Библиографическое описание:

Абенова Н. Б., Садуова Г. Б. Педагогика сабағында модульдік оқыту технологиясында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі // Молодой ученый. — 2015. — №8.2. — С. 14-15.

Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн оқу орындарының алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады [1]. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту технологиясы.

Модульдік оқытутехнологиясы– білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.

Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы. Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология

Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады [2](сурет 1).

 

Скругленный прямоугольник: Сөйлесу бөлімі 
(оқушылардың өзара сөйлесу арқылы танымдық қызметін ұйымдастыру)
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы

 

Әр оқу модулінде  сағат саны  әртүрлі болады, бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға, бөлінген сағат санына байланысты.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады, материалды тірек сызбаларға сүйене отырып қысқаша (15-20минут ішінде) түсіндіреді.

Сөйлесу бөліміне сағат көбірек бөлінеді. Осы бөлімінде оқушылардың педагогика пәніне деген қызығушылығының дамуын көтеру үшін оқу ойындарын пайдалануы қажет.

Оқу ойыны-бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыруы,оқушылардың оқыту процесінде оқу ойындарын қолданудың жоғары тиімділігін көрсетеді.

Ойындарды оқу модулінің сөйлесу бөлімінде қолдануға баса назар аудару қажет. Мұнда негізінен оқыта үйрету ойындарды пайдалану,өйткені олардың мазмұны баланың оқудағы еңбегі табылады. Оқушылар ойынға қатыса отырып аз шаршайды,оқу, қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып,қанағаттанады.

Тақырып бойынша мынадай ойындарды пайдалануға болады: «Даналық ағашы», «Мәтінді құр», «Қарлы кесек» және т.б.

«Қарлы кесек» ойынында оқушылар төрт топқа бөлінеді, А,Б,В,Г  деген төрт үстелде отырады. Әр үстел өз тапсырмасын алады. Дайындыққа алты минут беріледі. Оқушылар дайындалып болған соң , бірінші тур басталады. Оқушылар әрқайсысы өз үстелдеріне отырып жауап береді де, қолдарына берілген « жүру бағыты » парағына өзіне ұнаған жауаптың нөмірін белгілейді. Яғни әр оқушы «жүру бағыты» парағы мен соның нөміріне сөйкес үстелінің нөмірі жазылған парақты кеудесіне тағып алады. Әрі қарай екінші турда оқушылар «жүру бағыты» парағында көрсетілген үстелге барып,реті бойынша сөйлейді. Осылай үш турда үш үстелге отырып, жауап беріп, тыңдап шығады. Осы ойында оқушылар мәтіннің мазмұнын айтуға үйренеді, тілі дамиды. Ойының соңында ортақ бағалау парағында ең жақсы сөйлеген ойыншының нөмірі, топтың ортақ ұпайы белгіленеді.

Құрал-жабдығы:

1. Бағыттаушы парақтар (қатысушылардың санына қарай) .

2. Қатысушылардың нөмірі жазылған жетондар.

3. Үстелді белгілеуге арналған сілтемелер (А,Б,В,Г ) .

4. Жалпы бағалау парағы (оны тақтаға сызуға болады) .

 

Ортақ бағалау парағы.

 

-1

-2

-3

-4

-5

Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмірі

Топтың ортақ ұпайы

«А»

 

 

 

 

 

 

 

«Б»

 

 

 

 

 

 

 

«В»

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бөлімінде мысалы «Даналық ағашы» ойынды пайдалануға болады. Осы ойында оқушылар өтілген тақырып бойынша бір біріне сұрақтар қоюға үйренеді. Жүргізушінің қолында сандықша болу тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады.Әр оқушы сандықшыдан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап береді.

Блиц-турнир.Оқушылар дайындықсыз тез жауап беруге тиісті.Әр дұрыс жауапқа бес ұпай беріледі.

1. .... – әр кезде бірыңғай тұтас процесс

2. Тәрбие - .... қалыптастыруда негізгі факторлардың бірегейі

3. Адам дамуында .... зор рөл атқарады, және оның түрлері.

4. Жеке тұлғаның  дамуы мен қалыптасуының қайнар көзі - ....

5. Жек тұлғаның қалыптасуында оның .... маңызы ерекше.

6.....- жеке тұлғаның ата-анамен биологиялық ұқсастығы

Кім өз жұмысында осы технологияны пайдаланам десе, технологияны жақсы білу үшін, бірінші: теориялық материалмен міндетті түрде танысуға қажет.Жұмыстың екінші жылында осы технологияның әр элементтерін сабаққа кіргізуге болады.

Бір модульге тек бір – бірімен байланысты мәселелер ғана кіреді. Модуль кез келген мәселелердің тобынан құрылмайды. Модульді құрастырғанда, оның мазмұнының байланыстылығы, логикасы, элементтерінің бір – бірімен өзара байланыстылығы және олардың бір – бірінен даралануы, ажыратылуы, ерекшелігі негізге алынады.

Модуль жалпы мазмұнға кіретін негізгі мәселелер мен олардың ішкі бөлшектерін, кіші мәселелерін жүйелі түрде көрсетіп, оны мұғалім үшін де, оқушы үшін де нақтылы түрде анық білдіреді. Мұғалім модульдерді қандай тәртіпте оқыту керектігін білсе, оқушы модульден нені білуге, қандай жұмысты жасауға тиісті екенін біледі.

Модульдік оқытудың ерекшелігі: мұғалім көп сөйлегеннен гөрі, баланы көбірек тыңдауға мүмкіндік береді; Модульдік оқытуда тағы бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс  болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін әр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады.

Қорыта келгенде, педагогика пәнінен өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақтастыра отырып, жақсы нәтижелерге жеттім.

Оған дәлел – біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.

Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білік – дағдыларын қалыптастырды.

Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.         Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасының Президенті

2.         Б.Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle