Жаһандану дәуіріндегі тілдік плюрализм мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Филология, лингвистика

Опубликовано в Молодой учёный №19 (99) октябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 04.10.2015

Статья просмотрена: 178 раз

Библиографическое описание:

Джумагулова, М. Ш. Жаһандану дәуіріндегі тілдік плюрализм мәселелері / М. Ш. Джумагулова, Г. Р. Нурекешова, Ж. А. Ташенова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19 (99). — С. 27-32. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22208/ (дата обращения: 25.04.2024).

Сонымен, қазіргі таңда елімізде көптілді және көпмәдениетті білім беру жоғары білім беру жүйесіндегі ең басты бағыттардың бірі болып табылады. Жоғары оқу орны көптілді және көпмәдениетті тұлғаның қалыптасып дамуында ең маңызды кезең болып саналады. Осы жерде негізгі және өмірлік принциптер саналы түрде қалыптасады. Жоғары білім ордасы студентке қолайлы орта туғызып, оның тілдік, ұлттық-мәдени, этникалық қажеттіліктерінің толықтай жүзеге асуына мүмкіндік береді және жеке тұлға ретінде гуманистік жалпыадами қасиеттерінің үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.

Данная статья посвящена проблемам поликультурного образования в Республике Казахстан. Поликультурное образование на сегодняшний момент является одним из главных направлений в системе средне — специального и высшего образования. Именно образование является важнейшим этапом в процессе формирования и развития поликультурной личности, этапом, когда осознанно формируются основные ценности и жизненные принципы.

Перспективы развития полиязычного поликультурного образования могут стать более эффективными при условии учета основных приципов дидактики полиязычия такие, как принцип интегративного обучения, принцип опоры на лингвистические и учебные материалы, когнитивно направленный прицип и принцип межкультурной коммуникаций.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бері толассыз жүріп жатқан реформалау процесінің барысында ел экономикасы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік рухани сала да өзгеріске ұшырауда. Еліміздегі білім беру жүйесін реформалау, міне соның айғағы. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлар біліктілігін ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі-Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі екендігі атап көрсетіледі. Елбасы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты жолдауында да ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұрғандығын, мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс екендігін, оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру барысында білікті мамандар ұсыну маңыздылығын ерекше атап көрсетіп, жоғары кәсіптік білім беру саласының алдына зор міндеттер жүктеді [1].

Көптілді білім беру мәселесінің өзектілігі жаһанданудың жаңа мыңжылдығында қазақстандық қоғамның барлық салаларында болып жатқан көптеген өзгерістермен байланысты. Бұл өзгерістердің барлығы да қоғамдық жаңару мен әлемдік интеграциялық процестерге ұмтылумен сипатталады. Қазақстан экономикасының қарыштап алға басуы елімізде шетел тілдерін меңгерген мамандарға деген сұранысты қалыптастырады. Шетел тілін кәсіби меңгеру макроэкономикалық және маңызды әлеуметтік факторға айналуда. Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) білсе көптеген мүмкіндіктерге ие болатынын қоғамдағы адамдар, әсіресе жастар түсіне бастады: нарықтық экономикасы бар қарқындап өзгеріп тұрған ашық типтегі қоғамда интеграциялану, болашағы мол жұмысқа орналасу, түпнұсқасындағы әлемдік мәдениетпен танысып, сусындау, әлем мен әлемдік мәселелерді кеңінен ұғыну. Сондықтан да, көптеген ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектер үшін жоғары оқу орнын таңдауда білім сапасы мен жаңа технологиялар, инновациялық бағдарламалар, халықаралық білім беру кеңістігіне шығу мүмкіндігі шешуші факторлар болып табылады.

Президентіміз — Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы “білім беру жүйесінде үш тілдің — мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау” [1] міндетін атап көрсеткенін білеміз. Ал мұның өзі оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсат — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен біліктілігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген жеке тұлға қалыптастыру. Өйткені, тек бәсекеге қабілетті азаматтар ғана Отанымыздың тұрақты дамуына, бәсекеге қабілеттілігіне өз үлесін қоса алады. Сөйтіп, біздің алдымызда әлеуметтік тапсырыс талаптары тұрады: жоғары кәсіби білім беру бәсекеге қабілетті және сапалы болып, бітіруші түлек шетелдік жоғары оқу орындарында білімін әрі қарай жалғастырып, магистратура, докторантураға түсу мүмкіндігіне ие болу керек. Қазіргі заманда бірнеше тіл білу қажеттілігін әлеуметтік факторлар анықтап, қоғамда көптілді, көпмәдениетті тұлғаға деген сұраныс туады. Ал, мұның өзі сапалы білім берудің уәждемесі болып табылады. Сонымен, еліміздегі тілдік плюрализм қазіргі таңда орта және жоғары білім беру жүйесінде ең негізгі бағыттардың бірі болып саналады және қоғамдық-саяси, экономикалық реформалар ретінде қарастырылады.

Педагогика ғылымының докторы, профессор Б. А. Жетпісбаеваның [2, 328] пікірінше, көптілді білім беру — үш немесе одан да көп тілді қатар меңгеру негізінде көптілді тұлғаны қалаптастыратын мақсатты бағытта ұйымдастырылған процесс. Көптілді білім беру процесінде қалыптасатын көптілді тұлға, өз кезегінде, өмір сүру ортасында қызмет ететін ана тілін және бір немесе бірнеше шет тілдерін жеткізуші, тұтынушы ретінде айқындалады.

«Көптілділік» терминінің екі мағынасы бар: 1) белгілі бір әлеуметтік ортадағы бірнеше тілдерді қолдану; 2) коммуникативті жағдайға байланысты жеке қолданысқа таңдап алынатын бірнеше тілдер қатары. Бұдан шығатын қорытынды — «көптілділік» тілдердің көптігі емес, ол бірнеше тілдерді білу болып түсіндіріледі немесе белгілі бір қоғамдағы және аймақтағы бірнеше тілдерді құру. Тілдік алуандылық ұсынылатын шет тілдерін көбейту жолымен немесе білім алушыларға бірнеше шет тілдерін білу керек екенін дәлелдеу» [3, 103–106]. Көптілді білім беру немесе тілдік плюрализм мәселелері бірнеше тілдер арқылы әлемдік мәдениетке тартуға мақсатты бағытталған процесс. Бұл жағдайда оқытылатын тілдер арнайы білім саласында жетістікке жетудің, түрлі елдер мен халықтардың мәдени — тарихи және әлеуметтік тәжірибелерін меңгерудің тәсілі болып табылады.

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан көптілді білім беру бағдарламасының батыстық аналогтардан айырмашылығы — бір мезгілде қатарынан үш немесе төрт тіл оқытылатындықтан бұл теңдессіз бағдарлама болып табылады. Осыған орай, бағдарламаның да мақсаты ана тілі мен шет тілдерін қатар меңгеру негізінде тілдік құзыреттілігі қалыптасқан, әлемдік білім беру кеңістігі мен еңбек нарығында мәдениетаралық коммуникацияға бейімделген түрлі мамандықтағы жоғары білікті кадрлар даярлау болып табылады. Көптілді білім беру Болон процесінің негізгі қағидаларын орындаумен де тығыз байланысты. Жаңа дәуір маманы кәсіби білімді меңгерумен қатар, әлемдік нарықтағы тенденциялар мен заманауи технологияларға да бейім болу керек.

Жаңа уақыт, жаңа талаптар оқытудың әдіс-тәсілдеріндегі құндылықтар мен идеалдарды, мақсаттар мен міндеттерді қайта қарауды керек етеді. Педагогикалық ғылым дамуының жаңа кезеңінде білім беру мазмұнында көптілділік, көпмәдениеттілік тәрізді базистік ұғымдарды пайдаланған жөн. Көптілді және көпмәдениетті білім беру бағдарламасымен байланысты балаларды, жастарды, ересектерді тәрбиелеуде алға қойылған міндеттер қазақстандық білім берудің әлемге, социумға, яғни әлеуметтік ортаға және жеке тұлғаға бағытталған ашық жүйе екендігінің дәлелі.

Біртұтас дидактикалық процесс ретінде көптілді білім беру бағдарламасының өзіндік принциптері, теориялық және әдіснамалық негіздері, педагогикалық алғышарттары бар және бұл модель профильді технология, педагогикалық жобалау технологиялары және көптілділікке үйрету, болашақ мамандарда коммуникативті бағыттылықты қалыптастыру тәрізді әдістерге негізделген [4]. Аталған зерттеулер Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті базасында «Үш тұғырлы тіл» жобасы негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың басым бағыттарын жүзеге асырудың эксперименттік бағдарламасы ретінде ғылыми мақсаттағы апробациядан өтті. Көптілділік дидактикасы төмендегі негізгі принциптер бойынша орындалды [5]:

-        көптілділікке, ғылымилыққа, тұтастыққа, қолжетімділікке, жүйелілікке, көрнекілікке, жалпыадами құндылықтар мен ұлттық мәдениеттердің алуан түрлілігіне, гуманизацияға негізделіп, бірнеше тілді интегративті оқыту принципі. Оқыту бағытындағы арнайы пәндерге сәйкес білімді тиімді игеруде коммуникативті құзыреттілікті қалыптастырады және дамытады;

-        білім алушылардың лингвистикалық және оқу тәжірибелеріне сүйену принципі. Тілдік дағдыларды қалыптастыру мен коммуникативті іскерлікті дамытуда тек ана тілі ғана тірек бола алады;

-        шетел тілдеріне оқыту процесінде когнитивті бағытталған принцип. Әлемнің тілдік бейнесін аутентті вербальданған және әлемтанудың жаңа жүйесіндегі ұғымдық мағыналар арқылы қалыптастыру;

-        оқытылатын тіл елінің мәдениеті, салт-дәстүрлері, реалийлері арқылы шетел тілдерін оқыту процесінде мәдениетаралық бағытталған принцип.

Көптілділікке оқытуды қалыптастыру саласындағы ізденуші ғалымдардың пікірінше, тілдік емес мамандықтар жағдайында көптілділікті қалыптастыру мүмкіндігі мен қажеттілігі бірнеше тілді қатарынан немесе сабақтастық негізде үйренуге ғана емес, білім алушылардың көптілділік құзыреттілігіне де келіп тіреледі. Көптілділік құзыреттілігі — бұл, сөзсіз, лингвистикалық білім жүйесін меңгеру, түрлі тілдердің лингвистикалық дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ажырата білу қабілеті, тіл қызметінің механизмдері мен сөйлеу әрекетінің алгоритмдерін түсіну болып табылады. Аталмыш құзыреттілік нақты тілдерді білудің санын емес, сол тілдерді қолданушыға тірек болатын біртұтас күрделі, көбінесе, ассиметриялық конфигурация құзыреттілігі жүйесін құрайды, тілдерді үйрену процесі мен әдістерін түсінуді жетілдіреді және жаңа жағдайлардағы қарым-қатынас пен іс-әрекет қабілетін дамытады.

Сонымен, қазіргі таңда елімізде көптілді және көпмәдениетті білім беру жоғары білім беру жүйесіндегі ең басты бағыттардың бірі болып табылады. Жоғары оқу орны көптілді және көпмәдениетті тұлғаның қалыптасып дамуында ең маңызды кезең болып саналады. Осы жерде негізгі және өмірлік принциптер саналы түрде қалыптасады. Жоғары білім ордасы студентке қолайлы орта туғызып, оның тілдік, ұлттық-мәдени, этникалық қажеттіліктерінің толықтай жүзеге асуына мүмкіндік береді және жеке тұлға ретінде гуманистік жалпыадами қасиеттерінің үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.

Әдебиеттер:

1.         «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2014.

2.         Жетписбаева Б. А. Полиязычное образование: теория и методология: Монография- Алматы: Білім, 2008–328с.

3.         Осиянова О. М. Көптілділік қазіргі лингвистикалық білім беруде тілдік саясаттың айқындауыш амалы ретінде. ОГУ Хабаршысы, 1/2005–103–106бб.

4.         К вопросу о механизме реализации этнолингводидактического подхода в системе высшего образования: Материалы междунар. Конкурса науч. трудов студ. и магистр., посв. 40-л. КарГУ им.Е.Букетова// Караганды, 2012-с.296–298

5.         Барышников Н. В. Дидактика многоязычия// Вестник ПГЛУ, 2003, № 3, с.10–15

Основные термины (генерируются автоматически): мена, поликультурное образование, высшее образование, немес, принцип.

Похожие статьи

Поликультурность образования посредством образовательных...

Поликультурность образования — это интеграция человека в культуру, бесконфликтная идентификация личности в многокультурном обществе.

Вполне очевиден тот факт, что поликультурное образование поможет предотвратить конфликты, имеющие культурную...

Поликультурное образование детей дошкольного возраста

Базовым учреждением поликультурного образования является дошкольное учреждение, так как

Высшим показателем достижения личностью поликультурного развития является ее

Литература: 1. Бабунова Е. С. Обоснование принципов построения и реализации...

Поликультурное пространство как основа построения содержания...

Теоретическое осмысление новой концепции образования ведет к осознанию необходимости разработки новых, инновационных моделей высшего образования и подготовки на их основе специалистов

Основополагающими принципами поликультурного образования являются

Структура поликультурного образования Дж. Бэнкса в США

Поликультурное образование, появившись сравнительно недавно(1960-е г. г.), вызывало и вызывает до сих пор споры у теоретиков педагогической науки по поводу своего содержательного наполнения.

Возникновение и развитие поликультурного образования в США

Понятие «поликультурное образование» в педагогической науке и практике США появилось не внезапно.

Система образования этого переходного периода строилась на принципах конформизма.

Поликультурное образование: диалог культур и билингвальное...

В этом плане особую ценность представляет собой опыт школ, осуществляющих билингвальное образование по принципу расширяющегося круга

Цель: Интеграция в общеевропейское и мировое пространство, межкультурная коммуникация, поликультурное воспитание.

Поликультурность и поликонфессиональность как...

Рубрика: Высшее профессиональное образование. Опубликовано в Образование и воспитание №2 (7) апрель 2016 г.

Библиографическое описание: Муцалов Ш. Ш. Поликультурность и поликонфессиональность как характеристики российского общества...

Поликультурное образование детей младшего возраста

Целью программы поликультурного воспитания является формирование разносторонне творческой личности, обладающей представлением о Родине, её обычаях, традициях, истории, уважением к другим культурам...

Мультикультурализм и образование: проблемы и перспективы

– М.: Изд-во Высшей школы экономики, 2002. – 173c. Уншанова И.А. Глобализация и

Важной социально политической детерминантой развития поликультурного образования является.

Ключевые слова: образование, поликультурность.

Реализация нравственно-эстетического воспитания и обучения...

Ключевые слова:нравственно-эстетическое воспитание и обучение; билингвальное и поликультурное образование

— Москва:ЛКИ, УРСС Эдиториал, 2010. — 264 с. Пассов Е. И. Теория методики: принципы иноязычного образования / Е. И. Пассов.

Задать вопрос