Жаңа дәуір ойшылдары қауіпсіздік түсініктері жөнінде | Статья в журнале «Молодой ученый»

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (111) апрель-1 2016 г.

Дата публикации: 12.04.2016

Статья просмотрена: 14 раз

Библиографическое описание:

Насимов М. О., Паридинова Б. Ж. Жаңа дәуір ойшылдары қауіпсіздік түсініктері жөнінде // Молодой ученый. — 2016. — №7.1. — С. 31-33. — URL https://moluch.ru/archive/111/28198/ (дата обращения: 23.07.2018).

Жаңа дәуір кезінде буржуазиялық құрылыс пайда болып, адам болмысының басқаша негіздері бойынша жаңа құндылықтар бекіді. Ф. Бэкон қауіпсіздік мәселесін көтеретін «Королеваның жеке қауіпсіздігі және барлауға қатысты трактат» атты еңбек жазған болатын. Аталмыш еңбек Бэконды ағылшын эмпиризмінің бастаушысы ретінде емес, жоғары шенді мемлекеттік шенеунік ретінде танытты.

Томас Гоббстың қоғамдық келісім теориясында қауіпсіздік түсінігіне ерекше мән береді. «Құқық негіздері», «Азаматтық туралы», «Левиафан, немесе Материя, шіркеу мен азаматтық мемлекеттің билігі мен түрлері» еңбектерінде абсолютті биліктің жетістіктерін көрсету арқылы табиғи құқықтары принципі мен мемлекеттің келісімдік ерекшеліктері бойынша дәлелдейді. Қоғамдық келісім теориясын қолдану арқылы мемлекет құрылысының заңдылықтарын айқындауға тырысады. Құндылықтар иерархиясын құруда мынадай реттілікті ұсынады: өмір, қауіпсіздік, әділдік, береке. Демек өмір мен қауіпсіздік үшін әділдік пен берекені қиюы мүмкін.

Осыған байланыстырылған әлеуметтік қауіптер Т. Гоббстың мемлекет және құқық ілімдерінде көрініс тапты. Адамзат қоғамы екі бағыттан тұрады: жаратылыстық және азаматтық. Т. Гоббс өз еңбектерінде адамзат жаратылысының қатыгездігін көрсетіп, ежелгі Римнің «Адам – адамға қасқыр» мақалымен келіседі. Адам өз қауіпсіздігін сақтау мақсатында бір-біріне шабуыл жасауға дайын тұрады [1].

Т. Гоббс «Халық қауіпсіздігі – мемлекет жұмысы» [2], – деп жазады өз еңбегінде. Сондықтан, Т. Гоббс идеялары қауіпсіздік туралы білім мен оны қамтамасыз ету механизмдерінің дамуындағы маңызды кезең. Бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатында адамдар қоғамдық келісімге бару арқылы мемлекет пайда болады.

Қоғам, мемлекет және құқық мәселелерін зерттеуге байланысты жаңа рационалистік бағыттың дамуына ұлы голландтық философ және саяси ойшыл Бенедикт Спиноза өз үлесін қосты. Оның саяси-құқықтық көзқарастары «Діни-саяси трактат», «Геометриялық әдіспен дәлелденген Этика», «Саяси трактат» сынды еңбектерде көрініс тапты. Сана заңдылықтарында өмір сүру және бейбітшілікті қамтамасыз ету барысындағы қауіпсіздік адамдар арасындағы келісіммен байланысты. Спиноза адамның өзгермейтін өзімшіл адами табиғатын мемлекет ауыздықтайды, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тұлғаның өзімшілдігі қоғамға пайдалылығын танытады деп ойлайды.

Белгілі математик, заң ғылымдары бойынша бірнеше еңбектердің авторы Готфрид Вильгельм Лейбництің философиялық постулаттарын назарға алғанымыз жөн. Ол құқық философиясы тарихында алғаш рет табиғи құқықтың жеке жүйесін қалыптастырды. Табиғи құқықтың логикалық модельдері бұрынғы қағидаларын жойғанын айта кеткен жөн. Ол заң ғылымдарының деонтологиялық саласы үшін номотетика ғылымының негізін қалады. Оның пікірінше, адам логика арқылы дұрыс ойлана алады және нақты қимылдар жасағанда қауіпсіздік мәселелерін шешеді.

Ағарту философиясындағы қауіпсіздік сана талаптарына сай қоғамдық қатынастардың қайта құрылуымен байланысты. Дж. Локк өзінің негізгі «Адам санасы туралы тәжірибе» атты еңбегінде эмпиризм мен сенсуализм қағидаттарына сүйенген таным теориясын дамыту арқылы қауіпсіз өмір шарттарының процесін анықтады. Қоғамдық келісім теориясына сүйенетін Джон Локк өзге қорытындыларға келеді. Эмпиризм принциптеріне сүйеніп, адам табиғатын «tаbulа rаsа» ретінде танитын ол адам дүниеге өз ойын жүзеге асыратын қатыгез немесе мейірімді болып келмейді, аталмыш қасиеттерге қоршаған орта ықпал етеді. Әрбір адам тәжірибе нәтижесі болып табылғандықтан, Джон Локк қоғамды ұйымдастыру, қоғамдық орта сапасы мәселелеріне ерекше мән береді. Ол қоғамды тиімді ұйымдастыру үшін қажетті шарт ретінде қауіпсіздікті таниды. Адам тәжірибесіне ықпал ету көзқарасына сай еркіндік және даму мүмкіндігі де ерекше рөлге ие. Ағылшын философының пікірінше, қоғамдық келісім қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызмет атқарады.

Байқап қарасақ, Джон Локк әлеуметтік-саяси көзқарастарында қауіпсіздікке жету тек нақты шарттарда орындалады. Сондықтан билік бір адамның қолында емес, бірнеше тұлғаның арасында бөлінуі тиіс. Бұл көзқарас оның эмпирикалық философиядағы ойларын адамның жаратылыс мүмкіндіктерімен көрсеткен.

Әдебиет:

  1. Гоббс Т. Левиафан. – М.: Мысль, 2001. - С. 87.
  2. Гоббс Т. Левиафан, или Материя, форма и власть государства церковного и гражданского (1651). - М., 1936. - С. 51.
Основные термины (генерируются автоматически): гоббс, мена.

Похожие статьи

Общественный договор как основа политической концепции...

Как и у Гоббса, ключевым понятием теории гражданского общества есть понятие природного права, в основе которого заложен природный закон.

Основные подходы к изучению понятия толерантности...

Выдающиеся ученые XVII–XVIII веков — Гоббс, Дж. Локк, Вольтер, Ж.-Ж. Руссо — выступили против жестоких религиозных столкновений и религиозной нетерпимости...

Проблема социального порядка в современной социологической...

Просто это практическое решение классической «гоббсовской проблемы порядка» не связанное ни с принципом «реальности», как у самого Т.Гоббса...

Правовые идеи в философии нового времени | Статья в журнале...

Томас Гоббс был первым мыслителем, который противопоставил состояние естественное состоянию гражданскому.

Общественно-политическая и культурная ситуация во Франции...

Представителями данной теории являются Т. Гоббс, Дж.

Его взгляды значительно отличались от представлений Гоббса и Локка.

Власть и публичная власть: конвергенция идей | Статья в журнале...

Одно из первых попыток формулирования понятия власть связано с именем Т. Гоббса[9]. Им заложена основа «каузальной» (от лат. cause- причина, основание).

Новый взгляд на природу договора на примере договора...

Так, английские философы Д.Локк и Т.Гоббс отстаивали идею стремления человека к счастью как к наивысшему удовольствию, и что является главным моральным долгом каждого.

Эволюция теоретических взглядов о понятии трудовой мотивации

Томас Гоббс. — считал стремления к самосохранению и собственной выгоде основными нравственными побуждениями и рассматривал «благо» предметом влечений и желаний.

Развитие историко-политической мысли по военной безопасности

Томас Гоббс внес свой вклад в развитие взглядов на проблемы безопасности. Он прямо и недвусмысленно заявлял о роли государства в обеспечении безопасности.

Социальное неравенство как фактор развития подростка

3) социальное неравенство связано с социальной ролью индивида в обществе. Истоки социального неравенства многие исследователи (Конфуций, Т. Гоббс, М.Вебер, К.Маркс)...

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Задать вопрос