Ауылды дамытудың тиімді жолы және шаруашылықтарды-кооперативтендіру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Нускабаев О. Н., Кулахмет С. Р. Ауылды дамытудың тиімді жолы және шаруашылықтарды-кооперативтендіру // Молодой ученый. — 2017. — №7.1. — С. 50-52. — URL https://moluch.ru/archive/141/39715/ (дата обращения: 17.12.2018).



Елбасы Н. Назарбаев еліміз егемендікке ие болып нарықтық қатынастар аясында дамып, өркендеу жолына түскелі бері ауылдық аумақтарды дамыту мәселелеріне айрықша назар аударып келеді. Айталық, ел басымыз ұсынысымен 2003-2005 жылдары аралығында ауылды түлету атап айтқанда, ондағы тіршілікті қамтамасыз ету обьектілерін – шаруашылық жүргізу кешендерін, денсаулық сақтау, білім беру мәдениет, спорт, телекоммуникациялар, байланыс, жолдар, почта жинақтау жүйесі обьектілерін, газбен, электрмен, тұщы ауыз сумен қамтамасыз ету, т.т. жаңарту шаралары іс жүзіне асырылды.

Ал бүгінгі таңда Елбасымыздың 2016 жылғы Қазақстан халықына жолдауын айтылғандай, ауыл халқының жағдайын жақсартуға бағдарланған біршама игі істер атқарылуда. Өйткені Қазақстан халқының 60 пайыздан астамы ауылда тұрады. Осыған байланысты «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында еліміздің төңірінде «Ауылдағы жұмыс орны» жаңа жобасы іске асырылуда. Оған 10млрд теңге бөлінген. Осыған сай әрі Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі үшін іске қосылуы тиіс өндірістік шаруашылықтың құрылымдардың алдыңғы қатарында ауылдық аумақтарда да әлемдік рынокта бәсекеге қабілетті ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретін нысандарды құру қолға алынуда.

Сонымен қатар ауылдық аумақтарда әлемдік рынокта бәсекеге қабілетті ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруге, осы өнімдерді бастапқы өңдеуден өткізіп,ұқсатуға және сақтауға, сондай-ақ алдағы уақыттарда әрдайым туындап жататын жаңа экономикалық жағдайларға жылдам биімделуге қабілетті шаруа(фермерлік) қожалықтарын ұйымдастырып, олардың ойдағыдай қызметтенулеріне жағдай тудыруға мұрындық бола алатын сараптамалық жобаларды қаржыландыруға үкімет мүдделік танытып отыр.

Осыған қарай ғылыми ортада ауылдық аумақтарды жаңа типтегі шаруа (фермерлік) қожалықтарын құрудың тиімді амалдарын, оларда шаруашылық жүргізудің құқықтық экономикалық, әлеуметтік және инжинерлік, инфрақұрылымдық, қаржылық-сақтандыру, ақпараттық маркетингтік сервистік, ветеринариялық-санитарлық шарттарын, шаруа(фермерлік) қожалықтарын субсидиялау, оларға кредит беру, оларды ауылшаруашылығы техникасымен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету кезінде проценттік ставкаларды арзандату шараларын, жер тілімдерін дұрыс пайдалану білу, сапалы өнім өндір, оны ұқсату мен сату, суару тұқымды тыңайтқыштығы тиімді пайдалану, мал өнімдерін ұқсату және де басқа да ілеспелі қызмет салаларынынң керек жарақтармен қамтамасыз етілу жағдайларын екшелеулерге баса көңіл бөлінуде. Осылармен қатар жаңа құрылымдық деңгейде ұйымдастырылған шаруа (фермерлік) қожалықтарында еңбектенушілердің шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларына бейімденулерін, еңбектің нормалануы мен еңбек ақының дұрыс төленуін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау тәртібінің қатаң сақталуын, техникалық, өндірісстік тұрмыстық жағдайларды фермерлерге шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерін, маркетингтік және ауыл шаруашылығы өндірісі технологияларының негіздерін оқытуды және қайта оқытуды ұдайы жүргізуді ұйымдастыруда, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша өзге де еңбек жағдайларын анықтау жөнінде де талдамалық зерттеулер жүргізудің маңыздылығы шексіз. «Жаңа экономикалық жағдай мен басымдықтарды ескере отырып, ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясының іске асырылуына тиімділігіне баға беретін мерзім жетті...Сондықтан ауылшаруашылығының барлық жақтарына сапалы талдаулар жүргізіп, бірінші кезекте атқарылуға тиісті міндеттерді айқындап алу қажет. Мәселен, бүкіл дүние жүзінде жедел дамытыла бастаған ауылшаруашылық өнімдерінің жаңа рыногы пайда болды, бұлар экологиялық таза өнімдер, жаңа өндірісте және басқалры...Таяу уақыт ішінде экспорттық әлеуеті бар қолданыстағы және жаңа ауылшаруашылық өнім өндірушілерін қаржыландыру жүйесін әзірлеп, іске қосуға тиіспіз...Селодағы реформалардың жаңа кезеңі ауылшаруашылығы өндірісінің серпінді дамуын және селода молшылықтың артуынқамтамасыз ету жөнінде жағдайлар жасауға және шаралар қабылдауға бағытталуы тиіс.

Осыған сай ауылдық жерлерде орасан зор ұйымдастырушылық жұмыстары қолға алынуы керек. Әрі осы мәселелердің шешімін тездету үшін «Кооперацияар туралы» жаңа заң қабылданды. Елбасы осы заңды іс жүзіне асыру үшін Үкімет пен әкімдерге ауылшаруашылық өнімдерін өткізу және қайта өңдеуді қамтамасыз ететін кооперативтер, ұйымдастыру жөніндегі шаралар қабылдауды тапсырамын деген болатын.

Сонымен қатар, мемлекеттің қазынасы биылғы жылдың қорытындысында 830 миллиард теңге қосымша кіріске толығуы күтіліп отырғандығын, мұның өзі биылғы жылы дағдарысқа қарсы жоспардан шығуға және стратегиялық даму міндеттерін орындау үшін қазіргі проблемаларды шешуге мүмкіндік беретіндігін айта келе, осыған байланысты негізгі үш міндетті атап көрсеткен болатын. Осыған орай «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында жыл соңына дейін агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынған еді. «Алдағы бес жыл ішінде кемінде 600мың гектар суармалы жерді айналымға еңгізу керек. Ауылшаруашылығы министірлігі мен әкімдер ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалануға қатаң бақылау жүргізу тиіс. Ол жерлерді апатты жағдайдағы су қоймаларын жөндеу және жаңадан салу есебінен қажетті су көлемімен қамтамасыз ету керек», деген болатын. Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидиялау жүйесін жетілдіру, тиімсіз субсидияларды доғару және өнімділікті арттыруға назар аудару қажет екендігін атап көрсеткен еді.

Елбасының осы тапсырмаларына байланысты еліміздің Ауыл шаруашылығы министірлігі «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Аталған жоба қазіргі күні жүзеге асырылуда. Бағдарламада нақтыланған әрі іске асыруға тиісті міндеттердің бірі ішкі рынокта саудалануға ұсынылатын ауылщаруашылық тауарларын өндіру мәселесін жолға қою болатын. Себебі еліміздің мал шаруашылығындағы мал өнімдерін өндеу мен сату ісіне жүргізілген талдаулар еліміздің ішкі рыногында балық құс еті, шұжық, ірімшік, сүттен алынатын май өнімдері жөнінде импорттың басым екенін көрсетіп берді.Демек халыққа аса қажетті тамақтың басымдығы сұранысты еліміздің ауылшаруашылығы өз қолына жинақтауға тиіс. Органикалық өнімдердің Қазақстандық бренді жасалуы керек. Мал шаруашылығы әрі егістік өндіру тауарлары өзімізде өндірілуі тиіс. Ол үшін агроөнеркәсіп кешенін реттеуді мемлекет өз қолына алып, реттеу мен жетілдіруді жоспарлы түрде жүргізуі міндетті. 600 мың гектардан астам суарылып жерді мемлекет қарамағына алынып жаңа шаруашылықтар құралуы керек.

Міне осы аталған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыра алсақ, мұның өзі еліміздің ауылшаруашылығының дамуына қосымша серпін беретіндігі анық. Соған бір мысал ретінде айта кететін болсақ соңғы кездерде жүргізілген зерттеулер 1 гектар суармалы жердің тиімділігі мен беретін пайдасы 1 гектар тәлімі жердегіден 30 есеге дейін артып түсетіндігін көрсетіп отыр. Сонда 600 мың гектар суармалы жерді айналымға қосу дегеніміз 18 миллион гектар тәлімі жерді іске қосумен бірдей болып щықпайма? Демек, аталған міндетке жарым жартылай қолжеткіздік дегеннің өзінде мұның өзі еліміздің дамуына әлдеқайда серпін беретіндігі анық. Бүгінгі күні бүкіл ауыл халқын толғандырып отырған аса бір өзекті мәселе – олардың қолындағы өнімді өткізу мәселесі. Қазіргі ауыл халқы дегеніміз кімдер? Олар – көбінесе өздерінің қолындағы азын аулақ малы мен егістік жерлеріне сүйеніп өмір сүріп жатқан, яғни тек үй шаруашылығымен ғана шұғылданып отырған адамдар. Қазіргі ауыл халқының кем дегенде 70-80 пайызын осындай адамдар тобы құрайтындығы анық. Айта кету керек осы уақытқа дейін адамдардың бұл топтарына жергілікті билік тарапынан жеткілікті көңіл-бөлінбей келді. Бұл адамдардың тіршілшк көздерін дамыту ісі осы уақытқа дейін қабылданған ауыл шаруашылығы саласындағы бағдарламалардан тысқары қалып отырды Неге? Себебі, үй шаруашылығы негізгі уайымдасып тірлік кылудың өзіндік қиындықтары бар екендігі анық.Меселен, олардың қолдарындағы малдарды селекцияға өткізудің, асылдандырудың қиындықтары жетіп артылады, Сонымен қатар, әрбір үйден өнім жинап жүру де оңай емес. Оның үстіне әлемдік тәжірибе бойынша кәсіпкерлер субьектісі ретінде ұйымдаспаған жеке шаруашылықтың болашағынан үміт күту де қиын. Міне, осындай себептерге байланысты осы уақытқа дейін жеке үй шаруашылықтарының қолдарындағы малдар көптеген субсидия түрлерінен құралақан қалып отырды. Олардың қолындағы өнімді жинау мәселесімен де ешкім шұғылданбады. Енді Елбасы тапсырмасы арқылы мемлекет нақ осы адамдар тобына көңіл тобына көңіл бөлетін болады. Бұдан былайғы кезеңде олар да мемлекеттік қолдауға ие бола бастайды. Біздің ойымызша нақ осында шешім біздің қазақ халқының, жалпы Қазақстандағы ауыл халқының, өзіндік ұлттық ерекшеліктеріне мән берген, сол ерекшеліктерге сәйкес қолдау шараларын көрсетудің жолдарын қарастырған бірден бір ұтымды шешім болып табылады. Әрі бұл шешімнің жүзеге асырылуының ел экономикасының өсіміне қосатын үлесі де қомақты болады. Өйткені ауылдық аймақтарда біз жүргізген зерттеулер малдың 70-80 пайыздан аса жеке шаруашылықтардың қолында екенін, демек, бұл шаруашылқтардың қолында, егер ұйымдастыра білсе, мол өнімнің көзі бар екенін көрсетеді. Сонымен еліміздегі үй шаруашылықтарын дамыту мақсатында мемлекет алғашқы кезекте қандай мәселелерге мән бермек? Оның шет жағасын біз жоғарда айтып та кеттік. 670 мың ұсақ өндіруші тауарлы өндіріске тартылуы тиіс. Әркім өз қолындағы азын-аулақ малмен отырғанда оларды қалай ұйымдасқан өндіріске тартуға болады? Мұның жолы белгілі. Әлемдік тәжірибедегі мұның ең тиімді тәсілі осындай жеке шаруашылықтардың кооперациясын қалыптастыру және дамыту болып табылады. Міне, мемлекет осындай күрделі мәселені шешуге батыл кірісу тиіс. Қазірдің өзінде жеке шаруашылықтарды кооперациялау жұмыстарын үкімет қолға алуды жоспарлап отыр. Жоғарыда айтылды Кооперациялау туралы жаңа заң кабылданды. Ол заң аясында кем дегенде үй шаруашылығының 20 пайызы кооперативке ұйымдастырылады. Қазірдің өзінде бұл кооперативтерден бірінші кезекте сүт өнімдерін жинаудың, содан кейін ет өнімдерін жинаудың тиісті схемалары әзірленген. Оны жүзеге асыру мақсатында сүт қабылдау пункті ашылып, ол тиісті технологиялық құралдармен және сүтті тасымалдайтын көлік түрімен қамтамасыз етілуде. Мұнда сүттің сапасын және көлемін анықтайтын құралдар жасалынуда. Сүт жинайтын адам белгіленген және кооперативтердің басшысы сайланған. Бұл үдерістің бәрі ауыл адамдарының қолдауымен ерікті түрде жүргізілуде. Біздің ойымызша, мұндай шараны ұйымдастыруды ауыл адамдары, яғни жеке үй шаруашылығының иелері қолдануы тиіс. Өйткені, кооперативтің оларға беретін пайдасынан басқа зияны жоқ. Олардың қолындағы өнімдерді тұрақты түрде жинап алу және оларды өткізу мәселесі шешілсе, мұның өзі әрбір үй шаруашылығы иесінің тұрақты кірісін арттыратындығы анық. Яғни ол өз үйінде отырып ақ, тұрақты жұмыс тапқандай мүмкіндікке ие болады. Мұның сыртында, мемлекет осындай ұйымдасып тірлік құрып,кооперативке біріккендерге сол кооператив арқылы тиісті субсидиялар бере бастайды.

Қазіргі күні мал шаруашылығында субсидияның 33 түрі бар. Өткен 2015 жылы мемлекет осы субсидияларға 69 миллиард теңге бөлді. Яғни осыншама көлемде тегін көмек көрсетілді.

Енді жаңа бағдарлама аясында осы субсидиялардың 34,5 миллиарл теңгені қамтитын 6 түрі қарастырылуда. Өйткені, бұл субсидияларда бұрын тек ірі шаруашылықтар алып келген болатын. Мәселен ет бағытындағы субсидиялардың 60 пайызын 19 ірі мал бордақылау алаңы алып келді. Сүт бағытында да осындай жағдай орын алды. Бұл субсидияны алудың бір шарты оны алушының қолында кемінде 400 бас сиыр болу қажет еді. Енді осы талап 100 бас сиырға дейін төмендетілді. Әрине ауылдағы әрбір үй шаруашылығында 100 бас сиыр бола қоймауы мүмкін. Бірақ 20 адам бірігіп кооператив құратын болса, қолдарындағы мал санын осынша басқа әбден толтыра алады. Міне олар осылайша мемлекеттің субсидиясына, яғни тегін қолдануына ие болады.

Сонымен қатар енді кооперативке біріккен үй шаруашылықтары осы арқылы өз қолдарындағы малды тиісті сапалы азықпен қамтуда, оларды асылдандыруда мемлекет қолдануына ие болды.

Жалпы, бұдан былайғы кезеңде кезеңде бірігіп тірлік құрамыз деген ауылдағы жеке үй шаруашылықтарына басқа да көрсетілетін көмек түрлері бар. Кооперативтендіру жеке үй шаруашылығы иелері мен қатар шағын шаруашылық қожалықтарда тартылса нұр үсттіне нұр жаумақ. Әрі өндірілетін өнім көлеміде,әртүрлілігі де көбей түседі. Көкеніс, егін өнімділігімен қатар мал шаруашылығы өнімдеріде молая түседі.Қой, сиыр, шошқа еті жөнінен де еліміз өзін толық қамтамасыз етіп, ет өнімдерін импортқа әлемдік саудада саудалауғада мүмкіндік алады.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена, бар, гектар.


Похожие статьи

Интенсификация кормопроизводства в условиях Северо-Западного...

Влияние сроков уборки клеверотимофеечной смеси на урожайность, выход обменной энергии и сырого протеина с 1 га. Фаза развития.

Выход с 1га. Концентрация в 1 кг с. в. Обмен. энерг., ГДж.

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Ал, орыс тілін білу - біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршамызға белгілі.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Например, в предложении Осы аптада «Отырар&K» IT компаниясы Алматыда өткен көрмеге өз өнімдерін әкелдів место слова Отырар&K ошибочно говорят Атырар&K. В некоторых случаях, ошибки студентов в

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет».

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

«Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылады.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

Особенности развития лесного хозяйства горной части Чеченской...

В зависимости от условий группы нужно создавать по одной на гектар или несколько гектаров. Отдельные молодые деревья и группы их, которые могут играть роль в обсеменении, необходимо защищать, используя подручные средства, не только от потрав...

Состояние и динамика развития земельного фонда РФ

На начало 2015 года площадь земель населенных пунктов составила 20 млн. га или 8,2 % земельного фонда РФ.

Сельским и городским жителям бесплатны переданы в собственность миллионы гектаров земель под сады, огороды, строительство жилья, для расширения личных...

Влияние аграрно-земельной реформы в Кыргызстане на...

В то время совхоз «Тамга» имел только 1200 гектаров поливных земель, остальная площадь являлась неполивной, совхоз имел острые проблемы с кормом для скота.

12 фермеров прошли обучение в США по системе «Фермер — фермеру».

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Похожие статьи

Интенсификация кормопроизводства в условиях Северо-Западного...

Влияние сроков уборки клеверотимофеечной смеси на урожайность, выход обменной энергии и сырого протеина с 1 га. Фаза развития.

Выход с 1га. Концентрация в 1 кг с. в. Обмен. энерг., ГДж.

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Ал, орыс тілін білу - біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршамызға белгілі.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Например, в предложении Осы аптада «Отырар&K» IT компаниясы Алматыда өткен көрмеге өз өнімдерін әкелдів место слова Отырар&K ошибочно говорят Атырар&K. В некоторых случаях, ошибки студентов в

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет».

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

«Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылады.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

Особенности развития лесного хозяйства горной части Чеченской...

В зависимости от условий группы нужно создавать по одной на гектар или несколько гектаров. Отдельные молодые деревья и группы их, которые могут играть роль в обсеменении, необходимо защищать, используя подручные средства, не только от потрав...

Состояние и динамика развития земельного фонда РФ

На начало 2015 года площадь земель населенных пунктов составила 20 млн. га или 8,2 % земельного фонда РФ.

Сельским и городским жителям бесплатны переданы в собственность миллионы гектаров земель под сады, огороды, строительство жилья, для расширения личных...

Влияние аграрно-земельной реформы в Кыргызстане на...

В то время совхоз «Тамга» имел только 1200 гектаров поливных земель, остальная площадь являлась неполивной, совхоз имел острые проблемы с кормом для скота.

12 фермеров прошли обучение в США по системе «Фермер — фермеру».

Задать вопрос