Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 января, печатный экземпляр отправим 8 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Болатбекова, А. К. Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары / А. К. Болатбекова, А. А. Абдразакова, А. С. Жантуганова, А. О. Омарова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 7 (111). — С. 1096-1101. — URL: https://moluch.ru/archive/111/26635/ (дата обращения: 22.12.2024).



В статье рассматривается системы и отрасли научной педагогики: общая педагогика, период педагогики, социальная педагогика, специальная педагогика. По мнению автороввоспитаниекаждого ребенкаявляется одним из основных инструментов воспитания в коллективе. Духовные отношение междудетьми и воспитателями — процесс развития коллективного отношения, идея В.А Сухомлинского об отношениях выражает идею учителей-новаторов. В результате коллектив является важным инструментом в процессе воспитания детей.

Педагогика — кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ, мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндәрді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, медени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы, этнопедагогикасы, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы т.б. педагогика салалары пайда болды [1, 95c].

Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды: жалпы педагогика; жас кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика.

Жалпы педагогика — адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2)дидактика (оқу теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4) мектептану. Жас кезеңдер педагогикасыпедагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Мектепке дейінгі педагогика — отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектепжасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін айкындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар:1.Педагогиканың жалпы негіздері 2. Тәрбие теориясы.3. Дидактика.4. Мектептану (басқару теориясы).Дидактика — педагогиканың негізгі тарауларының бірі. Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді. Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындалу тәжіриберін зерттеп, шешу.

Білім беру жүйесі туралы түсінік. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі [2, 105c].

Білім беру туралы заң, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — Республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар. Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы 2 бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру.

Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. (5-6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепке жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады.

Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.

Гимназия — негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.

Лицей — негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беретін оқу орны. Лицейлердің ең бастыерекшеліктері — ақыл-ой қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында. Ал оны аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу құқығына ие болады. Кәсіптік мектептеоқу мерзімі — 2-3 жыл, кәсіптік лицейде — 3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін 4 жылға дейін болады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.

Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады, жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады [3, 125c].

Баланың дамуына әсер ететін факторлар. Тұқым қуалаушылық — ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нәрсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы композитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық дәстүрге, тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.

Даму — жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әртүрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.

Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі. Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі — тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды.Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" — деп сыңаржақ пікір айтты.

Бала құқықтары туралы конвенция 1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады,54 баптан тұрады.

Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады.

Тәрбие әдісі дегеніміз — оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері. Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.

Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері. Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері: адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер. Әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкеевич тәрбиені екі топқа бөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсерету әдісін, ал екінші тобына өтпеліәдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.Тәрбиетәсілдерідегеніміз-әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:1.Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну. 2.Ақпараттық-ағартушылық. 3.Бағдарлау-іс-қызмет. 4.Қатынас. 5.Бағалау. Тәрбие құралдары дегенімізоқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары: іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар); рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір); бұқаралық ақпарат құралдары; педагогикалық ықпал жасау құралдары [4, 89c].

Ұжым. Ұжым және жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр. Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді. Ұжым теориясына Н.К.Крупская, А.В. Луначарский, А.С.Макаренко, С.Т.Щацкий, В.А.Сухомлинский, т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы. Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты. Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап баланың іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы: жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау, т.б. Үшінші кезең — белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамып, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.

Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір — бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым одан әрі дамытып, кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе теріске шығарады. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету керек деп ой түйеді. Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А.С.Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мәнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. А.С.Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы. В. А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Қорыта айтқанда, ұжым — тәрбиенің маңызды құралы. Сынып жетекшісі міндеттері. Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі — сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады. Бүгінгі күні сынып жетекшісі — кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:

 сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;

 оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы [5,45c];

 оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;

 оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші. Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

 Сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту.

 Тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып, психолгиялық педагогикалық жағдай тудыру.

 Оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін қалыптастыру.

 Сыныптағы жүйелік жұмысты ұйымдастыру.

 Білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру.

 Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

 Білім алушылардың құқықтары мен мүделлерін қорғау.

Осы бастапңы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады. Олар: диагностикалық, коммуникативтік, тәрбиелік, жобалаушылық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, дамытушылық, әдептілік, ынталандырушылық, бағалаушылық, қорғаушылық-қамқоршылық, түзетушілік. Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне мыналар жатады: Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру Сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру. Сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру.Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну. Оқушыларды әлеуметтік қорғау ата- аналармен жұмыс кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады: Бірінші топ міндеттері — әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату. Екінші топ міндеттері — диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу. Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру. Төртінші топ міндеттері — жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия. Оқытудыңтүрлері: Түсіндіру.- суреттеу арқылы оқытудың жақсы жақтары уақыт үнемдейді мұғалім мен оқушылардың күшін сақтайды оқушылардың күрделі білімдерін түсінуін жеңілдетеді процесті тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның ірі кемшіліктері бар. Дайын білімдер оқушылардың өз бетімен ойлауға үйретпейді жеке оқушылармен жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі оның ақыл-ой, қабілетін және оқушының іскерлігін нашар дамытады. Сондықтан дидактика әсіресе XX ғасырда өнімді ойлауға шығармашылық ой дағдыларына үйрететін модельдерді іздестіру жүреді. Осылайша проблемалық оқыту пайда болады. Проблемалық оқыту- кезінде мұғалім ізденіс жұмыстарын ұйымдастырады оның барысында оқушылар жаңа білім іскерліктерді меңгеріп жалпы қабілетін зерттеу белсенділігін дамытады, шығармашылыққа үйретеді, оқу мен оқыту сипаты өзгереді. Оқушылар шағын зерттеу және шығармашылық-тәжірибелік жұмыстар мен айналысады. Мәселелі оқыту- меңгеру үшін мұғалім мәселелік жағдаят мәселе мәселелік міндет гипотеза сияқты ұғымдарды жақсы білу керек, мәселелік оқытудың маңызды кезеңі мәселеліе жағдаят. Бағдарламалықоқыту-тақырыпты оқу бағдарламасы бойынша арнайы құралдар көмегімен оқушының өз бетімен меңгеруі. Бағдарламалық оқытудың негізгі ұғымы оқытатын бағдарлама. Бағдарлама 3 бөліктен тұрады: оқу ақпараттарының үзінділері онымен жұмыс істеу операциялары тапсырма меңгеру үшін істелетін жұмыстар бақылау тапсырмалары жаттығуларды қайталау немесе келесі бөлікке өту туралы нұсқаулар.

Оқытудыңжүйесінің құрылымы — Оқыту процесінің дамуының ең негізгі көрсеткіштері басты екі мақсатқа негізделіп топталған педогогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары-білім беру-бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін белгілі бір білімдерін дағдылар мен іскерліетерін үйренулерін өздерінің рухани физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін еңбек және кәсіби дағдыларын игеруін көздейді. Тәрбиелеу-әрбір оқушылардың ғылыми көзқарасын адамгершілігін белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершілікті үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді. Оқтудың мақсаты –дамытудың қоғамдық тарих тәжірбиесінің жан жақтарын білімдермен іскерліктері ғылым мораль еңбек өнер әдебиет жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтеже. Жалпы мақсата қоғам ғылымның техникалық сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатыныстардың дамуына сәйкес кетеді. Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және оқыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипаттайды. Оқытудың әлеуметтік педагогикалық психологиялық мәні оның қызметері мен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі бірінші кезектегі біршама мәндісі-оқушыларды білімділерді дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыру. Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған ортаның жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қалай біртіндеп қалыптасады. Адамның дамуы бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді, оқытудың кәсіби бағдарлау қызмететінің де мәні зор. Креативтілік қызметі тұлғаның жан-жақтылығын үздіксіз дамытудың көздейді. Өзінің мәні жағынан оқыту процесі –түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен заңдылықтар арнайы айқындалатын заңдылықты түрде дамитын процесс.

Оқытудың ұйымдастыру формалары туралы түсінік. Сынып сабақ жүйесі- Баланы оқытуды ұйымдастырған алуан түрлі жұмыстар зерттеліп олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктеледі мектепте оқитын оқушылардың саны одардың оқитын жерлері оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп баланы жекелеп оқыту топты ұжымды оқыту жолары анықталады. Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Ол тапсырманы мұғалімнің не өзіннің үйінде орындайды. Тапсырма мұғалім оқулығынан беріледі. Жекелеп оқыту қазір де қолданады. Баланы жекелеп оқыту XIII ғасырға дейін қолданған. Жекелеп оқытудың қазіргі жақтары: Мұғалім оқушының нені білетіндігін, нені білмейтіндігін анықтайды. Оқушылардың қатесін уақытында түзетеді. Кемшіліктері: Мұғалім оқушыларға біліп беріп оны оқушы қалай түсінгенің тексерумен шектеледі. Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізеді мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалды сұрап әрқайсына жаңа тақырыпты түсіндіріп жеке тапсырма береді. Оқушылар оқуға жылдың кез келген уақытында келеді. Сынып сабақ тәжірбиесін зерттеп оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Коменский. Оқытудың бұл түрі жетілдірлген түрде дүние жүзінің мектептерінде қолданылуда. Сынып сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды. Дальтон жоспары Оның XX ғасырдың басында Дальтон қаласының мұғалімі Елена Паркхерст ұсынады. Оны зертханалық жұмыс деп те атайды. Аталған жоспармен оқытқанда сабақтар болмайды, мұғалім сабақты түсіндірмейді оқушыларға өз беті мен оқитын әдебиеттер көрсетілген жазбаша тапсырма береді. Оқушылардың әрқайсысы материалды өз бетімен оқып мұғалімге есеп береді. Оқу жұмысының ұйымдыстырудың негізгі түрі-сабақ. Сынып сабақ жақсы жақтары сынып сабақ жүйесінің басқа оқыту түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар себебі оның бөліктері бір бірімен байланысты мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді оқушылардың бір-бірінің оқытуына мүмкіндік жасалды. Кемшілігі үлгерімі нашар оқушыларға қиын ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі. Мұғалімге әр бір оқушымен жеке жұмыс жүргізу қиын. Басты кемшілігі орташа оқушымен жұмыс істеудің жеке оқу тәрбие жұмысын жүргізу мүмкіндігінің жоқтығы [6, 201].

Мұғалімніңсабаққа дайындалуы.- Мұғалім сабақты пысықтау бекіту және соған орай оқушылармен практикалық жұмыстарды орындау барысында олардың белсенділігін оятуы тиіс. Әсіресе оқушылардың қабілетімен қатаң санасып отыруы тиіс. Сабаққа мұқият дайындалу оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ұйымдастыру жұмысын әрбір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқитын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер сол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабақа жеке даяарланып отырмаса, оның сабақ оқытуда ірі кемшіліктер болмақ. Бұл педагогтік тәжірибесі бар көп мұғалімдерге де қатысты. Мұғалімнің сабаққа әзірленуі барысында төмендегідей сұраққа жауап беруі керек. Сабақтың мақсаты қандай? Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйренеді? Мектепте оқу материалы әрбір жарты жыл бойынша жоспарланады. Мұндай жоспардың түрін күнтізбелік жоспар деп атайды. Күнтізбелік жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар енгізіледі. Жеке сабақтар жоспары әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Ол мұғалімнің тақырып жөнінде алдын ала жұмыс жүргізетіндігімен анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар-тиімді өткен сабақ болып табылады.

Педагогикалық кеңес. Педагогикалық кеңес- мектеп училищелердегі ұжымды басқару органы құрамына оқу орнының директоры педагогтар кітапханашы, дәрігер ата-аналар комитетінің төрағасы енді. Кеңес төрағасы сол оқу орнының директоры болады және жыл сайын бір мұғалім хатшылыққа сайланып отырады [7,122c]. Педагогикалық кеңестің жоспары жалпы жұмыс жоспары негізінде жасалынып сол оқу орнының басты көкейкесті мәселелерін қамтиды. Кеңесте әкімшіліктің есебі тыңдалды оқытушылардың баяандамалары ұжымның пед. мәселелер бойынша жүргізген жұмыс қортындылары талқыланады. Педагогикалық кеңес әр оқу тоқсанында кем дегенде бір рет өткізіледі. Педагогикалық кеңесте екі түрлі мәселе қаралады. Өндірістік жұмыс бабына байланысты мектептің жылдық жоспарын бекіту мектептің бір тоқсанында істелген жұмысының қортындысын шығару емтиханға дайындық және өткізу жоспарын жүргізу. Мектеп директоры пед кеңесті бастарда осы ережелерді еске салып оны қатаң сақтауды талап етеді.

Әдебиеттер:

  1. Ахметова Г. К. Исаева З.Ә. Әлқожаева Н.С. Педагогика.- Алматы; Қазақ университеті, .2006 -220 бет.
  2. Бабаева С.Б. Оналбек Ж. К. Жалпы педагогика. Алматы; « Әдебиет», 2005-228 бет.
  3. Қоянбаев Ж. Б. Қоянбаев Р. М. Педагогка. Алматы; Қазақ университеті, 2004 -420 бет.
  4. Құдиярова А. М. Педагогика. Алматы; Дарын, 2004 -448 бет.
  5. Ш. Х. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова. Педагогика. Астана; Фолиант,2007-656 бет.
  6. Байжанова З.Т. Жалпы педагогика. Алматы; «Таймас», 2008 -168 бет.
  7. Аленов Ш. Педагогика. Алматы; «Рост», 2001-304 бет.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Педагогика, бета, орт, алматы, бал, бар, дама, немес, топ.


Похожие статьи

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

«Бәрін білгім келеді» қазақ тілінен факультативтік курсының бағдарламасы

Осы курс 8–9 сынып оқушылары үшін құрастырылған. Ерекшелігі: оқу-танымдық және тәрбиелік бағыты. Құрастырған кезде мен жұмысымдағы бақылауды басшылыққа алдым: оқушылардың қазақ халқының өнері, тұрмысы мен салты жайында білімдері аз. Сондықтан дәл осы...

Бастауыш сынып окушыларының сыни ойлауын дамыту

Мақалада бастауыш сыныптың білім беру процесінде сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері, оны оқытуда түрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау жобасын...

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй кварталдарын жаңғыртудағы негізгі талаптар

Мақалада Қазақстан қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуі және жаңа шешімдердің ұсынылуы туралы айтылады. Қарапайым халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және де сол тұрғын үйлердің қазіргі ә...

Эко-қалаларды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Экологиялық қаланың дамуына негізделген негізгі принциптер қарастырылады, экологиялық қалалардың жіктелуі және әлемнің әртүрлі елдеріндегі белсенді экологиялық қалалардың кейбір мысалдары, соның ішінде Куритиба, Йокогама және басқалары зерттелді. Жұм...

Қазақстанның Маңғыстау облысының білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы мамандарын тұрғын үймен қамтамасыз ету

Тұрғын үйге қолжетімділік халықтың әл-ауқатының ағымдағы деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Мақалада Қазақстанның тұрғын үй саясатын іске асырудағы мемлекеттік бағдарламалардың бағыттары қарастырыла отырып, денсаулық сақтау, біл...

Білім беру ұйымының қазіргі кезеңдегі персоналды басқару жүйесінің ерекшелігі

Бұл мақалада қазіргі кезеңдегі білім беру ұйымының персоналды басқару ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны білім беру ұйымы қызметінің ерекшелігі, персонал функциялары, мотивациялық механизм мен мұғалімдердің дамуына тән ерекшелікт...

Көркем аударма маңыздылығы

Көркем аударма бар жерде түрлі ғылыми зерттеулердің жасалып, тың ой пікірлердің айтыла беретіні сөзсіз. Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның проблематикасымен тығыз байланысты болады. Аударма теориясының дамуы белгілі бір мәселелер...

Құрылымдары әр түрлі тілдердегі аударма барысындағы мәселелер

Әлемде неше тіл болса, сонша мәдениет бар. Мәдениет алмасу, әсіресе жаһандану заманында орасан зор маңызға ие. Бұл ретте аударма қарым-қатынастың өзекті кілті болып табылады. Аударма ісі қызығы мен қиындығы қатар жүретін құбылыс. Әсіресе, құрылымдары...

Қазақ халқы ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары

Бүгінде әрбір ұлт өз тарихы мен мәдениетін зерттеу тәсілдерін қайта қарастыруда. Әр түрлі мәдени дәстүрлерді өзара байытуға ықпал ететін адамдардың бірнеше ұрпағы жасаған барлық халықтардың тәжірибесін, олардың рухани құндылықтарын тану, құрметтеу жа...

Похожие статьи

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

«Бәрін білгім келеді» қазақ тілінен факультативтік курсының бағдарламасы

Осы курс 8–9 сынып оқушылары үшін құрастырылған. Ерекшелігі: оқу-танымдық және тәрбиелік бағыты. Құрастырған кезде мен жұмысымдағы бақылауды басшылыққа алдым: оқушылардың қазақ халқының өнері, тұрмысы мен салты жайында білімдері аз. Сондықтан дәл осы...

Бастауыш сынып окушыларының сыни ойлауын дамыту

Мақалада бастауыш сыныптың білім беру процесінде сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері, оны оқытуда түрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау жобасын...

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй кварталдарын жаңғыртудағы негізгі талаптар

Мақалада Қазақстан қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуі және жаңа шешімдердің ұсынылуы туралы айтылады. Қарапайым халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және де сол тұрғын үйлердің қазіргі ә...

Эко-қалаларды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Экологиялық қаланың дамуына негізделген негізгі принциптер қарастырылады, экологиялық қалалардың жіктелуі және әлемнің әртүрлі елдеріндегі белсенді экологиялық қалалардың кейбір мысалдары, соның ішінде Куритиба, Йокогама және басқалары зерттелді. Жұм...

Қазақстанның Маңғыстау облысының білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы мамандарын тұрғын үймен қамтамасыз ету

Тұрғын үйге қолжетімділік халықтың әл-ауқатының ағымдағы деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Мақалада Қазақстанның тұрғын үй саясатын іске асырудағы мемлекеттік бағдарламалардың бағыттары қарастырыла отырып, денсаулық сақтау, біл...

Білім беру ұйымының қазіргі кезеңдегі персоналды басқару жүйесінің ерекшелігі

Бұл мақалада қазіргі кезеңдегі білім беру ұйымының персоналды басқару ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны білім беру ұйымы қызметінің ерекшелігі, персонал функциялары, мотивациялық механизм мен мұғалімдердің дамуына тән ерекшелікт...

Көркем аударма маңыздылығы

Көркем аударма бар жерде түрлі ғылыми зерттеулердің жасалып, тың ой пікірлердің айтыла беретіні сөзсіз. Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның проблематикасымен тығыз байланысты болады. Аударма теориясының дамуы белгілі бір мәселелер...

Құрылымдары әр түрлі тілдердегі аударма барысындағы мәселелер

Әлемде неше тіл болса, сонша мәдениет бар. Мәдениет алмасу, әсіресе жаһандану заманында орасан зор маңызға ие. Бұл ретте аударма қарым-қатынастың өзекті кілті болып табылады. Аударма ісі қызығы мен қиындығы қатар жүретін құбылыс. Әсіресе, құрылымдары...

Қазақ халқы ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары

Бүгінде әрбір ұлт өз тарихы мен мәдениетін зерттеу тәсілдерін қайта қарастыруда. Әр түрлі мәдени дәстүрлерді өзара байытуға ықпал ететін адамдардың бірнеше ұрпағы жасаған барлық халықтардың тәжірибесін, олардың рухани құндылықтарын тану, құрметтеу жа...

Задать вопрос