Тамақ өнеркәсіп саласын инновациялық дамытудың ерекшелігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Маханбетова У. Р., Ханасия Б. Тамақ өнеркәсіп саласын инновациялық дамытудың ерекшелігі // Молодой ученый. — 2017. — №7.1. — С. 40-43. — URL https://moluch.ru/archive/141/39768/ (дата обращения: 27.05.2018).



Өнеркәсіп саласы ел экономикасының негізгі жетекші саласы, басқа салаларды және қоғамдық өндірісті индустриализациялауда шешуші факторы ретінде қызмет атқарады. Олардың техника-технологиялық деңгейін, ғылыми-техникалық базасының жағдайын және салаішіндегі және салааралық кешендерді анықтайды. Осы негізде өнеркәсіп басқа салалардың өндіріс көлемінің, мемлекеттік бюджеттің және жұмыс күшінің жұмыс бастылық деңгейінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді және ЖҰӨ-не қатысын анықтайды, сол арқылы халықтың өмір сүру деңгейін және сапасын қалыптастырады.

Өнеркәсіп және әсіресе ауыр индустрия экономикадағы кеңейтілген ұдайы өндірістің негізі болып табылады. Ауыр индустрия бүкіл халық шаруашылығында техникалық прогресті қамтамасыз ете отырып, өнеркәсіптік өндірістің, ауыл шаруашылығының, көліктің, байланыстың, құрылыстың, сауданың барлық салаларын озық технологиялармен қаруландырады. Өнеркәсіпті, ең алдыменен ауыр индустрия салаларын одан әрі дамыту біздің еліміздегі экономикалық әлеуетті қайта өрлетудің және әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуды қамтамасыз ету міндеттерін ойдағыдай шешудің маңызды алғышарттары болып табылады [1].

Еліміздің экономикасында өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Өнеркәсіп саласы бірнеше кәсіпорындардан және өндіретін өнімнің түрлері мен технологиялық ерекшеліктерге байланысты бөлінеді.

Өнеркәсіп – ол халық шаруашылығының негізгі құраушысы, нақтырақ тоқталатын болсақ, өнеркәсіп ол қоғамдық тұтыну өнімдерінің бір бөлігіне ие болатын және өндірістің өнімдері пайда болатын фирма, зауыттар, кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар жиынтығын халық шаруашылығының салаларының бірі. Халық шаруашылығының сасаларында жетекші рөлді өнеркәсіп кәсіпорындары алады.

Соңғы жылдары ғылыми-техникалық үрдіс, әсіресе, машина жасау өндірісінің салалық құрылымына үлкен ықпал етті, бұл электр-энергетика, құралдар жасау секілді салалардың: есептеу техникалары құралдары, компьютерлер өндірісі, күрделі технологиялық процестерді бақылау және реттеу құралдары, роботтар және т.б. ішкі салаларының дамуына қол жеткізді. Металлургия, химия және өнеркәсіптің басқа да салаларының жаңа бөлімдері ашылды. Өнеркәсіптің жаңа саласы – микробиология пайда болды.

Өнеркәсіп өндіретін және өңдейтін болып бөлінеді. Өндіретін өнеркәсіпке рудалық және рудалық емес шикізаттарды өндіру, байытумен байланысты, сондай-ақ теңіз жануарлары, балық аулау, басқа да теңіз өнімдерін өндіру сияқты салалар кіреді. Өңдейтін өнеркәсіпке өндірілген өнеркәсіп өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары, жартылай дайын өнімдер және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін салалар кіреді [2].

Өңдеу өнеркәсібінің саласы: тамақ өнімдерін өндіру, сусындарды өндіру, темекі бұйымдарын өндіру, тоқыма бұйымдарын өндіру, киім өндіру, жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды, өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдардан, бұйымдар өндіру, қағаз және қағаздан жасалған өнімдерді өндіру, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру, металлургия өнеркәсібі және машина жасау.

Қазіргі танғы кәсіпорындар салық жеңілдіктері бар еркін экономикалық аймақтарда көбірек орналасады. Өнеркәсіптердің теңіз жағалауларына «ығысуы» да көбірек. Осының нәтижесінде кейбір портты аймақтар айналасында шеттен әкелінетін шикізаттарды бастапқы өңдеуден өткізетін өнеркәсіптік кешендердің пайда болуын көреміз.

Тамақ өнеркәсібі бір қатар өзгешеліктерге ие. Оларға азық-түлік тауарларының құрамындағы жоғары санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптары және оларды өндіру технологиясы, дайын өнімнің бірнеше түрін сақтау мен жеткізудің шектеулі мерзімі, тұтынушылардың денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптардың жоғарлауы.

Тамақ өнеркәсібінің өзгешелігі азық-түлік нарығының ерекшеліктерімен байланысты. Біріншіден, өнімге деген сұраныс тұрақты болып табылады, бұл тамақ саласы инвестициялар үшін тартымды және қолайлы болып табылады. Екіншіден, көптеген азық-түлік тауарларының түрлері халықтың төлемқабілеттілік деңгейіне тығыз байланысты және де ол жергілікті нарықтарда айтарлықтай ауытқиды. Бұл өндіріліп отырған өнімдерінің түрлерін таңдау және оларды тұтынушыларға жеткізу бойынша көптеген түпкілікті жұмыстарды талап етеді.

Адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасы болашақта бастапқы маңызын жоғалтпай, одан сайын өткірленеді. Халық шаруашылығының тағам саласының дамуы бірнеше факторларға байланысты. Бірінші ретте тағам саласы халық шаруашылығының басқа салаларымен тығыз байланысты.

Тағам өнеркәсібі үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы мен технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ететін машина жасаумен, тағам өнеркәсібін картон, ағаш, кағаз, фанер және тағы басқалармен қамтамасыз ететін орман және целлюлоза-қағаз өнеркәсібімен полимерлі және шыны таралар, бояулар, лактар химия өнеркәсібімен, металлургия және басқа өнеркәсіптермен.

Тұрақты даму мен тәуелсіздікті сақтап қалуды көздейтін кез келген тәуелсіз мемлекеттің мақсаты - азық-түлік қауіпсіздігі. Әлемдегі дағдарыс тамақ өнекәсібі нарығында азық-түлікпен қамтамассыз ету сұрағына және осы мәселелерді шешуге мақсатты бағыттайды. Сонымен, барлық елде азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамассыз ету мәселесі жылдан жылға өзекті.

Осы элементтер орындалған жағдайда халықтың әл-ауқат жағдайы өседі және экономикалық тәуелсіздік жоғарлайды. Сонымен, азық-түлік өнімдерін өндіретін тамақ өнеркәсіптер өндірісінің бәсекелі және сапалы тиімді дамуы әр елдің әлеуметтік-экономикалық тәуелсіздігіне әкеледі.

Нақты елдегі өмір сүру деңгейі өнімділіктің жоғары деңгейіне қол жеткізген және бұл жоғарылауды жалғастыратын ұлттық компаниялардың қабілеттіліктеріне байланысты. Өнімділіктің ұдайы өсуі экономиканың үздіксіз дамуын талап етеді. Ұлттық компаниялары бар салалардағы өнімнің сапасын арттыру, оған қажетті тұтынушылық қасиеттерді беру, өнімдерді дайындау технологияларын жетілдіру, өндірістің тиімділігін жоғарылату арқылы өндірісіті тұрақты жетілдіріп отыруы тиіс. Олар әдетте, өнімділігі жоғары болатын барлық күрделілендірілген өнеркәсіп сегменттеріндегі бәсекелестік үшін қажетті сапаны дамытуы тиіс. Және, ең ақырында, олар негізінде жаңа күрделі салалардағы бәсекелестікке қабілеттілікті тарқатуы қажет [3].

Сонымен, бәсекеге қабілетті ел болу үшін өндірістің жеке салаларының бәсекелестігін арттыру, сонымен қатар, өндірістің бәсекеге қабілетті деңгейіне шығу үшін өндірісті жаңарту немесе технологиялық қайта жарақтандыруға ынталандыру керек, басқару қызметінің маңызды бөлігін, жаңа мамандықтар мен кәсіптердің жұмысшы кадрларын даярлау және қайта даярлау, өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі іс-шараларды қалыптастыру және жүзеге асыру қажет.

Мемлекеттің өнеркәсіп саласын кезең кезеңмен дамыту мақсатындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің №874 Жарлығына сәйкес 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламасы» бекітілді.

Түркістан қаласында Индустриялды аймақ бойынша - 40 га жер бөлініп, оған мемлекеттік акт алынып, толық құжаттандырылған. Индустиялды аймаққа инфрақұрылым жүргізуге 847 млн теңге бюджет қаржысы бөлініп, жұмыстар атқарылып, қаржы толық игерілген. Сонымен бірге индустриялды аймағының темір жол тұйығын аяқтауға және газ құбырын жүргізу мақсатында жобалық құжаттары әзірленген. Жоба құны -140,6 млн теңге, салалық басқармалардың қорытындылары алынған [4].

Кесте 1

2015 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған жобалардың өндірген өнім көлемі

Кәсіпорын атауы

Өнім түрі

Жоспары

Өнім көлмі

Өсу, кемуі

%

1

«ЖК Кудайбергенов»

жиһаз шығаратын шағын зауыты (әр түрлі жиһаз түрі)

20 000 дана

20 005 дана

100

2

«Баянды Құрылыс» ЖШС-і

полиэтилен құбырларын шығару цехі

320,7 тн

320,7тн

100

3

«Ак Жол» ЖШС-і

темір-бетон бұйымдарын және көпір балкаларын шығару зауыты

48000 тн

56526 тн

117,7

4

«Мұзды тау» ЖШС-і

сүт өнімдерін қайта өңдеу цехі (балмұздақ)

300 тн

300 тн

100

5

CДО «Түркістан» ЖШС-і

тамшылатып суаруға арналған құбырлар шығару цехі

300 тн

300 тн

100

6

ЖК «Имажанов»

шағын тігін фабрикасы (мектеп оқушыларына арналған киімдер)

8432 дана

9798 дана

116

7

«Тұран» ШҚ

тамшылатып суаруға арналған құбырлар шығару цехі

200 тн

200 тн

100

8

«Тұран» ШҚ

өсімдік майын шығару цехі

250 тн

252 тн

100,8

9

«Хываева» ЖК

Шағын тігін фабрикасы

600дана

600дана

100

2015 жылы Индустрияландыру картасына енген жалпы сомасы 1600,0 млн.теңгелік 4 жобаны жүзеге асырылып, соның ішіндегі: "Нұр строй" ЖШС кірпіш шығарумен айналысады, 160 жұмыс орындарымен қамтамассыз етіп, жоба құны 579,0 млн тенгені құраған. 2015 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған жобалардың өндірген өнім көлемі (Кесте 1).

2015 жылы жалпы сомасы 1800,0 млн.теңгеден асатын кемінде 6 жобаның қаржыландыру жүргізіліп, 283 жұмыс орны ашылды. жобалар: «Мирас Даму ЛТД» ЖШС-нің шыны пластикалық арматурасы жобасы, жоба құны 112,0 млн.теңге, «Стройсервис-ХХІ» ЖШС-нің құрылыс материалдарын шығару жобасы, жоба құны 200,0 млн.теңге, «Тұран» ШҚ-ның сүт өнімдерін қайта өндіру жобасы, жоба құны 139,0 млн.теңге, «Казхимпром РЕАГЕНТ» ЖШС-нің ион алмастыру жобасы, жоба құны 5550,0 млн.теңге, ЖК «Grand Miks» кеңсе жиһаздарын өндіру жобасы, жоба құны 200,0 млн.теңге, «Ұл-Жан-Нұр» ЖШС-нің керамикалық кірпіш өнімдерін шығару жобасын, жоба құны 152,0 млн.теңгені құрады.

Сонымен, Қазақстан аймақтарының өнеркәсіп салаларын дамытудың индустриялдық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге өнеркәсіптегі жаңа қайта бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге тиімді.

Әдебиет:

  1. Очерки модернизации российской промышленности. Поведение фирм Авторский коллектив. - 2014. – С. 210.
  2. Божиева Ж.К. Технологическое развитие Казахстана // Аналитик. – 2004. – №3. –С. 44.
  3. Портер М.Э. Конкуренция. – М.: Издательский дом «Вильямс», 2005. – С. 602.
  4. Оңтүстік Қазақстан облысының шағын жəне орта кəсіпкерлік динамикасы. Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті, 2010-2015.


Обсуждение

Социальные комментарии Cackle
Задать вопрос