Қызылорда облысының экологиялық жағдайы және тұрғындардың денсаулығына әсері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Биология

Опубликовано в Молодой учёный №1 (105) январь-1 2016 г.

Дата публикации: 29.12.2015

Статья просмотрена: 7594 раза

Библиографическое описание:

Ауезова, Н. С. Қызылорда облысының экологиялық жағдайы және тұрғындардың денсаулығына әсері / Н. С. Ауезова, П. Ж. Нагашыбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 1 (105). — С. 949-951. — URL: https://moluch.ru/archive/105/23921/ (дата обращения: 17.12.2024).

Қызылорда облысының экологиялық жағдайы және тұрғындардың денсаулығына әсері

В научной статье рассматривается влияние экологических условий Кзылординской области на жителей. Факторы влияющие на экологические условия Кзылординской области оказывают влияние на здоровье людей. Загрязнение окружающей среды изменяет физиологию жителей и приводит к различным заболеваниям. Исследования приведенных данных расматриваются в данной статье.

Выявлено отрицательное воздействие климатогеографических и антропогенных факторов на жителей Кзылординской области.

Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қажеттінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат — табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс.

Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда. Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді. Токсиндік және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттігін төмендетеді 1.

Адамның тыныс алуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондықтанда адам тіршілік құрамының бір бөлшегі болып есептеледі. Адамның денсаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адам үшін демалатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуының маңызы ерекше. Адамның мұқият ойланбай жасаған кейбір іс-әрекеттері, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері, әсіресе соңғы кездері оның өзінің денсаулығына кері әсер етуде. Мұндай жағдайлар әсіресе, Қазақстанда ерекше байқалады [2].

Қазіргі таңда ауыз су, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үлкен мәселеге айналып отыр. Өйткені, қоршаған ортаның ластануы өз кезегінде адамның экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне көп кедергі жасайды 3.

Соңғы кездері статистикалық мәліметтердің көрсетуі бойынша өнеркәсіптік өндірістер мен ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қарай адам денсаулығында болатын түрлі өзгерістер көбейе түскен. Сондықтан кез келген әлеуметтік жүйе табиғи ортамен сәйкестікте өмір сүруі қажет және өзінің еңбек заты мен табиғатты пайдалану әдістерін, өзінің өндірісін табиғат мүмкіндіктеріне сай жүргізуі шарт. Сонда табиғат та өз популяциясын және өмір салтын сол мүмкіндіктерге үйретеді. Табиғатпен санаспай өмір сүру адамның өмір-тіршілігіне, әсіресе денсаулығына көптеп әсер етіп, тіпті бұрын болмаған аурулардың пайда болуына жағдай жасап отыр. Ал, адамзат үшін ең басты байлық — денсаулық болып табылады 4.

Жалпы Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштерін анықтау мақсатында зерттеу жүргіздім. Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері әлеуметтік-экологиялық жағдайлармен тығыз байланысты. Халықтың жалпы ауруға шалдығуы 100 мың адамға 64016,1 адамнан келеді екен, ішек инфекцияларымен 5547 адам ауырады.

Республика халқы бойынша ішек ауруларына шалдығушылардың 40 -ы Қызылорда облысының үлесіне тиеді. Бұл өз кезегінде ауыз су мәселесінің әлі шешілмегенімен түсіндіріледі. Ішек инфекцияларымен 18 және одан жоғары жастағылар көп ауырады [3].

Ішек инфекцияларымен 2012 жылдары 14 жасқа дейінгілердің ауруы — 8631, 15–17 жас аралығындағылар — 549, 18 жас және одан жоғары — 6897; 2013 жылы 14 жасқа дейінгілердің ауруы — 9037, 15–17 жас аралығындағылар — 620, 18 жас және одан жоғары — 5443; 2014 жылы 14 жасқа дейінгілердің ауруы — 7238, 15–17 жас аралығындағылар — 734, 18 жас және одан жоғары — 5518. Бұл көрсеткіштер диаграмма түрінде 1- суретте көрсетілген

1-сурет. Қызылорда облысы тұрғындарының инфекциялық аурулармен науқастану деңгейі

Әдетте, инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуы ауыз су сапасының нашарлығынан болып жатады. Бірақ мына көрсеткіштер жас айырмашылығы бойынша ауру деңгейлерінің қатты өзгешеленуімен сипатталады. 14 жасқа дейінгі балалар мен 15–17 жастағы жасөспірімдер арасындағы көрсеткіштің жоғары болуы негізінен олардың тамақтануының өз дәрежесінде емес екендігінен деп қарастырған дұрыс сияқты. Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің ата-аналары көбінесе экономикалық белсенді халықты құрайды.

Облыс көлемінде жұқпалы аурулармен аурушандық бойынша эпидемиологиялық ахуалын жақсарту, аурушандық деңгейін одан әрі төмендету мақсатында облыстық мемлекеттік санэпидқадағалау басқармасы мамандары тарапынан біршама жұмыстар ұйымдастырып, жүргізу нәтижесінде 2013 жылдың 6 айында жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша эпидемиологиялық ахуал «қолайлы» болып қалыптасты.

Әдебиеттер:

  1.                Сапасыз су жүйелері елеулі қауіп тудырады. Сыр бойы, 2011 ж.- 3 б.
  2.                Шапшаңов Қ. Қоғамдық пікір: қоршаған ортаны қорғау, Дүние журналы, № 5, 2002 ж. — 11–13 б.б.
  3.                Оспанова Г. С., Бозшатаева Г. Т. Экология. Оқулық.- Алматы: Экономика, 2002.- 405 б.
  4.                «Өңірдің әлеуметтік саласындағы негізгі көрсеткіштер» статистикалық жинақ, Қызылорда, 2011 ж.- 34 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Мұнай өндіретін кәсіпорынның жұмысы кезіндегі атмосфераға ластаушы заттардың шығарындысынан экологиялық тәуекелді бағалау

Мақалада экологиялық тәуекелді есептеу әдістемесі қарастырылған, сондай-ақ экологиялық ластаушы заттардан болатын экологиялық тәуекелді ескере отырып есептеу әдістемесі келтірілген. Толық экологиялық залалдың құрылымы көрсетілген. Қоршаған табиғи орт...

Эко-қалаларды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Экологиялық қаланың дамуына негізделген негізгі принциптер қарастырылады, экологиялық қалалардың жіктелуі және әлемнің әртүрлі елдеріндегі белсенді экологиялық қалалардың кейбір мысалдары, соның ішінде Куритиба, Йокогама және басқалары зерттелді. Жұм...

Қазақстанда Павлодар облысы мысалында атқарушы органдарының халықпен кері байланыс соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы байланыс жасау жұмысының дамуы

Осы мақалада жергілікті атқарушы органдардың тұрғындармен онлайн кері байланыс жүргізу туралы, осы үрдістің қазіргі заманда кері байланыс жасаудың маңызды, басымды құралы екені сипатталады. Ақпараттық технологиялар әлемде дамып, өмірдің барлық салала...

Су тасқындарының геоақпараттық картографиялауы (Алматы облысындағы Қарғалы өзенінің мысалында)

Ғылыми мақала төтенше жағдайлардың түрлерін, болу себептерін, таралу аймағын зерттеуге арналған. ArcGIS бағдарламалық өнімі арқылы, Landsat-8 ғарыштық жерсерігінен алынған ғарыштық суреттерді өңдеу нәтижесінде Алматы қаласындағы Қарғалы өзенінде болғ...

Шөлдену үрдісінің пайда болуы және оған әсер ететеін факторлар

Шөлдену үрдісі табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен пайда болатын құбылыс. Табиғи факторларға климаттық, геохимиялық, орман жамылғысы факторларын айтсақ, антропогендік факторларға адамның жерді шаруашылыққа тиімсіз пайдалануын, су ресурста...

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй кварталдарын жаңғыртудағы негізгі талаптар

Мақалада Қазақстан қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуі және жаңа шешімдердің ұсынылуы туралы айтылады. Қарапайым халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және де сол тұрғын үйлердің қазіргі ә...

Арал экологиясын жақсартудың кейбір жолдары

Мақалада Қызылорда облысының Арал ауданындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кейбір мәселелер қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, өйткені миллиондаған тұрғындар Арал теңізінің экологиялық апатынан зардап шегеді. Автор Арал теңізі ұлтаны...

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру кезіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі

Қазіргі әлемде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекет халықпен өзара тиімді әрекеттесуі үшін бұл құралды пайдалануға тиіс. Мақалада мемлекеттік аппараттың АКТ-ны пайдалану түрлері мен тәсілдер...

Монолитті құрылысты қалыптастыру және оңтайландыру принциптері

Мақалада құрылыс кәсіпорындарының күнтізбелік жоспарларын қалыптастыру және оңтайландыру принциптері, олардың мәні мен әртүрлі нақты жағдайларда қолдану мүмкіндігі сипатталған. Сондай-ақ күнтізбелік жоспарларды құруда қолданылатын құрылыс процестерін...

Карбонатты коллекторларда ұңғымаларды жаңдандыруға арналған тұз-қышқылды әсер ету технологиясын жетілдіру

Бұл мақалада ұңғыманың мұнай бергіштігін арттыру әдістерінің бірі тұз қышқылымен әсер ету технологиясы қарастырылған. Тақырып атауына сәйкес, мақалада тұз қыщқылымен ұңғыманың түп аймағын өңдеу кезіндегі карбонатты жыныстың қышқылмен жоғары жылдамдық...

Задать вопрос