Физика пәнін оқытудағы сындарлы оқыту теориясының басымдықтары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №19 (99) октябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 12.10.2015

Статья просмотрена: 333 раза

Библиографическое описание:

Сарсембай, А. Т. Физика пәнін оқытудағы сындарлы оқыту теориясының басымдықтары / А. Т. Сарсембай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19.2 (99.2). — С. 52-54. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22491/ (дата обращения: 20.04.2024).

Қазіргі таңда біздің еліміз жаһандану үдерісіне кірігуде, кеңес өкіметінен қалған көне көзқарастар мен үрдістерден құтылып, жаңа бетбұрысқа бағдар алуда. Сонымен қатар, орта білім беру жүйесінде де елеулі өзгерістер аяқ алып келе жатқаны мәлім. Әлемнің озық елдеріндегі жоғары деңгейге қол жеткізілген сан алуан оқыту әдістемелерінің ішінде сындарлы оқыту негізгі орын алып, біздің еліміздің де іргесіне келіп жетті. Сындарлы оқытуға негізделген тәсіл арқылы біліктілік курстарынан өткен сертификатталған әріптестеріміз, еліміздің түкпір – түкпірінде осы теорияның негізгі идеялары мен мақсаттарын жүзеге асыруда.

Менің өзім де, бұл теорияның алғышарттарымен танысып, өзімнің педагогикалық іс-әрекеттеріме жаңаша қарап, ұстанымым өзгеріп, соған қарай көзқарасымда қалыптасты деп айта аламын. Барлық бұрыннан жасап келген жұмыстарыма өзгерістер енгізіп, жаңаша шешімдер қабылдап, биылғы жаңа оқу жылын жаңашыл іс-әрекеттермен бастап, жұмыс жүргізудемін.

Сындарлы оқытудың негізгі идеясы оқушы өзінің бұрынан білген біліміне сүйене отырып жаңа идеялар мен түсініктер қалайды. Оқушы ақпаратты өзі еркімен таңдай алады, өзінің ұсынысын айтады және белгілі шешімді мұғалімнен жасқанбай қабылдай алады. Осының барлығын өзінің бастапқы біліміне және ой-өрісі мен дүниетанымдық қабілеттеріне сүйене отырып, жасайды. Әрине, тамыры тереңге кеткен бұрынғы ұстанымдары, яғни мұғалімдердің оқушыларды көп нәрселерде шектеп тастағаны алғашқы сабақтарда көрініп тұрады. Дегенмен, бұл іс-әрекеттер оқушыларды жан-жақты дамытуға, өз ойларын еркін айтуға, шығармашылыққа жетелейді деп айта аламын.

Сындарлы оқыту теориясының негізгі мақсаты - қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін жетілдіріп, оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мен жаңалықтарын ескере отырып, әлеуметтік сындарлы тұрғыдан оқытуды түсіндіру. Оның маңызы мен мақсатын жай ғана түсініп қоймай, осы бағыттағы жүргізіліп отырған жұмыстардың негізгі мазмұны жеті модульдің мұғалім үшін де және ол оқытып отырған оқушысы үшін де оқыту мен оқудағы жетістікке жетудің тиімді стратегиясы болып табылатындығында. Осыған байланысты еліміздің болашағы зор көркеюі үшін мұғалім сыни тұрғыдан ойлайтын, өзінің жұмыс тәжірибесінде жаңа тәсілдерді қолдана отырып және бағалау әрекеттеріне сыни көзқараста болғаны абзал. Сондықтан дәстүрлі жүйедегі бірсарындылықтан арылып, жаңаға, жаңалыққа қарай өзгергені дұрыс болар.

Сындарлы оқыту технологиясында оқыту мен оқудың негізгі аспектісі, мұғалім өзінің қамқорлығындағы оқушыларды қанаттандырып жаңалықтар ашуға жетелеп, белгілі нәтижелерге қол жеткізетіндеріне, өз білімдерін қадағалауға және бағалауға ыңғайлы стратегияларды ұйымдастыра және тиімді пайдалана білетін шебер мұғалім болуы керек. Мұғалімнің оқу үрдісінде оқушыға беретін ақпараты тың, қызықты ғана емес, сонымен бірге оның сол кезеңдегі даму деңгейне, оқудағы қажеттілігіне сай қолжетімді болғаны да үлкен рөл атқарады.

Оқытушы мен оқушы арасында сындарлы оқудың жаңа тәсілдерінің бірі, сыныптағы диалогтың орын алуы да маңызды. Оқушы өзін, өзінің қабілетін танып, оқудың не екенін түсіне алады. Яғни, саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ету. Сындарлы оқу теориясында оқушының бұл әрекеті «метатану» термині арқылы сипатталады. Метатануға танымдық үдерістерді білу, түсіну және реттеу немесе олар туралы ойлау, қатесін танып-білу және ойлауды реттеу деген анықтама беруге болады [1].

Сонымен қатар сындарлы оқудың тиімділігі оқушының өзін тани отырып, өзгені сынай отырып (бағалау арқылы), оқу үдерісін, оқудың қажеттілігін түсініп қана қоймай, оның жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету, бағыт -бағдар беру. Біздің қазіргі партада отырған оқушыларымыз жан-жақты, яғни ғылыми-техниканың қарқынды дамыған заманында тәрбиеленуде. Сондықтан білімді ұрпаққа мектепте берілетін пәндер қызықты әрі жаңа технологияларды қолданып өткізуді талап етеді. Сындарлы оқу теориясы осы қажеттіліктерді толық өтей алады деуге болады. Бұл теорияның негіздерін тиімді іске асырып, сол деңгейде өскелең ұрпаққа білім беру үшін мұғалім оқыту мен оқудың табыстылығын біле отырып, шебер ұйымдастыра алатындай жан -жақты білікті болуы бүгінгі күннің талабы. Сол себепті мұғалімнің құзыреттілігін жетілдіру мен кәсіби дамуына, оқытудың биік деңгейіне қол жеткізу мақсатында сындарлы теорияның ұсынары көп.

Мысалы, «адамдардың қалай оқитынын» түсінудегі ғалымдардың жүргізген жұмыстарының негізгі бағыттары мен оқу туралы көптеген зерттеулерінің нәтижесінде оқудың ынталандырушы факторларын көрсеткен Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы мен Қ.Роджерстің «Мен» тұжырымдамасының компоненттерінде оқушының адами әлеуеті және оқуға деген ынта-жігеріне нелер түрткі болатындығы туралы тамаша айтылған. Осы тұста бір айта кететіні, осы зерттеулердің барлығы төменгі деңгейден жоғарыға бағытталған, яғни оқушы ең бірінші өзін-өзі реттеп, тани алмай келесі сатыға өте алмайды, себебі төменгі деңгейдегі ынта жоғарғы деңгейден анағұрлым күшті болады. Осыған дейінгі педагогикалық іс-әрекеттерімді, Маслоудың қажеттіліктер иерархиясын басшылыққа ала отырып, сараласам, дәстүрлі жүйеде көптеген кемшін тұстардың бары байқалады. Балаға білім механикалық түрде беріледі, біз оның биологиялық және физиологиялық қажеттіліктеріне көңіл бөлмей келдік.

Сыныпта қанша оқушы болса, солардың барлығына бірдей көзқараста білім беріп, олардан қайтадан оны талап етеміз. Ал олардың қажеттіліктері өтелген бе, жоқ па, жас ерекшеліктері, қабілеттері т.б. факторларлар көп жерде ескерілмей жатады. Яғни, дәстүрлі жүйеде балаға берген білімімізді олар келешекте пайдалана ала ма? Сындарлы жүйеде оқушының пәнді ұғынуына, қабілетіне, ынтасына мән берілген және алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде қолдана білуіне жағдай жасауға негізделген.

Осы терияның негіздерін өзімнің сабақтарыма кіріктіре отырып, жыл басынан жүргізіп келе жатқан жұмыстарымнан байқағаным, оқушылардың топқа бөлініп, бірлесе отырып жасайтын жұмыстарына аса қызығушылықпен қарап, топтар өзара бәсекелесіп, бір-бірін бағалауда да белсенді болып, тіпті келесі сабақта қандай жұмыстың түрі болады деп сұрап жататыны, оқушылардың пәнге, оқуға ынталарының артып келе жатқанын байқатады.

Сабақ барысында бұрын-соңды сабаққа араласпайтын оқушылырдың басым көпшілігі диалогқа араласып, өз ой пікірлерін айтуға қымсынбайтыны. Оқушылардың оқу үдерістерін осы аз уақыт аралығында зерделей келе оқушыларды диалогқа, дәйектеуге тарту кезінде оқытушы мен оқушы арасында қарым-қатынас орнап оқудың формальды түрінен әбден жауыр болған оқушының өзінің оқуына деген көзқарасы мүлдем басқа сипат алғаны белгілі. Сонымен бірге сабақ барысында оқушыға бағыт бағдар бере отырып, ақпараттарды тарату және алдарына қойылған мәселені шешу мақсатында ой бөлісу барысында Александердің тәжірибеде зерттеген диалогтарының үлгісі де орын алатыны айқын. Мәселен, физика пәнінде көптеген негізгі ережелер мен теңдеулерді сабақ үстінде үнемі қайталап отыру арқылы оқушылардың оларды механикалық есте сақтау арқылы жаттап алуы. Сондай-ақ декламацияны, нұсқаулық әңгімені және т.б. атап кетуге болады.

Оқушыларға не істеу керек екенін түсіндіріп, физикалық құбылыстардың сипаты мен қасиеттерін фактілер арқылы терең түсінуіне жол ашып, білімдері мен ұғымдарын толықтыруға болады. Сабақ барысында жеке, жұптық және топтық жұмыстардың да оқушылар үшін қызықты әрі өзге әдіс болып саналатыны белгілі. Әрине оқушылардың басым көпшілігі бірден топтық жұмысқа асығатыны көңілге кірбің ұялатады. Дегенмен «көш жүре бара түзеледі» демекші, алдағы уақытта бұл мәселе де бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде өз шешімін табар.

Дәстүрлі жүйеден өзгешелігі, бұл жерде оқушыға берілетін тапсырмалар балалар-дың деңгейлеріне, оқудағы қажеттіліктеріне байланысты орындалады. Бұрынғы жүйеде тапсырма сыныпқа түгел бір деңгейде, яғни жақсы оқитын оқушылардың деңгейлерін ескере отырып, жасалынған болса, жаңа теорияда Жан Пиаженің когнитивті даму теориясы мен Гарднердің зияткерлік қырларын, ойға түйе отырып, жасауға тура келеді. Сол кезде ғана оқу үдерісінің негізгі идеяларын жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар. Өйткені, әр оқушының ойлау, елестету мен есте сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсенділігін ескеру, үйрету, шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал ету, бағыт бағдар беру - мұғалімнің міндеті және мақсаты.

Сындарлы оқыту теориясының өзіндік ықпалы зор екені қай қырынан қараса да түсінікті. Оқушыларға өз бетімен жұмыс жасауға, өздерін бағалауға, диагностикалауға, шығармашылық табыстарға жетуге мүмкіндік береді. Әр оқушының жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке өзінің дарындылығын, талантын, қабілетін ашуға мұғалімге деген сенімі, ертеңгі күнге деген көзқарасын қалыптастыратын білім саласындағы жаңа серпіліс деуге болады. Бұл теорияда мінсіз оқушы, құзырлы мұғалім, мәдениет, құндылықтар, көзқарас деген ұғымдар бір-бірімен ұштасып жатады.

Мінсіз оқушы дегеніміз ол қандай оқушы?

Оқушы мінсіз болуы үшін, оның мұғалімі құзырлы болуы керек, мұғалім құзырлы болуы үшін оның ең алдымен, өзінің жеке ұстанымы, көзқарасы болған жағдай да ғана ол бір шешімге келіп, іс-әрекетке көше алады. Ал осы екі тұлға бір-бірімен үйлесімділік табу үшін мәдениет пен құндылықтар маңызды. Оқу үдерісінің табысты болуы үшін оқушыны ынталандыру, әлеуметтік және эмоционалдық себептер арасындағы күрделі әрекеттестік пен метакогнитивті байланысты орната отырып, көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзыреттіліктің жоғарғы деңгейіне қол жеткізуіне жағдай тудыру - мұғалімінің міндетті әрекеті болып табылады.

Оқушымен жүргізілетін сан алуан жұмыстардың ішінде, жоғарыда атап кеткен К.Роджерстің «Мен» тұжырымдамасының эмоциялық параметрлерін ескере отырып, жеке тұлғаның қаншалықты өзіне сенімді және қаншалықты өзін бағалайтындығы және А.Бандураның жеке тұлғаның өзіндік тиімділігін қалыптастырудағы негізгі факторларын терең ұғына отырып, оқушының оқудағы кедергілерін қалай жеңу мәселелерін де шешуге болады. Бірнеше әдіс-тәсілдерін өзімнің педагогикалық тәжірибемде қолданып та жүрмін. Мәселен, оқулықта берілген мәтін ауыр, оқушы түсінбейтін ғылыми тілмен берілген, оны игеру оқушыға әрине, ауыр және оқушыны оқудан жалықтырып жіберудің бірден бір себебі. Ол үшін берілген мәтінді бірнеше бөліктерге бөліп, есте сақтау тірек сөздерін пайдалануға, тұжырымдамалық карта дайындау негізінде оқушылардың оқуға деген ынтасын оятуға, дамытуға болады. Баланың іс-әрекетін сабақ үдерісінде бақылап, зерттей отырып, қажет жерінде бағыт-бағдар беріп отыру,оқушының жасаған жұмыстарын талдап, саралап келесі сабақты жоспарлау, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың өзара үйлесімділік табуы маңызды. Оқу үдерісінде оқушыға қойылған міндетті орындай алуы үшін мұғалім қажетті білім мен дағдыны берумен шектелмей, сонымен бірге оқушыларда «өзіндік мақсатты» қалыптастыруға арналған жұмыстың түрлері мен әрекеттер, басқаша айтқанда, оқушылардың өзін-өзі ынталандыра алатын «ішкі уәж» деп аталатын қасиетінің болуына ықпал ету, жағдай жасауы тиіс. Оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің орны ерекше. Яғни, Н.Мерсердің айтуынша, мұғалім мен оқушы білім алуда тең құқылы серіктестер бола алады деген сөзі ақиқат.

Бір өкініштісі, бұл теорияның дұрыс жүруіне, мектептерімізде толыққанды аяқ алуына материалдық, физикалық ортаның болмауы басты кедергінің бірі. Мектеп әкімшілігінің бұл жағдайға түсіністік танытпауы көп жағдайда мұғалім жұмысының жүруіне теріс ықпал етеді.

Елбасының «Біз бүгін бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз, біздің міндетіміз – айқын алған бағытымыз дұрыс». Ендеше ұстаз міндеті – оқушылардың алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, өз «мені» бар, өз Отанын қорғауға дайын, азамат болып жетілуіне көмектесу [2].

 

Әдебиет:

1.      Мұғалімге арналған нұсқаулық.«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2014.

2.      «Математика және Физика» ғылыми-әдістемелік журнал, 2013, № 2, 5-б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса.


Похожие статьи

оса, мена.

оса, бола, мена. Похожие статьи. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня...

Сетевые атаки. Виды. Способы борьбы | Статья в сборнике...

Решение, основанное на данном методе, получено благодаря проекту Synthetix. Цель Synthetix - специализация кода для увеличения производительности операционных систем.

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері | Статья в журнале...

оса, бола, мена. «Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Информационная безопасность в компьютерных сетях

На сегодняшний день компьютерная сеть является привычным средством коммуникации, а также инструментом для обмена информацией.

Применение систем компьютерной математики и компьютерных...

В статье рассматриваются стратегические ориентиры создания новых программ высшего математического образования для экономистов...

Современные информационные технологии при обучении...

Рассматривается компетентностный подход с использованием информационных технологий, что позволяет организовать обучение работников предприятия по курсу «Гражданская оборона...

Онтогенетические перестройки синтеза и секреции...

Поджелудочная железа наиболее активно растет у детей в возрасте от 6 месяцев до 2-х лет, что совпадает с изменениями пищевого режима.

Особенности учета основных средств при переходе на МСФООС...

Учёт операций по приобретению объектов основных средств на... В бухгалтерском учёте приобретение основных средств по договору мены отражается следующими проводками...

Похожие статьи

оса, мена.

оса, бола, мена. Похожие статьи. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, бола, мена.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня...

Сетевые атаки. Виды. Способы борьбы | Статья в сборнике...

Решение, основанное на данном методе, получено благодаря проекту Synthetix. Цель Synthetix - специализация кода для увеличения производительности операционных систем.

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері | Статья в журнале...

оса, бола, мена. «Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Информационная безопасность в компьютерных сетях

На сегодняшний день компьютерная сеть является привычным средством коммуникации, а также инструментом для обмена информацией.

Применение систем компьютерной математики и компьютерных...

В статье рассматриваются стратегические ориентиры создания новых программ высшего математического образования для экономистов...

Современные информационные технологии при обучении...

Рассматривается компетентностный подход с использованием информационных технологий, что позволяет организовать обучение работников предприятия по курсу «Гражданская оборона...

Онтогенетические перестройки синтеза и секреции...

Поджелудочная железа наиболее активно растет у детей в возрасте от 6 месяцев до 2-х лет, что совпадает с изменениями пищевого режима.

Особенности учета основных средств при переходе на МСФООС...

Учёт операций по приобретению объектов основных средств на... В бухгалтерском учёте приобретение основных средств по договору мены отражается следующими проводками...

Задать вопрос