Ортағасырлық түркі ойшылы — Жүсіп Баласағұн | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Педагогика

Опубликовано в Молодой учёный №1 (105) январь-1 2016 г.

Дата публикации: 05.01.2016

Статья просмотрена: 9320 раз

Библиографическое описание:

Ахай, Гулжамал. Ортағасырлық түркі ойшылы — Жүсіп Баласағұн / Гулжамал Ахай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 1 (105). — С. 934-936. — URL: https://moluch.ru/archive/105/24245/ (дата обращения: 19.04.2024).



 

Киелі қазақ өлкесі бірқатар ұлы ғұламаларды әлемге паш еткені көне тарихтан белгілі. Ортағасырлық түркі ойшылдары бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын сол кездегі ғылым, білім, өнер тілі — араб тілімен қатар түркі тілінде де жазып, өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдыра білді. Олардың қатарында есімдері әлемге танылғаны аз емес. Түркілерден шыққан отандастарымыздың бірі — Жүсіп Баласағұн.

Жүсіп Баласағұн кезінде Отырар (Фараби), Шаш (Ташкент), Тараз, Шу өңірі, Ыстықкөл аймағы, Ферғана мен Қашқарды қамтыған, белгілі дәрежеде мәдениеті дамыған саяси аймақтан шыққан. Тілі мен мәдениеті жағынан ол түркі халықтарына, ал географиялық жағынан — қырғыздарға, атап айтқанда, түркі руының бірі — чигилге жақын келеді. Ұлы ойшыл Баласағұн қаласында дүниеге келген. Танымал тарихшы У. Х. Шалекенов өз еңбегінде аталған қаланың Жамбыл облысында Ақтөбе төбешегінде орналасқан деген дерек келтіреді [1]. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, бұл қаланы Жетісудан, анығырақ айтқанда, Шу өңіріндегі Тоқмақ қаласының маңында деген де дерек бар. Бұл қала Қарахан мемлекетінің сауда, қолөнер орталығы орналасқан ең ірі қалаларының бірі болған. Жүсіп Баласағұн сол кездегі жоғары дәрежеде дамыған мәдениет орталығы болған Фараби, Қашқар, Бұхарада білім алған. Араб, парсы тілдерін жетік меңгерген ол, білімнің әртүрлі салаларында философиялық-ғылыми еңбектер жазған.

ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұнның түркі тілінде жазған педагогикалық трактаттары кең өріс алды. Оның аса маңызды тарихи және әдеби шығармаларының бірі «Құтадғу білік» — сол кездегі түркі тілді халықтарының дүниетану тақырыбындағы тұңғыш поэтикалық шығарма. Түрік философы Р. Р. Араттың мағлұматы бойынша, поэманы жазып бітіргенде автор 54 жаста болған. Автор өзінің еңбегін Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Боғра-хақан-Абу Хасанға арнап жазып, осы еңбегі үшін хасс-хаджиб — «сарай министрі» немесе «бас камергер» дәрежесін алған [2]. Аталған шығарма Орта Азия мен еліміздегі түркі халықтары әдебиетінің осы күнге дейінгі жеткен алғашқы туынды болмақ. Бұл еңбекте ойшылдың өзі өмір сүрген дәуірдің өмір шындығы, қоғамдық сана және белгілі бір әлеуметтік топтардың саяси тұжырымдамасы өзіндік бейнемен көрсетілген. Өсиеттер мен тағылымдар жинағы болып табылатын дастанда қолөнершілер мен көпестердің мемлекеттегі рөлі жоғары бағаланады. Шығармадан автордың әл-Фараби, Ибн Сина, Бируни көзқарастарымен және философиясымен таныс болғаны көрінеді [3]. 1796 жылы австриялық шығыстанушы фон Хаммер Пургшталь «Құтадғу білік» поэмасының қолжазбасын Стамбулда қолға түсіріп, оны Вена кітапханасына сыйға тартқан. Бірінші басылымы неміс тілінде басылып, оған белгілі шығыстанушы Г. Вамбери түсініктеме берген. Поэманы ғылыми негізде В. В. Радлов 1891–1910 жылдары түп-нұсқаны аудармамен салыстыра отырып зерттеген. Баласағұн шығармашылығын жалпы мәдени орта көлемінде алғашқы араб халифатының құрылуымен байланысты зерттеу керек екенін алғаш неміс ғалымы Отто Альбертс ұсынды, ол Баласағұн көзқарастарының әйгілі ғалым Ибн Синамен байланысын, атап айтқанда оның этика туралы көзқарастарының ұштасып жататыны туралы айқындамасын ұсынды. Ол Аристотель мен Баласағұнның этикасын салыстырып зерттеуге әрекет жасады.

Сонымен қатар ойшыл ғалымның шығармашылық мұрасын зерттеуде ғалымдар В. В. Бартольд, С. Е. Малов, Е. Э. Бертельс пен А. Н. Самойлович, А. Н. Кононов еңбектерінің үлесі зор. Олар еңбектің философиялық тұрғыдан зерттелуін ұлғайтудың қажеттілігін атап көрсетті, өйткені шығарманың зерттелуі тарихи-әдеби бағытта болған еді. Сондай-ақ, еңбекті орыс тіліне С. Е. Малов, Н. Гребнев, А. Н. Кононов және С. Н. Иванов, өзбек тіліне К. Каримов 1896 жылы аударды. Ал, Р. Р. Арат үш қолжазбаның (Вена, Каир, Намаган) негізінде үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 1947 жылы ғылыми жинақты жазып шықты. Автор поэмасының өз заманында кеңінен таралғандығына «Жайық өзенінің сағасына жақын маңдағы Сарайшықта осы еңбектің өлең жолдары жазылған қыш ыдыстың табылуы» [4] нақтылай түседі.

Ойшыл ғалымның еңбегі сол кезеңдегі ресми әдеби тіл — араб тілінде емес, түркі халқының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек болып табылады. Түркі тіліндегі мұсылман әдебиетін қалыптастыруда Қашқар өңірінің де маңызы болғаны анық. Сол кездегі әлі көшпенділіктен айырыла қоймаған ортаазиялық қарахан әулетіне дамыған отырықшы аймақтардағыдай (Мауреннахр, Шығыс Түркістан) билеу саясатын жүргізуге ұмтылу тән болды. Сондықтан да бұл еңбек көшпелі қарахандықтарға түсінікті болу үшін түркі тілінде жазылды деп атап көрсетті А. А. Валитова. Кейінгі зерттеулерде Жүсіп Баласағұнның тілінде исламға бейім қарлұқтар диалектісі басым екендігі туралы да деректер бар.

Белгілі тарихшы-ғалым К. Р. Аманжоловтың пікірінше, грек ойшылдары сияқты дүниенің негізі болған төрт нәрсе: жер, су, ауа, от сияқты төрт принципті Баласағұнда ұстанған, Жүсіптің есімін әлемдік әдебиет тарихында өшпестей қып жазып қалдырған бірден-бір әдеби мұрасы — тіліне емес, түркі тіліне, қазақ ұлты қалыптаспай тұрып енген, екіншіден, жоғарыда айтылған сөздер түркі тіліне лингвистикалық мәнде емес, философиялық терминдер дәрежесінде таралған «Құтадғу білік» дастаны — қазіргі түркі тілді халықтардың ортағасырдағы тарихы, қоғамдық, адамгершілік пр-саяси өмірі, ғылыми әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғұрпы, наным-сенім жөніндегі аса қызықты, әрі мол деректер беретін көркем туынды. Бұл дастан мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік ұстанымдарын, қоғамдық- саяси мәні бар ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтып энциклопедиялық дәрежеде жазылған еңбек деп білеміз. Аталған дастанның бүгінге дейін сақталып жеткен үш нұсқасы бар: Вена, Каир, Наманган нұсқалары. Негізгі идеясы төрт принципке негізделіп жазылған:

Біріншіден, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратын әділ заңның болуын:

Тура жүр де, зұлымдықты жебеме,

Қараны аққа, қараға ақты теңеме.

Елдік ісін бектің бәрі біледі,

Заң, саясат, салтты солар түзеді.

Екіншіден, бақ дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек;

Дана ақын: Құт дарыды, өсті халық өрісі,

Бірге жусап, өрді қозы, бөрісі

немесе

Заңды түзе, сұмдық сонда сасады,

Құтың өсіп, абыройың асады, — деп түйіндейді.

Үшіншіден, ақыл-парасат мәселесі;

Ақылды — ұлы, білімді — білікті,

Қонса екеуі, ұлы етер жігітті!

Төртіншіден, қанағат-ынсап мәселесі;

Өзара теңсіңдер. Әділет. Дәулет. Ақыл.

Қанағат. Кісілікке кісілік парыз. Кісі ақысын жеме [4].

Алайда бұл еңбек тек қана саяси трактат емес, ол сондай-ақ, кең көлемдегі философиялық мінез-құлықты, өмірдің эстетикалық көзқарасын да байқатады. Оның өмірге деген көзқарасының үш жақты түбірі бар: ол — философиялық, шамандық, исламдық. Оның шығармашылығына Шығыстың атақты ақындарының (О. Хайям, Навои, Насими, Рудаки, Фирдоуси) ықпал еткендігі сөзсіз. Өйткені, оның еңбегінде сол кезеңдегі поэзияға тән ақыл-ой парасаттылығының көркемдігі мен білігі тұрғысынан белгілері байқалса, екіншіден, олардың ақыл-ой парасаттылығымен сопылық белгілерін жеңілдетуге ұмтылды. Ақынның дүниетанымындағы көзқарасын анықтайтын келесі жайт, ол — исламға дейінгі әртүрлі сыйынушылығы зороастризм, манихейлік, буддизм, христиандық. Әсіресе, көшпелілер мен отырықшылардың түркі халықтарының шамандық сенімнің болғандығын еңбектен байқаймыз. Автордың еңбегінен түрік бастамаларын байқауға болады. Исламға дейінгі кезеңде зороастризмнің немесе тәңірліктің наным-сенімдік көзқарас болғандығын нақтылай түседі.

Баласағұн еңбегі жалпы философиялық мәселелерді алға тартқан өмірлік, эстетикалық тұрғыда жазылған кең ауқымды жүйелі еңбек. Ғылымның сан-саласын меңгеруге, жан-жақтылықты, жалпы әлемдік көзқарастарды қамти білуге талпыну Жүсіп өмір сүрген мәдени ортаның болмысына тән болатын [5].

Жүсіп Баласағұнның философиялық-дидактикалық «Құтадғу білік» еңбегі ортағасырлық түрік халқының әдет-ғұрпын көркемдік жағынан зерттеумен қатар қоғамдағы тарихи ойдың даму кезеңдерін айқындауға көмегін тигізері анық.

 

Әдебиеттер:

 

  1.                Шалекенов У. Х. Баласағұн шаһары қай жерде болған //Зерде, 1991 ж. № 7.- 34–35бб.
  2.                Төребаев О., Қарасаева Л. Жүсіп Баласағұн // Қазақ.- «Білім» баспасы, 1994. -130–134бб.
  3.                Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Төрт томдық. — Алматы: «Атамұра» баспасы, 1996.- 434б.
  4.                Аманжолов К. Қазақстан тарихы. 1-кітап. Алматы: «Білім» баспасы, 2004.- 139, 141, 142бб.
  5.                Қасымжанов А. Рухани тамырлар// Қазақ.- «Білім» баспасы,1994. -98 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, бар, Каир.


Похожие статьи

Влияние Востока на культуру и поэзию России | Статья в журнале...

Василий посетил Назарет, Вифлеем, Иерусалим, Каир, Александрию, внутренний двор большой мечети Омаядов в Дамаске.

В ночном кафе мы молча пили кьянти

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи. Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi.

Сотрудничество государств в борьбе с преступностью

Главная задача конференции: помочь обмену мнениями в области научно

Каир, 29 апреля — 8 мая 1995 г. Международное уголовное право. Под ред. Панов В. П. — М., 1997.

Психологизм в малой прозе Н. Гоголя и М. Теймура...

Однако я не имел дома, где мог бы отдохнуть после спектакля, а проводить время в кафе с коллегами

Значение творчества М.Теймур ради правды и истории. Изд-во «Алькилани». Каир.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Резня в Варфоломеевскую ночь: трагический финал жизни...

Наряду с ним так же упоминаются мена Мартину Коша, а Конрада Бёрга из кантона Сэн-Гал.

Возможно, именно поэтому город Бар получил привилегии, и именно отсюда идет суверенная...

Никнеймы города Нью-Йорка

Start spreading the news, I'm leaving today. I want to be a part of it -. NewYork, NewYork. «NewYork, NewYork»,Frank Sinatra. Только здесь ты можешь случайно стать героем фильма почти...

Похожие статьи

Влияние Востока на культуру и поэзию России | Статья в журнале...

Василий посетил Назарет, Вифлеем, Иерусалим, Каир, Александрию, внутренний двор большой мечети Омаядов в Дамаске.

В ночном кафе мы молча пили кьянти

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи. Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi.

Сотрудничество государств в борьбе с преступностью

Главная задача конференции: помочь обмену мнениями в области научно

Каир, 29 апреля — 8 мая 1995 г. Международное уголовное право. Под ред. Панов В. П. — М., 1997.

Психологизм в малой прозе Н. Гоголя и М. Теймура...

Однако я не имел дома, где мог бы отдохнуть после спектакля, а проводить время в кафе с коллегами

Значение творчества М.Теймур ради правды и истории. Изд-во «Алькилани». Каир.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет». Либо вместо «Олар ән шырқайды» пишут «Олар шырқайды ән».

Резня в Варфоломеевскую ночь: трагический финал жизни...

Наряду с ним так же упоминаются мена Мартину Коша, а Конрада Бёрга из кантона Сэн-Гал.

Возможно, именно поэтому город Бар получил привилегии, и именно отсюда идет суверенная...

Никнеймы города Нью-Йорка

Start spreading the news, I'm leaving today. I want to be a part of it -. NewYork, NewYork. «NewYork, NewYork»,Frank Sinatra. Только здесь ты можешь случайно стать героем фильма почти...

Задать вопрос