Қазақстандағы экологиялық ауа жағдайы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (111) апрель-1 2016 г.

Дата публикации: 12.04.2016

Статья просмотрена: 4997 раз

Библиографическое описание:

Каракулова, Б. М. Қазақстандағы экологиялық ауа жағдайы / Б. М. Каракулова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 7.1 (111.1). — С. 4-5. — URL: https://moluch.ru/archive/111/28190/ (дата обращения: 23.04.2024).



Экология «гректің oikos үй, тұрақ, тұрғылықты жер, баспана және logos-ғылым » деген сөздерінің қосындысынан тұрады. Бұл сөздердің дәлме –дәл мағынасы «экология өз үйіндегі организмдер» туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты немесе олардың бір –бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетті .Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология - ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру жағдайын , бір –бірімен өзара қатынастың байланысын зерттейтейді. Сондай-ақ, тірі ағзалардың бір -бірімен қарым қатынасын айналасын қоршаған ортамен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі.

Экология -ағзалардың арасында болатын (особьтар, түр, түр аралық популяция, биоценоз, биогеценоз) қарым-қатынастар айналаны қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар, биосферадағы өзгерістерді, құбылысдтарды, заңдылықтарды үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.

Ал экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегінде әлемдік жағдайды бақылай отырып ,ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам -қоғам- биосфера арасындағы қарым -қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың адам -нооэкологиялық тұрғыдан енгізу.

Экологияның ластануының басты себепшісі атмосфералық ауа. Атмосфера (латын тілінен аударғанда атмос -ауа , сфера -шар) деген мағынаны білдіреді. Жер шарын 80 км биіктікке дейін құрамында 78 % азот , 21 %оттек , 0,03 %көмір қышқыл газы , 0,04 %аргон және 0,93 % басқа газдар бар ауа қабатты қоршайды . Атмосфера тіршілік ортасы . Ауаға тұрақты өмір сүргенмен , құрлықта тараған барлық ағзалардың тіршілігі онымен тығыз байланысты. Атмосферадан өсімдіктер күн сәулесін, оттекті және қоректікке пайдаланылатын көмірқышқыл газын алады.

Атмосфералық ауаның эволюциялық даму кезінде тірі ағзаларыдың әсіресе. фотосинтез процесін өткізетін жасыл өсімдіктердің әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Басқаша айтқанда, тірі табиғат құрған бұл орта -жер бетіндегі тіршілік өмір сүруіне қажетті компонеттердің ең бастыс болып есептеледі.

Табиғат үшін атмосфералық ауаның орны ерекше. Адам өмірі үшін ең қажетті – ауа .Өйткені барлық тірі организамдер атмосфералық ауамен тыныс алады. Ауа әр түрлі өндірістік құрылғыларда кез –келген отынның жануы кезінде қолданылады . Атмосфера- авиацияда негізгі байланыстырушы жол.

Табиғатта ауаны негізгі пайдаланушылар –жердің флорасы мен фаунасы . Ауа тірі организмдерді ғарыштық сәулелерден қорғайды , жерді жылудан сақтайды , климатты реттейді , ұшатын жәндіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады .Сонымен қатар топырықтың құнарлылығына әсер етеді.

Ауа –маңызды экологиялық ресурс. Қазіргі заманғы биосферада ауа көптеген ластағыш заттарды тасиды. Ластағыш заттар ауаға өнеркәсіптік, көліктік, ауылшаруашылық және тұрмыстық ластану салдарынан түседі. Адамның шаруашылық әрекетінің кесірінен ауадан парниктік эффектіге себепші көміртек диоксидінің концентрациясы артады. Ауаның азот және күкірт оксидтерімен ластануынан қышқыл жаңбыр жауады.

Атмосфералық ауаның ластануы –ауада адам, жануарлар, өсімдіктер күйіне және экожүйеге кері әсерін тигізетін физикалық, химиялық биолгиялық агенттердің түзілуі немесе енуі нәтижесінде оның құрамы мен қасиеттерінің өзгеруі. Ол табиғи және антропогендік болуы мүмкін. Ауаның табиғи ластануы табиғи процестер туғызады. Жанартаудың атқылауы, шаңды борандар, ормандағы орта, желге мүжілу, тірі организмдердің іріп – шіріп процестері , өсімдіктердің жаппай гүлденуі және т.б . жатады.

Атмосфералық ауаның ластануы адам организміне әр түрлі физиологиялық жағынан әсер етеді. Көміртегі оксиді қандағы гемоглобинмен байланысып , мүшелер мен ұлпалардың оттегі мен қалыпты қанығуын бұзады, нәтижесінде адамның ойлау қабілеті төмендеп, рефлекстер баяулайды, ұйқыға бейім болып, есінен тану және тұншығудан өлім қаупі тууы мүмкін. Шаңда болатын күкірт оксиді өкпенің қауіпті ауруы –силикозды туғызады.

Түсті металдар қорытатын кәсіпорындар орналасқан қалалардың қоршаған ортасы халықтың денсаулығы болып табылады. Өйткені ауыр металдар, сондай ақ кушән мен фторлы қосылыстар адам организміне жинақталуға бейім. Олардың әсерлерінен кейін байқалатын зардаптары онкологиялық аурулардың жиілеуі, жүктілік патологиялары, нәрестелердің туа біткен кемістіктерінің болуы және басқа аурулар арқылы көрінеді.

Зиянды заттардың антропогендік шығарындылары адам организміне ғана зиянын тигізіп қоймай, жануарларға, өсімдіктер күйіне және экожүйеге әсерін тигізеді. Атмосферадағы улы газ жануарлар организміне тыныс алу мүшелері арқылы және ластанған өсімдіктермен қоректенген кезде келіп түседі. Атмосфераның ғаламдық ластануы маңызды экологиялық зардаптарды туғызады; 1. Климаттың ғаламдық жылынуы 2. Озон қабатының бұзылуы. 3. Қышқыл жаңбырлар.

Осы үш мәселені әлемнің көптеген ғалымдары қазіргі заманының ірі экологиялық мәселелері ретінде қарайды.

Климаттық ғаламдық жылынуы, парниктік эффект - парниктік газдар әсерінен атмосфераның төменгі қабаты температурасының жоғарылауы, парниктік газдар күн сәулесін өткізіп, жер бетінен ұзын толқынды жылулық сәуле шығуына кедергі келтіреді. Бұл сіңірілген жылулық сәулелену қайтадан жер бетіне шағылысып, парниктік эффект тудырады. Су буы жердің жылулық сәулеленудің шамамен 60 пайызын, көмірқышқыл газы 18 пайызын ұстап қалады.

Парниктік эффектіні тудыратын атмосфераға келіп түскен әр түрлі ластағыштар, негізгісі-көміртек диоксиді, метан, фреон, азот оксиді және т.б. Соңғы 50 жылда атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 0,027 пайыздан 0,036 пайызға артып отыр. Парниктік эффектінің зардаптары ең алдымен Әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуі болуы мүмкін. Ауа температурасының бұдан әрі жоғарылауы мұхит деңгейінің алапатты көтерілуіне апарып соғуы ықтимал. Бұдан мұхиттың жағалау белдемінде көптеген экологиялық проблемаларды туғызады. Қызу әсерінің салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы ғаламдық проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді.

Озан қабатының бұзылуына тоқталсақ, озон қабаты – көп мөлшерде болатын атмосфера қабаты, 20 -25 биіктікте озонның концентрациясы жер бетіне қарағанда 10 есе көп болады. Ғаламшарымызда озон қабатындағы озон құрамының едәуір төмендеуінен 20 -25 км биіктікте пайда болған кеңістік озон тесігі деп аталады. Озон тесігінің бірден -бір пайда болуының себебі атмосферада суытқыштар-фреондардың көп бөлінуі.

Атмосфералық өзгеру -ауаның салқындаған қабатының төменге жылжып, жылы ауа қабаттарының астына жинақталуы, бұған қазаншұңқыр, аңғар және т.б себеп болады. Бұл атмосфераның жерге таяу бөлігінде ластағыш заттардың шоғырлануының артуына кейде тұмшаның пайда болуына апарып соғады. Атмосфераның антропогендік ластануы ірі өнеркәсіп оындары орналасқан қалаларда байқалады. Өнеркәсіп орындары атмосфералық ауаны зиянды газдардың шығарындылары мен өнеркәсіптік шаң –тозаңдармен ластайды. Қоршаған ортаға зиянды заттарды жылу электр станциялары металлургия, химия, цемент және т.б зауыттар бөледі . Осындай өнеркәсіптерде отынды жаққан кезде атмосфераға CO, CO2, S O2, түтін және күйе түрінде қатты бөлшектер келіп түседі. Шығарындылардың химиялық құрамы отынның түріне жағу әдістеріне, қолданылатын технология түрлеріне байланысты.

Атмосфералық ауаның ластануының қатердің нақтылығы халық денсаулығынын нашарлауына және қоршаған ортаның тозуына әсер етеді. Ірі қалаларда ластанудың негізгі көзі – автокөліктер санының көбеюі, қала ауасы ластануының шамамен 60% құрайды .

Қышқыл жаңбырлар -атмосфералық ылғалда антропогендік шығарындылардың өруі нәтижесінде pH<5,6 дейін қышқылданған жаңбыр немесе қар. Қышқыл жаңбырлар өсімдіктер жабынына тура және топырақ арқылы жанама әсерін тигізеді. Қышқыл жаңбырдың жаууы орман массивтерінің күйін және көптеген ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін төмендетеді. Судың pH төмендеуі балық түрлерін азайтады, көптеген тірі организмдердің және су экожүйесінің деградациясын туғызады. Осы аталған үш экологиялық мәселенің алдын алып атосферамызды қорғауымыз қажет.Атмосфераны қорғау -атмосфераның барлық қабаттарындағы энергетика мен ауаның химиялық құрамын сақтауды қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы. Ол үшін атмосфераны қорғаудың мынадай негізгі шараларын жүзеге асыру қажет.

Технологиялық процестерді экологияландыру ауаны зиянды қоспалардан тазарту -атмосферада газды қоспалардан шашырату-автокөліктерден, ұшақтардан, жылу қазандарынан бөлінетін газ тәрізді ауа -тозаңды, ауыр металдар, фенолдар және т.б зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау-санитарлық сақтау белдемі архитектуралық -жоспарлау шараларын қолдану қажет.

Әдебиет:

  1. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология: жоғары оқу орындарының арналған оқу құралы.
  2. Дүрмекбаева Ш., Мемешова С. Қазақстандағы экология жағдайының қалыптасуы.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, озон.


Похожие статьи

Статьи по ключевому слову "озон" — Молодой учёный

Влияние озона на развитие проростков льна и их форму. Молодой учёный №23 (127) ноябрь 2016 г. — Жолдошбеков Е. Ж., Чаканов Т. И.

Об эффективности использования озонотерапии при лечении...

Озонотерапия стала снова применяться при лечении ряда хирургических и терапевтических патологий. Были показаны возможности применения озона...

Влияние концентраций приземного озона на здоровье населения...

В статье рассматривается связь концентрации приземного озона с заболеваниями кровообращения, дыхательных путей и кожи.

Анализ наземных и спутниковых данных общего содержания озона...

Рассмотрена синоптическая ситуация, при которых наблюдались экстремальные концентрации озона и проанализированы спутниковые данные.

Комбинированная технология и результаты озонообработки семян

2. Комбинированная технология обработки семян озоном. В первой серии опытов для озонообработки применялся специально разработанный и изготовленный озоногенератор на...

Управляемый импульсный источник электропитания...

В статье представлены обобщенные результаты экспериментальных исследований, нацеленных на преобразование кислорода в озона.

Статьи по ключевому слову "озонотерапия" — Молодой учёный

"озонотерапия": Молодой учёный №5 (85) март-1 2015 г. — Вусатая Е. В.

Беременность малого срока и ретрохориальная гематома...

плацентарная недостаточность, женщина, первородящая, ретроспективная выборка, группа, медицинский озон, ранний срок беременности, медикаментозный аборт, стандартная терапия...

Особенности химических способов извлечения марганца из...

Окисление озоном. Озон − сильный и эффективный окислитель. Основным достоинством озона является то, что он разлагается в воде с образованием кислорода, т. е...

Применение озонотерапии при лечении кариеса зубов у детей...

Озон в качестве дезинфектанта имеет значительное преимущество по сравнению с другими дезинфицирующими средствами

Похожие статьи

Статьи по ключевому слову "озон" — Молодой учёный

Влияние озона на развитие проростков льна и их форму. Молодой учёный №23 (127) ноябрь 2016 г. — Жолдошбеков Е. Ж., Чаканов Т. И.

Об эффективности использования озонотерапии при лечении...

Озонотерапия стала снова применяться при лечении ряда хирургических и терапевтических патологий. Были показаны возможности применения озона...

Влияние концентраций приземного озона на здоровье населения...

В статье рассматривается связь концентрации приземного озона с заболеваниями кровообращения, дыхательных путей и кожи.

Анализ наземных и спутниковых данных общего содержания озона...

Рассмотрена синоптическая ситуация, при которых наблюдались экстремальные концентрации озона и проанализированы спутниковые данные.

Комбинированная технология и результаты озонообработки семян

2. Комбинированная технология обработки семян озоном. В первой серии опытов для озонообработки применялся специально разработанный и изготовленный озоногенератор на...

Управляемый импульсный источник электропитания...

В статье представлены обобщенные результаты экспериментальных исследований, нацеленных на преобразование кислорода в озона.

Статьи по ключевому слову "озонотерапия" — Молодой учёный

"озонотерапия": Молодой учёный №5 (85) март-1 2015 г. — Вусатая Е. В.

Беременность малого срока и ретрохориальная гематома...

плацентарная недостаточность, женщина, первородящая, ретроспективная выборка, группа, медицинский озон, ранний срок беременности, медикаментозный аборт, стандартная терапия...

Особенности химических способов извлечения марганца из...

Окисление озоном. Озон − сильный и эффективный окислитель. Основным достоинством озона является то, что он разлагается в воде с образованием кислорода, т. е...

Применение озонотерапии при лечении кариеса зубов у детей...

Озон в качестве дезинфектанта имеет значительное преимущество по сравнению с другими дезинфицирующими средствами

Задать вопрос