Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің құқықтық негіздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №5 (109) март-1 2016 г.

Дата публикации: 30.03.2016

Статья просмотрена: 438 раз

Библиографическое описание:

Жусупбекова, М. К. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің құқықтық негіздері / М. К. Жусупбекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.2 (109.2). — С. 21-23. — URL: https://moluch.ru/archive/109/26708/ (дата обращения: 18.04.2024).

Тәуелсіз Қазақстанның негізін 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қалады. Бұл заңда «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып, Адам құқықтарының жалпыға бiрдей Декларациясында, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн-өзi билеу құқығын растай отырып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, бейбітшiлiк сүйгiш сыртқы саясат жүргiзе отырып, ядролық қаруды таратпау принципi мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлiмдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялайды» делінген [1].

Конституциялық заңда Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет болып белгіленді. Конституциялық заңның мазмұнында ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығына басымдық беру, саяси тұрақтылық, билікті бөлісу, ұлтаралық келісім т.б. іргелі демократиялық қағидалар көрініс тапты.

Өзінің тәуелсіздігін жариялау арқылы Қазақстан Республикасы өзін бірнеше меншік нысанындағы қаржы-кредиттік, салық және кеден саясатына негізделген дербес экономикалық жүйесі бар саяси дербес мемлекет ретінде белгіледі. Және әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде көп танылды.

Біздің тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында адамның құқықтық мәртебесін және қоғамдық құрылымның негізгі қағидалары бар 1993 жылғы және 1995 жылғы ҚР Конституцияларының мәні өте зор. Мысалы, қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясы қоғамдық өмірді белгілейтін келесі идеяларды анықтайды. Олар: халық билігі және халықтық егемендік, мемлекеттік биліктің бөлінуі, заңдылық және құқықтық мемлекет, адам және азаматардың құқықтары, унитарлық және еркін ұлттық даму, мемлекет пен халықаралық бейбітшілікті нығайту, халықаралық құқық нормалары мен қағидаларын сақтау, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім, халық игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу [2].

Қазақстанның тәуелсіздігін орнату бірқатар құбылыстарға бастау болып табылды. Олар қазіргі кезде де дамуын жалғастыруда және мемлекет пен халықтың өміртіршілгінің барлық жақтарын қамтиды. Мемлекет тәуелсіздігінің 24 жылында экономиканың барлық салаларында, сол сияқты құқықтық салада да түбегейлі өзгерістер болды деп айтуға болады. Тәуелсіз Қазақстандағы жаңа құқықтық жүйенің қалыптасуын негізінен үш кезеңге бөлуге болады.

Құқықтық жүйенің дамуының бірінші кезеңі 1994 жылдан, яғни «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы» [3] Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын қабылдаумен басталады. Бұл құжат негізінде мемлекетте сот құрылымы мен сот өндірісін қайта құруына, материалдық және процесуалдық заңңаманың жетілдіруіне, құқық қорғау органдары және арнайы органдарды реформалауға байланысты көптеген жұмыстар жүргізілді.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарың, конституциялық құрылымды, елдің біртұтас экономикалық және құқықтық кеңістігін қорғау мүддесі бойынша өзінің құзыретін жүзеге асыратын сот билігін дербес, тәуелсіз және күшті мемлекеттік билік ретінде нығайтуға байланысты келесі маңызды заң актілер:

-«Қазақстан Республикасындағы сотжүйесі және соттар туралы» Конституциялық заң;

-«Сот приставтары туралы»;

- «Атқару өндірісі және сот орындаушыларының мәртебесі туралы»;

-«Жоғарғы сот кеңесі туралы»;

- «Әділет органның кәсіби коллегиясы туралы» Заңдары, сондай-ақ, Қылмыстық, Азаматтық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару, Азаматтық іс жүргізу және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстері қабылданды.

Екінші кезең 2002 жылы ҚР Президентінің бастамасы бойынша «ҚР құқықтық саясаты тұжырымдамасын» [4] қабылдануымен басталады. Онда 2010 жылға дейінгі мемлекеттің құқықтық жүйесінің дамуының негізгі бағыттары айқындалған болатын. Осы тұжырымдама негізінде 2003 жылы - Жер, Орман, Су және Кеден кодекстері; 2007 жылы – Еңбек және экологиялық кодекстері, 2008 жылы – Бюджет және Салық кодекстері қабылданды. Соттардың кәсіби сапасына қойылатын талаптарын арттыру мақсатында Жоғарғы Сот жанында Сот төрелігі, сонымен қатар 2007 жылы Алқабилер соты институты қолданысқа енгізілді.

Үшінші кезең 2009 жылы «ҚР 2020 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы» қабылдануымен басталады. Онда сот-құқықтық реформасының нақты шаралары, ұлттық құқықтық жүйенің дамуының алдыңғы он жылға бағытталған негізгі басымдықтары белгіленді [5]. Сонымен бірге, Конституцияның үстемдігі қағидасы негізінде мемлекет қызметін құқықтық реттеу саласында басты концептуалдық бағыттар көзделді.

2010 жылғы 17 тамызда ҚР Президентінің «Қазақстанның құқық қорғау жүйесінің нәтижелерін көтеру шаралары туралы» Жарлығы қабылданды. Онда құқық қорғау органдарының құзыреттері нақты жіктелді. Аталған Жарлықты қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылдың 6 қаңтарында «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бұл заңның мақсаты құқық қорғау қызметін өтудің нормалары мен біркелкі құқықтық стандарттарын орнату болып табылды.

Сот жүйесінің дамуының бір бағыты медиация және бітімгершілік институттарын енгізу арқылы жеке құқықтық дауларды өркениетті шешу тәсілдерін дайындау болып табылады. Осыған байланысты 2011 жылы 28 қантарда «Медиация туралы» ҚР Заңы және 2011 жылы 26 желтоқсанда Неке және отбасы туралы ҚР кодекстері қабылданды.

2014 жылдың 26 желтоқсанындағы ҚР Президентінің Жарлығымен «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайластыққа қарсы стратегиясы» бекітілді. Стратегияда «сыбайластыққа қарсы іс - қимылдардың бірден бір қатысушысы қоғам болып табылады» [6] делінген. Осы қағиданы басты назарда ұстай отырып, қоғамның басым бөлігі жастар болғандықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте олардың белсенділігін арттыру уақыт талабы. Ол үшін жастардың құқықтық санасын, құқықтық мәдениетін, құқықтық сауаттылығын арттыратын жұмыстарды үнемі және жүйелі жүргізіп отыруымыз қажет.

Сонымен қатар, 2014 жылы жаңа ҚР Қылмыстық кодексі; ҚР Қылмыстық - процесуалдық кодексі; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі; 2015 жылы жаңа Еңбек кодексі қабылданды.

Қорыта келе, 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы айтқандай, біздің мақсат пен міндет – Тәуелсіздікті мәңгі сақтап қалу.

Олай болса, Тәуелсіз елімізді тұғырлы, болашағымызды баянды ету ісіне үлес қосу- баршамыз үшін абыройлы міндет!

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз.
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 12 ақпанындағы №1569 «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қаулысы.
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қырқүйектегі № 949 Жарлығы «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы».
  5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамызындағы №858 «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы » Жарлығы.
  6. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанында қабылданған №986 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығы.
Основные термины (генерируются автоматически): соты, мена.

Похожие статьи

Использование сервисов мгновенного обмена сообщениями...

Обмен сообщениями позволяет значительно снизить затраты на междугороднюю и сотовую связь. Ведь для этого будет использоваться уже оплаченный интернет-канал.

Особенности работы с приемопередатчиком NRF24L01+

Приемопередатчик имеет собственный аппаратно-реализованный протокол обмена Enhanced ShockBurst™, который гарантирует надежный обмен данными.

Зависимость величины электромагнитного излучения мобильных...

В данной статье мы рассмотрим влияние электромагнитных излучений мобильных телефонов, в зависимости от марки производителя и года выпуска.

Пчелиный дом

− Из чего они делают соты? На первый вопрос все опрашиваемые ответили пчела. На второй вопрос ответы были разнообразными.

Мёд — ценнейший дар природы

Сотовый мёд должен быть в сотах белого или жёлтого цвета, запечатан и не закристаллизован. Запечатывают пчелы всегда лишь зрелый мёд...

Роль минеральных веществ в организме теплокровных и их состав...

Пчелиный мед является ценным продуктом питания, в его состав входят полезные для организма органические и минеральные вещества.

Праздничные мероприятия как инструмент персонального подхода...

ХХI век является веком пика технических инноваций. Инструменты автоматизации процессов работы и ведения тесной деятельности с клиентами приводят к повышению оперативности...

Электромагнитная совместимость в локальных беспроводных сетях

Встроенные механизмы WLANобеспечивают эффективную одновременную работу небольшого числа компьютеров внутри одной соты.

Программно-аппаратный комплекс регистрации пользователей...

В данной статье рассмотрен программно-аппаратный комплекс регистрации пользователей открытой WiFi сети. Базой исследования выступает задача подключения клиента к услуге...

Значение сотовых сетей для работы МЧС РФ | Статья в журнале...

Сотовая концепция включает в себя идею «переброски сигнала (hangoff) от соты к соте, благодаря реализации которой абонент может свободно пересекать их границы...

Задать вопрос