Қазақстан Республикасының экономикалық өсімін қалыптастырудағы адам ролі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №5 (109) март-1 2016 г.

Дата публикации: 11.03.2016

Статья просмотрена: 286 раз

Библиографическое описание:

Арынова, Л. Д. Қазақстан Республикасының экономикалық өсімін қалыптастырудағы адам ролі / Л. Д. Арынова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.5 (109.5). — С. 3-7. — URL: https://moluch.ru/archive/109/26815/ (дата обращения: 19.12.2024).



Адам және оның өндірістік қызметі экономикалық және әлеуметтік ғылымдарда маңызды орын алады. Өндірістің материалдық-техникалық базасының дамуы экономикалық өсімді қамтамасыз етуде табиғи капиталдың адами капиталдан басымдылығы жайында түсінік қалыптастыра бастады. Дегенмен, адам және оны жан-жақты дамыту қажеттілігі туралы пікірлер ерте кезеңдерде қалыптаса бастаған. Өз заманында Аристотель: «Байлық - біз қол жеткізуге ұмтылатын жетістік емес, себебі, ол тек пайдалы және басқа мақсатқа жету үшін қызмет етеді» - деп айтып кеткен [1]. Басқаша айтқанда, табыс және экономикалық өсім, соңғы мақсат емес, тек құрал болып табылады. Шын мәнісінде, бірнеше жүздеген жылдар бойы ғалымдар жиынтық өндіріс көлемінің артуы кедейлік ауқымын қысқартады және тұрғындардың әл-ауқатын арттырады деп ойлады. Өндірістің өсімі мен кедейшілік ауқымын қысқарту арасындағы күшті байланыс экономикалық өсімге қол жеткізеді деп есептеп, экономистер басты назарды өндіріс көлемінің өсуіне аударды.

Экономикалық дамуды қамтамасыз етуде адам ролінің маңыздылығын алғаш қарастырған және баға бергендер экономикалық теорияның классиктері. А.Смит және оның ізбасарлары адам қоғамдық байлықтың қайнар көзі ғана емес, сонымен бірге, бір бөлігі деп санады. Адамды қоғамдық өнідірістің мақсаты ретінде мойындаған көзқарастарды басқа да мектептер өкілдерінің еңбегінен кездестіруге болады. Мысалы, маржиналистік бағыттың өкілдері адамның рыноктық экономикадағы оңтайлы іс-әрекет қағидасын қалыптастырды. Шекті пайдалылық теориясының негізгі ережелерін қалыптастыра отырып, пайдалылық идеясы арқылы маржиналистер өмірге «тұтынушылық іс-әрекет» теориясын еңгізді [2].

Неоклассикалық бағыттың және кембридждік мектептің негізін қалаушылардың бірі А.Маршалл адамның экономикадағы роліне қатысты көптеген пікірлерді сараптай отырып, байлықтың жиналуын адамның дамуымен тікелей байланыстырды. Оның: «Өндірістік байлық – тек адам өмірінің қажеттілігін қанағаттандырушы, табиғи және ақыл-ой қуатын дамытушы құрал. Ал адамның өзі осы байлықтың ең басты өндірушісі, сондай-ақ, ол байлықтың соңғы мақсаты болып табылады» [3].

ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында Дж.М.Кейнс экономикалық өсімнің маңызды шарты ретінде адамның қабілетін жүзеге асыру мен дамыту және оның жеке таңдау мүмкіндігін кеңейту деп атап көрсетті.

Көптеген уақыт бойы экономикалық ойлау тұтастай материалдық өсімнің аймағында болып жатқан іс-әрекеттердің ықпалында болды. Капиталды жинақтау және материалдық -заттық факторлары жан-жақты және анықтаушы факторы ретінде қарастырылды. Материалдық байлықтың өсу көздеріне факторлық талдау жасау ғалымдарға жаңа көзқарастардың пайда болуымен және адамның экономикадағы маңызы мен рөлін ашып көрсетті.

Іс жүзінде адами дамудың экономикалық тұжырымдамасы «адами капитал» түсінігі арқылы келді. Бұл терминнің пайда болуына 50-60 жылдардағы американ экономисі Т.Щульцтің еңбек өнімділігін арттыру көздерін іздестіруде өз алдына бөліп көрсеткен және алғашында «қалдық фактор» деп аталған белгісіз параметрді анықтаған еңбектері негіз болды.

Нәтижесінде бұл параметр адамның еңбекке деген қалыптасқан және дамытып отыратын қабілеттері ретінде біріктірілді. Щульцтің шәкірттері арқылы өндіріс құралы және ұзақ мерзімді тұтыну заты ретінде екі жақты қызмет атқаратын «адами капитал» тұжырымдамасы қалыптастырылды. «Адами капитал» факторының бөлініп көрсетілуі экономикалық өсімнің маңызды көзі білім мен біліктілікті ажыратып берді, яғни осыған дейін тұтынушы және өндірістік емес деп танылып келген білім беру мен денсаулық сақтаудың экономикалық ролін дұрыс айқындауға мүмкіндік берді [4].

«Адами капитал» тұжырымдамасымен бірге экономикалық өсім теориясының адами даму теориясына айналуына «негізгі қажеттіліктер» тұжырымдамасы да ықпал етті. 60-шы жылдарда Скандинавияның зерттеу орталықтарында идея ретінде пайда болып, халықаралық ұйымдардың атсалысуымен Халықаралық Еңбек Ұйымының ««Жұмыспен қамту, өсім және негізгі қажеттіліктер» (1976 ж.) атты танымал баяндамаларының тұжырымдамасына айналған болатын. Ол көп жылдар бойы ұйымның бағдарламалық құжаты болды. Бұл тұжырымдаманың мәнісі мемлекетке әлеуметтік-экономикалық саясатты төмендегілерді есепке ала отырып құруды ұсынады: біріншіден, әрбір отбасының тамаққа, киімге, тұрғын үйге, үй жабдықтарына деген минималды қажеттіліктерін қанағаттандыру міндетін; екіншіден ауыз су, тұрғылықты жердің санитарлық жағдайы, қоғамдық көлік, білім алуы және денсаулығын қамтамасыз ету төңірегінде қоғамдық қызметті жақсарту міндетін [5].

Адами даму тұжырымдамасында жаңа идеяларды «жеткізуші» өмірдің өзі болып табылады. Экономиканы дамытуды әлеуметтік тұрғыдан өлшеудің маңыздылығы арта түсіп, көптеген саяси бірлестіктердің бағдарламаларының және экономиканы дамытудың ұлттық моделінің негізін қалыптастырудың (мысалы, шведтік үлгі, Германияның әлеуметтік бағытталған экономикалық үлгісі және т.б.) ажырамас бөлігі ретінде қабылданды. Көптеген елдердің қоғамдық-саяси құрылымы бүгінгі күні әлеуметтік-экономикалық критерилерге негізделген.

Адами даму теориясының пайда болуының келесі бір дәлелі екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қираған (Тайвань, Корея, Япония) елдердің даму тәжірибесінен көруге болады. Бұл елдердің даму стратегиясы адами фактор есебінен қалыптасты, яғни, ғылыми-техникалық прогрестің басты құрамдас бөлігі және экономикалық дамудың шексіз ресурсы. Шындығында, әрбір мемлекеттің басты капиталы оның азаматтарының «жарқын ақылының» болуында. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Батыс Еуропа және Германияның экономикалық жағдайын көтерудегі Маршаллдың жоспары осы мемлекеттердің өздерінің ақыл-ой ресурстарының байлығы болмаса, қаржылық қолдауға қарамастан іске аспаған болар еді.

Бүгінгі күні дамыған елдерде адамға және тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласына салынатын салымдар материалдық жинақтан асып түсуде. Адами ресурстарға инвестиция салу мықты экономиканы құруда бірден-бір маңызды элемент болып табылады, өйткені, әрбір экономикалық іс-әрекеттер ең алдымен, еңбек ресурстарының негізінде құрылады.

Осылайша, қоғамдық дамудың заманауи көрінісі адамды тек рухани салада ғана емес, ұдайы өндірістік байланыстарда да ерекше орынға шығарады, яғни, адам әлеуметтік-экономикалық дамудың бастапқы және ақырғы шегі болып табылады. Адами өлшемдер - бұл дамудың басты айқындаушысы, ал материалдық-заттай әлеует – мұндай дамудың шарты ретінде қалыптасады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, «адами даму – адам тіршілігінің барлық құбылыстарында адамдарды кең ауқымдағы таңдау мүмкіндігімен қамтамасыз ету үдерісі. Олардың негізгісі – ұзақ және ауру-сырқаусыз өмір сүру, білім алу мен лайықты тұрмыс деңгейі үшін қажет ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі».

80-жылдардың екінші жартысында қоғамның алға жылжуында адами даму идеялары, ұлттық даму бағдарламалары және халықаралық бірлестіктердің жобаларын құрастыруда кең көлемде қолдауға ие болды. Мысалы, 1987 жылы БҰҰ-ның дамуды жоспарлау жөніндегі Комитеті 1988 жылға арналған өз баяндамасын, экономиканы құрылымдық қайта құрудың гуманитарлық аспектілеріне арнады. М.уль-Хак, К.Н.Гриффин, Дж.Найттың басшылығымен дайындалған «Адам әлеуетінің дамуы: даму стратегиясының ұмытылған өлшемі» атты зерттеу қорытындылары адами даму тұжырымдамасының негізін қалады [6].

Адам әлеуеті дамуының осы заманғы түсінігіне А.Сеннің 1989 жылы «Мүмкіндіктерді ұлғайту ретіндегі даму» еңбегінде жарияланған теориялық зерттеулері шешуші ықпал жасады. Ол даму үдерісін материалдық немесе экономикалық әл-ауқатты арттыру ретінде емес, адам «мүмкіндіктерін» ұлғайту (кеңейту) үдерісі, яғни ұзақ және салауатты өмір сүру, білімге қол жеткізу, көбірек шаруалар тындыру және тағы сол сияқтылар ретінде қарады. Бұл ретте осы үдеріс адам таңдауы еркіндіктерін кеңейтумен байланысты. Адами даму тұжырымдамасы сол арқылы даму мақсаты ретінде экономикалық өсудің көрсеткіші есесбінде ЖҰӨ (Жалпы ұлттық өнімінің) өсуін емес, адамның өзінің даму мүмкіндігін, оның таңдау еркіндігі өрісін ұлғайтуды қойды [6,б.52].

Адами даму тұжырымдамасы алғаш рет 1990 жылы әлемдік деңгейде бірінші рет баяндамаға енгізілді. Сарапшылар мен қатысушылар адами даму тұжырымдамасын дамыту идеяларын жыл сайынғы есептерінде жалғастырып отырды. Адами даму тұжырымдамасы расында соңғы уақыттары толықтырылып және дамып отырды. БҰҰ-ның жылда өткізілетін әлемдік есептерінде ғана емес, БҰҰ-ның құрамындағы әрбір мемлекеттің ұлттық есептерінен, сонымен қатар Қазақстанда да (біздің елде 1995 жылдан бастап Ұлттық есеп жарық көруде), жүргізілуде. Ұлттық есеп беру саяси талдау мен жоспарлауға, жұмыс материалдарын дайындайды және нақты ақпарат көзі мен статистикалық мәліметтер арқылы әлеуметтік көрсеткішті бейнелейді, мемлекет үшін маңызды сұрақтарды шешуде, жалпы қоғам қатысушыларын пікір-таласқа қатысуға ынталандырады.

Экономикалық өсім адам дамуында негізгі роль атқарады, бірақ ол ұсынатын жақсартылған әл-ауқатты тұрмыстың мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін, экономикалық өсімді дұрыс басқара білу керек (1-сурет).

Сурет 1. Экономикалық өсім мен адами даму арасындағы байланыс

Экономикалық өсім мен адами даму арасында қалаулы байланыс орнатудың төрт тәсілі бар.

Бірінші тәсіл білімге, денсаулық сақтауға, кәсіптік даярлыққа инвестицияларды ұлғайтуды, адам қабілеттерін іске асыруға және оның өндіріс пен игіліктерді негізінен ақылы еңбек арқылы бөлуге қатысуына жәрдемдесуді қамтиды.

Екінші тәсілдің мәні экономикалық өсу мен адамзат дамуының арасында тығыз байланыс орнату үшін шешуші жағдай ұлттық табыс пен байлықты әділ бөлу болуы тиіс екендігімен тұжырымдалады. Табыс пен байлық әркелкі бөлінетін жерлерде, ЖІӨ жоғары қарқынмен өсуі адамдар тұрмысына оң әсер етпейді.

Сурет 2. Экономикалық өсім факторы ретінде адами дамудың орны мен ролі

Үшінші тәсіл кейбір елдердің тіпті экономикалық өсім мен бөлу орын алмаған жағдайда да адам дамуында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізгендерін көрсетеді. Олар осындай жетістіктерге мемлекеттік әлеуметтік шығындарды дәл ұйымдастыра білгендерінің арқасында жетті.

Төртінші тәсіл - адам мүмкіндіктерін, әсіресе әйелдер мүмкіндіктерін ұлғайтуды мақсат тұтады, ол экономикалық өсім мен адами даму арасындағы байланысқа жетудің сара жолын көрсетеді. Мүмкіндіктерді ұлғайту адам өмірінің барлық салаларында қатысуы тиіс. Егер адамдар өз таңдауын саяси, қоғамдық және экономикалық салаларда жасауға құқылы болса, онда экономикалық өсудің перспективалары анағұрлым орнықты, баянды болады және адамдардың мүдделерін ескереді [7,б.5].

Экономикалық өсімнің дәстүрлі теориясына қарағанда, адами даму тұжырымдамасының потенциалы біршама жоғары. Экономикалық өсім моделі, адам өмірінің сапасын арттырумен емес, ЖҰӨ-нің көбеюімен байланысты (2-сурет).

«Экономикалық өсім - адам дамуы» циклында тізбектік екі байланыс бар. Солардың біреуі экономикалық өсімнен адамдардың өсуі үшін адам дамуына қарай апарады. Екіншісі керісінше. Біріншісі-экономикалық өсудің адам дамуына қалай жәрдемдесетінін, екіншісі адам дамуының экономикалық өсуге қалай ықпал ететінін көрсетеді. Әр жағдайда күшті байланыстар бар, бірақ олардың бірде-біреуі мүлтіксіз немесе өте тиімді болып табылмайды. Бірақ солардың барлығы бірге себептік-салдарлық байланыстар құруы мүмкін, осы байланыстар ең қолайлы жағдайлардың тоғысуы кезінде елдің адам дамуы мен экономикалық өсу салдарында елеулі прогреске қол жеткізуіне көмектесуге мүмкіншілігі болады

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Платон. Государство. Законы. Политики /предисл. Е.И.Темнова. -М., 1998-255 с.
  2. Мустафина А. Теоретические аспекты оплаты интеллектуального труда// Труд в Казахстане.-2008-№4.-2-8с.
  3. Қошанов.А.К. «Трудные восхождения на путях к рынку».-Астана, «Елорда», 2004-2011с.
  4. Беккер Г. Теория распределения времени. -США: ЮПИ, 1996. -№2, -235с.
  5. Маршалл А. Принципы политической экономии. Пер. с англ. –М., Пргоресс, 1983. – 415с.
  6. Ильин В.И.Социальное неравенство: деятельностно-конструктивистский подход. -М., 2000. -228с.
  7. Абдимомынова А.Ш., Махамбетова М.А., Жусупов А.Е.
    Гендерная структура занятости в Казахстане: проблемы дискриминации
    Международный журнал экспериментального образования. 2015. № 3-3. С.370-372.
Основные термины (генерируются автоматически): дама, мена, мена адами, Казахстан, капитал, оса.


Похожие статьи

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен қалыптасуы

Қазақстан Республикасындағы электоралды мәдениеттің қалыптасуы және дамуы

Қазақстан Республикасындағы жалдау шартының құқықтық реттелуінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру процесін бағалаудың методологиясын жасау

«Қазақстан Республикасының жер құқығы» сабағында ҚР Конституциясы мен ҚР Президентінің Жолдауларын қолдану мәселелері

Болашақ мамандардың басқарушылық қабілетін қалыптастырудың рөлі

Жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырудағы мұражайлардың ролі

Қазақстан Республикасы аграрлық секторын мемлекеттік реттеу шаралары

Болашақ мамандардың инновациялық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары

Ұлы Отан соғысы жылдарында Арал тұз Комбинатының майданға көмегі

Похожие статьи

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен қалыптасуы

Қазақстан Республикасындағы электоралды мәдениеттің қалыптасуы және дамуы

Қазақстан Республикасындағы жалдау шартының құқықтық реттелуінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру процесін бағалаудың методологиясын жасау

«Қазақстан Республикасының жер құқығы» сабағында ҚР Конституциясы мен ҚР Президентінің Жолдауларын қолдану мәселелері

Болашақ мамандардың басқарушылық қабілетін қалыптастырудың рөлі

Жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырудағы мұражайлардың ролі

Қазақстан Республикасы аграрлық секторын мемлекеттік реттеу шаралары

Болашақ мамандардың инновациялық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары

Ұлы Отан соғысы жылдарында Арал тұз Комбинатының майданға көмегі

Задать вопрос