Ағылшын-қазақ тілдеріндегі ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Филология, лингвистика

Опубликовано в Молодой учёный №19 (99) октябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 04.10.2015

Статья просмотрена: 1538 раз

Библиографическое описание:

Ташенова, Ж. А. Ағылшын-қазақ тілдеріндегі ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы / Ж. А. Ташенова, М. Ш. Джумагулова, Г. Р. Нурекешова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19 (99). — С. 41-46. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22209/ (дата обращения: 19.04.2024).

Қоғам дамуын ілгерілете түсудің бірден-бір тиімді жолы ғылыми-техникалық прогресс болып отырған жағдайда, қоғамдық ғылымның үлесіне тиер шаруа аз емес. Іскерлік, жауапкершілік, білгірлік, білімдарлық, шапшаңдық, қабілеттілік талабы күшейген қазіргі кезең, әсіресе, тілдің ең күрделі де бай қатпары — терминологиялық лексиканы реттеуді қажет етеді. Өйткені ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне сүйену арқылы экономика мен әлеуметтік шаруаны жеделдете түсуі, бір есептен, сол жетістіктерді дұрыс өрнектеуге тиіс тілдің терминдер жүйесіне де тікелей байланысты деп түсіну керек.

В настоящее время, когда идет процесс бурного развития научно-технических отраслей знания, резко возрос интерес к изучению научно-технических терминосистем и отдельных подъязыков. С каждым годом в науке и технике возникают все новые и новые термины. Это происходит из-за постоянного развития уже существующих научных дисциплин и появления новых отраслей научно-технического знания. Именно научно-технический прогресс обуславливает необходимость в исследовании отдельных терминов, терминологий и подъязыков, отражающих всю совокупность терминологических единиц отдельно взятой научно-технической отрасли.

Қоғам дамуын ілгерілете түсудің бірден-бір тиімді жолы ғылыми-техникалық прогресс болып отырған жағдайда, қоғамдық ғылымның үлесіне тиер шаруа аз емес. Іскерлік, жауапкершілік, білгірлік, білімдарлық, шапшаңдық, қабілеттілік талабы күшейген қазіргі кезең, әсіресе, тілдің ең күрделі де бай қатпары — терминологиялық лексиканы реттеуді қажет етеді. Өйткені ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне сүйену арқылы экономика мен әлеуметтік шаруаны жеделдете түсуі, бір есептен, сол жетістіктерді дұрыс өрнектеуге тиіс тілдің терминдер жүйесіне де тікелей байланысты деп түсіну керек. Ғылым мен техниканың тоқтаусыз даму жағдайы, сонымен қатар, халықаралық іскерлік және ғылыми қарым-қатынасында терминологиялық жүйенің стандарталуы мен біріктірілуі соңғы онжылдықтардың өзекті мәселесіне айналып отыр. Осы мәселелерге байланысты лингвисттерге, аудармашыларға, экономика-қаржы саласы мамандарына қойылатын талап пен міндет өзгерді.

А. А. Реформатскийдің пікірінше, термин екі жүйенің бір уақыттағы бірлігі: логос (logos) ғылыми білімдердің жинақталған жүйесі, лексис (lexis) болса тілдің лексикалық жүйесі. Ал шындығында, логоста, лексисте, олардың қалай пайда болғанына қарамастан, терминнің мағынасын түсіну үшін маңызды. Жалпы әдеби тіл сөзінің өзі «семантикалық өзгеріс» нәтижесінде термин бола алады немесе терминдер арнайы жасалынады [1, с. 91].

Термин табиғаты туралы К.Ахановтың тұжырымы бойынша: «Тіл — тілдің лексикасында ғылым мен техниканың алуан түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздер бар. Олар терминдер деп аталады». «Күнделікті өмірде барлық салада жалпылама қолданыла беретін сөздер ыңғайына қарай түрлі-түрлі мағынада жұмсалып, көп мағыналы болып келсе, терминдердің басым көпшілігі дара мағынасында жұмсалады. Демек, дара мағыналы болу — терминге тән, басты қасиет» деп, терминнің мағыналық табиғатын дұрыс ашып береді [2, 121]. Терминдердің қолдану табиғаты термин туралы аныктамаларда беріліп жүр. Оларға негізінен ғылым, техника, өндіріс, т.б. салаларды алады. Біздің оған қосатынымыз өмір мен тіршіліктің зерттеуге түскен қай жүйесі бар болса, ғылыми көзқарасы бар жерлерге термин қолданылады.

А. А. Реформатскийдің пайымдауы бойынша термин «экспрессивтілігі жоқ, бірмағыналы сөздер» [3, с.121]. Терминге қойылатын басты талап — бірмағыналылық. Жалпы терминологияда бұл талап екі жол арқылы жүзеге асады, себебі терминдердің екі категориясы бар: 1) жалпығылыми және жалпытехникалық терминдер және 2) арнайы терминдер.

Жалпығылыми және жалпытехникалық терминдер ғылым мен техниканың жалпы түсінігін білдіреді. Терминдер тек тілде ғана емес, белгілі бір терминология құрамында болады. Терминология ғылыми терминдердің жүйесі ретінде тілдің жалпы лексикалық жүйесіне кіреді. Термин қалыптастыруда кең тараған тәсілдердің бірі — ғылым, білімі дамыған алдыңғы қатарлы елдердің терминдерін тілдің дыбысталу заңдылығына икемдеп алу. Өзіміз жақсы білетін орыс тіліндегі терминдердің 70–80 %-ы латын, грек, ағылшын т. б. тілдерден енген сөздер. Бірақ олар орыс тілінің дыбысталу заңдылығына бағынып енгендіктен, олардың жат сөздер екенін көп адам аңғара бермеуі де мүмкін [4].

Қазіргі жағдайда ағылшын тілі интернационализмдердің құрылуының қайнар көзі. Қазақ тілінде ұлтаралық құндылық болып табылатын ағылшын тілінен енген халықаралық терминдер жетерлік. Ағылшын тілінің ғылым тілі болып құрылуының соңғы кезеңін, ғылыми терминдер санының айтарлықтай өсуін XVIII ғасырға жатқызуға болады. Ғылымның, саяси қарым-қатынастың, экономиканың дамуының нәтижесінде көптеген терминдер қалыптасты. Термин, ең алдымен, белгілі ғылым саласының ұғымдар жүйесінен туындайды. Ол — осы құбылысты таңбалау үшін құрастырылған немесе сол жағдай үшін арнайы ойлап табылған шартты белгілер емес. Олар тілде бұрыннан бар белгілі бір мағынаға ие сөздер мен түбірлер негізінде пайда болады. Бір сөзбен айтқанда, терминология мағыналы сөздер негізінде жасалатын арнайы лексика жиынтығы және соны зерттейтін ғылым саласы.

Қазіргі қазақ терминологиясы өзінің даму, қалыптасу тарихында бірнеше кезеңдерден өтті. Ол кезеңдердің әрқайсысы қоғамымыздың саяси-экономикалық, тарихи-мәдени өмірінде болған өзгерістермен тығыз байланысты. Қоғам өмірінде болған ондай өзгерістер терминологиялық лексиканың қалыптасуына тікелей әсер етті. Ғалым Ш.Құрманбайұлы өзінің «Халықаралық терминдер туралы» деп аталатын мақаласында: «Қоғам дамуының, терминология қалыптасуының әр кезеңіндегі шет тілдерінен енген сөздердің түрліше аталуы бір қарағанда соншалықты назар аудара қоятындай мәселе сияқты көрінбеуі де мүмкін. Ал шын мәнінде бұған елеусіз қалдыра салатын ұсақ-түйек нәрсе деп қарауға болмайды. Өйткені, дәл сол атаулар арқылы ұлт зиялыларының, ғылыми жұртшылықтың, көпшілік қауымның кірме сөздерге берген бағасын көруге болады. Өзге тілден енген терминдердің мұндай атаулары тек атауыштық қана емес, сонымен бірге бағалауыштық қызмет те атқарып тұр. Бұл әлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық тұрғыдан қарастыруды, арнайы мән беруді қажет ететін тіл үшін маңызды мәселе» — деген ой түйеді [4, 30]. Терминдердің пайда болуының басты себептері:

-        қаржы, экономикалық, саяси қарым-қатынастар;

-        шет елдік инвестициялар;

-        қоғамдық және ғылыми-техникалық прогресс, ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мен жаңалықтары;

-        мәдениет саласындағы жетістіктер.

М. А. Брейтердің пікірінше, «қабылдаушы тілдің когнитивті базасында сәйкес ұғымның болмауынан өзге тілдің сөздерін, яғни кірме сөздерді қолдану туындайды» [6, 41]. Мұндай үдерістер көбінесе белгілі бір ұғымдар мен құбылыстарды тұрақтандыру немесе бекіту үшін заттың немесе құбылыстың нақты баламасы табылмаған жағдайда, кірме сөз арқылы оның мағынасын нақты және толық жеткізуге мүмкіндік береді. Қазақ және орыс тілдері қаржы саласындағы кірме сөздерді кірістіру үдерісін бастан кешіруде, себебі көптеген терминологиялық ұғымдар мен морфемалар сонау орта ғасырда латын тілінде негізі салынған. Қаржы-экономика саласындағы терминдер сөздер және сөз тіркестері арқылы беріледі және белгілі бір ұғымдарды атау үшін қолданылады.

Бүгін нарық қоғамдық өмірге етене еніп алды. Бұрын ести қоймаған, әуелі кезде құлаққа жаға да бермеген терминдер мен сөздерді ести бастадық. Бұл заңды. Қазір бұған үйрендік. Сондай-ақ қоғамымыздың жаңа саяси сипатына сәйкес «саяси жүйе», «саяси режим», «саяси билік», «саясат субъектілері», т.б. терминдер күнделікті қолданысқа алынды. Бұрынғы кеңестік қыспақтан босаған, ашық қоғам құруды мақсат етіп отырған елімізге жаһандану үдерісі де жаңа ұғымдар алып келіп жатыр. Мұның бәрі — тілдің тірі организм екенін көрсететін факторлар. Байлығы, мазмұндылығы жағынан еш тілден кем де артық та емес қазақ тілінің бүгінгі күні елеулі түрде баи түскені тіл мамандарына ғана емес, қарапайым халыққа да белгілі.

Ағылшын тілінен толықтай кірме сөздерді қолдану экономика саласында көптеп қолданылады. Қазіргі таңда ескі эканомикалық және құқықтық қатынастарды ауыстыру үдерісі жүріп жатыр, және де әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында жаңа халықаралық қаржы-экономикалық қатынастар пайда болуда. Алдағы экономикалық даму жағдайының әсерінен көптеген қаржы-банк терминдерінің тілімізге енуі байқалады. Мысалы: «билинг» термині ағылшын тілінің billing және bill сөздерінен қалыптасқан, есеп, билет, есеп жүргізу жүйесі деген мағынаны білдіреді және қазақ, орыс тілдеріне транскрипция тәсілі арқылы аударылған; «демпинг» термині ағылшынның dumping сөзінен шыққан, кептелу, тежеу деп аударылса, қаржы саласында тапшы тауарлар мен қызметтер бағасын жасанды түрде азайту деген мағынаны білдіреді, қазақ және орыс тілдеріне транслитерация тәсілі арқылы аударылған; «дилер» термині, dealer сөзінен, кәсіпкер, саудагер, сауда агенті деген мағынаны білдіреді, қазақ және орыс тілдеріне транскрипция тәсілі арқылы аударылған; dealing сөзінен шыққан «дилинг» термині сауда қатынасын, келісімшартты, сату-сатып алуды білдіреді, және дилер термині сияқты қазақ және орыс тілдеріне транскрипция тәсілі арқылы аударылған, ал default сөзінен шыққан «дефолт» кірме сөзі міндетті орындамау, ереже бұзу, қарыз төлеуден бас тарту, қаржы операцияларын орындамау деген мағынада қолданылады және транскрипция тәсілі арқылы аударылған. «Лизинг» термині ағылшынның leasing сөзінен енген, транскрипция тәсілі арқылы аударылған және аудармада жалға алу, жалға беру деген мағынаны білдірсе; кеңінен қолданылып жүрген «маркетинг» термині ағылшын тіліндегі marketing сөзінен шыққан және де аудармада сауда, сату, сауда жасау деген мағынаны білдіреді және қазақ, орыс тілдеріне транслитерация тәсілі арқылы аударылған. Ал күнделікті өмірде де көптеп кездестіретін «менеджер» термині ағылшын тіліндегі manager сөзінен енген, қазақ, орыс тілдеріне транскрипция тәсілі арқылы аударылған және аудармада меңгеруші, директор, басқарушы деп береміз.

Жоғарыда аталған терминдер шет елдік серіктестерге де, өзімізге де түсінікті, қолдануға икемді және жалпы қабылданған сөз. Бірақ осылай қазақ тілінің ғылыми терминологиясының жұтаңдығы байқала бастайды. Тіпті кейбір ғалымдар өз жобаларында аударуды қажет етпей, жаңа терминологияны қолданады. Бұл тәсіл ұғымның нақты мағынасын дәл жеткізуде, бастапқы мағынаны еш өзгертпей, дәл сол қалпында, сол мағынада берудің таптырмас тәсілі болғанымен де, ағылшын тілін меңгермегендер оны түсініп, есте сақтай алмайды.

Тілімізді ғылыми тілге айналдыру тәуелсіздік алғаннан бері күн тәртібінен түспей талқыланып келеді. Себебі мемелекеттік тілде әр түрлі ғылым саласына сәйкес қолданатын терминдердің болуы міндетті десек те болады. Басқа сөзбен айтқанда, терминдерді өз еркімен өзінше түсіндіруге мүмкіндік бермейтіндей, термин мағынасы қарапайым, түсінікті және нақты болуы тиіс.

Әдебиеттер:

1.      Реформатский А. А. Что такое термин и терминология. — М., 2000. — С.91.

2.      Аханов К. Тіл білімі негіздері, Алматы, 1993

3.      Реформатский А. А. Что такое термин и терминология. — М., 2000. — С. 121.

4.      Құрманбайұлы Ш. Туыстас тілдерге ортақ терминологиялық қор қажет // «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мәселелері». — Көкшетау: «Көкше-полиграфия», 2001. — 30 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, термин, бар, прогресс, терминология, транскрипция, экономика мен.

Похожие статьи

Искусство транскрипции музыкальных произведений.

Весьма спорным высказыванием представляется определение термина «транскрипция», как одного из видов транскрипций, в виде концертного произведения, созданного на основе оригинала, написанного для другого инструмента.

Особенности перевода экономических терминов в китайском...

‒ выявление точек соприкосновения различных экономических терминов; ‒ поиски экономических универсалий на разных языках

По мере развития сотрудничества и обмена между Китаем и Россией в сферах торговли и экономики, на практике в этих сферах требует...

Чинглиш как результат культурной глобализации | Молодой ученый

- специальные термины (专业词语); - сложносокращенные слова (缩略语) [7]. Чинглиш — вариант английского языка

Сейчас существует большая необходимость в Китае изучать английский язык благодаря глобализации и развитию экономики страны, открытию границ.

Ложные друзья переводчика в русском и английском языках

Термин «Ложные друзья переводчика» от французского «fauxamis» обозначает пару слов в двух языках, похожих по написанию и/или произношению, часто с общим

Крупнов, В, Н. В творческой лаборатории переводчика [Текст] / В. Н. Крупнов. — М.: Прогресс, 2000.

Инициализмы как продуктивный тип сокращения в англо-русском...

Карбаха “International Economics” и Р. И. Хасбулатова «Мировая экономика и международные экономические отношения», с целью определить наиболее продуктивный тип сокращения экономических терминов, характерный для данного типа текста.

Экономическая таблица Франсуа Кенэ | Статья в журнале...

Экономическая таблица Франсуа Кенэ. Автор: Репин Сергей Сергеевич. Рубрика: Экономика и управление.

Если охарактеризовать таблицу Кенэ в современных экономических терминах, то ее можно считать первым опытом макроэкономического анализа, в котором центральное...

Теоретический анализ концепта экономического кластера

Основные термины (генерируются автоматически): кластер, синергетический эффект, экономический кластер, обмен товарами, создание кластеров, развитие кластера, предприятие кластера, региональная экономика, отраслевой кластер, наличие.

Подъязык и терминосистема: корреляция и специфика...

Имея специфическую сферу применения, термины входят в состав определенной терминологии.

В терминологии процесс заимствования может происходить на морфологическом уровне при помощи транскрипции и трансляции и на семантическом уровне...

Мотивированность терминологического знака в терминосистемах...

Особенности перевода экономических терминов в китайском языке. Иноязычная компьютерная терминология в русской и китайской... Основные термины (генерируются автоматически): китайский язык, русский язык, AVI, JPEG, компьютерная терминология, калька...

Задать вопрос