттілік болып табылады.

Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету проблемасын шешудің маңызды бөлігі — ол рыноктағы тұтыну бағасын тұрақтандырып, оны халықтың басым көпшілігінің қолы жететіндей деңгейден асырмауды қамтамасыз ету болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігі дегенде, біз көбінесе отандық өнімдер көлемінің халықтың тұтыну сұранысын қанағаттандыруы тұрғысынан қараймыз да, оның шешуші көрсеткіші — халықтың сол өнімдерге экономикалық тұрғыдан қол жеткізу мүмкіндігін, яғни олардың бағасының халықтың табысына сәйкес болуын ескере бермейміз. Демек, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ұлғайтумен қатар, халықтың әл-ауқатын жақсартуда да экономикалық даму тетіктерін жүйелі үйлестіре жүргізу қажет.

Экономиканың өсуі елеулі дәрежеде бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті шетке шығару және шеттен әкелумен анықталады.

Ұлттық экономиканың дамуы үшін бастылардың бірі болып отандық агроөнеркәсіптік кешен табылады. Тиімділігі жоғары агроөнеркәсіп кешенін құру экономикалық тұрақтылықты, тұтынушылардың қажеттілігін толыққанды қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың материалдық әл-ауқатын әрі қарай көтерудің негізгі алғышарты болып табылады [2].

Қазіргі кезде еліміздің азық-түліктен қауіпсіздігін сақтау және оны нығайтумен қатар, ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық даму механизмін жетілдіру, дәлдеп айтқанда, елді мекендер тұрғындарының табыс деңгейін көтеру, экономикалық қызмет салаларын кеңейту, ауыл халқының кәсіпкерлік белсенділігін арттыру өзекті экономикалық мәселелердің біріне айналып отыр.

Бүгінгі таңда ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, бұл бағытта атқарылған іс-шаралар мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Осыған орай, нарықтық қатынастар жағдайында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуында кәсіпкерлік қызметті жетілдіру, оның әдістемелік жақтарын зерделеу қажеттілігі туындайды.

Ауылдың әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалын көтеруде кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде отбасылық бизнесті қалыптастыру мен дамыту мәселесіне ерекше назар аудару орынды.

Аграрлық саладағы отбасылық бизнестің ауыл шаруашылығына негізделген экономикалы елдерде маңыздылығы жоғары. Нарықтық экономикаға өту барысында ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорынның экономикалық қатынастарын түпкілікті қайта құру — қазіргі кезеңдегі аграрлық саясаттың өзекті мәселелерінің негізіне айналып отыр.

Қазақстанның бүгінгі агроөнеркәсіп кешенінің потенциалын халқын асырауға ғана емес, сонымен бірге аграрлық өнімдердің көптеген түрлерін экспортқа өндіру есебінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық мемлекет болуына мүмкіндіктері бар. Жақын арада республика экспортының негізгі бағыттары: бидай, мақта талшығы, ет, жүн, қаракөл терісі, былғары және тон-тері шикізаты болып қалмақ. Ұзақ болашақта дайын өнімнің экспортына бағдарлану, ол үшін бәсекеге қабілетті өнім өндіретін технология мен техниканы пайдалану негізінде қайта өндеуші өнеркәсіпті дамыту қажет.

Сурет 1. Аграрлық секторда отбасылық бизнестің рөлі

Ауыл шаруашылығында өндірілетін өнімдердің 75 пайызы шағын шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарының үлесінде. Оларда инновациялық технологияны пайдалану мүмкіншіліктері әлі де шектеулі. Табан ақы, маңдай терлерімен өндірген өнімдерін қалыптасқан нарықтық бағамен өткізуге қол жеткізе алмай келеді. Сондықтан қазіргі таңда сол сәйкессіздікті болдырмау үшін кооперацияны дамыту өзекті болып табылады.

Кооперация — аграрлық сектордың барлық салаларын қамту керек, яғни өнім өндіру, өндірген өнімді сақтау, қайта өңдеу, сұранысқа қарай өткізу, сервистік, басқа қызмет жүйелі атқарылуы тиіс [3].

2015 жылғы 29 қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ауылшаруашылық кооперативтер туралы» ҚР Заңына қол қойды. Аталмыш заң түрлі ауылшаруашылық өндірушілердің экономикалық бірлестігі үшін негізді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ауыл шаруашылық министрлігі ауылшаруашылық кооперациясын дамыту жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары даярланып жүзеге асуда.

Ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруда ұйымдастыру механизімін жетілдірудің тағы бір себебі, рыноктық қатынастарға көшумен байланысты экономикадағы өзгерістер әсерінен ауыл шаруашылығы саласындағы қалыптасқан басқару құрылымдары әлі даму үстінде , олай дейтін себебіміз кеңес одағы кезінде ауыл шаруашылығы саласында тек екі ұйымдық құрылым жұмыс жасады, ол совхоздар мен колхоздар және мемлекет басқарушы роль атқарады. Ал рыноктық экономикаға көшумен байланысты ауыл шаруашылығы саласында көптеген жеке меншікке негізделген ұйымдық — құқықтық құрылымдар жұмыс жасауда және олар әлі дамып , қалыптасу үстінде. Сондықтан өндірісті рынокқа бейімдеу үшін оны дұрыс ұйымдастырып , басқара білу қажет.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Ұлт жоспары — қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында экономиканы дамытудың жолы — шағын және орта бизнеске қолдау көрсету екенін атап көрсетті. Біз тәуелсіздігіміздің 25 жылдық белесінде кәсіпкерлікті дамыту — нарықтағы импортқа тәуелділікті азайту және жұмыссыздықпен күрестің бірден-бір тетігі болатынына көзіміз жетті. Мемлекет басшысының қолдауымен шағын бизнес айтарлықтай дамып, отандық өнімдердің үлес салмағы артты. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында.

Дамыған мемлекеттер шағын және орта бизнеске қолдау көрсетумен қатар, тиісті деңгейде қорғайды. Бұл елдердің экономикасының табыстылығының сыры да осында. Жалпы, кәсіпкерлікті қорғау әрі қолдау экономиканың маңызды қағидаты болып табылады. Бұл — әлдеқашан дәлелденген қағида. Енді біздің елімізде де Президент ұсынған бес институттық реформа аясында кәсіпкерлер құқығы қорғалатын болады.

Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» — Ұлт Жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» атты үшінші бағытында экономиканы әртараптандырудың нақты қадамдары көрсетілген. Мемлекет басшысы осы реформаны бюрократтық шығынсыз жүзеге асыруды талап етіп отыр. Аграрлық секторда әкімшілік кедергілер қысқартудың жолын да ұсынды [5].

Аграрлық сектор — халықтың қолайлы өмір сүруі үшін қажет әрі маңызды сала. Халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету осы саланың еншісінде болғандықтан, аграрлық сектордың еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны баршамызға белгілі.Сондықтан, ауылшаруашылығында кәсіпкерлік қызметті дамыту мен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет.

әдебиеттер:

  1. Назарбаевтың Н. Ә. Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар. http://www.akorda.kz
  2. Сидорович.А.В., Ә.Ә. Әбішов. Ұлттық экономика. Оқулық. Алматы 2011ж
  3. Есполов Т. Ғылым қырағылығы жете меңгерілсе, өнім бұлағына айналады. //Егемен Қазақстан. — 2012. — № 689-693. — 20 қазан
  4. Кооперация дегеніміз тиімді. http://palata.kz/
  5. Әбдіқадыров Р. . Аграрлық секторда кедергілер азаяды.// http://www.akjolgazet.kz
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос