Сындарлы оқыту теориясындағы диалогтік оқытудың орны | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №19 (99) октябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 12.10.2015

Статья просмотрена: 2117 раз

Библиографическое описание:

Мыханова, О. Ж. Сындарлы оқыту теориясындағы диалогтік оқытудың орны / О. Ж. Мыханова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19.2 (99.2). — С. 50-52. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22500/ (дата обращения: 25.04.2024).

Келешек ұрпақты білім нәрімен сусындатып, білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды ел азаматы болуға, ақыл - ойын жан- жақты дамытуға тәрбиелеп, шығармашыл тұлға, әрі XXI ғасырдың белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беруші – ұстаз.

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жү­йе­сін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе.

Стронг (2011) «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім»- деп атап көрсеткендей, егеменді еліміздің алғышарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуді міндет етсе, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіруде ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойылып отыр.

Американдық философ, психолог, радикалды сындарлылықтың (конструктивизмнің) негізін қалаушылардың бірі Эрнст фон Глазерсфельд өз еңбегінде: «Мүмкін білім беру ешқашанда қажетті деңгейде жақсы деп танылмайтын шығар, бірақ соңғы 20 немесе 30 жыл ішінде білім беруде төмендеу байқалады»,- деп, атап өткендей [1], қазіргі жоғары технологиялар мен жылдам өзгермелі қоғам ортасында білім беру саласының тұрақты және қарқынды алға жылжуы өте маңызды болып отыр.

Сондықтан, орта білім жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie,2009) [2]. «Неліктен қалыптасқан оқыту жүйесін сындарлы оқыту теориясы бағытында ауыстыру қажет?»- деген сұрақтардың туындауы, әрине, орынды.

Өз бастауын ХІХ ғасыр соңында италян философы Джамбатиста Вико мен швейцариялық психолог және философ Жан Пиаже еңбектерінен алған сындарлы оқыту теориясы дәстүрлі оқытуда механикалық есте сақтауды, үнемі қайталаулар мен бекіту материалдары арқылы қазіргі қоғамда алған білімді толыққанды жүзеге асыра алмай жүргендігімізді байқатады. Көп жағдайда осы жолда негзігі кедергілердің бірі, ол - қалыптасып қалған біздің ұстанымымыз. Өйткені, мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің және іс –әрекетінің негізі [2].

Қазіргі кезде мектептегі білім беруде маңызды мәселелердің бірі – оқушылардың қарым-қатынастық құзіреттілігін арттыру болып табылады. Өзін-өзі көрсете білудің құралы - өз ойын жарыққа шығару екені бәрімізге мәлім. Өкінішке орай, мектеп бітіруші түлектеріміз қажетті білімді ала отырып, тілдесу тәжірибесінде алған білімдерін дұрыс қолдана алмайды. Сондықтан мұғалім үшін оқушылардың қарым-қатынастық құзіреттілігін арттыру - ең маңызды міндеттердің бірі екені даусыз.

Білім нәрін сусындауға келген оқушылардың өздігінен жаңа материалды игерулері, нәтижеге өз жолдары арқылы қол жеткізулері барысында сыныпта қатып қалған тәртіптің сақтала бермеуі, жылдам жауап таба алмаулары мұғалімдерді өз сабағының күтілген нәтижеге жетпегені сияқты, балалардың қажетті білімді меңгере алмай отырғандай болып көрінеді. Оқушыларға өздігінен шешім табуға еркіндік беру қажеттігі, механикалық есте сақталған білімнің қолданыста өз нәтижесін көрсетпеуі, әр модуль бойынша жиі өткізілетін тестілеу мен бақылаулардың оқушының сыни, шығармашылық ойлауларын шектейтіндігі көп айтылуда. Оның үстіне жылдар бойы қалыптасып қалған ұстанымдарды қысқа мерзім ішінде өзгерту өте қиын. Осы тұста Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісін» (Shulman,2007) басшылыққа алу қажет.

Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады [2]. Осы тұста мұғалімнің кәсіби түсінігі, тәжірибесі және этикалық және моральдік құндылығының қазіргі заман талабына сай болуы өте маңызды. Осы талаптардың болуы сындарлы оқыту теориясын күнделікті білім беру жүйесіне берік кіріктіруге жағдай жасайды деп ойлаймын.

Кембридждік оқыту тәсіліне негізделіп құрастырылған «Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта» сындарлы оқытудың мақсаттары – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету,- деп көрсетілген [2]. Сындарлы оқыту теориясы аясында оқушылармен диалогтік қатынас, диалогтік оқыту тәсілінің маңызы зор. Көптеген ұстаздар, диалогты бұрыннан келе жатқан тәсіл деп қарастырады, әрине, бұл – тәсіл жаңа емес, тек Кембридждік оқыту тәсілдерінде диалог тек екі адамның өзара сөйлесуі ғана емес, сонымен бірге диалогтік тәсілде сұрақ қою техникасы, мәселені шешу жолдары барысындағы әңгімелесу де қарастырылады.

Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығымен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді [2]. Оқушылардың диалогтік қарым-қатынасы «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» арасында өрбиді. Түрткі сұрақтар, сыни ойлауға бағытталған сұрақтар, мәселені шешуге бағытталған сұрақтар сабақ барысында көп кездесетін сипаттау мен баяндаудың үлесін азайтады.

Диалогтік оқытудың ажырамас бөлігі сұрақ қою болып табылады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп оны жақсарта және кеңейте алады. Сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі «бастама-жауап-кейінгі әрекет» нысаны бойынша қойылған сұрақ ретінде анықталады [2].

Сабақ барысында оқушыларға түрлі тақырыптағы, әр түрлі дәрежедегі сұрақтар қойылады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады [2]. Төмен дәрежелі сұрақтарды оқушылардан нақты, белгілі бір тұрақты жауаптар алу үшін қолданамыз. Жоғары дәрежелі сұрақтар оқушылардың ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануына, қайта құруына, кеңейтуіне, бағалауына, талқылауына бағытталған [2]. Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында түрткі сұрақ қою тәсілі арқылы жаңа тақырыпты анықтауға болды.

Түрткі болу техникасы арқылы сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеуге [2] мүмкіндік береді. Яғни, балалардың сабақ тақырыбына қызығушылық оятып қоймай, олардың өздігінен ақпарат алуларына, бар білімдерін бекітуге жағдай жасайды. Сұрақ арқылы оқушылардың ассоциативті еске сақтаулары қалыптасты.

Сындарлы оқыту теориясының аясында диалогтік оқыту тәсілдері, топта проблемалық жағдаяттарды шешу жолдары, сыни ойлау оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға үлес қоса алады.

Сындарлы оқыту теориясының басты мақсаттарының бірі - баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Яғни, мұндағы бала - өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім - бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. Мұғалім тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, әрқашан ізденісте болып өзіне және оқушыға тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де, өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.

«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады,»-деп өз еңбегінде, ХХ ғасырда жазып кеткен ақын, педагог Мағжан Жұмабаев сөздерін басшылыққа ала отырып [3], болашақта әлемдік білім беру саласында қазақстандық білім беру жоғары жетістіктерге жетеді деп сенемін.

Әдебиет:

1.    Эрнст фон Глазерсфельд «Конструктивистский подход к обучению». http:// http://elib.bsu.by/

2.    Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. - 2012.

3.    Жұмабаев М. Педагогика. http://http://szh.kz/

Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос