Библиографическое описание:

Назарова Г. А. Гидрологиялық білім жүйесінің ағартушылық-тәрбиелік мәні // Молодой ученый. — 2015. — №19. — Приложение «Казахстан». — С. 23-26.

Макалада гидрологиялық білім жүйесінің ағартушылық-тәрбиелік маңыздылығы қарастырылады

В статье рассматривается образовательно-воспитательная роль системы гидрологических знаний..

 

Географиялық білім беруде мектептің негізгі мақсаты географиялық сауаттылықтарын қалыптастыру [1].

Жердің су қабығының жағдайлар жиынтығын бейнелейтін, гидрографияның қалыптасу заңдылықтарын түсіндіріп беретін гидросфералық білім жүйесі (1 сурет) географиялық сауаттылықты қалыптастырушы компоненттердің бірі ретінде маңызды орынға ие.

1- сурет. Гидрологиялық білім жүйесінің құрама бөліктері

 

Гидрология негіздерін оқыту оқушылардың дүниенің географиялық бейнесін, соның негізінде географиялық сауаттылықты қалыптастыруда зор үлес қосатынын оның бірнеше қызметтерімен (2 суретке қараңыз) түсіндіруге болады. Гидрологиялық білім жүйесінің мазмұны арқылы оқушылардың:

-        дүниетанымдық көзқарастарын,

-        экологиялық сауаттылықтарын,

-        картографиялық-топографиялық сауаттылықтарын,

-        экономикалық тәрбиелерін,

-        эстетикалық талғамдарын,

-        патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге үлес қосады.

2 сурет. Гидрологиялық білімдер жүйесінің оқу-тәрбиелік мәні

 

Біріншіден, гидрологиялық білім мазмұны оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын дамытады. Мысалы, гидрология жөніндегі түсініктер географиялық білімнің дүниетанымдық көзқрастың қажетті бөлшегін, яғни кейбір ұғымдарды қарастыра отырып, оларға түсінік береді. Бұл ұғымдарды білмейінше оқушы табиғат заңдылықтарын ескере отырып, адамның күнделікті шаруашылығын, экономиканы дұрыс ұйымдастыруға қатысты терең мазмұнды ақпараттарды меңгеруі мүмкін емес.

Мысалы, «Өзендер» тақырыбын оқыту процесінде өзенннің басты ерекшеліктерімен, оның құрам бөліктерімен, қалыптасу заңдылықтарымен таныстыра отырып, оның климаттық, гидрологиялық карта және диаграмма бойынша өзен режимінің ерекшеліктерін ұғынуға мүмкіндік жасауға болады.

Гидросфераны сипаттайтын ғылыми негізделген ақпараттар оқушының қоршаған ортаны өзара байланысты түсініктермен қабылдауына ықпал етеді. Оны Әлемдік мұхиттың атмосферамен, материктермен өзара қатынасының мәселелері қарастырылатын Материктер мен мұхиттар географиясының барлық тақырыптарын оқыту сабақтарында жүзеге асыруға болады.

Материалды ашу логикасын төмендегідей сұрақтардың көмегімен түсіндіреміз:

1.                  Әлемдік мұхитты зерттеу қандай бағыттар бойынша жүргізілуде? Мұхиттың атмосферамен өзара қатынасын зерттеудің қандай мәні бар?

2.                  Су асты ауа райы туралы айтуға болады ма? Жер климаты үшін оның қандай маңызы бар?

3.                  Материктер мен мұхиттардың жер бетіндегі орындарын өзгертуі жердің климатына әсер етеді ме?

4.                  Жердің климатының өзгерісі гидросфераға қалай әсер етеді? Өз пікіріңді дәлелде.

5.                  Гидросфераның өзгерісі өсімдік және топырақ жамылғысы тақырыптарына қалай әсер етеді.

Екіншіден, гидросфераны оқытуда оның құрама бөліктері, оны қалыптастырушы факторлардың өзара байланысы, оның табиғаттағы айналымы мен ролі, халық шаруашылығындағы маңыздылығы, оның ластану жолдары, оны қорғау шаралары туралы экологиялық заңдылықтарды ұғынуға, табиғатты сүйюге, экологиялық мәдениеттілік негіздерін дамытуға ықпал етеді.

Үшіншіден, жер бетіндегі тұщы суды үнемдеп жұмсаудың маңыздылығын, халықшаруашылығында судың жұмсалу жағдайын мысалдармен түсіндіру оқушыларда экономикалық түсініктердің, тәрбиенің қалыптасуына ықпал етеді.

Төртіншіден, сулы жердің ландшафтысын бейнелі көрсете отырып, оқушыларды әсемдікке тәрбиелеуге мүмкіндік бар.

Бесіншіден, әр өлкенің өзен көлдеріне топтық саяхат жасай отырып, оның сол аймақтағы басты қызметін атап, немесе оны оқушылардың өздеріне анықтауға жағдай жасай отырып патриоттық сезімдерін тәрбиелеуде маңызды роль атқарады.

Алтыншыдан, кез келген аймақтың гидротопонимиялық жүйесінде жергілікті табиғат ерекшеліктерінен хабар беретін атаулар тобы көрнекгі орын алады. Топонимика ғылымында «топонимиялық жүйе» ұғымының шеңберіне «географиялық атаулардың қалыптасу процесінде занды түрде қайталанып отыратын ерекшеліктер мен белгілердің жиынтығын енгізеді». Кең мағынасында алғандағы «жүйе» ұғымы «белгілі заңдылық бойынша орналасқан және бір-бірімен өзара байланыста болатын бөліктердің бірлестігі түріндегі тұтастық» дегенді білдіреді. Біз пайдаланған ұғымның «жүйелілік» сипаты қазақ тіліндегі жер-су аттарының жеке топтарының (гидронимия және тб.) біртұтас бірлестік ретінде, ортақ заңдылықтар негізінде қалыптасқандығын түсінуден туындайды.

 

Әдебиеттер:

 

1.                  Ә.С. Ақашева, К. Ж. Дүйсебаева Географияны оқыту әдістемесі — Алматы, Қазақ университеті, 2015.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle