Өңірлік еңбек рыногының қалыптасу ерекшеліктері мен факторлары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Бекхожаева, А. К. Өңірлік еңбек рыногының қалыптасу ерекшеліктері мен факторлары / А. К. Бекхожаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 8.1 (142.1). — С. 7-10. — URL: https://moluch.ru/archive/142/39972/ (дата обращения: 19.04.2024).

Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.

Мемлекет басшысы бiрнеше мәрте атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.

Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын – соңды болмаған «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне әсерін тигізуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында бірінші басымдық – Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы болып белгіленді.

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

Еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ол өз кезегінде ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.

Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман мақсаттар мен мұраттарға қол жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз адамдардың санының көбеюі – басты проблема күйінде қалып отыр.

Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.

Еңбек нарығы жұмыс беруші және жұмыскерлердің әрекетімен сәйкес қоғамдық қатынастардың жүйесін ұсынады.

Экономикалық әдебиетте рыноктық үдеріске ықпал етуші факторларды ажыратудың бірыңғай әдістемесі жоқ, біз төмендегі 1 суретте өңірлік еңбек рыногының қалыптасу факторларын ұсынамыз.

Сурет 1. Өңірлік еңбек рыногының қалыптасу факторлары

Өңірлік еңбек рыногын сапалы және өнімді реттеу әрбір нақты еңбек рыногында қалыптасқан жағдайға тура және жанама әсер етуді пайымдайды және де ол рынок қалыптасып, дамыған барлық факторлар мен шарттарды ескеруді қажетсінеді.

Біріккен сұраныс және біріккен ұсыныс біріккен еңбек нарығын құрайды. Біріккен сұраныс және біріккен ұсыныс қиылыстарының жолымен бейнеленетін бөлім қанағатты сұраныс деп аталады. Қиылыспайтын бөлім ағымдағы нарыққа сәйкес келеді. Ағымдағы нарық табиғи пайда болумен (жазалық, халық миграциясы) және механикалық пайда болумен бейнеленеді (жаңа жұмыс орын әрекетіндегі енгізу).

Қазіргі өңірлік еңбек рыногы әлеуметтік-экономикалық даму, сақталып келе жатқан көшіқондық кетімдер және облыс халқының табиғи азаюы, жұмысқа сұраныс пен ұсыныстың кәсіби-біліктілік сәйкессіздігі, халықтың басым бөлігі үшін жұмыстың болмауы, облыстың жекелеген аудандарында жалпы және тіркелген жұмыссыздықтың өсуі әсерінен қалыптасады.

Облыстағы халық саны 2015 жылдың 1 желтоқсанына ағымдағы деректер бойынша 763,9 мың адамды құрады, оның ішінде 39,6 мың адам Байқоңыр қаласындағы Қазақстан Республикасының азаматтарының үлес салмағында. 2014 жылғы осы кезеңімен салыстырғанда ол 11,7 мың адамға немесе 1,5%-ға артты. 2015 жылдың басымен салыстырғанда ағымдағы жылдың қантар-қараша айында халық саны 10,7 мың адамға өсті.

2015 жылдың 3 тоқсанында орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы, айына 52110 теңгені құрады, бұл 2014 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда 2,9%-ға төмен, нақты ақшалай табыстар үшін 6,4%-ға төмендеді.

2015 жылдың III тоқсанына қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 104929 теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 1,7 пайызға төмен. Осы кезеңде нақты жалақы 5,3 пайызға азайды.

ХЕҰ әдіснамасы бойынша анықталатын жұмыссыздар саны, 2015 жылғы III тоқсанда бағалау бойынша 16,0 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі – 4,9% құрады. Жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту органдарында 2016 жылғы 1 қаңтарға 1,6 мың адам ресми тіркелген (тіркелген жұмыссыздар үлесі – 0,5%) (Кесте 1).

Соңғы бірнеше жылда облыста макроэкономикалық көрсеткіштер өзгерісінің оң динамикасын қамтамасыз ететін қолайлы экономикалық ахуал қалыптасты, сонымен бірге, өндірістің өсуімен қоса халық кірісінің ұлғаюына қол жеткіздік. Қызылорда облысы үдемелі және әртараптандырылған экономикалық құрылымымен сипатталады.

Қызылорда облысы бәсекеге қабілетті әлеуетті құрайтын бай ресурстарға ие. Бұған бірінші кезекте облыс тұрғындарының 47,4% пайызын құрайтын еңбек етуге қабілетті тұрғындарын жатқызамыз. Табиғи қазба байлықтары: мұнай, уран, ас тұзы, әк, шынытас құмы, сондай-ақ, темір және полиметалл кендерінің молдығымен ерекшеленеді.

Өңірде мырыштың - 15,1%, қорғасынның – 9,6%, мұнай, газ, конденсаттардың – 4,7%, уранның – 13,7%, жер асты суларының – 3,4% қорлары бар. Қызылорда облысы ас тұзы, шынытас құмы, бақша, балық өнімдерінің ірі өндірушісі әрі жеткізушісі болып табылады, сондай-ақ, сапалы күріш өсіретін жалғыз өңір болып саналады. Республикалық өндірістің жалпы көлемінде облыс үлесіне күріш өндіру – 90%, ас тұзы – 70% – дан келеді.

Статистика мәліметтеріне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2015 жылдың қорытындысымен экономикалық белсенді халық саны – 325,2 мың адам (2014 ж.– 327,5 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны – 308,9 мың адам (2014 ж. – 311,1 мың адам). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды (2014 ж. – 5,0 пайыз), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі: 15-28 жас – 4,6 пайызды құрады (2014 ж. – 5,1 пайыз), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,5 пайызға төмендеді.

Кесте 3

Қызылорда облысындағы еңбек рыногының көрсеткіштері

2015ж. III тоқсан

адам

2015 жылғы

II тоқсанға, пайызбен

2014 жылғы

III тоқсанға пайызбен

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық

325 388

104,6

89,9

Жұмыспен қамтылған халық

309 385

104,7

90,0

жалдамалы қызметкерлер

200 444

105,0

87,9

өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер

108 941

104,2

93,9

жұмыспен нәтижелі қамтылғандар

60 992

85,6

81,2

жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар

47 949

143,8

117,3

Жұмыссыз халық

16 003

102,4

88,3

Экономикалық тұрғыдан енжар халық

154 449

99,2

105,5

Дерек көзі – kyzylorda.gov.kz

Облыс бойынша жұмыспен қамтудың күрделі мәселелері:

- білікті жұмыс күшіне деген сұраныс және ұсыныс құрылымның теңгерімсіздігі;

- халықтың мақсаттағы топтарының жекелеген категорияларын (әсіресе жастар) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің қиындығы;

- облыстың кәсіптік-техникалық мектептеріндегі материалдық-техникалық базаның әлсіз болуы;

- ауылдық жерлерде жұмыс орындарының жетіспеуі.

Халықтың көші-қоны мен жұмы күшінің күрделілігі мен қарама-қайшылығы осы процесті реттеу қажеттілігін, көші-қон саясатын жүргізуді талап етеді. ҚР көші-қон саясатын тұрақтандыру халықтың көшіп кетуі, көшіп келуі және ішкі көші-қон саласындағы әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық және ұйымдастырушылық шараларының кешенін қамтиды.

Осыған орай ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа заңы жарық көрді. Бұл заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды,өзінің тарихи отанына оралатын азаматтар мен олардың отбасына қажетті жағдай жасауды реттейді.

Әдебиеттер:

  1. Алексеенко А. Демографические успехи Казахстана// Аргументы и факты. Казахстан. – 2010, № 6.
  2. Демография: Учеб.пособие/Под ред.:В.Г. Глушковой, Ю. А., М., Принт: 2007.
  3. «Қазақстан 2015 жылы», Қазақстанның демографиялық жылнамалығы. – Астана, 2015.
Основные термины (генерируются автоматически): III, мена, сан.

Похожие статьи

Статистический анализ самостоятельных слов в исторических...

III международная научная конференция «Филологические науки в России и за рубежом» (Санкт-Петербург, июль 2015).

III. Имя числительное.

Развитие гражданского законодательства во время правления...

Правление Александра III можно назвать периодом мощного развития права.

количество сделок, а именно: купля-продажа, мена, дарение, комиссия, запродажа, имущественный найм...

Падение редуцированных гласных и последствия этого процесса...

...языке появилось огромное количество закрытых слогов — дом, воз, мед, князь, голос, сад, лед, чин, сан, яд — слова односложные, чего в

8. Появился новый вид позиционной мены...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын» | Статья в журнале...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын». Автор: Мамельбаева Гульсара Сайлаубаевна.

Тақырыбы. Сағат саны.

Научный журнал «Молодой ученый» №7 (141) февраль 2017 г.

«Қазақстан Республикасының жер құқығы» сабағында ҚР Конституциясы мен ҚР

более 40 лет, он понял, что во всех его странствиях рядом с ним был Бог, и в 2010 году принял сан...

Феминизация терроризма | Статья в журнале «Молодой ученый»

Первый официальный случай использования женщины как террористки-смертницы был зарегистрирован 9 апреля 1985 г., когда 16-летняя Хайадали Сана...

Японские календарные системы и традиционные праздники мацури

Некоторые относят его к III веку, другие – к VII .

3 ноября проходит праздник Бунка-но хи 文化の日– день культуры, 15 ноября праздник 7-5-3 Сити-го-сан 七五三, в этот день родители...

Рекомендации к обеззараживанию, уничтожению и утилизации...

III международная научная конференция «Медицина и здравоохранение» (Казань, май 2015).

3. СанПиН 2.1.7.2790–10 «Санитарно-эпидемиологические требования к обращению с...

Научный журнал «Молодой ученый» №12 (146) март 2017 г.

Дискуссионные проблемы введения стандартов Базель III в условиях российской экономики.

Биоэкологиялық мазмұндағы тапсырмалар мен есептер – таным құралы.

Задать вопрос