Қазақ жеріндегі қорықтар жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Айдаров, О. Т. Қазақ жеріндегі қорықтар жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері / О. Т. Айдаров, Ерлан Жаркынбекулы Арыстан, Д. Б. Изтилеуова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19 (99). — С. 1-7. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22206/ (дата обращения: 23.04.2024).

Қазақ халқында ежелгі қасиетті жер-суды пір тұтудың нәтижесінде ерекше қорғалып сақталған табиғат ескерткіштері бар. Географиялық нысандарды «қасиетті», «киелі» деп жариялау арқылы, халық ғасырлар бойы қазақ жеріндегі орман қорын, өзен-көлді, таулы аймақтардың табиғи қорларын, ежелгі тарихи-археологиялық ескерткіштерді қорғауға алды.

У Казахского народа, в результате того, что они почитали многие места своей земли и ее воды как священные, сохранилось много особо охраняемых памятников природы. Географические объекты из-за того, что объявлялись священными, почитаемыми, особо охранялись, в том числе лесной фонд, реки и озера, природные фонды горных местностей, древние историко-археологические памятники.

 

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде география-экология ғылымдары алдында қоршаған табиғи ортаны қорғау мен оның қорларын тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау міндеттері тұр.

Қазіргі кездегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы табиғатты пайдаланудың жаңа үлгілерін негіздеуді қажет етеді. Қазақстан жеріндегі экожүйелердің антропогендік өзгерістері байырғы табиғатты пайдалау үрдістері мен тәжірибесін кеңінен зерттеп, ғылыми ізденістер мен жобаларға енгізу ісін жеделдетуді талап етеді. Бұл бағыттағы зерттеулер табиғат пен адам қоғамының өзара әрекеттесуі жөніндегі қоғамдық-тарихи және жаратылыстану ғылымдарының қорытындыларын жинақтайтын тарихи геоэкология ғылымының шеңберіне енеді.

Табиғатты қорғауға қатысты мәселелерде «қоршаған орта» терминін «тірі ағзаларды қоршаған белгілі бір табиғат құрамбөліктері мен нысандар жиынтығы» ретінде түсінуге болады. «Табиғат қорғау» ұғымы «игеру», «өзгерту», «қалпына келтіру» терминдерімен қатар, ауқымы кең «табиғатты тиімді пайдалану» деп аталатын жүйенің ажырамас бөлігі болып табылады [1]. Олай болса, табиғатты пайдалануға қатысты сөз қозғау барысында табиғат құрамбөліктерінің өзгерістеріне, оларды қорғауға және қалпына келтіруге байланысты мәселелердің қамтылуы олардың аталған генетикалық тұтастығынан туындайды [2].

Әр халықтың шаруашылық әрекетті ұйымдастыруы әркелкі болатыны сияқты, тарихи-әлеуметтік, географиялық, тілдік факторлардың әсерінен қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрі ықылым заманнан қалыптасқан. Оны зерттеу арқылы және табиғат құрамбөліктеріндегі қазіргі өзгерістерді танып-біліп, жойылған өсімдіктер мен жануарлардың бастапқы таралу кеңістігінің картасын түсіруге және қорғалуы тиіс нысандардың аттарын анықтауға болады.

Адам баласы жаратылысынан табиғаттың бір бөлшегі ретінде онымен бірге жасап келеді. Осының негізінде табиғаттағы, яғни қоршаған ортадағы кез-келген дүниеге ол өз көз қарасымен қарап, оған өз теңеуін беріп өмірдегі маңызын суреттеп көрсетіп отырды.

Түркі халықтарының табиғатпен өзара қарым-қатынасы әр түрлі діни сенім-нанымдар мен түсініктерде бейнеленген табиғатты құрметтеу, оны анимациялау, яғни пір тұтудан айқын көрінеді. Сонымен қатар түз даланы мекендеген халықта оның тұрмыс-тіршілігіне қарай жазба әдебиеті болмады да ауыз әдебиеті күшті дамыды. Ол тілдің, ой-сананың жетілуінен, абстракты ойлау, әсірелеу, кескіндеу, естіген хабарды жадында сақтау мүмкіндіктерінің шексіздігінен көрінеді. Мұны ХІХ ғ. қазақ жерінде болған зерттеуші Н. Зланд пікірінен де көруге болады. Қырғыздар (қазақтар — автор) айнала қоршаған ортаны, адамдар мен жерлердің аттарын есте сақтауы жөнінен мәдениетті адамдарды артта қалдырады [3]. Бұл қасиеттер халықтың көшпенді өмір жағдайындағы рухани мәдениеттің мұраларын мәңгілікке ұрпаққа жеткізіп отыр. Осы шығармашылық дәстүрінің ауызша сипаты сол кезеңдердегі халықтың табиғатты тану мен пайдалану барысында жинақталған экологиялық тәжірибені айрықша жеткізіп отыр. Мұны көшпенді халықтың ауыз әдебиеті мен жер-су атауларындағы кездесетін метафорлардан байқауға болады.

Осы тұрғыдан алғанда, қазақ халқы төл тілі арқылы қоршаған табиғи ортасын рухани игеруге қол жеткізді деуге болады [4]. Мұның негізінде табиғатты қорғауға бағытталған іс-әрекеттің жатқанын байқау қиын емес. «Шамандық сенім-нанымның пайда болуының негізінде табиғатқа деген шексіз махаббат, оны қадір тұтып қастерлеу жатыр» — деп Ш.Уәлиханов жазады.

Дегенімен де оның басы табиғатты сүюден басталған. Өйткені халықтық тіршілік көзі, өмір сүруі сол табиғатпен тығыз байланыста жатты. Сондықтан олар табиғаттың қыр-сырын жетік білді, оның жанды жерін түсіне білді. Рухани мәдениеттің ауызша сипаты жағдайында қорғауға тиіс табиғат нысандары ерекше аталуы қажет болды. Географиялық нысандарды "қасиетті" деп жариялау арқылы халық ғасырлар бойы табиғаттың ерекше керемет жерлерін сақтап келді.

Қазақ халқының географиялық өрісінің кеңдігін қазіргі терминологиямыздың аса байлығынан көруге болады. Бұл халықтың географиялық атаулардың топонимиялық зерттеудегі маңызы өте зор. Сол зерттеулер арқылы кез-келген өлкенің қазіргі антропогендік өзгерісін бұрынғы табиғи қалпымен салыстырып, елестетуге болады. Сондықтанда халықтық атаулардың маңызының зор екендігін, зерттеуші Э. М. Мурзаевтың мына сөзінен: «Атаулар — топонимияның негізі, олар географиялық атаулардың мағыналық мазмұнын анықтайтын бөлігі болып табылады… кез келген топонимиялық зерттеу халықтық географиялық атауларды талдаудан басталуы қажет» — білуге болады [5]. Өйткені түз далада жартылай көшпенді, малмен ғана айналысатын халық жер-су, тау-тасқа ат қойғанда сол жердің табиғатына, жердегі географиялық орналасуына өте дәл дәлдікпен есептеп қойғандай, атына заты сай болып тұрады. Бұл жөнінде Қ. Халид өзінің «Тауарихи хамсайи шаркит» кітабында былай деп келтірген: «Менің өте таң-тамаша болатыным қазақ оқымаған халық деген лақап айтылады. Ал жағрафия, астрономия сияқты арнаулы пән оқымай білуге қиын соғатын жердің белгілерін айырып, соған дәлме-дәл ат қойып сөйлейді» [6].

Кез келген халықтың табиғатты пайдалану дәстүрінің қазіргі ғылыми-практикалық маңызы шаруашылықты ұйымдастыру ғана емес, табиғат қорларын сақтау мен тиімді пайдалану үрдістерін де танып білуді көздейді. Сондықтан-да қазақ атауларындағы көптеген жер-су, тау-тастар негізінен мал шаруашылығына байланысты болып келеді.

Қазақ халқында ат қою жергілікті табиғат жағдайдарын дәстүрлі дүниетаным мен шаруашылық қажеттіктерге орай бейнелеумен байланысты болған дейді [4].

Халық әсіресе географиялық нысандарды атауда алдымен экожүйедегі ландшафттың шаруашылық маңыздылығына баса назар аударған. Сондықтан да болар атаулар табиғаттың сан ғасырлық келбетінен хабар беріп тұрады. Әсіресе ландшафттың биотикалық құрамбөліктері антропогендік әрекетке неғұрлым сезімтал болғандықтан тез әрі көбірек өзгеріске түседі. Басты тіршілік көзі мал шаруашылығы мен адам өміріне қажетті су болғандықтан, су қорының тапшылығы қазақ халқында гидронимдердің күшті жіктелуіне себепші болды. Сонау кезеңдердің өзінде қазақ «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпады. Осының негізінде «киелі бұлақтар», қастерлі құдықтар, көгілдір көлдер, өмір өзегі өзендер пайда болды. Бұл атаулардың өзі сол нысанның жергілікті жер үшін қымбаттылығын, оны көздің қарашығындай қорғау керектігін айтпасада түсінікті етіп тұр. Кейде ол атаулар сол жердің табиғатынан да сыр шертіп тұрады. Қызылорда облысының аумағында мұндай атаулар көп. Мысалы, Жиделі өзені, Көк жиде — яғни өлкенің жиде ағашына бай екенін көрсетті, Тораңғылсай, Тартоғай, Жалағаш — бұл атаулар тораңғылдың жерін, тоғайлы өлкені меңзеп тұрғаны айдан анық. Кейбір атаулар сол жердің маңындағы жайылымдар мен шабындықтардың орналасуын сипаттап, оны қорғаудың алдын алып айтып тұрғандай. Мысалы, Қамыстыкөл, Талдыарал, Талдысу. Себебі, аридті климат жағдайында шаруашылықты ұйымдастырудың негізгі алғы шарттарының бірі су көзімен қамтамасыз етілу.

Өсімдік жамылғысының жай-күйі, бір жағынан, орта факторларының, яғни экологиялық факторлардың әсер етуінен, екінші жағынан өсімдіктер арасындағы өзара қарым-қатынастар нәтижесінде ұдайы өзгеріп отырады. Сондықтан да өсімдік жамылғысы сол ортаның немесе ландшафттың жай-күйін бейнелейтін «айнасы» десе де болады (сурет 1). Осы жағынан алғанда, белгілі бір уақыт кезеңіндегі өсімдік жамылғысын қалпына келтіру қоршаған ортаның жалпы сипатын анықтау, қазіргі экожүйелердің жай-күйін талдауға, табиғатты қорғауға қатысты нақты шаралар жүргізуге көмектеседі деуге болады.

Қазақ қоғамында табиғаттың кейбір ерекше нысандарын қорғауға бағытталған шаралары оларға ат қоюынан байқалады. Ондай атаулар табиғат нысандарында индикаторлық қызмет атқарып, нақты табиғат жағдайларынан мәлімет береді. Географиялық атаулар белгілі бір құбылыстың аумаққа тән еместігін ерекшелеу мақсатында қойылған. Мысалы, шөл далада және Қаратаудың тасты шатқалдарында ағашсыз кеңістікте кездейсоқ және ертеде қалып кеткен ағаш өскен жердің өзі айрықша атау алған: Үшағаш, Қосүйеңкі, Үштал, Шаған т. б.

foto02

Cурет 1 — Жыңғылтүп. Сексеуілді — қарабарқынды формация (сурет автордікі)

 

Қазақ халқы ормандарға ерекше құрметпен қарап, ғасырлар бойы сақтап, тиіспей, қорғап келгендігі туралы мәліметтер жеткілікті. Бұл қазақтарда ежелден сақталып қалған ағаштарды пір тұту дәстүрімен байланысты түсіндіріледі. Жалғыз өсіп тұрған немесе аса ірі ағаштар "қасиетті" деп танылып, ерекше табыну нысандарына айналған. Шетел әдебиеттерінде жан-жақты талданған Үндістанның ежелгі мәдениетіндегі табиғатқа табыну дәстүрлерінің ішкі себебі халық тығыз қоныстанған тропиктердегі экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ұмтылыспен түсіндірілгендігін ескерсек [2] шөл жағдайындағы қазақ халқының ағаш біткенге құрметпен қарауын айтпасада түсінікті болады. Осыдан кейін ағаш өсетін жерлер ерекшеленіп, белгілі бір терминдік сөздердің немесе жеке ағаш атауының пайда болуына себеп болған (Жиделі, Қосүйеңкі, Шаған, Қаратал, Жалағаш, Тартоғай, Үшағаш т. б).

Қазақстанда сирек кездесетін ағаштардың бірі — шаған, ол Шарын өзенінің аңғарында реликт ретінде сақталған. Ал Қызылорда облысының аумағында да бұл атау кездеседі: Шаған өзені, Шаған ауылы. Аридті климат жағдайында шаған тек өзен бойындағы тоғайлық ассоциацияларда ғана кездесуі мүмкін.

Сыр бойында орналасқан бұталы-жиделі тоғайлар да қорғауды қажет етеді. Соңғы жылдары бұл тоғайлықтардың алқабы кішірейіп, Қызылқұм құмдарының елді мекендерге ентелеп келе жатқанын байқатады. Мұнда Сырдария өзенінің аңғарын бойлай тоғайлықты жол-жол тораңғыл құрап тұр. Жер атауларында бұл ареал Тораңғыл сай, Шоқ тораңғыл деп белгіленген. Ал, жиделі жерлер Көкжиде, Жиделі, Мәуелі, Қызылжиде сияқты атаулармен айқындалады. Сонымен, құрамында «жиде», «тораңғыл» фитонимі бар географиялық атаулар осы пайдалы ағаш түрінің таралған ареалын белгілеуі арқылы қорғауға мүмкіндік береді.

Қазақ халқы ата-баба дәстүрінен туған жер, атамекенді құрметтеуді өмірлік азық етіп алып қалды. Осының негізінде ежелгі қасиетті жер-суды пір тұтудың нәтижесінде ерекше қорғалып сақталған табиғат ескерткіштері бар. Географиялық нысандарды «қасиетті», «киелі» деп жариялау арқылы, халық ғасырлар бойы қазақ жеріндегі орман қорын, өзен-көлді, таулы аймақтардың табиғи қорларын, ежелгі тарихи-археологиялық ескерткіштерді қорғауға алды.

Үңгір атауларындағы қорғау жөніндегі ақпар «әулие», «ата», «қожа», «жеті» сөздерінің қатысуымен беріледі. Мұндай үңгір Қаратаудың батыс беткейіндегі Ақүйік өзені аңғарында «Қатынқамал», «Кіші үңгір», Шиелі тұсындағы «Жеті үңгір» т. б. Бұларды табиғаттың ерекше құбылыстары екенін ескерсек, спелеонимдердің топонимдер сипатын алуы оларды қорғау мақсатынан туындайды деп есептейміз [2]. Өйткені әруақтарды пір тұту дәстүрінің өзі киелі «әулие» атанған жерлерде табиғатқа қарсы әрекеттер жасалынбауы сөзсіз. Ондай мысалдар кеңес өкіметі тұсында көп болды. Әсіресе, кеңес үкіметі құрылыс, жаңа жерлер игеруде жергілікті халықтың ескерткеніне қарамастан көптеген әулиелі жерлерге аяқ басты, ақыры көптеген адамдардың мезгілсіз қайтыс болуына себеп болған, мұндай мәліметтер Сыр бойында көп.

Әулие бұлақтар мен минералды су көздері де халықтық сеніммен қорғалған. Ондай сипатқа ие болған жерлерге халық мал жаймаған, суын ластамаған.Қайта айналасын тазартып, бұлақтың көзін ашып, тазалап отырған. Мұның барлығы географиялық нысандарды халықтық қорғау ісінің жүзеге асырылғандығын дәлелдейді (Құттықожа бұлағы, Әулие су, Ақсақ қыздың суы т. б.)

Міне, табиғаттың айрықша нысандарына табынудың, оларға ерекше ат берудің өзі соқыр сенімнен емес, табиғатты қорғау қажеттілігін сезінуден туындаған.

Қасиетті Құран кітабының өзінде: «Бізді қоршаған ортамыздағы өсімдік атаулының барлығы тыныс алады» -делінген. Яғни, бір жағынан сол кездің өзінде фотосинтез құбылысынан хабардар болса, екіншіден ол адамдарға өсімдіктің де сен сияқты тіршілік иесі екенін айтқан ескертуі сияқты.

Қазақ қоғамында табиғатты пайдалану жүйесінің құрамдас бөлігі ретіде сипатталатын қоршаған ортаны қорғау дәстүрі де жер-су атауларында көрініс тапты. Ерекше табиғи, тарихи нысандар айрықша аттарға ие болған. Атаулардың айрықша сипатында ежелгі қазақтардың дүние танымына сәйкес, табиғатқа табыну арқылы оны қорғау әрекеті жүзеге асқан, әліде аздап жүзеге асуда. Міне сондықтан осы халықтық табиғат қорғау жүйесін жолға келтірудің маңызы зор.

 

Әдебиеттер:

 

1.        Реймерс Н. Ф. Природопользование / Словарь-справочник. — М.: Мысль, 1990. — С.637.

2.        Каймулдинова К. Д. Қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздері. -Алматы: Ғылым, 2001. — 57 б.

3.        Зеланд Н. Киргизы. Этнологический очерк // Записки Заподно-Сибирского отдела РГО. — Омск, 1885. — Кн.7, вып. 2. — С.1–78.

4.        Бейсенова А. С., Каймулдинова К. Д. К топонимо-образующей роли казахскихи народных географических терминов // Вестник ВШ. — 1998.- № 2. — С. 50–56.

5.        Мурзаев Э. М. Очерки топонимики. — М.: Мысль, 1974. — С. 380.

6.        Халид К. Тауарих хамса (бес тарих). — Алматы: Қазақстан, 1992. — 304 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, бар, оса.


Похожие статьи

оса, бола, мена.

Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, мена.

«Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Например, в предложении Осы аптада «Отырар&K» IT компаниясы Алматыда өткен көрмеге өз өнімдерін әкелдів место

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет».

Development of skills of oral speech at students of Kazakh language

—Тұңғышбаевскиймін де...Әкең бар ма?Аты кім? —Бар.Ол кісінің есімі-Қадыр, 46 жаста.

Мен шалдың баласымын,-дедім. [4, с. 180]. This dialogue is made up between creative individuals and...

Резня в Варфоломеевскую ночь: трагический финал жизни...

Наряду с ним так же упоминаются мена Мартину Коша, а Конрада Бёрга из кантона Сэн-Гал.

Возможно, именно поэтому город Бар получил привилегии, и именно отсюда идет суверенная...

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи.

Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері | Статья в журнале...

Олар омелада магиялық күш бар деп сенген. Омела өскен жерде шайқаспаған, үйлерін омеламен безендірген.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена.

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Похожие статьи

оса, бола, мена.

Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

оса, мена.

«Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

Лингводидактические основы обучения студентов...

Например, в предложении Осы аптада «Отырар&K» IT компаниясы Алматыда өткен көрмеге өз өнімдерін әкелдів место

Вместо «Мен университетке барамын». «Мен барам университет».

Development of skills of oral speech at students of Kazakh language

—Тұңғышбаевскиймін де...Әкең бар ма?Аты кім? —Бар.Ол кісінің есімі-Қадыр, 46 жаста.

Мен шалдың баласымын,-дедім. [4, с. 180]. This dialogue is made up between creative individuals and...

Резня в Варфоломеевскую ночь: трагический финал жизни...

Наряду с ним так же упоминаются мена Мартину Коша, а Конрада Бёрга из кантона Сэн-Гал.

Возможно, именно поэтому город Бар получил привилегии, и именно отсюда идет суверенная...

мена, Секта, бар, немес, христианин.

мена, Кино, бар, дар, немес. Похожие статьи.

Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері | Статья в журнале...

Олар омелада магиялық күш бар деп сенген. Омела өскен жерде шайқаспаған, үйлерін омеламен безендірген.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена.

Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Задать вопрос