Қазақстанның әлемдік азық-түлік нарығындағы алатын орны және мүмкіндіктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (112) апрель-2 2016 г.

Дата публикации: 04.05.2016

Статья просмотрена: 3045 раз

Библиографическое описание:

Калтаева, С. А. Қазақстанның әлемдік азық-түлік нарығындағы алатын орны және мүмкіндіктері / С. А. Калтаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 8.9 (112.9). — С. 15-17. — URL: https://moluch.ru/archive/112/29229/ (дата обращения: 25.04.2024).



Азық-түлік нарығы өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну процестері өзара әрекет ететін әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық жүйе болып табылады, жекелеген азық-түлік нарықтары мен өзара байланысқан шаруашылық жүргізуші субъектілердің көптеген санынан тұратын күрделі құрылыммен сипатталады. Азық-түлік нарығының дамуы елдің азық-түлік қауіпсіздік мәселесін шешуге, тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсартуға, агробизнестің әртүрлі сфераларының табыстылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта біздің еліміз азық-түліктің ауқымды көлемін экспорттайды және импорттайды. Азық-түлікке өспелі әлемдік сұраныс жағдайында әлемдік аграрлық нарықтағы Қазақстанның рөлі өсіп отыр.

Әлем халқының жалпы саны 7 млрд. адамнан асты. ХХ ғасырда тұрғындар саны 3,7 есе ұлғайып, өсім 4 млрд. 380 млн. адамды құрады. Әлем тұрғындары өсімінің барлығы дамушы елдерге тиесілі және тек 5% ғана экономикалық дамыған елдерге келеді. Бірақ бұл мемлекеттер арасындағы демографиялық жағдай бірдей емес. Шығыс Еуропаның көптеген елдері үшін тұрғындар санының абсолютті азаюы тән. Солтүстік Америкада өсім тұрақты 1% құрайды, Австралия мен Жаңа Зеландияда өсу қарқыны 1,4%-ке дейін жетеді. Дамушы елдер үшін тұрғындар санының едәуір ұлғаюы тән және осы жағдай «демографиялық жарылыстың» нәтижесі болып табылады. Тек ғана Африка тұрғындары жыл сайын 10 млн. адамға өседі. 2025 жылы 1,5 млрд. адамға дейін қол жеткізуі мүмкін. Латын Америка елдерінде тұрғындардың өсу қарқыны жылына 2% құрайды, Оңтүстік Азияда – 2,3%, Оңтүстік-Шығыс Азияда – 1,9%, Шығыс Азияда – 1,3%. ФАО-ның болжамы бойынша 2050 жылға қарай әлем халқының саны 9 млрд. адамға жететін болады, сәйкесінше өндіріс пен тұтыну мөлшерінің ұлғаюы да орын алатын болады (кесте-1).

Тұрғындар санының қарқынды өсуі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленісуімен қатар жүріп отыр. Соңғы 20 жылда кедейлік шегінен төмен тұратын адамдардың жалпы саны 1 млрд. адамға жетті, оның ішінде Оңтүстік Азияда – 350 млн., Африкада – 300млн., Шығыс Азияда – 150 млн., Латын Америкада – 100млн. адам [1].

Кесте 1. Тұрғындар санының, ауыл шаруашылық өнім өндірісі мен азық-түлікті тұтыну көлемінің қарқыны

Көрсеткіштер

Жылдар

Болжам

1961–

1963

2005–

2007

2030 г.

2050 г.

Бүкіл әлем

Тұрғындар саны, млн адам

3133

6569

8276

9111

Тұтыну, күніне ккал/адам

2231

2772

2960

3070

Өндіріс, 2005/2007=100*

37

100

138

160

Дәнді дақылдар өндірісі (күрішті қосқанда),млн т

843

2068

2720

3009

Ет өндірісі, млн т

72

258

374

455

Дамушы елдер

Тұрғындар саны, млн адам

2140

5218

6839

7671

Тұтыну, күніне ккал/адам

1884

2619

2860

3000

Өндіріс, 2005/2007=100

24

100

147

177

Дәнді дақылдар өндірісі (күрішті қосқанда),млнт

353

1164

1572

1812

Ет өндірісі, млн т

20

149

243

317

Дамыған елдер

Тұрғындар саны, млн адам

1012

1351

1437

1439

Тұтыну, күніне ккал/адам

2983

3360

3430

3490

Өндіріс, 2005/2007=100

64

100

118

124

Дәнді дақылдар өндірісі (күрішті қосқанда),млнт

500

904

1148

1197

Ет өндірісі, млн т

52

109

130

138

Ескерту: ФАО мәліметі, *құндық көріністе

Азық-түлік мәселесі дамудың тұрақтылығы мен тәуелсіздігін сақтаушы әрбір мемлекеттің ерекше көңіл бөлетін мәселесі. Қазіргі жағдайда қажетті мөлшерде және тұтынушы үшін қолжетімді бағада жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету азық-түлік қауіпсіздігінің негізін құрайды.

Қазақстан жер ресурстарының үлкен әлеуетіне ие. Тұрғындар саны 17,2 млн. адамды құрайтын 272 млн. га аймақты алып жатыр. Бір тұрғынға шаққанда 15,6 га жер көлемі тиеді, оның ішінде 6,6 га ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, оның 1,4 га егістік. Еуропалық экономикалық кеңістікке кіретін мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстан жермен қамтамасыз етілген елге жатады. 2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 4,4%-ға ұлғайып, 2,7 трлн. тенгені құрағандығын атап көрсету қажет [2].

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша азық-түлік тәуелсіздігі критерийі бойынша азық-түлік қауіпсіздігі жағдайын талдау 2014 жылы азық-түліктің барлық негізгі түрлері бойынша ішкі тұтынудағы отандық өндірістің үлесі 80% құрайтындығын көрсетіп отыр. Күріш, бидай ұны, жарма, нан өнімдері бойынша ішкі тұтынудағы отандық өндірістің үлесі 100 % және одан жоғары деңгейді құрайды. Дегенмен отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етудің жоғары деңгейі бұл өнімдер бойынша импорттың жоқтығын білдірмейді. Мысалы, 2014 жылы күріш дақылы бойынша қамтамасыз етілу 130,4% құрады, бірақ бұл кезде 24,5 тың тонна немесе тұтыну көлемінің 18,8% құрайтын импорт орын алған. Бұл аталған өнім түрі бойынша импортпен қатар экспорттың болуымен түсіндіріледі және экспорттың көлемі импорттың көлеміне қарағанда жоғары (экспорт 51,8 мың тоннаны құрайды). Бірақ құс еті, ірімшік, май өнімдері бойынша отандық өндірістің үлесі төмен болып отыр. Бұл жағдай агроөнеркәсіп кешен субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету бағыттарын қалыптастыруда ескеріледі.

Бүгінгі күні еттің ішкі нарығы 1,1 млн. тонна деңгейінде бағаланады. Елде өндірілетін құс етінен басқа еттің көлемі тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандырады. Сиыр еті, қой еті, жылқы еті бойынша қамтамасыз етілу деңгейі 96,6%, 99,8% және 95,1% құрайды. Жалпы айтқанда ет өндірісі мен тұтыну үлесі ұлғайып отыр. Бұл кезде сиыр етінің импорты ішкі тұтынуда небәрі 4%, қой еті - 0,2% және құс еті – 55,3% құрайды. 2015 жылы ет және ет өнімдерінің экспорт көлемі ұлғайып, 12,3 мың тоннаны құрағандығын атап көрсету қажет. Жалпы 2012-2014 жылдары тағам өнімдерінің өндірісі оң қарқынды көрсетіп отыр. 2012 жылы өндіріс көлемі 865,6 млрд. тенге болса, 2013 жылы 4,2%-ға өсіп, 973,0 млрд. тенгені құрады, ал 2014 жылы 2,9%-ға артып, 1042,4 млрд. тенгені құрады [3].

Қазақстанның азық-түлік нарығы бүгінгі күні толығымен табиғи климаттық жағдайларға, азық-түлік өнімдеріне деген әлемдік қажеттілікке тәуелді және отандық АӨК-нің ғылыми техникалық деңгейімен шектеліп отыр. Қазақстан бидай және ет нарығында едәуір жоғары әлеуетке ие.

Азық-түлік нарығын дамытудың негізі ретінде тамақ өнеркәсібін дамытудың негізгі міндеті ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді дамыту мен қалпына келтіруге, қайта өңдеуші кәсіпорындардың техникалық және технологиялық артта қалуының алдын алуға бағытталуы тиіс. Оны дамыту стратегиясы ең алдымен тауарлар нарығындағы оның тиімді жағдайымен анықталады. Бұл мәселелердің шешімі елді азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейін жоғарылатудың, ауыл шаруашылық өнімдерінің жекелеген түрлерінің экспорттық потенциалын өсірудің, ауылдық жердің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейін теңестірудің маңызды шарты болып табылады.

Сонымен, қорытындылай келе, азық-түлік нарығы – субъектілердің едәуір саны өзара әрекет ететін, жағдайы елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен қоғамның әлеуметтік жағдайына тікелей ықпал ететін экономиканың маңызды секторы. Бұл экономикалық қатынастардың, елдің тауарөндірушілерінің өзара әрекет мен өнім айырбасы формаларының, тұтынушылар мен осы процесті реттейтін мемлекеттің экономикалық қатынастарының күрделі жүйесі. Азық-түлік нарығының дамуы бірмезгілде азық-түлік тауарларының бөлігін ұтымды мөлшерде пайдалану жағдайында меншікті өндіріс есебінен ауыл шаруашылық шикізаты мен тағам өнімдеріне тұрақты қажеттілікті қанағаттандыру құралы болып табылады. Әлемдік азық-түлік нарығындағы Қазақстанның алатын орны ерекше. Сондықтан болашақта ауыл шаруашылық шикізаты мен азық-түлік өнімдерінің нарығын дамыту бойынша мемлекет барынша қолдау көрсетуі қажет.

Әдебиет:

  1. Кайгородцев А.А. Глобальная продовольственная проблема. www.vestnik-kafu.info/journal/8/306
  2. ТомилинА.Казахстан: Поесть самим, накормить соседей. // «КазахЗерно.kz», 19 Июнь 2015
  3. Алшанов Р. Особенности и тенденции агропромышленного рынка Казахстана в современных условиях // Казахстанская правда. – 2015. - 5 июня.

1

Основные термины (генерируются автоматически): мена, млрд, сан.


Похожие статьи

Частный сектор в экономике некоторых азиатских стран

Холдинги выручили от продажи объектов 25 млрд тенге, а СПК — порядка 3 млрд тенге.

экологических и санитарно-эпидемиологических норм (IV категории), сокращения сроков...

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Мәңгілік Ел- ата -бабаларымыздың. сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

Основные принципы правового регулирования принудительного...

...в отдельных случаях, можно рассматривать только тогда, когда в отношении нанимателя были предприняты исчерпывающие мены, предусмотренные российским законодательством.

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Өйткені Елбасымыз айтпақшы, «Мәңгілік Ел - ата - бабаларымыздың сан жылдан бергі асыл арманы.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Состояние и динамика развития земельного фонда РФ

В абсолютных показателях наибольшее значение имеют земли лесного фонда — в 2015 году площадь земель этой категории превысила 1,1 млрд. га.

Ағылшын мақалдары мен олардың қазақ, орыс тілдеріндегі...

Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасалып, екшеліп

Халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын...

Современное состояние и перспективы развития туристского...

В статье анализируется современное состояние туристского рынка в Республике Крым. На основе проведенного анализа выявлены проблемы туристской отрасли и разработаны...

Похожие статьи

Частный сектор в экономике некоторых азиатских стран

Холдинги выручили от продажи объектов 25 млрд тенге, а СПК — порядка 3 млрд тенге.

экологических и санитарно-эпидемиологических норм (IV категории), сокращения сроков...

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Мәңгілік Ел- ата -бабаларымыздың. сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

Основные принципы правового регулирования принудительного...

...в отдельных случаях, можно рассматривать только тогда, когда в отношении нанимателя были предприняты исчерпывающие мены, предусмотренные российским законодательством.

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Өйткені Елбасымыз айтпақшы, «Мәңгілік Ел - ата - бабаларымыздың сан жылдан бергі асыл арманы.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Состояние и динамика развития земельного фонда РФ

В абсолютных показателях наибольшее значение имеют земли лесного фонда — в 2015 году площадь земель этой категории превысила 1,1 млрд. га.

Ағылшын мақалдары мен олардың қазақ, орыс тілдеріндегі...

Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасалып, екшеліп

Халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын...

Современное состояние и перспективы развития туристского...

В статье анализируется современное состояние туристского рынка в Республике Крым. На основе проведенного анализа выявлены проблемы туристской отрасли и разработаны...

Задать вопрос