Библиографическое описание:

Насимов М. О. «Болашақ» университетінің халықаралық ынтымақтастық бағытындағы жетістіктері // Молодой ученый. — 2015. — №7.2. 76

«Болашақ» университеті үшін 2013-14 оқу жылы халықаралық ынтымақтастық жолындағы жетістіктері мол болды. Әсіресе, чехиялық «Социосфера» ғылыми-баспа орталығы және ресейлік «Молодой ученый» баспасымен жасалған келісім-шарттар университет профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің шет елдік журналдар мен Халықаралық конференциялардағы жарияланымдар әлеуетін көтерді. Сонымен бірге, университеттің оң имиджін қалыптастырды.

Чехия астанасы Прага қаласында 4 Халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, «Қазіргі әлемдегі жарнама: тарихы, теориясы және тәжірибесі», «білім беру жүйесіндегі PR-технологиялар және ақпараттандыру: дамудың жағдайы және басымдықтары», «Қазіргі шарттардағы тәрбиенің мақсаттары, міндеттері және құндылықтары», «Адам мен қоғам қауіпсіздігі». 2015 жылы аталмыш конференциялар екінші рет өткізіледі.

Жалпы аталмыш конференцияларға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан ғалымдары қатысты. Ғалымдардың 134 баяндамасы апробациядан өтті.

Ресейдің «Молодой ученый» баспасымен келісім-шартына сәйкес, екі тарап бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, ғылыми мақалаларды жариялаудағы ынтымақтастық жұмыстары қарастырылған болатын.

Баспаның негізгі басылымы болып табылатын «Молодой ученый» журналының арнайы сандарын шығару келісім шеңберіндегі маңызды қадам болып табылады. Алғаш рет арнайы шығарылымды ұйымдастырған «Болашақ» университетінің бастамасы баспа әріптестеріне үлгі болып отыр. Оған дәлел, басқа жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының арнайы шығарылымды ұйымдастыруға белсенділігінің артуы деп білеміз.

Бүгінде «Болашақ» университеті ұйымдастырған арнайы шығарылым саны жетеу болса, қолдарыңызға сегізінші нөмірі тиіп отыр. Осы сандар барысында «Қазіргі ғылым және инновациялар» тақырыбында 4 Халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Арнайы шығарылым университет профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің ғылыми жарияланымдарының санын көбейтумен қатар, Қызылорда, Алматы, Қостанай, Тараз қалаларындағы жоғары оқу орындары ғалымдарының ғылыми мақалаларын жариялауға септігін тигізді. Сонымен қатар, облысымыздағы мектеп мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын таныстыруға көмек берді.

Осы жеті нөмір барысында 2013 жылы 22, 2014 жылы 114,  2015 жылдың өзінде 90, барлығы 226 ғылыми мақала жарияланып үлгерді. Журнал бөлімдеріне сай жарияланымдар көрсеткіштері төмендегідей:

 

Математика

5

Химия

8

Информатика

9

Экология

8

Ауыл шаруашылығы

13

Экономика жәнек басқару

16

Мемлекет және құқық

11

Тарих

16

Саясаттану

9

Педагогика

73

Филология

29

Философия

4

Биология

5

Техника ғылымдары

7

Дене тәрбиесі және спорт

5

География

2

Физика

1

Психология

2

Мәдениеттану

2

Өнертану

1

 

Алдағы уақытта университет ұжымы берілген бағыт бойынша жұмыстарды жандандырады.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle