Библиографическое описание:

Турбаев Б. Е., Парменова М. Ж. Кәсіптік ақпарат беруде қолданбалы жаттығулардың ролі // Молодой ученый. — 2015. — №8.2. — С. 1-3.

Жеке адамның мамандықты дұрыс таңдауының маңызы өте зор. Адамның қоғамдағы алатын орны мен өмірлік тағдыры көбінесе осыған байланысты. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті ұлы мақсаттарға қарай сенімді түрде алға басуы үшін әрбір ұрпақ білімділік пен зиялы мәдениеттің, кәсіптік біліктіліктің, азаматтық белсенділіктің, нарық қатынастары мен жаһандану үрдісінің неғұрлым жоғары дәрежесіне көтерілуге тиіс.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтыр, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп білім беру жүйесінің бүгінгі күн талабына сай міндеттерді айқындаған.

Біз мектеп пен өндірісті, яғни мектепті өмір талаптарымен қаншалықты тығыз байлланыстырсақ, білім беру мен тәрбиелеу жұмыстарының қайтарымы да соншалықты тосымды болады. Ол дегеніміз Қазақстан жастары дербес өмірге жоғары мәдениетті білімді және еңбекқор болып араласады деген сөз. Барлық жастар әсіресе оның ішінде жалпы орта білім беретін мектеп пен негізгі мектептің түлектері өздерінің еңбек жолдары мен белгілі бір кәсіпті таңдамас бұрын, мемлекеттік стандарт деңгейіндегі білім ала отырып қоғамдағы мамандықтардан барынша тиянақты ақпарат алуы керек.

Қоғамымызда мыңдаған мамандық бар, алайда осы толып жатқан мамандықтарды қалайша білуге, бағдарлауға болады?

Жалпы қалыптасқан дәстүрге қарасақ еңбек мақсатына байланысты шартты түрде мамандықтың үш түрлі класын бөліп көрсетуге болады. Олар:

1.                 Гностикалық мамандықтар. Бұл мамандықтар білім мен танымдық еңбекпен байланысты.

2.                  Түрлендіру мамандықтары. Бұл мамандықтар түрлендіруге, өзгертуге, жаңғыртуға байланысты.

3.                Іздестіруші- ізденімпаздық мамандықтар.

Соныман бірге бір өзінде екі, тіпті үш класс белгілері бар мамандықтар кездеседі.

Көптеген пәндерді оқу барысында оқушылар қарапайымда, күрделі құбылыстарды, фактілердің өзгерістеріне сай заңдылықтарды әр- түрлі қырынан таниды. Осы тұрғыдан алғанда, мектеп математикасының мамандық пен кәсіп тұрғысында да еңбек тәрбиесі бағытында да атқаратын орны ерекше жоғары. Математиканың дамуында практика шешуші роль атқарады, ол адам баласының материалдық дүниені танып білуінің негізгі өлшемі оның практикалық қызметі болып табылады. Сондықтан математика сабақтарында реалды дүниенің заңдарының математика сабақтарында реалды дүниенің заңдарының математикада бейнелеуінің өзіндік ерекшеліктерін үнемі ашып көрсетіп отыру қажет. Оқушыларға өндірісте және күнделікті өмірде кездесіп отыратын практикалық есептердің шешу әдісін үйрету керек. Практикалық сипаттағы есептер оқушылардың алған білімін белсенді түрде пайдалана білуге, түрлі мамандықтар мен кәсіптер туралы мағлұмат алуға үйретеді.

Енді мамандықтар мен кәсіп туралы ақпараттандырудың өндірістік және ауыл шаруашылығы мазмұнды мысалдарды қарастырайық.

1. Тұқымның шаруашылыққа жарамдылығын анықтау.

Тұқымның шаруашылыққа жарамдылығы депзерттеутін астықтың таза өңіп шығатын тұқымның пайызбен белгіленген санын айтады. Шаруашылыққа жарамдылық мына формуламен есептеледі:

                         .

Егер тұқымның тазалығы  пайыз және шығымдылығы  пайыз болса, онда бұл жағдайда тұқымның шаруашылыққа жарамдылығы

                болады.

Бұл әр  зерттеліп отырған тұқымның тек  тұқым ғана өнім береді, ал қалған  қоспа өнбейтін дән деген сөз.

2. Қоймаға әкелген көмірдің ылғалдылығы . Арада  күн өткенде оның салмағы  болып, ылғалдылық  болды. Қоймаға қанша тонна көмір әкелінген еді?

Қоймаға -тік  тонна көмір әкелінді делік, онда  тоннасы таза көмір болған, арада  күн өткен соң ылғалдықтағы салмағы

          болады.

Бұдан

               .

Жауабы. Бастапқы әкелінген таза көмір .

3. Егер негізгі  жолының бойындағы машинаның қозғалыс жылдамдығы , ал қосылушы қысқа  жолдың бойндағы көлік жылдамдығы  ( мұнда ) болса,  маршруты бойынша қозғалған көліктің уақыт шығыны жолдардың қосылу бұрышы   қандай болғанда ең аз шама болады?

 - нүктесінен -ға  перпендикулярын жүргізіп деп белгілейміз, ал -ны  деп белгілейік:                ;   .

Бұдан  маршруты бойынша қозғалған көліктің уақытын табамыз.

                  ;

Жолдың бағытын анықтау үшін, мұндағы нүктені шартты түрде берілгендіктен шамасы аралығында өзгере алады. Есеп берілген аралықта  функциясының ең аз шамасын табуға бағытталған. Туындысын табамыз:

          

мұндағы  болғандықтан, қарастырылып отырған туынды тек бір ғана нүктеде нольге айналады.

                                           (1)

Олай болса , егер  және  егер .

Сондықтан зерттеліп отырған  функциясы  болғанда ең болмағанда ең аз мәнге ие болады және жолдардың қосылу бұрышы (1) теңдіктен табылады.

4. Бір қаладан екінші қалаға жүк таситын поезд шықты. Бір жарым сағаттан кейін оның артынан жылдамдығы жүк таситын поездікінен  артық жолаушылар поезды шықты. Жолаушылар поезды -тан кейін жүк таситын поездан  озып кетті. Жүк таситын поездың жылдамдығын табыңдар?

Жүк тасушы поездың жылдамдығын , ал жолаушылар поездының жылдамдығы .  сағатта жолаушылар поезды    жол жүреді. Жүк таситын поезд  сағатта км жол жүреді.

Есептің шарты бойынша мынадай теңдеу құрамыз

                 .

Бұдан .

Қорыта айтқанда оқушыларға әр пәннен білім беру жеке дара абстрактілі түрде берілмей, оларға білім өмірмен байланыстырылып отыруы қажет. Әрбір оқушы математика пәні оны қоршаған өмірдің, белгілі бір саласынан, кәсіп пен мамандықтан ақпарат беретін ғылым екенін жеке түсінуге тиісті. Мұндай түсінік беру жаттығуларды ұтымды пайдалану кезінде ғана іске асады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Терешин Н.А. Прикладная направленность школьного курса математики

2.М: Просвещение 1990.-6с.

3.      Перельман Я.И. Занимательная алгебра. М: Астрель ,2007.- 71с.

4.      Гарднер М. Нескучная математика. М: Астрель,2008.15-220с.

5.Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі Алматы: РАДиАЛ, 2006. -11,35б

6.5 Лурье М.В. Александров Б.И. Задачи на составление уравнений М: 1976г. 18-35с.

 

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle