Библиографическое описание:

Дарибаева С. К. Болашақ мамандардың инновациялық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары // Молодой ученый. — 2015. — №8.2. — С. 21-23.

Педагогика және психология ғылымында «педагогикалық технология», «білім беру технологиясы», «тәрбие технологиясы», «тұлғаны дамыту технологиясы», және тағы басқа ұғымдар кеңінен қолданылуда. Белгілі педагог-ғалым В.П. Монахов болса, «Педагогикалық технологиялар дегеніміз-оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі» деп түсіндіреді. Біздің іс-тәжірибемізде басшылыққа алып жүрген оқыту технологиямыз Л.В. Занковтың дамыта оқыту технологиясы. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз-оқытудың жаңа әдістерін пайдалана, оқушылардың ойлау және өздігінен жұмыстану қабілетін дамыта отырып, қосымша құжаттармен, деректі материалдармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Дамыта оқыту технологиясының бір ерекшелігі оқушылардың тақырып төңірегінде көп ізденуіне мүмкіндік беріп, жаңа тақырыпты шығармашылық ізденіс ретінде меңгеруін қажет етеді. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін проблемалық сұрақтар қойылып, олар қойылған сұрақ төңірегінде өз ойларын ашық айтуға дағдыланады. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар жүйелі жасақталғандықтан, дамыта оқыту жүйесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені, ол оқушылардың ойлауы мен елестеуін, есте сақтауы мен белсенділігін, дағдысы мен білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Оның нәтижесі оқушылардың табиғи қажеттеріне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне және дарындылық қасиеттерінің ашылуына жағдай жасайды. Жоғары курстарда оқитындарға курстық жұмысты қорғату, сөзтізбек құрастыру, сынақ сабағы арқылы оқушыларға өздігінен жұмыс істеу қабілетін нығайту үшін үнемі семинар сабақ, тест арқылы сынақ сабағын өткіземін. Осындай жаңа әдістер арқылы сабақта мынандай жетістіктерге қол жеткіздік:

-Таланттылар мен дарындылар өз қабілеттері мен икемділігін одан әрі бекіте түседі.

-Нашар оқитындардың ынтасы артады.

-Білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдеді.

-Балалардың өздігінен ізденуіне мүмкіндік те туды.

Дамыта оқыту дегеніміз - бұл оқу үрдісінде оқушының ықтимал мүмкіндігінің толық іске асуына бағдарланған оқыту. Дамыта оқыту теориясы сонау Г.Песталоций, А.Дистервеpг, К.Ушинскийден басталады. Бұл теорияны алғаш ғылыми негіздеген Л.С. Выготский деп саналады. Кейінірек бұл теория Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың тәжірибелік-эксперименттерінде әрі қарай өзіндік жалғасын тапты.

 Л.В. Занков технологиясында басымдық танытатын әдістер: салыстыру, индуктивтік, талдау, бақылау, зерттеушілік, проблемалық, абстракциялық.. Негізгі көңіл бөлінетін нәрсе-оқушының өзіндік ойын есепке алу,бағалау Педагогикалық технологияны сараптау мен бағалаудың ең басты өлшемі болып оның тиімділігі, нәтижелілігі және қазіргі заманға лайықтылығы мен жаңашылдығы есептеледі. Білім беру технологиясының негізгі обьектісі мен субьектісі баланың жеке басы. Психологиялық тұрғыда жеке бас қасиеттерінің құрылымдық деңгейлері төмендегідей:

-темпераменттік деңгей;

-психологиялық ерекшелік деңгей;

-жеке басының бағыттылық деңгейі.

Осы деңгейлерге байланысты білім беру технологияларын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары:

-оқушылардың білім,білік, дағдыларын қалыптастыру;

-ақыл-ойын дамыту;

-жеке бастың өзіндік басқару механизмін қалыптастыру;

-жеке бастың практикалық-әрекет ортасын қалыптастыру.

 

ХХІ ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері-кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы.Сондықтан біз болашақ мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың төмендегідей құрамдық моделін пайдалануды ұсынамыз.

1. Мотивациялық бөлік: Мұғалім мамандығына деген қызығуы, шеберлігін дамытуға ұмтылуы.Инновациялық іс-әрекетке ұмтылуы.

2. Мазмұндық бөлік: Таңдаған кәсіби мамандығын меңгеруі /педагогикалық-психологиялық білімдер, өзіндік басқару ілімдері/Біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін меңгеруі. Педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білу.

3. Танымдылық бөлік: Әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуы. Инновациялық технологияларға қызығуын танытуы.

 4. Технологиялық бөлік: Біртұтас педагогикалық үрдісті жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін, технологияларын меңгеруі.Біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыра алуы.

 5. Шығармашылық бөлік: Әдіс-тәсілдерді жетілдірудегі ізденістік белсенділіктің болуы. Инновациялық әдіс- тәсілдерді меңгерудегі жаңа идеяның пайда болуы.

Оқыту үрдісі ғылыми-техникалық алға басу жағдайында өндірістік тапсырмаларды нәтижелі шешуге қабілетті, қоғам дамуының жаңа тенденцияларына сәйкес кәсіби потенциалын үздіксіз көтеретін жоғары дәрежелі маман қызметкер дайындау мүддесіне бағындырылған. Жаңа қоғамның даму кезеңіне сай мамандарды дайындау «мектеп-арнаулы орта білім беру орны» үздіксіз білім беру үрдісі жағдайында ғана іске асады. Осы жағдай әуелі орта мектеп оқушысына,одан кейін жоғары оқу орны студентіне білім берудің мазмұнын жаңартуға белсенді мүмкіндік береді. Оқушылардың білімдерін жеткілікті дәрежеде дәл бағалауға мүмкіндік беретін деңгейлеп бөлшектерге бөлу (дифференциациялау) идеясы жаппай қолданыс табуда. Оқыту материалын меңгеру кезінде оқушының санасында күрделі үрдіс жүретіні белгілі. Игеру (меңгеру) күрделі, кең мағыналы ұғым және әртүрлі тәсілдер арқылы түсіндіріледі. Психология-педагогикалық әдебиеттерде [1,2] меңгеру үрдісі жалпы түрде: алған білімдердің мағынасын өңдеп, қабылдау үрдісі, алған білімдерін жадында сақтау және оларды жаңа жағдайда практикалық, теориялық міндеттерді шешуге қолдану ретінде сипатталады, яғни алған білімдерді іскерлік пен дағдылар түрінде қолдана білу. Кез-келген әрекетті, әлеуметтік сынаудың кез-келген элементін меңгерудің жағдай мен құралы ол әуелден сыртқы материалдық әрекетпен ішкі әрекеттің бірлестігі болып табылады. Меңгерудің нәтижесінде осы екі құрам бөліктер белгілі түрде әсер етеді. Толық және сапалы меңгеру елеулі түрде индивидтің жеке қабілеттілігіне байланысты. Меңгеру үрдісінде жаңа материалды жақсы түсіну үшін оқытушы меңгерудің әртүрлі кезеңдерін ескеріп, білімдерді меңгеруді қалыптастыру «жолын» немесе «механизмін» бақылап отыруы қажет. Әдеби деректерге [1,2] байланысты,меңгеру үрдісін 1-кестеде көрсетілген меңгерудің жеке кезеңдеріне бөлуге болады.

 1

 2

 3

Қабылдау

(белгілерді)

Еске түсіру

(қасиеттерді)

Аңғару (күрделі бүтіннің бөліктері)

 4

 5

 6

Түсіну

(құрамдағы бөлікті)

Қолдану

(білімдерді)

Іске асыру (іскерлік пен дағдылар)

 

1-кестеде ұсынылған үлгі бойынша білімдерді игеру механизмі белгілі меңгеру кезеңдері: қабылдау+еске түсіру+аңғару+түсіну+қлдану ең соңында + іске асыру арқылы жүзеге асады.

«Қолдану» кезеңінде білім стандартына [3,4] сай білімдер көлемі қалыптасуы керек. Білімдерді іске асыру, оқытудың нәтижесі, яғни оқушының іскерлігі мен дағдыларын сипаттайтын барлық оқыту үрдісінің нәтижелік жағы. Бірінші хабарламада диалектика-логикалық тәсілмен оқыту үрдісі жете зерттелген, онда оқытушы жалпы теориялық және жалпы философиялық жеке, ерекше, жалпы, жалпыға бірдей ұғымдарды дұрыс қолдана білуі керек. Егер оқытушы ұсынылатын тақырыптың оқу материалын осы айтып өткен тәртіппен жоспарласа, оқушының осы материалды психологиялық түсіну үрдісі: ең әуелі логикалық қимылдар мен ой әрекеттерін оятады. Одан соң ой жүгірту мен ойлану іске асады. Білімдерді меңгерудің деңгейлеріндегі осы барлық әрекеттер ойдың қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Материалды осылай түсіндіру,сыныптың ерекшелігін, оқушылардың психологиялық күйін, оқушының жеке басының білім базасын ескеруге,жеке, топпен немесе жаппай әдістермен сабақты жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы, білімі төмен оқушымен әуелі қабылдау деңгейінде жұмыс істеп, одан соң оқу материалын қажетті деңгейде меңгергеніне көз жеткізгеннен соң, еске түсіру деңгейіне көтерілуге болады. Еске түсіру кезеңінде де оқушыға ауызша немесе жазбаша тапсырма дайындау дұрыс. Содан кейін ғана білімді меңгерудің жоғары кезеңдеріне қарай өтуге болады. Сонымен қатар, оқытушы оқушыны бір кезеңнен келесі кезеңге қажетті білімдер көлемін меңгергеніне көз жеткізгеннен кейін «жетелеп» отыруы керек.

Қорыта келгенде, белгілі дидакт ғалымдарымыздың ұсынған анықтамаларын зерделей келе, педагогикалық әрекетті-әлеуметтік тәжірибе мен мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін әрекеттің дербес түрі деп, ал педагогикалық технологияны-педагогикалық мақсаттарға жетуге кепілдік беретін,алдын-ала жобаланған оқу-тәрбие үрдісі бірізді жүзеге асатын жүйе деп түсінгеніміз жөн деген қорытынды жасауға болады. Оқыту технологиясын зерттеуші ғалымдарымыз білім беру формасын оңтайландыру міндетін техника және адам ресурсы мен олардың өзара байланысын есепке ала отырып жүзеге асыруды көздейтін, білімді игеру мен оқыту үрдісін құру,қолдану және анықтаудың жүйелі әдісі ретінде қарастырады. Ал оқу-тәрбие үрдісінің технологиясын-оқыту мен тәрбиенің мұғалім мен оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған мақсат, мазмұн, құрал, форма және әдістерінің жүйесі деп білеміз. Білім беру технологияларын оқу-тәрбие үрдісіне енгізе отырып, жұмыс жүргізу балалардың ой-өрісін дамытуға, тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Әр технологияның өзіндік мақсаты мен ерекшеліктері,тәрбиелік мәні бар.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      В.П. Беспалько. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. М., 1995.

2.      К.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Оқу құралы. «Жазушы», 2004.

3.      К.Ж. Бұзаубақова. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру. Алматы. 2006.

4.      Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы.2000

5.      В.А. Сластенин, В.П. Каширин. Психология и педагогика. М., издательский центр Академия. 2003.

6.      Ж.А. Қараев,Ж.У. Кобдикова. Оценка деятельности учащихся в условиях применения педагогической технологии обучения. \ Вестник высшей школы Казахстана,-Алматы,1998г. №5

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle