Аға туралы толғау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №19 (99) октябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 12.10.2015

Статья просмотрена: 203 раза

Библиографическое описание:

Қыпшақбаев, Қанат Зейноллаұлы. Аға туралы толғау / Қанат Зейноллаұлы Қыпшақбаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19.2 (99.2). — С. 6-8. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22480/ (дата обращения: 19.04.2024).

Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов 1945 жылдың 21 қыркүйегінде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Диірментөбе темір жол бекетінде туған.

Мәскеу инженер-экономикалық институтының (қазіргі аты - басқару университеті) құрылыс және қала шаруашылығының экономикасы, оны басқаруды ұйымдастыру факультетін, оның аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Еліміздің экономика ғылымының теориясы мен халық шаруашылығы практикасына ғылыми зерттеулерді енгізуге елеулі үлес қосқан экономист-ғалым. Зерттеулерінің негізгі бағыттары - құрылыстың экономикасы, демографиясы, статистика, еңбек, әлеуметтік проблемалар. 100-ден аса ғылыми жарияланымның, оның ішінде 10 монографиялық еңбектің авторы.

Ғылыми, педагогикалық және ұйымдастырушылық қызметі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен тікелей байланысты. Аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, проректор, ректор қызметтерін атқарған. Он бес кандидаттық, үш докторлық диссертация қорғаушыларға ғылыми жетекшілік етті.

1996-1999 жылдары Қызылорда қаласының әкімі - арнайы экономикалық аймақ Әкімшілік кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының (ЕҚЫҰ) Парламентаралық Ассамблеясының 12 жылдан бері тұрақты мүшесі. 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ VII Саммитіне Қазақстан делегациясы құрамында қатысты.

Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының, Қазақстан инженерлік ғылымдар академиясының, Халықаралық жоғары мектеп ғылымдары академиясының, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Сеул (Оңтүстік Корея) университетінің құрметті профессоры. Қызылорда облысының құрметті азаматы.

Экономика және білім беру саласында, мемлекеттік, қоғамдық қызметтерде сіңірген нәтижелі еңбектері үшін «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

2005 жылы «Сүйем сені, Сыр елі» ғұмырнамалық дилогиясының бірінші кітабы жарық көрді. 2011 жылы «Ұстаным» атты кітабы жарық көрді.

Бақберген Сәрсенұлы - жас кезінде Қызылорда педагогикалық институтының комсомол ұйымының жетекшісі, кейін ректоры, Қызылорда қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 1999-2011 жылдары Сенат депутаты болды.

Сенатта Бақберген Сарсенұлы экономикалық реформа және қаржы комитетінің хатшысы қызметін атқарады. Республикамыз тәуелсіздік алған алғашқы жылдан бастап он жылға жуық мерзімде мейлінше жайлаған экономикалық дағдарысты басынан өткізгені мәлім. Әсіресе, еліміздің әлеуметтік салалары көп зардап шекті. 90-жылдардың соны 2000-шы жылдардың басында ғана жаңа экономикалық реформалардың алғашқы нәтижелері бой көрсете бастады. Жаңа технологиялар іске қосылып, өнім өндіру тұрақталуға бет алды. Үкімет қазынасы түсімдермен толығып, қаржылық тиянақтылық қалыптасып, экономиканың жүрісі түзеліп, тіршілік тынысы кеңи түсті. Дағдарыс басталғалы доғарылып қалған әлеуметтік нысандарды қайта жаңғыртып жандандыруға бет түзелді. Мемлекетімізде мектептер, ауруханалар, тағы басқа әлеуметтік, халық тұрмысының мұқтаждарын қамту шаралары, жаңа құрылыс салу қолға алына бастады. Ауылдардың әлеуметтік тұрмысын жақсарту бағытыңда «Ауыз су» бағдарламасы жүзеге асырылды.

Сенатор Бақберген Досманбетов сол жылдары Сенаттың өкілетті жиындарында өзі сайланған Қызылорда облысының әлеуметтік мәселелерін үздіксіз әрі орынды түрде біліктілікпен көтере отырып, оның әділ шешілуіне барынша, атсалысып, мемлекеттің заң шығарушы құзырлы жоғары органының ең белсенді мүшелерінің бірі болып танылды. Ол республикалық бюджеттің ұтымды жоспарланып, тиімді орындалуына білікті маман, білгір ұйымдастырушы дәрежесінде білек сыбана араласты.

Сондай-ақ,ол сол жылдары Сенаттан Еуропадағы Қауіпсіздікпен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Қазақстан делегациясының мүшесі болып сайланып, халықаралық парламенттік мінберден талай толымды ой, келелі пікіп айта білді. Байқоңырдағы ғарыш алағының қызметіне байланысты қала тұрғындарының әлеуметтік тұрмысы мен мектеп оқушыларының құқықтық мәселелерінің әділдікпен шешілу мәселелерінде Бәкең аянып қалған жоқ.

Бақберген Сәрсенұлының бөліп айтар бір қасиеті - ешнарсеге бей-жай қарай алмайтындығы. Сөзінде тұратындығы, айтқан уәдесін орындауға жанын салатындығы. Бұл тұрғыда Үкіметке де орынды, дәлелді сын айтудан тартынбауымен бірге, ол кемшілітерді жою жолдарын да ортаға салатын.

Сондай ұстанымының дәлелі ретінде оның 2000 жылы Сенаттың бір отырысында сөйлеген мына сөзіне назар аударсақ та жеткілікті «…Біздің көбіміз қан базардай қиналған елдің ортасынан, әлеуметтік, экономикалық реформалардың күрделі де қиын тұстарын игеруге ұмтылған ат үстінен су ішкен кезеңмен бетпе-бет жүздескен халықтың арасынан олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін зерттеп-саралап, екшеп келіп отырмыз…

Еліміздің әл-ауқатын жақсарту үшін зиялы заңдар керек екенін, шала туған заңдарға терапевтік емдеу кажеттігін Үкімет ұмытып кеткен сияқты. Соның салдарынан Парламенттік талқылауға нақты жобалар ұсынылмай отыр. Үкімет Күлтөбенің басында күнде кеңес құрып, Цицеронның шеңберінен шеберліктерін шыңдаудан ары аса алар емес…

…Үкімет тарапынан аса қажетті заңдар жобасының дер кезінде ұсынылмауы, Елбасымыздың ел экономикасын реформалауға негізгі стратегиялық бағыттарына кедергі келтіруі емес пе?-дей келіп, Парламент жұмысының сапасын көтеруге қатысты нақты ұсыныстарын ортаға салған (Досманбетов Б. Сүйем сені, Сыр елі. – Астана, 2005. -146-147 бб.).

Жоғарыда аталған өмірбаяндық кітабында Бақберген Сәрсенұлы өзінің балалық, бозбалалық, жігіттік шақтарын дәл сол кезеңдердегі сезім, әсермен, дүниетаным ой байламдарын қаз қалпында өте нанымды, тартымды баяндаған. Ұтқырлығы сол – баяндаулар өмірдің шынайы оқиға, суреттерімен, адамдардың мінез, құлықтары, іс-әрекеттері арқылы өте ширақ әрі табиғи суреттелген. Бастап оқыған адам, әсіресе замандастары, әрқайсысы өз әлеміне кіріп кеткендей бас алмай, қызыға оқып, ризалығымен тәмамдайды.

Балалық шақтағы кішкентай «Диірментөбе» ауылы, Теміржол бекеті. Құм. Шексіз дала. Алғашқы мұғалім. Класстас достар. Ержету, оқу бітіріп, еңбекке араласу жолындағы тамаша адамдар, ізгілікті істер. Ат жалын тартып, азамат болып, ел жүгін арқалап, ел алдына шыққан лауазымды қызметтер. Адамдар арасындағы әрқилы қатынастар. Бір-біріне ұқсамайтын образдар. Барлығы да өте бір жинақылықпен әрі сезімтал көркем шығармаға бейім шеберлікпен, шұрайлы тілмен жазылған. Кітап авторының әңгімелері жалықтырмайды, қайта қызықтырады. «Мен кереметпін» дегеннен аулақ, кәдімгі адамдардың өмірі шынайлықпен кітаптің дәрежесін көтеріп тұр.

Әсіресе, есейген шағында Шыңғыс Айтматовтың әйгілі «Ғасырдан да ұзақ күн» («Боранды бекет») шығармасынан өзінің «Диірментөбесін» көруі, ұлы суреткермен арнайы іздеп барып, әңгімелесуі – адам жанына шуақ түсірер сана мәдениетінің көрінісі. Сондай-ақ, Бәкең өзі де осы өмірбаяндық шығармасында халық қазынасынан бала кезінде естіген талай әдемі, әсерлі аңыздар мен оқиғаларды орынды, ұтымды пайдалана білген. Ол да болса Бәкеннің интеллектуалдық, білімділік мүмкіндігі мен білгіштік қорын көрсетері анық.

Бақберген Сәрсенұлы экономика, демография әлеуметтік қатынастар саласында он шақты монографиялық, жүзден астам зерттеу мақалаларын жариялады. Оның еңбектері жоғары оқу орындары студенттерінің, сарапшыларының, саясаткерлердың, жас ғалымдардың сұранысына әрқашан ие.

Ғалымның зерттеушілік, шығармашылық қабілеттері оның ұйымдастырушылық, қайраткерлік таланттарымен мейлінше ұштасып жатады. Ол Қызылорда облысының «Болашақ» университетін ұйымдастырып, оны заман талабына сай жаңа технологиямен жабдықтау негізінде дамытып, еліміздің әлеуеті жоғары оқу орнына айналдыра алды. Университет студенттеріне, оқытушы-профессорлардың оқу, тұрмыстық жағдайлары толық қамтамасыз етілген. Әсіресе, университетін оқу кешендері жаңа үлгіде, сапалы құрылыс материалдарымен, сәулет өнерінің сән-салтанатымен салынған. Бәкең суреткер-дизайнерлік өнерімен оқу ғимараттарының іші-сыртын әшекейлеуден шығармашылық ләззат алып еңбектенетінімен орынды мақтана алады.

Бақберген Сәрсенұлы - ізденімпаз адам. Бір шаруаны тындырдым деп тыным тауып отыра алмайды. Әр кезде жолыққан сайын өз тіршілігінде бір жаңалық айтып отырады. Оқу корпусының құрылысы аяқталса-не соның фойесін немесе ауласын әшекейлеп, жаңа істі бастап жатқаны.

Соңғы ретте жас ұрпақ, студенттер тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа тарихын қалтқысыз оқып, білсін деген мақсатпен Астанадағы Ұлттық музеймен әріптесіп, оның қорынан құнды жәдігерлердің көшірмелерін жинақтап, «Болашақ» университетінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының жаңа аудиториясын ашты.

Бәкең тек университет Құрылысымен шектеліп жүрген жоқ. Өз өмірінде де, өңір өмірінде де, жүрген жерінде де жаңалық ашумен, жаңалыққа деген іңкәр құштарлығымен келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қызылордадан қырық шақырым жерде қамыс, қоға қаулап өсіп, суы тартылып бара жатқан көлге қамқорлық жасап, тінін тазартып, суын жаңартып, балық өсіріп, жағасын жайқалтты. Құм, сор, тұз-ешнарсе өспейді деген он гектардан астам жерге Сыр өзенінен насоспен су шығарып, қияр, қызанақ, асқабақ, қауын, қарбыз, пияз, сәбіз басқа да көкөніс өнімдерін жайқалтты. Алты мың түп алма ағашының, үш мың түп жүзімнің жас көшеттерін отырғызды. Шаруаға жұмылдырылған жігіттерге жағдай жасап, оларды жерді пайдалануға, игеруге үйретті. Шөлейт жатқан алқапты алма баққа, бау-бақшаға айналдырып, сазарып, шаң қауып жатқан даланы өзгертті, құлпыртты. Сыр дариясының жағасындағы қалың жыңғылға омарта орналастырып, жыңғыл гүлінен бал өндіре бастады. Бір кісінің басына осылардың өзі де ғажап істер емес пе? Әсіресе, табиғатты қатаң, жері сортаң, желі аңызақ, жазы ыстық, қысы қара суық Сыр өңіріндегі әлгіндей тіршіліктің әрқайсысына тағзым етіп, құрмет көрсетуге болар еді-ау. Мен Бәкеннің, абзал тіршіліктерін көріп, көңілім толып, көргенімді өнеге етіп, таяқ шаншыса саялы бақ өсетін жайқалған Жетісудың жігіттеріне де әлденеше рет айттым... Жердің жұмағындай көкорай шалғын, атты кісінің бойымен таласып өсетін мың түрлі қалың шөпке оранған Шалкөде, Белжайлау, Асы алқаптарында бірде-бір бал омартасы жоқ қой...

Бәкең «бұл жер сортаң, құм, жел, ыстық-бау-бақша өспейді, омарта ұстайтын Алтайдың, Алатаудың гүл шөптері жоқ» деп қалыптасқан ұғымды, сананы түбірімен өзгертіп отыр. Бәкеңмен бірге сол өзгерістерге еңбек етіп жүрген Сырдың азаматтарының өздерінің көзі жетіп, санасы, көзқарастарының өрісі кеңіп, тұрмыстары, әлеуеті жаңа сапаға көтерілумен келеді.

Бақберген осы үлгіні Елбасының Астананың айналасына 70 мың гектар орман өсіріп, аң, құс жібергенінен алды. Нұрсұлтан Әбішұлы Арқаның кең даласын орманмен орап, көмкеру туралы айтып, орындата бастағаннан-ақ Бәкеннің «Қызылорданың төңірегіне де бау-бақша, орман отырғызып, өсіруге кірісуім керек» деп өзіне өзі тапсырма беріп, міндеттеме алып, мақсат қойып жүргеніне ғалым Әділ Ахметов пен Куаныш Сұлтанов куә болғанымыз да шындық. Осы бағытта Бәкеннің әлі де ойына алған арманы, айтылмаған сыры баршылық. Оның ойы, істеген жұмысы, ізденімпаздығы мен жасампаздығы қандай да құрметке лайық.

Бақберген Сәрсенұлының таланты сан қырлы, қабілеті қайран қаларлық. Оның саятшылдығы, аңшылығы, мергендігі туралы бөлек хикая жазу керек. Аңшылық дегенде тоқтауы да, тағаты да жоқ. Көпшілігіміздің түсінігімізде аңшылық сапарға алдын ала жабдықталып, сайланып, киіміңді ыңгайлап, мылтығыңды баптап, бірнеше күн бұрын жоспарлап шығу қажет сияқты. Бәкеннің жолы ашық, аяғы жеңіл. Қазір ғана жағасына галстук тағып, қалада жүрсе, бірер сағатта далада, тауда жүргенінен хабар аласың. Әуежайға кетіп барам, Оңтүстік Африкаға. Аңшылыққа...» дегені саятшылыққа деген құдіреті. Өз елімізде оның кезбеген даласы, араламаған орманы, шықпаған тауы, кешпеген суы кемде-кем деуге болады. Табиғатқұмар. Табиғатпен үндес. Ыстыққа да, суыққа да көнбіс, көнтері. Төзімді. Желге төсін, жауынға басын тосады.

Тыным таппайды. Бір жолы Мәскеуден хабарласып, «Болашақ» университеті мен Мәскеу университеттері арасында әріптестік байланыс орнатып жатырмын», - десе, келесі кезекте Қытайдан Пекин қаласынан соғады, «Қызылордада Конфуций институтын ашайын деп жүрмін», - деп. Іздегені ізгілік.

Бақберген Сәрсенұлының дәл осылай шарықтап жүруі - отбасының берекесі-зайыбы Зейнегүл Рамазанқызының ақылы мен сабырлығы, ұлдарының өмірден өз орындарын тауып азамат, келіндерінің құт, немерелерінің нұр болуының арқасы десек те артық болмас. Туысқандарына қолынан келгенін аямай, қамқор бола білді. Бәкеңдей қазактың берекелі, іскер азаматы іргесі берік үлкен әулетімен ұзақ, бақытты өмір сүргей.

Жоғарыда айтылған қыр-сырларынан басқа бойында ақындық таланты да жеткілікті. Жетпіс деген аға жасына Бәкең шаршамай, шалдықпай, қалғымай, мүлгімей тынымсыз еңбек, талмай ізденіс үстінде жетіп отырғаны тек оның қайраттылығын ғана көрсетіп отырған жоқ, Бәкең сияқты азаматтардың мүмкүндігін, біздің жас мемлекетіміздің азаматтық қоғамының келбеті мен қуатын да көрсетсе керек. Бәкең өзінің жас кезіндегідей оқуға, білуге, көруге, солардан жинақтаған жаңа жобаларын жариялап, жарқыратып сән-салтанат жасап қоюға жаны құштар. Сондықтан да оның «болдым, толдым» деп тоқмейілсуге ыңғайы да, бейімі де, ойы да жоқ. Ол-бюрократиялық марғаулықтан аулақ, ішкі, сыртқы мәдениеті бай, жаңалыққа жаны құштар тұлға. Ондай адамдар тек өздері ғана жарылқанбайды, төңірегіне нұр шашып, өмірдің жарығы мен жақсылығын көбейтіп жүреді. 70-ке толып отырған мақтан тұтар әулет мақтанышы 100 жасап ортамызда жүре беруін Алладан тілейміз.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, VII, сыр.


Похожие статьи

Изучение потребительских предпочтений сычужных сыров...

Изучены потребительские предпочтения сычужных сыров жителей г.Челябинска методом анкетирования. Ключевые слова: сычужный сыр, потребительские предпочтения...

Интенсификация кормопроизводства в условиях Северо-Западного...

Сыр. протеина, % Нач.бутонизации.

Тенденции развития новых технологий производства сыра

Изучены тенденции развития новых технологий производства сыра с целью улучшения качества и повышения ассортимента на рынке.

Анализ микрофлоры сыра разных производителей

Сыр наряду с другими молочными продуктами является важным источником всех необходимых для организма человека питательных компонентов.

Молочная сыворотка: побочный продукт или дополнительный...

Её много остается при изготовлении сыров и казеинов, и сегодня даже этот продукт научились применять в коммерческих целях. Сыворотка бывает двух видов

Характеристика пороков сырого молока, наиболее часто...

В статье представлены результаты исследований наиболее часто встречающихся пороков сырого молока на производстве и причины их появления.

Производство плавленых сыров с растительными добавками

Представлена характеристика пряностей семейства Имбирные, показана их биологическая ценность. Дана товароведная оценка разработанных с добавлением куркумы и имбиря...

Информационное обеспечение потребителей адыгейского сыра

Многочисленные данные последних лет свидетельствуют, что на потребительском рынке России превалирует слабое информационное обеспечение потребителей...

Основные принципы питания в профилактике заболеваний...

При недостатке меди замедляется белковый обмен, нарушается рост костной и

Медью богаты морепродукты, грибы, кунжут, козий сыр, соя, авокадо, чернослив, кешью.

Применение статистических методов контроля качества при...

Большой ассортимент молочных продуктов (сметана, сыр, сливки, кефир, творог, масло, простокваша и др.) выпускается разной степени жирности.

Похожие статьи

Изучение потребительских предпочтений сычужных сыров...

Изучены потребительские предпочтения сычужных сыров жителей г.Челябинска методом анкетирования. Ключевые слова: сычужный сыр, потребительские предпочтения...

Интенсификация кормопроизводства в условиях Северо-Западного...

Сыр. протеина, % Нач.бутонизации.

Тенденции развития новых технологий производства сыра

Изучены тенденции развития новых технологий производства сыра с целью улучшения качества и повышения ассортимента на рынке.

Анализ микрофлоры сыра разных производителей

Сыр наряду с другими молочными продуктами является важным источником всех необходимых для организма человека питательных компонентов.

Молочная сыворотка: побочный продукт или дополнительный...

Её много остается при изготовлении сыров и казеинов, и сегодня даже этот продукт научились применять в коммерческих целях. Сыворотка бывает двух видов

Характеристика пороков сырого молока, наиболее часто...

В статье представлены результаты исследований наиболее часто встречающихся пороков сырого молока на производстве и причины их появления.

Производство плавленых сыров с растительными добавками

Представлена характеристика пряностей семейства Имбирные, показана их биологическая ценность. Дана товароведная оценка разработанных с добавлением куркумы и имбиря...

Информационное обеспечение потребителей адыгейского сыра

Многочисленные данные последних лет свидетельствуют, что на потребительском рынке России превалирует слабое информационное обеспечение потребителей...

Основные принципы питания в профилактике заболеваний...

При недостатке меди замедляется белковый обмен, нарушается рост костной и

Медью богаты морепродукты, грибы, кунжут, козий сыр, соя, авокадо, чернослив, кешью.

Применение статистических методов контроля качества при...

Большой ассортимент молочных продуктов (сметана, сыр, сливки, кефир, творог, масло, простокваша и др.) выпускается разной степени жирности.

Задать вопрос